Қолжетiмдi тұрғын үй 2020


) Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі480 Kb.
#22400
1   2   3   4   5   6

2) Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер

      Бұл Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтiк экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын iске асыру шеңберiнде әзiрленген тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты.


      Жас отбасылар үшiн жалға берiлетiн тұрғын үйдiң жайлылық деңгейi 3 және 4-сыныпты болуға тиiс.
      ЖАО-ның жас отбасылар үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесi арқылы сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй салу тетiгi мынадай:
      1. Жалға берiлетiн тұрғын үй салуды және (немесе) дайынын сатып алуды жүзеге асыру үшiн республикалық бюджеттен ЖАО-ға нысаналы трансферттер бөлу. Жоба әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар арқылы iске асырылған жағдайда, ЖАО тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшiн ӘКК-ға трансферттер бөледi.
      2. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй салу және сату жөнiндегi жобалар шеңберiнде ЖАО мен ҚТҚЖБ-ның ынтымақтастық ниетi туралы келiсiмге қол қоюы.
      ЖАО және ҚТҚЖБ тұрғын үйдi жалға алу, сатып алу-сату шарттарының үлгi нысандарын келiседi.
      3. ЖАО-ның жалға берiлетiн тұрғын үй салуды қамтамасыз етуi.
      4. ЖАО-ның Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастыруы.
      5. Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеу үшiн ЖАО-ға қойылатын негiзгi талаптардың 1)-7) тармақшаларында баяндалған талаптарға сай келетiн Бағдарламаға қатысуға үмiткерлерге ЖАО-ның ҚТҚЖБ-ға пәтердiң (үй-жайдың) алаңын, 1 шаршы метрдiң құнын көрсете отырып, жолдамалар беруi. Бұл бағыттарды Бағдарламаға қатысуға үмiткерлер ҚТҚЖБ-ға бередi. Берiлген жолдамалар саны салынған пәтерлер санына сәйкес болуы тиiс.
      6. Бағдарламаға қатысу үшiн ҚТҚЖБ-ның төлем қабiлетiн бағалауы банктiң iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады, Бағдарламаға қатысу үшiн төлем қабiлетiнен өту туралы растау ұсынуы.
      7. ЖАО-ның жалға берiлетiн тұрғын үйдi бөлу үшiн өтiнiш берушiлердiң төлем қабiлетiн растаған азаматтардың түпкiлiктi тiзiмiн қалыптастыруы.
      8. ҚТҚЖБ-ның Бағдарламаға қатысушылармен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартқа Бағдарлама (жалға берiлетiн тұрғын үйдi сатып алу) қатысу шарттар бар қосымша келiсiм жасауы, 3 және одан көп ай iшiнде төлемдер енгiзiлмеген жағдайда жалдаушыдан тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша айын сайынғы төлемнiң 6 еселеген мөлшерiнде кепiлдiк жарнаны қабылдауы.
      9. Тұрғын үйдi пайдалануға бергеннен кейiн ЖАО-ның Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шартын жасауы, онда мыналар көзделген:
      1) жалдаушылардың 8 жылдан көп емес кезеңге нөлдiк ставка бойынша жалдау төлемдерiн төлеуi (коммуналдық қызметтерге: электр энергиясына, суға, жылуға, тұрғын үйдi күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға төлемдерi және т.б. қамтылады);
      2) тұрғын үйдi сатып алу үшiн 8 жылға дейiн мерзiм iшiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жарналарын мiндеттi жинақтау;
      3) 3 және одан көп ай iшiнде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналарды жинау жөнiндегi төлемдердiң болмауы туралы ҚТҚЖБ-дан ақпарат түскен кезде ЖАО-ның жалдаушы мен оның отбасы мүшелерiн жалға алған пәтерден шығару тәртiбi. ҚТҚЖБ тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарна салу мониторингiн жалға алу шартын жасаған күннен бастап жүзеге асырады.
      Мұндай жағдайда жалдаушыны ЖАО пәтерден шығарады, ҚТҚЖБ ЖАО-ға тұрғын үй құрылыс жинақтарында жинақталған жарналар және қатысушының кепiлдiк жарналары есебiнен Бағдарламаға қатысушының пәтерде тұрғаны үшiн өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбiр ай үшiн 8 жыл iшiнде қаражат жинақтаудың стандарттық талаптарына сай есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бiр реттiк мөлшерi шамасында есептеледi.
      ЖАО ҚТҚЖБ-ге жалға алушыныны пәтерден шығару, соның iшiнде өтемақы аудару үшiн тұрған айларының саны туралы ақпарат бередi.
      Бұдан кейiн ЖАО жоғарыдағы көзделген тәртiппен ҚТҚЖБ белгiлеген мерзiмде Бағдарламаға қатысушыны ауыстыруды жүзеге асырады. ЖАО жаңа жалға алушы үшiн тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшiн алынған өтемақы мөлшерiне азайтады;
      4) жалға берiлген тұрғын үйде тұру тәртiбi мен шарттары және т.б.
      Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптары орындалмаған жағдайда Бағдарламаға қатысушыны жалға берiлген тұрғын үйден шығару және ауыстыру рәсiмiн ЖАО жүзеге асырады.
      10. Жалдаушының пәтерге қоныстануы, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы жасалған шартқа сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинауы.
      11. Жалдаушы өз еркiмен жалға алған тұрғын үйден шыққан жағдайда оның жалға берiлетiн тұрғын үйдi сатып алу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтарындағы жарнасын ҚТҚЖБ жалға берiлетiн тұрғын үйде жалдаушының нақты тұрған мерзiмi үшiн жалдау төлемдерiнiң ақысы ретiнде ЖАО-ға аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбiр ай үшiн 8 жыл iшiнде қаражат жинақтаудың стандарттық талаптарына сай есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бiр реттiк мөлшерi шамасында есептеледi.
      ЖАО ҚТҚЖБ-ге жалға алушыныны пәтерден шығуы, соның iшiнде өтемақы аудару үшiн тұрған айларының саны туралы ақпарат бередi.
      Бұдан кейiн ЖАО жоғарыдағы тәртiпте көзделген ҚТҚЖБ белгiленген мерзiмде Бағдарламаның қатысушысын ауыстыруды жүзеге асырады. ЖАО жаңа жалға алушы үшiн тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшiн алынған өтемақы мөлшерiне азайтады.
      12. Жалға берiлетiн тұрғын үйдi сатып алу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау мерзiмi мен шарттары аяқталғаннан кейiн жалға алынған пәтерлердi сатып алу-сату шарттарын жасау үшiн ҚТҚЖБ-ның ЖАО-ға тiзiм ұсынуы.
      13. ЖАО-ның Бағдарламаға қатысушылармен пәтерлердi сатып алу-сату шарттарын жасауды ресiмдеуi және қол қоюы, оларды банктiк қарыздар мен кепiлдiк шарттарын ресiмдеу үшiн ҚТҚЖБ-ға беруi.
      14. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына, Банктiң iшкi құжаттарына сәйкес 15 жыл мерзiмге дейiн тұрғын үй қарыздарын беру.
      Сатып алынатын жалға берiлетiн тұрғын үй Банкке кепiлге берiледi.
      Жас отбасыларға таза әрленген тұрғын үйдiң 1 шаршы метрi үшiн сату бағасы мынаны құрайтын болады:
      1) жайлылығы 4-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңге шегiнде (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 100 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), қалған өңiрлерде 80 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде);
      2) жайлылығы 3-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңге шегiнде (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 120 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), қалған өңiрлерде 90 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде);
      3) Алматы қаласының маңындағы Алматы облысының аумақтарында таза әрленген тұрғын үйдiң бiр шаршы метрi үшiн баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдiң бағасы сияқты көзделедi.
      Өңiрлер бойынша пәтердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрiнiң түпкiлiктi құны тұрғын үйдiң жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде анықталатын болады.
      Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға арналған шығындар салу құнынан асып кеткен жағдайда, ол жергiлiктi бюджеттiң есебiнен жүргiзiлуi мүмкiн. Ол үшiн ЖАО тиiстi жылға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың сомасынан 10 %-ға дейiн резерв жасауы қажет.
      2015 жылдан бастап құрылыстың құнына инфляция коэффициентiн қолдана отырып, жыл сайын жас отбасылар үшiн тұрғын үй салуға қаражат бөлу көзделiп отыр.
      Осы схеманы практика жүзiнде iске асыру үшiн ЖАО инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым жеткiзiлген жер учаскелерiн бөлуге тиiс.
      Тетiктiң басты артықшылығы - тұрғын үй сатып алуды мемлекет қаржыландыруының қажет болмауы. Тұрғын үйдi сатып алу жалдаушылардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының және ҚТҚЖБ берген тұрғын үй қарыздарының есебiнен жүргiзiледi. Мемлекеттiк үшiн екiншi маңызды басымдық бұл түскен қаражатты жалға берiлетiн тұрғын үй салуға қайта жұмсау, яғни ресурстарды 20 жылдың iшiнде екi есе пайдалану және Бағдарламаның осы тетiгiмен жас отбасыларын кеңiнен қамту мүмкiндiгi болып табылады. Үшiншi маңызды фактор – жалдау төлемдердiң толықтығы мен уақтылығына ЖАО-ның мониторинг жүргiзу қажеттiлiгiнiң болмауы.
      Жеңiлдетiлген талаптарда жалдамалы тұрғын үйде тұра отырып, 8 жыл iшiнде тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат жинау, содан кейiн 15 жылға дейiн мерзiмге тұрғын үй карыз алу мүмкiндiгi жас отбасылар үшiн күмәнсiз артықшылық болып табылады.
      Жалдамалы тұрғын үй салу мен жүзеге асырудың аталған тетiгi жас отбасылар үшiн тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгiн арттырады.
      Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеу және тұрғын үйдi беру кезектiлiгiнiң тәртiбiн ЖАО белгiлейдi.
      Тұрғын үй қарыздарын алу үшiн Бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
      1) Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiш берген кезде ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де жасы 29 жастан аспауы қажет;
      2) өтiнiш берген сәтте кемiнде 2 жыл тiркелген некеде болуы;
      3) отбасының құрамына ерлi-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлi-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады;
      4) ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берiлген елдi мекенде тiркелуi;
      5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерiнде сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үйге қоныстану үшiн Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiш берген елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы;
      6) соңғы 5 жыл iшiнде ерлi-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактiлерiнiң болмауы;
      7) өтiнiш берердiң алдындағы соңғы 6 ай үшiн отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:
      а) ең төменгi – Алматы, Астана қалалары үшiн төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 4 есе мөлшерi, басқа қалалар үшiн – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3 есе мөлшерi;
      б) ең жоғарғы – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 12 есе мөлшерiнен артық емес.
      ЖАО өтiнiштi қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру берген күннен бастап, бiрақ жалға берiлетiн тұрғын үйдiң құрылыс басталған күннен бастап 3 айдан кешiктiрмей Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiштердi қабылдауды бастайды және жалға берiлетiн тұрғын үйдi iске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды.
      Бағдарламаға қатысу үшiн үмiткерлер аз болған жағдайда ЖАО өтiнiштi қабылдау мерзiмiн ұзартуға құқылы.
      Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiштi қабылдаған кезде ЖАО өтiнiш иелерiнiң жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi.
      Жалға берiлетiн тұрғын үйдi бөлу үшiн төлем қабiлетiн растаған өтiнiш берушiлердi iрiктеудi ЖАО балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргiзедi:
      1) тiркелген некенiң әрбiр жылы үшiн – 5 балл;
      2) тұңғыш бала үшiн – 20 балл, келесi екiншi және кейiнгi балалар үшiн 30 балл;
      3) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен созылмалы аурулардың кейбiр ауыр түрлерiмен ауыратын отбасының әрбiр мүшесi үшiн – 10 балл;
      4) мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде алдағы iрiктеу кезiнде салынған тұрғын үйдiң тiзiмiне қосылмаған үмiткерлер үшiн – қосымша 5 балл.
      Жалға берiлетiн тұрғын үйдi бөлу кезегiн жинаған балдың саны анықтайды.
      Тұрғын үй қарыздарын алу үшiн Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негiзгi өлшемдер:
      1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының нормаларын, қарыздар алу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның iшкi құжаттарын орындау;
      2) ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету үшiн төлем қабiлетiн растау;
      3) ҚТҚЖБ-ның iшкi талаптарына сәйкес сатып алынатын тұрғын үйдi кепiлдiк қамтамасыз етуге беру.
      Осы бағытты iске асыру – жас отбасылар үшiн тұрғын үй салу 2012 жылдан басталады.
      Азаматтардың барлық санаттары және жас отбасылар үшiн ҚТҚЖБ салымшыларының тарифтiк бағдарламасына байланысты тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылар ставкалары жылына 4 % бастап 6,5 % дейiн құрайды.

«ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйi

      Жаңа бағыт – «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйым» акционерлiк қоғамының («ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үй салуы – 2030 жылға дейiн сату мерзiмiмен сату сатып алу құқығы бар жалға берiлетiн тұрғын үй.


      «ҚИК» ИҰ» АҚ-ының сатып алу құқығы бар әлеуметтiк жалға берiлетiн тұрғын үйдi салу және беру (бұдан әрi – сатып алу құқығы бар жалға беру) бойынша мынадай тетiктер ұсынылады:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым жүргiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға мақсатты трансферттер бөледi;
      2) 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейiн республикалық қаражат есебiнен 107,754 млрд. теңге мөлшерiнде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ны капиталдандыруды жүзеге асырады;
      3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ына облигация шығару үшiн 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейiн 56,504 млрд. теңге мөлшерiнде мемлекеттiк кепiлдiк бередi.
      2. ЖАО:
      1) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың меншiгiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымы салынған жалға берiлетiн тұрғын үй салу үшiн өтеусiз негiзде жер учаскелерiн бередi;
      2) жалға тұрғын үй берiлуi мүмкiн Бағдарламаға қатысушыларды iрiктейдi және олардың есебiн жүргiзедi.
      Сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үйдi алуға үмiткер Бағдарламаға қатысушылар оны бөлу кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтары болуы қажет.
      Жалға берiлетiн тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тiзiмiн қалыптастыруды (бұдан әрi - тiзiм) ЖАО жүзеге асырады.
      Құжаттарды қарау мерзiмi олар тапсырылған сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды.
      Тiзiмге енгiзу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) ЖАО белгiлеген нысан бойынша тiзiмге енгiзу туралы өтiнiш;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органының анықтамасы (өтiнiш берушiнiң және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы туралы);
      3) өтiнiш берушiнiң (отбасының) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға, жас отбасыларға жататындығын растайтын әлеуметтiк қорғау органынан анықтама не жұмыс орнынан, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiнiң қызмет орнынан, бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң, әскери қызметшiнiң, құқық қорғау органдары қызметкерiнiң және басқаларының жұмыс орнынан анықтама;
      4) тұрақты тұратын орны бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы).
      Қажет болған жағдайда өтiнiш берушi қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретiн отбасында аурудың ауыр түрiмен ауыратын адамның бар екенi туралы мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнен анықтаманы да ұсынады.
      Құжаттар қабылдауды құжаттардың толық екендiгiн тексеретiн ЖАО бөлiмшелерi қызметкерлерi жүзеге асырады, олар журналға өтiнiштердi тiркейдi және құжаттарды ЖАО-ның тиiстi бөлiмшелерiне бередi, онда өтiнiш берушiнiң талаптарға және тиiстi санатқа сәйкестiгi тексерiледi.
      Тiзiмге енгiзу үшiн құжаттарды қараудың оң нәтижесi болғанда, реттiк саны мен тiзiмге енгiзiлетiн күнi көрсетiлген жазбаша жауап берiледi. Белгiленген талаптарға және тиiстi санаттарға сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушiге бас тартуды негiздей отырып, жазбаша жауап берiледi.
      Тiзiм ЖАО стендiлерiнде, интернет-ресурстарда орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ осы тiзiмдегi тұрған тұлғалардың талабы бойынша жазбаша түрде жаңартылып отырады.
      Азаматтардың басым құқық берiлген санаттарына мыналар жатады:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
      2) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлiкке үмiткерлер, ғарышкерлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
      3) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
      4) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген тұлғалар;
      5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
      6) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
      8) жасы бойынша зейнеткерлер;
      9) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
      10) оралмандар;
      11) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
      12) көп балалы отбасылар;
      13) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
      14) толық емес отбасылар;
      15) құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
      16) мемлекеттiк заңды тұлғалардың қызметкерлерi;
      17) мемлекетке тиесiлi емес әлеуметтiк саланың қызметкерлерi, мемлекеттiк және (немесе) жеке оқу мекемелерiнiң және денсаулық сақтау кәсiпорындарының қызметкерлерi;
      18) жоғары және (немесе) техникалық, кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмдерi бар және аталған бiлiмдерiн алған кезеңнен бастап 9 жылдан аспайтын уақыт өткен 29 жасқа дейiнгi азаматтар жатады.
      Бағдарламаға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке тұрғын үй қорынан ЖАО жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар ретiнде ЖАО-да есепте тұрған, сондай-ақ ЖАО-да есепте тұрмаған азаматтар қатыса алады.
      3. Бағдарламаның шеңберiнде қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ қолданыстағы құрылымдық бөлiмше базасында төлемдердi автоматтандыру мен жүйелендiру бойынша компания құрады, оған әлеуеттi жалға алушылармен жұмыс бойынша қызметтер, жалға беру және коммуналдық (пайдалану) шарттарды жасау, ипотека бойынша ағымдағы операциялар бойынша қызмет көрсетуге, сонымен қатар ақша легiн уақтылы және толық қамтамасыз етуге байланысты төлемдердi және жалдау төлемдерiн жүйелендiру мен алым қызметтерi берiледi. Көрсетiлген еншiлес ұйым өз кезегiнде мамандандырылған тұрғын-үй құрылыс компаниясын (бұдан әрi - тәуелдi ұйым) құрады, оның атқаратын қызметiне қажеттi тендерлердi өткiзу, ҚТКШIА-мен қатар құрылыстың барлық сатылары бойынша техникалық қадағалау, және жалға берiлетiн тұрғын үйдi қабылдау алу мен енгiзу, ал ол аяқталғанда «ҚИК» ИҰ» АҚ-ына тапсыруды қамтамасыз ету кiредi. Осы еншiлес/тәуелдi ұйым оның қызметiнiң айқындылығын қамтамасыз ету үшiн акционерлiк қоғам түрiнде құрылады және кейiннен соның iшiнде мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiк аясында тәуелсiз заңды тұлға болып бөлiнедi.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдары:
      1) жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзiрлеуге және оның мемлекеттiк сараптамасын жүргiзуге тендер өткiзедi;
      2) құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүргiзуге, мердiгерлiк құрылыс-монтаж ұйымдарын (бұдан әрi – мердiгер) анықтауға тендер өткiзедi. Қажет болған жағдайда мердiгерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары ҚТКШIА-мен келiсiледi.
      3) өткiзiлген тендерлердiң қорытындылары бойынша жалға берiлетiн тұрғын үй салуға мердiгерлермен тиiстi шарттар жасайды;
      4) мердiгерлердiң есебiнен транш түрiнде қаражат бөлу арқылы жалға берiлетiн тұрғын үйдiң құрылысын қаржыландырады;
      5) жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысының барысын және кезеңдерiн бақылайды;
      6) Бағдарламаны iске асыру барысында пайда болатын өзге iс-шараларды жүзеге асырады.
      4. Құрылыс аяқталғаннан кейiн құрылыс объектiлерiн пайдалануға беру және құқық белгiлейтiн құжаттарды ресiмдеу ЖАО мен (немесе) ҚТКШIА-ның қатысуымен жүргiзiледi.
      5. Жалға берiлетiн тұрғын үйдiң құрылысы аяқталғаннан кейiн «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдары ҚТКШIА-мен және (немесе) ЖАО-ның қатысуымен құрылыс объектiлерiн пайдалануға қабылдауды/берудi және құқық белгiлейтiн құжаттарды ресiмдеудi жүзеге асырады.
      Жалға берiлетiн тұрғын үй пайдалануға берiлгеннен кейiн «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдары ЖАО-ны жалға берiлген тұрғын үйлердiң саны туралы хабардар етедi.
      6. ЖАО төлем қабiлетiн бағалау үшiн iрiктеуден өткен Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмiн «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға жолдайды. Бағдарламаға қатысушылар төлем қабiлетiн анықтау үшiн «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға тиiстi құжаттарды ұсынады.
      7. «ҚИК» ИҰ» АҚ Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабiлетiн бағалауды жүргiзедi. ЖАО сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй алуға арналған тiзiмдерге «ҚИК» ИҰ» АҚ-та төлем қабiлетi расталғандарды енгiзедi және Бағдарламаға қатысушылардың – «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның әлеуеттi жалдаушыларын осы тiзiмдерiн жалдау шарттарын жасау үшiн «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа жолдайды.
      Үмiткерлердi қанағаттандыру үшiн тұрғын үйлер (пәтерлер) жетпеген жағдайда олар:
      1) жұмыс өтiлi бойынша;
      2) осы елдi мекенде тұру ұзақтығы бойынша iрiктеледi.
      8. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдары ЖАО жалға берiлетiн тұрғын үйдi бөлгеннен кейiн және ЖАО Бағдарламаға қатысушылар - әлеуеттi жалдаушылардың бекiтiлген тiзiмдерiн ұсынғаннан кейiн олармен сатып алу құқығы бар, оның iшiнде ай сайынғы жалдау төлемдерiнiң қалған сомасына тең келетiн қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзiмi өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын сатып алу құқығы бар жалдау шарттарын мемлекеттiк тiркеуге байланысты тиiстi iс-шараларды жүргiзе отырып, жалдау шарттарын жасайды.
      9. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдары:
      1) ай сайынғы жалдау төлемдерiн қабылдауды және оларға мониторингтi жүзеге асырады;
      2) Жалдаушы жалға алу шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жалға берiлетiн тұрғын үй оның меншiгiне өтедi.
      1. Бағдарламаға қатысушылар:
      1) төлем қабiлетiн растағаннан кейiн әлеуеттi жалдаушылардың тiзiмiне енгiзу кезiнде «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдарымен сатып алу құқығы бар тұрғын үйдi жалдау шарттарын жасайды;
      2) 6 айлық жалдау төлемiнiң мөлшерiне тең келетiн бастапқы кепiлдiк жарнаны енгiзудi қамтамасыз етедi;
      3) «ҚИНКҚ» АҚ-ты немесе сақтандыру ұйымдарын тарта отырып, жалдау сомасын төлемеу тәуекелiн сақтандыруды қамтамасыз етедi.
      11. «ҚИКБҚ» ИҰ» АҚ инвесторлардың шектелмеген тобы арасындағы сыртқы және iшкi қор нарығында мемлекеттiк кепiлдiгi бар қамтамасыз етiлген облигацияларды, секьюриттелген облигацияларды орналастыру арқылы жеке иннвестицияларды, халықаралық қаржы институттарының қарыздарын және исламдық қаржыландыру құралдарын тартады. 2015 – 2030 жылдар алалығында жалпы сомасы 1 080,456 млрд. теңге, оның iшiнде: 2015 – 2020 жылдары – 318,452 млрд. теңге және 2021-2030 жылдары – 762,004 млрд.теңге болатын жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.
      12. Қазақстан Республикасының Үкiметi «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың 2021 - 2030 жылдарға арналған сатып алу құқығы бар әлеуметтiк жалға берiлетiн тұрғын үй бағдарламасының тетiгiн әрi қарай iске асыру үшiн iс-шаралар қабылдайды, олар:
      1) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейiн республикалық бюджеттiң есебiнен 167,160 млрд. теңге мөлшерiнде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ыны капиталдандыруға;
      2) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейiн облигация шығару үшiн 87,655 млрд. теңге көлемiнде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға мемлекеттiк кепiлдiк беруге байланысты.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың жарғылық капиталын толтыру және жеке инвестицияларды тарту арқылы 2013 – 2030 жылдары Бағдарламаның аталған тетiгiне қаржылық құйылымдардың жалпы сомасы 1 355,369 млрд. теңгенi, оның iшiнде 2013-2020 жылдары – 426,205 млрд. теңгенi, 2021 – 2030 жылдары – 929, 164 млрд. теңгенi құрайды.
      Сатып алу құқығымен жалдау мынадай негiзгi шарттарды көздейдi:
      1) сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзiмi 15 жыл;
      2) қоныстанған кезде ең аз бастапқы жарна 6 айлық жалдау төлемiнiң мөлшерiнде;
      3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың және (немесе) оның еншiлес/тәуелдi ұйымдарының келiсiмiмен сатып алу құқығы бар жалға алу құқығын үшiншi тұлғаға беру мүмкiндiгi;
      4) ағымдағы қаржылық жағдайға байланысты үлкен/шағын алаңы бар жалға берiлетiн тұрғын үйге қоныстану мүмкiндiгi;
      5) ай сайынғы жалдау төлемдерiнiң қалған сомасына тең келетiн қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзiмi өткеннен кейiн жалға берiлген тұрғын үйдi сатып алу мүмкiндiгi;
      6) кiрiс жеткiлiктi болмаған жағдайда отбасы мүшелерiнiң құрамынан қосымша жалдаушыларды тарту мүмкiндiгi.
      Жалға берiлетiн таза әзiрленген тұрғын үйлердiң 1 шаршы метрi үшiн сату бағасы мынаны құрайды:
      1) Астана және Алматы қалаларындағы 4-сыныптағы үйлер 132 мың теңге көлемiнде болады, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 110 мың теңге көлемiнде болады, ал қалған аймақтарда 88 мың теңге болады (инженерлiк желiлер төлемдерi мен сейсмикалық аймақтарды қоспағанда);
      2) Астана және Алматы қалаларындағы 3-сыныптағы үйлер 157 мың теңге көлемiнде болады, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 124 мың теңге көлемiнде болады, ал қалған өңiрлерде 99 мың теңге болады (инженерлiк желiлер төлемдерi мен сейсмикалық аймақтарды қоспағанда);
      3) Алматы қаласына жақын орналасқан Алматы облысының аумақтарында сату бағасы 1 шаршы метр үшiн таза әрленген Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үй бағаларымен бiрдей болады.
      Өңiрлер бойынша пәтердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрiнiң түркiлiктi құны тұрғын үйлердiң жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде белгiленетiн болады.
      Жоғары сейсмикалық аудандар үшiн жалға берiлетiн тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiн салу құнына түзету коэффициенттерi рұқсат етiледi, ол «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ сәйкес анықталады.
      Жалға берiлетiн тұрғын үйлердiң 1 шаршы метрiн салу құны жылдар бойынша инфляцияның коэффициентiне сәйкес қайта қарастырылуы мүмкiн.
      Аталған тетiктi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына (Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасының Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының қаржы лизингi, жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, Қазақстан Республикасы заңдарына, басқа да Қазақстан Республикасының заңға тәуелдi актiлерiне) өзгертулер мен толықтырулар енгiзу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет