Қолданбалы экология


-ДƏРІС. Трансгендік өсімдіктерден биопрепаратар алу



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
15-ДƏРІС. Трансгендік өсімдіктерден биопрепаратар алу
Өсімдік клеткаларында кез келген организм (микроб, жануар) гендерінің
экспрессиясы жүзеге аса алады, сондықтан соңғы жылдары антидене, вакцина,
терапевтік белоктарды бере алатын трансгендік өсімдіктерді шығару жолында
зерттеулер қарқынды жүріп жатыр. Биореактерларға қарағанда өсімдіктердің
бірталай артықшылығы бар, атап айтқанда: өсімдіктерді егіс танабында өсіріп
көп биомассасын алуға болады; тағамдық өнімді (дəн, көкөніс, жеміс-жидек)
қосымша тазалаудың қажеті жоқ; адамға зиян пато-гендерді өсімдіктер
жұқтырмайды; препарат арзанға түседі. Мысалы, биореактоларда бактерияларды,
саңырауқұлактарды, адам жəне жануар клеткаларын өсіріп алынған
терапевтивкалық белоктардың бағасы 10-15 есе қымбат келеді.
Антиденелер трансгендік өсімдіктерден алғашқы рет 1989 жылы алынды,
олар plantybody деп аталды. Əр түрлі антиденелерді түзетін трансформацияланған
темекі, картоп, жоңышка, соя, астық тұқымдас өсімдіктері жасалған.
Рекомбинанттық
микроорганизмдермен 
салыстырғанда
өсімдіктердің


70
артықшылығы бар. Өсімдік трансформациясы тұрақты болады, себебі бөтен ген
онің хромосомасына орнығады, ал микробтардың плазмидалары ұзақ өсіргенде
жоғалуы мүмкін. Бұдан басқа, жануар мен өсімдік белоктарының процесингі жəне
қалануы ұқсас, ал бактерияларда эукариот белоктарының процесингі, қалануы
жəне посттрансляциялық модификациялары өтуі қиын.
Темекі, соя өсімдіктерінен адам иммуноглобулині алынған. Соя, күріш,
бидай өсімдіктерінен ісік антитендеріне қарсы антиденелер алынған. Антиденелер
тұқымда синтезделсе өте тиімді болар еді, себебі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.
Өсімдіктер қауіпсіз жəне арзан вакциналардың продуценттері бола алады.
1998 жылы трансгендік темекі, картоп, банан өсімдіктерінен бірінші жеуге
жарайтын вакцина алынды, ол В гепатитінің антигені еді. Безгекке қарсы вакцина
трансгендік темекі өсімдігінен алынды, папилломавирусқа (жатыр мойын ісігін
тұғызады), цитомегаловирусқа (герпес вирусы) т.б. қарсы вакциналарды
өсімдіктерден алу үшін жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр.
Түрлі қауіпті ауруларға қарсы (қызамық, полиомиелит, дифтерия, сары
безгек, т.с.с.) жеуге жарайтын вакциналарды жеміс жəне көкөніс өсімдіктерден
шығарып алу мүмкіндігі көрсетілді.
Терапевтикалық белоктар, атап айтқанда: интерферон, энкефалин, адам қан
сарысу альбумині, глюкоцереброзидаза, т.б. алынатын трансгендік өсімдіктер
жасалған. Мысалы, жануардың лейэнкефалин нейрогормон генін арабидопсис
тұқымының альбумин қор белок геніне тігіп, дəнінде рекомбинантық белогы мол
арабидопсис пен рапстың трансгендік өсімдіктері алынған.
Гирудин деген қан ұйуының факторын, яғни тромбин ферментін тежейтің
қысқа полипептидті əдетте медицина сүлігінен шығарады. Олеозин технологиясын
пайдаланып оны трансгендік өсімдіктерден алуға болады. Олеозин технологиясы
тұқымда май там- шыларындағы белоктарды (олеозиндерді) пайдалануына
негізделген. Олеозиндер гидрофобтық белоктар, ал N- жəне С- ұштары
гидрофильдік болғандықтан май тамшысының сыртына шығып тұрады. Олеозин
жəне гирудин гендері бар рекомбинантық ДНҚ-сы құрастырылған, нəтижесінде
трансформацияланған өсімдіктердің тұқымында гирудин синтезделіп, май
тамшыларында жинақталған. Рекомбинантық ДНҚ-ға олеозин мен гирудин
гендерінің арасына тағы бір лабильдік белоктың генін орналастырған (протеаза тез
ыдырата алатын). Сонің арқасында кейін ұнтақталған дəннен май тамшыларын
бөліп алып, оларды протеазамен өндегенде, гирудин тез арада су фракциясына
өтеді.
Адам организмінде темір жеткіліксіз болғанда көп азап шегеді, темірді
толықтыру үшін құрамында темірі бар организмге тез сіңетін белоктарды ферритин
мен гемоглобинді пайдалануға болады. Гемоглобин гені күріш өсімдігіне енгізіліп,
нəтижесінде жəнінде көп мөлшерде гемоглобин жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет