Өлкетану журналы - әдебиет
Хамитжанова Баян Рахымбекқызы
Шығыс Қазақстан облысы , Тарбағатай ауданы, Тана мырза ауылы
Анама
Маңдайын әжім торлаған,
Ана бар менде ағайын.
Белі де бүкір тартыпты,
Ақ шаштар көмген самайын.
Қараймын үнсіз жай ғана,
Не болған деймін таңдана.
Төрдегі сұлу суреттен,
Қалыпты нұрлы көз ғана.
Дір ете қалды жүрегім,
Сол нұрлы көзге тоғысып.
Сол көздер алға жетелеп,
Болысып келет, болысып.
Талай мен естіп қалғанмын,
Күбірлеп жүрет сол анам.
Дұғаға қосып мен жайлы,
Алладан тілеу сұраған.
Айтпайды маған,саған да,
Ішінен ғана тілейді.
Сол дұғаға шіркін-ау,
Қосуды өзін білмейді.
Не деген ұлы құдірет,
Не күш бар оның бойында.
Мен күнде тілеймін сол жүрек .
Болса деп мәңгі жолымда.
Әр бала соны тілейді,
Тілейді жасы, кәрі де.
Ананың қаста болғаны,
БӘРІНЕ КЕРЕК, БӘРІНЕ !!!
Желтоқсан шындығы
Айыпты болған баладай,
Көшеге шықпай қаламай?
Бейбіт шеру болар деп,
Алаңсыз сеніп барады –ай...
Гүлге қонған арадай,
Алаңды қоршап алады- ай.
Шегірткедей көп әскер,
Шөптей қып қырып барады-ай...
Сенгіштігі сәбидей қайран жастар,
Қын түбінде жатпаған ақ алмастар.
Туған жердің төрінде тұрсадағы,
Жан таппады –ау жасқанбай қарайласар.
Анасына талпынған жас баладай,
Басшылырдан бір көмек күтті ме екен?
Сәбидей қорғансыз боп шырылдады,
Қамқорлық қыла алмады құтты мекен.
Орынсыз кінә таққыш, айыптағыш,
Тырнақ асты кір іздеп және тапқыш.
Өз бауырын жаудай көріп, жаттай талап,
Айыптыдай қарады бәрі анталап.
Тәні емес жаны ауырған өрім жастар,
Тірідей көрге түсті армандастар.
Жазықсыз жапа шекті шұнақ құлдай,
Азапталды жол тосқан қарақшыдай!
Ұлыққа қошеметшіл құл секілді,
Басшылар жарлық тосар орталықтан.
Айтпады, айтқызбады бар халыққа,
Алаңда болып жатқан әр шындықты.
Сыбаға күткен жетімдей жаутаңдатып,
Қойдық па біз білмеймін сол жандарды?...
Мақтауы мен мадағын толық алмай,
Көңілдері күпті ме алаңдаулы...
Танимын желтоқсаншыл бір ағаны,
Атын да атауымды қаламады.
Еске алғысы келмейді бейбіт күнде,
Жүректегі жазылмас сол жараны...
Керек емес секілді атақ пен даңқ,
Мәртебе мен дәреже, мансап пен шен.
Желтоқсанды көрсетіп жатқан кезде,
Көз алмайды үйдегі көк жәшіктен.
Бір нәрсені көрердей көптен күткен...
Бір жаңалық болардай көктен күткен...
Ұзақ үнсіз отырар құстай болып
Қыс ішінде мезгілсіз көктем күткен... ъ
Тәуелсіздік
Тәуелсіз елдің ұлымын,
Тәуелсіз елдің қызымын,
Тәуелсіз елді жырлайтын,
Бақытты жанның бірімін !
Тәуелсіз менің санам да,
Тәуелсіз менің балам да,
Тәуелсіз әнім шырқалып,
Тәуелсіз ұрпақ тарауда.
Тәуелсіз менің жүрегім,
Тәуелсіз ел деп соғады.
Тәуелсіз елге әрқашан,
Ырыс пен бақ кеп қонады
Тәуелсіз елдің туы да,
Тәуелсіз көкте желбірейді.
Тәуелсіз туды көргенде,
Ақсақал қарттар елжірейді
Тәуелсіз болсын елім де
Тәуелсіз болсын жерім де
Тәуелсіз бейбіт болайық
Деп бата бергін еліме !
Бақыттымын
Мен бақыттымын , жаныммен, жүрегіммен,
Мен бақыттымын, бейбіт күн түлегімін.
Мен бақыттымын ата-ана, дос-құрбыммен,
Мен бақыттымын алаңсыз күлемін мен.
Мен бақыттымын ешкімнен қаймықпаймын ,
Мен бақыттымын жүрегім шайлықпаған.
Мен бақыттымын жар салам бар әлемге,
Керек емес, керек емес басы артық байлық маған.
Мені бақытты еткен:
Тәуелсіз елім үшін,
Кең байтақ жерім үшін,
Алаңсыз өмір үшін,
Ақ, адал көңіл үшін,
Ұлықты ұлдар үшін,
Қызығы қыздар үшін,
Бабалар мұрасы үшін,
Атамекен тұрағы үшін,
Тұғырлы тілі үшін,
Қасиетті құран үшін,
Қазақтың ұраны үшін,
Киелі пырақ үшін,
Балалар бақыты үшін,
Алдағы уақыт үшін,
Аналар шаттығы үшін,
Алаңсыз қарттық үшін,
Кәрі-жас ,жалпың үшін,
Ұмтылған ұлы іске,
Сендіріп тылсым күшке,
Өмірін сарп еткендер,
Тағдырын тәрк еткендер,
Артына өлмес мұра,
Өшпейтін даңқ қалдырып,
Анадан асыл туғандар,
Хандар, билер, батырлар,
Жыршылар, жыраулар, ақындар,
Ғалымдар, философ –дарындар,
Бәріңе-бәріңе мен бүгін
Болашақ ұрпақтар атынан
Бас идім, бас идім сіздерге!!!
Достарыңызбен бөлісу: |