Өлкетану
Оқушыларды ұлтжандылық пен
елжандылққа тәрбиелеу
(үйірме жоспары)
Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді.
Тарих керек – іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Қадыр Мырза әлі
«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру» - деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.
Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс – әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, жерінің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру мақсатында мектебімізден «Ата жұрт» атты үйірме ашуды көздеп отырмын. Нәтижесінде туған ел, жер тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтап мектеп мұражайын толықтыру. Жұмысымыз ілгерілеп, табыстарымыз молдау болса, мектепте мұражай қорын да ашу көзделіп отыр.
Қасқатау өңірінің ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.
Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы.
Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.
Қала сағалағасын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін.
Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес қосқанымыз.
Бұл үйірменің оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.
Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.
Үйірменің мақсаты: Оқушыларға туған өлкесінің тарихын, ата – бабаларының асыл мұраларын құрметтеуге және өз жерін кіндік кескен елін
құрметтеуге баулу.
Үйірменің міндеті: Оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен
мақтанышын нығайту. Туған елінің тарихи тұлғалары мен
ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге тәрбиелеу.
Үйірме мүшелеріне қойылатын талаптар:
-
- Туған жердің қадір – қасиетін түсіну.
-
- Өз ой – өрісін ғылыми тұрғыда дамыту.
-
- Туған өлкенің тарихи деректерін жинақтау, іскерлігін дамыту.
-
- Ғылыми іскерлігін кеңейту.
-
- Еңбек пен ізденіске тәрбиелеу.
Үйірме мүшелері үш секцияға бөлінеді:
-
Топонимика секциясы
-
Этнография секциясы Тарих
-
Ономастика секциясы
-
«Ата жұрт» үйірмесінің жүргізетін жұмыс жоспары.
р/с
|
Уақыты
|
Тақырыптар мазмұны
|
Негізгі мәселелер мен ұғымдар
|
1
|
|
«Туған жерім – алтын ұя бесігім»
|
Өлке тарихы туралы не білеміз.?
Өлке тархы жайында аңыз
әңгімелер деректер жинау.
|
2
|
|
|
«Ауылым – алтын бесігім»
атты апталық өткізу
|
3
|
|
«Жер – су аттарына шолу»
|
Өкеміздегі жер – су аттарымен таныстыру, олардың аталу ерекшеліктерін атау. Батырлар мен әулиелердің ( аттарымен аталу себептерімен таныстыру.
|
4
|
|
«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте»
|
Сопы Мүсірәлі пір, Амандық Әулие, Кенбай, Өтеп, Жаулы, Төлен, Майлы,
Соқыр,Үркінбайлар және Кенже батыр турал деректер мен аңыздар жинақтау
(Көрші ауылдардың да тарихын зерделеу)
|
5
|
|
«Шежірелер сыр шерткенде»
|
Әр оқушының өз ата – тегін білуге үйрету. (шежіресін зерттеп білу әрі есте сақтау).
«Менің әулетімдегі аңыз адамдар»,
«Мен әулетіммен мақтанамын»атты кештер ұйымдастыру.
|
6
|
|
Дәстүрімізді білеміз бе?
|
Жергілікті жеріміздің салт – дәстүрін оның маңызы жайлы. Ұлттық ойындар жайында материалдар жинақтау.
|
7
|
|
«Асыл мұра – ата қазынасы»
|
Мұражайға ұлттық тарихи бұйымдар жинақтау және көрме ұйымдастыру. Мен жасаған бұйым және қыздар мен ұл балалардың өздері жасаған бұйымдарынан жарыстар ұйымдастыру.
|
8
|
|
Мектеп тарихы
Түлектермен кездесулер ұйымдастыру.
|
Ауылдан шыққан түлектерге арнап «Ауыл ағалары», «Біздің мектебіміздің мақтанышы» атты стендтер ұйымдастыру.
Ауыл мектебінің тарихы атты бүктемелі альбомдар жасап деректер жинақтау. Алғашқы ұстаздар жайлы мағлұматтар іздестіру.
|
9
|
|
«Туған жер табиғаты»
|
Ауылымыздың табиғи байлықтары, өсімдіктері, жануарлары жайында деректер жинап альбомдар жасау. (Гербарий немесе фотосурет)
|
10
|
|
«Туған жер түлектері, ғұмыры жарқын тұлғалар»
|
Ауыл мектебінің мақтанышы болған түлектер, алтын – күміс медаль иегерлері, ғылыми атақ алған қазіргі таңда еңбегімен еленіп жүрген азаматтар жайлы мағлұматтар мен деректер жинақтау.
|
11
|
|
«Ер есімі – ел есінде»
«Ерлікке – тағзым,
елдікке - тағзым»
|
Азамат соғысына қатысқан қуғын – сүргін құрбандары болған, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мағлұматтары мен деректерін жинақтап бүктеме альбомдар жасау. Ескерткішке гүл шоғын қойып тағзым ету.
|
12
|
|
«Ерліктің рухы өшпейді»
|
Тарихи қорымдарға саяхатқа шығу (Қорған тас )
Музейге бару (Көкшетау)
|
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Қарабұлақ ауылының негізгі мектебі
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: «Керейт руының тарихы»
Қарабұлақ ауылының негізгі мектебі
Ғылыми жұмыстың түрі:
-
Ізденіс және тәжірибелік зерттеу тұрғысындағы жұмыстар .
Оқушыларды ғылыми жұмысқа бағыттаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: - Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.
- Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
- Білім беру ұйымдарында жас зерттеушілердің озық тәжірібелерін насихаттау.
- Оқушыларды республикалық ғылыми – практикалық жобалар сайысына қатыстыру.
- Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың бір мақсаты тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру.
Лауазым парағы.
Қарабұлақ ауылының негізгі мектебі.
Тарих пәні мұғалімі: Айтқожин Қайрат Бақытжанұлы.
Ғылыми жұмыспен айналысатын оқушылар:
-
Тасболатов Айдар 8 – сынып
-
Мұқанова Ләйлә Бөгембайқызы 8 – сынып
-
Айтқожина Әйгерім Қайратқызы 4 – сынып
-
Бектасова Бекзат Ерболатқызы 4 – сынып
-
Әлімжанова Аягөз Асылбекқызы 4 – сынып
-
Құлымбетов Саят Қанатұлы 8 – сынып
Жұмыстың тақырыбы: «Керейт руының тарихы».
Ғылыми жұмыстың құрылымы мыналардан тұрады:
-
Лауазым парағы
-
Жоспар
-
Кріспе бөлім
-
Негізгі бөлім
-
Зерттеу нәтижесін талдау (оқушылардың еңбектерін талдау, бағалау)
-
Ұсыныстар
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Қосымша
Ғылыми жұмыстың жоспары:
-
Мәселенің өзектілігі.
-
Керейттің этникалық шығу тегі және ежелгі шежіресі.
-
Этноним құпиясы.
Керейт атауы туралы не білеміз?
Керей емес Керейт пе?
-
Керейт тайпасының қалыптасуы.
-
Шыңғыс хан заманындағы керейттің тағдыры.
-
Қасқатау өңірі керейттерінің тағдыры, қоныстануы, тарихи тұлғалары жайында мағлұматтар.
Аннотация.
Жұмыстың тақырыбы: Керейт руының тарихы.
Дайындаған тарих пәнінің мұғалімі: Айтқожин Қайрат Бақытжанұлы Қарабұлақ ауылы негізгі мектебі.
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, 300 жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасна тараған мұраларын жинақтауға арналған.
Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.
Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.
Кешегі Амандық әулие Кенжебай мен Кенбай батыр бабаларымыздың қалдырған осындай жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.
Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді.
Тарих керек - іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Қадыр Мырза Әлі
Алғы сөз.
Қазіргі таңда білім жүйесін дамыту еліміздің әлеуметтік экономикалық даму перспектикасына сәйкес,оның әлемдік білім беру кеңістігіне ерекшеліктерімен енуді талап етеді.
Бұл ғылыми жұмысты қазіргі ақпарат ғасырында білім беру саласындағы өзгерістерге сай болдыру.
Кәсіптік білім беру саласында жаппай интеграциялану үрдістену белең алуда. Сонымен қатар рухани бағыттағы саналы ізденістер – сапалы өзгерістер әкелуде. Талғам түрлегнен сайын таным түзеліп келеді. Олай дейтініміз бүгінгінің табалдрығын аттағанша ертеңгінің есігі ашылуда... Ал өткенді жандырып, өшкенді жаңғырту әрбір саналы азаматтың абыройлы борышы.
Сондықтан да ата – бабаларымыз табыс етіп қалдырған киелі жерімізбен сәулет салттарымызды жас ұрпақ бойына сіңіру елдігіміз деп білемін.
Қасқатау өңірінің ата тарихы әріден басталады, бұл қасиетті мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.
Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының ауызша айтуымен ғана танымал тарихы бар. Бірен – саранды ауыл азаматтарының жазбаларында ғана кездеседі.
Бұл ғылыми зерттеу «Керейт руының тарихы» деп аталады. Зерттеу жұмысымыз өз ауылымыздың табиғаты мен тарихи жер атаулары, елдің шежіресі жайлы болмақ.
Сонымен қатар өз топырағымыздан нәр алған тарихи тұлғаның өмірін олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.
№ 1. Мәселенің өзектілігі.
Ұлтымыздың тарихы рулық - тайпалық құрылымдармен тығыз байланысты екендігін кім де болса жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та бұл біздің ұлтымыздың тарихына сипат болып табылады. Рулық – тайпалық қауымдастық ерекшеліктері біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алып, кешегі ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін біздің ата – бабаларымыздың әлеуметтік, саяси – шаруашылықтың өмірімен тығыз, бірге қайнасып, өрбіп, өрістеп келді. Бұл ғылымда дәлелдеуді қажет етпейді.
Өткен ғасырдағы тоталитарлық жүйе рулық қауымдастықты ғана емес, осы негізде өркендеген қазақ халқының өзіндік – рухани болмысын, дәстүрлі шаруашылыққа негізделген күллі өмірін күйретіп жіберді.
Тоталитарлық жүйені артқа тастап, бүгінге шүкіршілік, біз адамзат қоғамының жаңа даму сатысына өркениетті демократиялық қоғамға ұмтылудамыз. Бұл планетаның басым көпшілігі ұстанған, басты мақсатқа бағытталған, үрдісті дамудың шұғылалы да сәулетті ұстанымы.
Еліміздің тәуелсіздік алған осындай айқын жолдағы қадамдары халқымызды рухтандырып, саяси сергітіп қана қоймай, өзіміздің өткенімізді танып білуге деген ғаламат құштарлықты, ынтаны жоғарылатты. Тәуелсіздік алған бұл елге, оң-солын тануға ең жақсы қасиетті сипат.
Сондықтан болар ел жанашырлары мен зиялы қауымдары төл тарихымыздың жоғалған беттерін жазуға жариялауға белсенді бет бұрыстар жасап үлгерді. Бұл елбасымызбен мемлекет тарапынан қолдау да тапты. Арнайы «Тарих жылы» да жарияланды.
Әйтсе де Қазақстан тарихының ашылмаған беттері, жазылмаған жаңалықтары жетіп артады. Оқулықтардағы тарихтар сол бес томдық «Қазақстан тарихы » көлемінде ғана.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне қарай, әсіресе 30 – жылдарына дейінгі тарихымызды жазуда жекелеген тайпалық одақтар мен жекелеген мемлекеттік құрылымдардан аса қойған жоқпыз деген ұғымда жүр кейбір тарихшы ғалымдар.
Дегенмен бұл ұғымда терең мағына жатыр. Тайпалық – этникалық негізде құрылған бұл одақтардың рулық құрылымдары тарихымызда әлі толық ашыла қойған жоқ.
Мұндай тарихымызды жазудағы ескерткіштеріміздің басты себебі қазақтың кеңестік кезеңнен бастау алып қалыптасқан «рушылдық» пиғылдардан сақтану психологиясының жолында құрбан болды.
Өз руыңды, ата – тегің шежіреңді ұмыту, бұл өркениеттілікке жетелеу емес, керісінше бұл қазақты ұзақ уақыт тарихи дамуымызда болған иманды кезеңді ұмыттыру. Сондықтан қазақты ұлт етіп құраған осы рулар мен тайпалардың нақты тарихын терең және жан – жақты білу ғана ортақ ұлттық мүддені ту етіп көтеретін саналы қазақ азаматын қалыптастыра алады.
Өткен кеңестік дәуірде белгілі себептермен қазақ және түркі тектес ұлттардың құрамына енген Керейт, Найман, Жалайыр, Қоңырат сияқты тайпалардың бүгінгі моңғол жерінде өткен ертетүрік кезеңін баяндауға және зерттеуге ниет білдіртпеді.
Осы ғылыми жұмыста қарастырылатын мәселе Керейттер төңірегінде болмақ. Әрине осы керейтер туралы түпкілікті мәліметтер аз. Табылған мәліметтер де кешегі кеңестік кезеңде құрылған деректер болып табылады. Бүгінде осы керейттердің шежіресімен, тарихын зерттеумен айналысып жүрген Қызылордалық ағаларымыз Майдан Түйімбетовпен, Тұрмағамбет Асанов.
№ 2.Керейт атауы туралы не білеміз?
Этноним құпиясы:
Керей атауы Керейттен шыққан ба екен?
Керейт этнонимі тарихшыларымыздың тарихи-зерттеу карталарында ІХ – ХІІ ғасырдан бастап қана жазыла бастады.
Керейт деген атаумен тарих сахнасына ІХ-ХІІ ғасырларда Моңғолия жерінде өмір сүрген күшті мемлекет ретінде танылуда.
Керейт – Кіші жүздің жетіру бірлестігіне кіретін ру. Н.А.Аристовтың мәліметі бойынша, Керейт, Едік, Жортай, Ашамайлы, Сайшақ, Арбалы, Ершақ, Жастабақ, Шайкөз, Сарман, Қонақбай, Обаған деген үлкенді – кішілі аталарға бөлінеді.
Бұл мәлімет бойынша керейттердің атауы бар екендігін көрсетеді. Ал көбінесе оқулықтармен, ғылыми еңбектерде Керейттерді Керейлер деп көрсетіп жазады. Осы керейлердің сол керейттердің ұрпағы екеніне күмән жоқ, яғни керейттерден шыққан деуге болады1.
Бұған дәлел ретінде Қаз.Сов. энциклопедиясының (5-ші томы). Керейт деген анықтамасында В.В.Бартольд, Б.Я.Владимирцев т.б. зерттеушілер Керейт – монғол тайпасының бірі, ал қазіргі Керейлер мен Керейттер солардың ұрпағы делінген. Мұнда бір ескере кететін жайт Керейттер моңғол тайпасының бірі делінген. Негізі ол бұлай болмауы да мүмкін. Ал Рашид ад-Дин, Әбілғазы Баһадурхан, Х.Ховорс, С.Аманжолов т.б. Керейттерді түрік тайпаларынан таратады.
Кеңестік тарихнама белгілі себептерге байлансты қазақ және басқа түркі тектес ұлттардың құрамына енген Керейт, Найман, Қоңырат, Жалайыр секілді тайпалардың бүгінгі моңғол жерінде өткен ерте түркілік кезеңін баяндауға және зерттеуге ықылас танытады. Тіпті ғылымды идеологниялық мақсат – мүддеге бағындырып, көне түркілік тайпалар мен кейінгі қазақ ұлты құрамына енген тайпалық одақтар арасына «тас қабырғасын» қоюға ыңғай танытты. Бұл әрине тек ғылыми шындыққа қарсы жасалған қиянаты ғана емес, сондай–ақ қазақ сияқты халықтардың өзін–өзі тану процесіне көлденең қойылған кедергі еді.
Ал енді сол керей этнониміне қайта оралайық. Керейт этнонимінің мән - мағынасы бүгінгі тарихқа дейін анықталмай, мұның өзі әртүрлі аңыз – әңгімелердің тілегін ағытып келеді. Оқырмандарға алдын – ала ескертетін бір мәселе, жоғарыда жазып өткендей – бүгінгі керейттер өздерінің ертедегі шежірелерін, (кеңестік идеологиядан кейін) ұмытылып қалғандықтан, тарихи аңыздардан моңғол жаулауынан кейінгілерін ғана оқып – естіп біледі.
Әрине аңыздардан болса да шежіремізді моншақтай тізіп жазуға мәжбүрміз.
Қазақ Совет энциклопедиясы – 390 бет. (қ Керейт)
Аңыздардан десем ертегідей болып көрінер, бірақ ондай көп қаралып зерттелінсе де көптеген ғалымдар мен сол кезеңдердегі саяхаттшы – саудагерлердің жазбаларында кездесіп қалады. Г.Рубруктың, Плано Корпинидің одан соң Марко Полоның жазбаларынан табуға болады.
Рашид ад – Дин еңбегінде керейттердің этникалық тегі туралы жазбасында осы керейттердің болғандығын айтып отыр. Тек мұнда керейттердің түркі тілдес емес, монғол тілдес деп көрсетеді. Бірақ осы автордың өзге жазбаларында үзілді – кесілді шыққан тегі туралы көрсетілмеген дейді кейбір зерттеуші ғалымдар.
Керейттердің тарих сахнасындағы кезеңі ІХ – ХІІ ғасырларда көрініс табады. Бұл монғол мемлекетінің іргесі қалана бастаған кезеңдер.
Керейлердің, Керейттер екенін тарихи құжаттар да растайды. Шығыстанушы Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, М.Тынышбаев, С.А.Аманжолов осы екеуін бір тайпа деп білді.
Демек керейттердің Шыңғысхан талқандап, батысқа кеткен керейлерден шығуы мүмкін емес, ал керейттер сонау Моңғолия жерінде ІХ – ХІІ ғасырда, мүмкін, одан да бұрын мекендеген болар.
Сонымен бізге белгілі деректемелердің бәрінде Керейлер емес, Керейттер туралы айтылады....
(Жалғасы бар)
Достарыңызбен бөлісу: |