Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Ошағанды – өзен. Нұра өзенінің саласы. «Ошағаны көп өсетін жер» мәніндегі атау.  Өлеңті



Pdf көрінісі
бет42/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
toponimkaz

Ошағанды – өзен. Нұра өзенінің саласы. «Ошағаны көп өсетін жер» мәніндегі атау. 
Өлеңті – Ертіс алабындғы өзен. Ұзындығы 236 км. Нияз және Ерейментау 
тауларынан, басталып, Әулиекөл көліне құяды. Өзеннің бұлай аталуы – олардың 
жағасында өлең шөптің (осока поникшая, осока ранняя) көп өсетіндігіне байланысты. Қаз
«өлең шөпті жер» мәніндегі атау. Көне түр. өлең және тү сөздерінің кірігуінен 
қалыптасқан атау. Сөзбе-сөз «өлеңтау» мағынасын береді. 
Сарыбел – бел аттары. Қазіргі Осакаров ауданының бұрынғы атауы. Сарыбел қыста 
қарлы, жазда салқын, салиқылы сары төс, жон жер. Шөбі шүйгін. Топырағы құнарлы
жердің шұрайлысы. «Аумақты», «асу» мәніндегі атау. 
Сарыөзек – Қазіргі Вольск ауылының бұрынғы қазақша атауы. Сары топырақты құр 
жылғаға байланысты атау. Түр. «кең жер» мағынасындағы атау. 
Святогоровка – село. Әулиетау таулар атынан шыққан атау. 
Скобелевка – село. Генерал, әскер басшысы Михаил Дмитриевич Скобелев (1843-
1882) атымен байланысты аталған. 1908 жылы орыс-түрік соғысының Жеңіске 40 жыл 
толғанын Ресейде аталып өткен. Осы соғыстың батыры М.Д.Скобелевтың құрметіне 
селоға жаңадан келген патриот – тұрғындар атаған. 
Тұзды – өзен. «Тұзды өзен» мәніндегі атау. 
Шідерті – өзен. Түр. - монғ. Шабер – Шабар сөздерінен шыққан «тұтқыр батпақ, 
тартпалы жай» мәніндегі атау. 
Шыбынды – көл. «Шыбыны көп көл» мәніндегі атау. 


44 
Ұлытау ауданы 
Ақасық – тау, биік. 366 м. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында. Атаудың бірінші 
сыңарындағы «ақ» сөзі географиялық термин ретінде «ақ түс», «мөлдір», «үлкен, кең, 
жазық» мәндерінде жиі қолданылады. Ал екінші сыңарындағы «асық» сөзі көптеген түркі 
тілдерінде өзен алаптарының кең де жазық тұсын білдіреді. Алт. диалект «ажык» - «асу»; 
хакас. «азых» – «жазық, жайдақ асу» (Э.Мурзаев, 1984, 40). Бұл мағұлматтарға және 
таудың аласа болуына (366 м. ғана) қарағанда, «Ақасық» атауы «жайдақ, аласа асу» деген 
мағынаға ие екенін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет