«Өлкетану тарихы және мәдениеті»



бет1/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.61 Mb.
#19960
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14 -5 –

02.1.20. 01/9-2013


«Өлкетану тарихы және мәдениеті»

пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым





«ӨЛКЕТАНУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ»

пәнінің оқу- әдістемелік кешені
ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ
5В020300: «Тарих»

мамандығына арналған

Семей -2013

МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер тақырыбы

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмыстары

1 ГЛОССАРИЙ
1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Палеолит- ерте тас дәуірі

4. Мезолит- орта тас дәуірі.

5. Неолит- жаңа тас дәуірі.

6. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

7. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

8. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

9. миф-аңыз,ертегі.

10. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

11. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

12. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

13. Этногенез- халықтың шығу тегі.

14. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

15. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

16. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

17. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

18. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

19. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

20. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

21. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

22. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

23. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

24. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

25. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

26. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

27. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

28. Блокада- әскери қысым, қоршау.

29. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

30. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

31. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

32. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

33. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

34. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

35. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

36. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

37. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

38. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.

39. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

40. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

41.Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

42.Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

43.Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

44.Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

45.Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

46.Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

47.Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

48.Инновация-жаңалық енгізу

49.Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

50.Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

51. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

52.Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

53.Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

54.Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

55.Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.


  1. ДӘРІС (ЛЕКЦИЯ) САБАҚТАРЫ


1тақырып. Тарихи өлкетану тарихы және мәдениеті пәні, мақсаты мен міндеттері

1.Өлкетану негіздері.

2.Қалыптасу кезеңдері.
1.Әрбір мәдениетті қоғам өзінің жұмысын ғылым негізіне құрып жүргізуге ұмтылады. Өлке тану дегеніміз не? Егерде бұл жөнмен жүргізген жұмысы жемісті болған сайын елдің мәдени тұрмысы көтерілмекші, бірақ ғылымға сүйеніп жұмыс жүргізу үшін, сол істейтін ісіңнің жәйін жақсы білу шарт. Қоғам тұрмысын құру үшін алдымен сол қоғамның мән-жәйін, айналасындағы табиғат мәдени қалпын жақсы білу керек. Басқа шартқа да жергілікті мәдениетке өлкені үзбестен ұдайымен арымай-талмай аудара қарап, ақтара тексеріп зерттеуге тура келеді. Міне осы жұмыстардан барып өлкетану деген қозғалыс туады.

Өлкетану деген қашаннан өлке құру жұмысының бір саласы, сондықтан ол шынында ертедегі мәдениет тарихында жуан орын тепкен жұмыстың бір саласы. Бұрын жұрт оған көп назар салмай келіп, осы соңғы кезде ғана етек жәйіп өрісін кеңейтіп, біздің тұрмысымызда ғана өлкетану мәселесі реттегі жұмыстың бірі болып қолға алынып отыр. Осы күнгі өлкетану жұмысының ең маңыздысы сол өлкедегі халық шаруасын, өлкенің өндіріс күштерін зерттеумен байланысты. Бұлай болудың жөні де бар:

Осы күнгі социалдық тұрмысқа көшіп жатқан кезеңде қаланың да, ауылдың да шаруашылық, саясаттық ниет құрылыстарын алдағы сатыға өткізу үшін айналадағы жағдайды өте жақсы білу шарт. Сондықтан өндірістің түрлерін зерттеу, қалада да, ауылда да сол өндірістің жалпы жағдайларын зерттеп білу — осы кездегі екпінді мақсаттардың бірі; міні сол мақсатты баянды шешіп тұрмыс жүзінде, іске асыру жөнінде өлкетанушылық өзінің тиісті орнын алып, мойындағы міндетін атқару керек. Мұныңмен қатар сөзде ғана емес, іс жүзінде де елдің шаруасы көтеріліп, ілгері қарай дамып, алдағы сатыға жетуді мақсат қылып, шаруаны зерттеу керек. Олай болғанда алдымен қажымай, талмай әр ауыл бірлестік шаруасын, кеңес шаруасын, кооперативті, фабриканы, заводты, колөнерімен кәсіп қылатынды тағы-тағыларды зерттеу керек.

Міне осындай жолға қойылған өлкетану жұмысы ғана жалпақ еңбекші жұртты бауырына тартып, қалың еңбекшінің игілігіне айналдырып жіберіп, өлкетанушылық күшейіп, үлкен қоғамдық салмағы болып шықпақшы. Көзі ашық азаматтарын өзінің бауырына тартып, жәрдем иесі қылып алуында сөз жоқ. Қазақстан өлкесі көп тексерілген. Жерінің құйқасы, жәндіктері, өсімдігі, тұрғын халқы, кен байлықтары, жер-судың өзге жағдайлары жайынан жазылған талай адамдардың еңбектері бар. Бірақ бұлар қазақ жерінің байлығының, қазақ халқының ескі дәуірінің жүзден біріндей де болмайды. Қазақ кедей жалпы үстемдігі дәуірінде тыныс алып, өзінің өткендегі тарихты мәдениетін жаңада ғана қолы жетіп кірісіп отыр. қазақ жұртшылығы жуық алдағы жылдардың ішінде ескіліктің сарқыншағынан тегіс айрылып, мәдениет қорғауға, социалдық шаруашылыққа аяқ басуға өжеттікпен кіріп отыр. Қазақ жерінен мақта, резеңке, түсті металл шығатыны табылып отыр. Қазақ кедей орташалары малый, егінін өнерлі жолмен жүргізіп, еңбегінің берекесін, өнімін молайтуға техника, пән табысын түгел қолдануға жол ашылып отыр. Қазақ кедейі жаңа дәуір бастап отыр. Елдің салты, шаруа реті негізінен өзгермек, қайта құрылмақ. Бүкіл жаратылыс байлығы қайта тексеріліп, еңбекшілердің пайдаға асыратындай, жағдайға асыратындай жағдайларды іздемек. Бұл — зерттеу білімінің, ірі мамандардың ғана жұмысы емес. Өлкетанудың өндіріс жұмысында қолғанаты, жәрдемшісі алдымен жергілікті шаруа, өндіріс орындары қызметкерлер мен үнемшілер болуы тиіс. Нақ осы кезде өлкетанудың өндіріс жұмысында бізде айқын белсеніп істеушілер күн санап етек жайып, өрісін кеңейтіп келе жатқан жұмыскерлер мен ауылдардан шыққан тілшілер. Міне, жұмыскерлер мен ауылдан шыққан тілшіліктің ең жақсы жағы осы өлкетану жағын айыра білуде. Айналасындағы шаруалардың ұсақ-түйегіне шейін қалдырмай бейнелеп қарап, бақылап қоғам тұрмысына назарын салып, кемшіліктерін айқын көрсетіп, оларды жойып жаңғыртуға, жақсылауға күрес ашуда.

Бірақ шаруа жайын, қоғам тұрмысын зерттеу жалғыз білім үшін ғана керек болмауы тиіс, оның үстіне жергілікті еңбекші елдің мұң-мұқтажын өтеу керек. Мынау осындай қоғам тұрмысына бейімделген, еңбекші елдің өте керекті шаруа, мәдени, саяси құрылысына байланысқан жұмыстарына назарын салып, көңілін бөліп лайықты жәрдемін тигізген өлкетану жұмысы болса, оған қалың еңбекшілердің талапты, бұл зерттеу жұмысына бүкіл еңбекшілер, ауылдың белсенді азаматтары жедел қатынастырылып орындалмақ. Аймақтану съезі айрықша көңіл бөлетін жұмысы. Қазақ шаруашылық мәдениеті үстіміздегі дәуірде ең ірі міндеттерді жалпы елдің алдына салу, жеңіл тілмен айтып ірі ілім сөзін елге жеткізу, түсіндіру — оқытушылардың міндеті. Аймақтану съезінің бүкіл жұмысы баспасөздегі мақалаларды көзден таса қылмай елге түсіндіре отыру. Аймақтану съезінің деректерінен пайдаланып, өз бетімен аймақтану жұмысының қолынан келетіні түрлі қолынан атқаруға үйренуі болады.
2.Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу. Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.

Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды.

Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда
2тақырып. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және

олардың өлке тарихындағы рөлі.

1.Көне түрік жазба ескерткіштері

2.Өлке тарихындағы рөлі


1.Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.

Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.

VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.

Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын «қағаны алып екен, ақылшысы дана екен» деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.

Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.
2.Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалы көрегендігімен бағаланды. Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілері мен әлсіздері керісінше болды. Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттілігін туғызды. Мысалы: «Үйсіндерде жылқы көп, ең бай адам 4-5-мың жылқы иеленеді!?!! Демек малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтопологиялық мінездемесі -кеңістік пен уақыт. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай делінген: «Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке қарай айға табыну үшін шығады». Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған Монғолиядан айырмашылығы осында. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді. Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: «Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік». Бұл кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.

Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қоңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені ғұндар «таза» егіншілік, ал үйсіндер – жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Бүкіл Евразия даласын өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді.

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис – аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығымен атағы шыққан».

Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады


3тақырып. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы және дамуы.

1.ХІХ ғ. Орыс зерттеушілерінің деректері

2.Өлкетану тарихы мен мәдениетін зерттеудегі ғалымдар үлесі
1.Өлкетану — белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ мамандарға (архитекторлар, биологтар, этнографтар, тарихшылар, экологтар) туған өлке болып саналады. Өлкетану сондай-ақ, берілген тақырыпқа арналған мектепте оқылатын пән. Бұл термин өлкетану маманы емес адамдардың (жергілікті тұрғындардың, энтузиастардың жұмысында да қолданылады (мектеп пәнінің мағынасынан тыс). Бұл ұғымға, мысалы, археологиялық қазба жұмыстары жатпайды, қайта мұрағаттық жұмыс қазіргі өлкетанудың негізгі бөлігі. Байырғы өлкетанушы Л. Ф. Семенов Орталық Қазақстанды зерттеу жұмыстарын көптеген әйгілі саяхатшылар, ғалымдар жүргізді. Олардың ішінде ең байырғысы Л. Ф. Семенов. Ол 1937–1958 ж арасында Қарағанды өлкетану музейінің директоры болып жұмыс жасады. Л. Ф. Семенов 1901 ж 1-ші сәуірде жарлық берушінің, кейін көпестің отбасында дүниеге келді. 1919ж Петропавл деректі училищесін бітірді, азамат соғысы басталған соң оқуын жалғастыра алмады. Қызыл Әскерде 253-ші атқыштар полкінде кітапханашы болып істеді. Петропавл губерниялық оқу бөлімінде кітапханашылардың айлық курсында оқыды. 1921ж шілде айында көзінің нашар көруіне байланысты әскерден босатылып Ақмола қаласына келді. Онда ол білім бөлімінде кітапхана жөніндегі инспектор болып жұмыс істеді. Кейіннен қалалық кітапхананың меңгерушісі болып ауыстырылды. 1923ж өз ынтасымен Ақмолада уездік музей ашты. 1924ж екіжұмалық оқу — үйлеріне арналған кітапханалар курсын ұйымдастырды.

1924ж аяғынан 1926 ж дейін Петропавл кітапханасында кітапханашы болып, содан соң ағарту үйінің меңгерушісі, кейін директор болып тағайындалды. 1927ж Ақмолаға қайтып келіп, кітапхана және музей меңгерушісі қызметін атқарды. 1932ж Қазақстанның Орталық музейіне жұмысқа шақырылды, бірақ жұбайының науқастығына байланысты бір жарым жылдан соң Ақмолаға қайта келді.

1937 жылы 15 қарашада Л. Ф. Семенов Қарағанды облыстық музейінің директоры болып тағайындалды. 1938 жылы 8 наурызда музей облыстық өлкетану статусын алды. Алғашқы музей экспедициясы 1938 жылы жүргізілді. Ат-арбаға отырғызылған арнайы будкада (экспедицияға керек барлық құралдар) жүргізілген бұл экспедицияның негізгі мақсаты жергілікті халықтан қазақтың салт- тұрмысына қатысты материалдар және жәдігерлер жинау, олардың арасында бұқаралық жұмыстар жүргізу. Мәдени- бұқаралық жұмыстар екі тілде жүргізілді.

2. 1938 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау басталды. Музей қызметкерлері Қарағанды округінің 1-сайлау учаскесіне қызмет етті: музей қызметкерлерінен насихат бригадасы құрылып, олар әртүрлі тақырыптарға 14 дәрістер оқып, диапозитивтер көрсетті, 1116 адам сайлаушылар Қарағанды сайлау округінің 7 сайлау учаскесінен қамтылды, сонымен қатар көрмелер дайындалып көрсетілді. Жұртшылыққа патефон тыңдау ұйымдастырылды. Музей 1,5 ай бойы екі сменада сағат таңертергі 9-дан кешкі 11-ге дейін қызмет істеді. Барлық жерде қажымас Леонид Федорович үлгеріп жүрді.

1940 жылы Мәскеу профессоры С. В. Киселевтің басқаруымен облыс музейлерінің қызметкерлері Бесоба өңірінде 5 қорған тапты. Қазба жұмыстарының нәтижесінде Андронов мәдениеті кезеңіне сәйкес музей заттары табылды. Олар: геометриялық өрнектері бар сауыттар.қола білезіктер.сүйектен жасалған біз. Ақ моншақтар, тесілген бақалшақтар, тістер және адамның, малдың сүйектері Ұлы Отан соғысы кезінде музейде ату жұмыстарына арналған (танкіні жоюға арналған гранатты лақтыру, әуе шабуылына қарсы) арнайы бөлім ашылды. Бірнеше көрмелер: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде», «Әйелдер Ұлы отан соғысы кезінде» мекемелерде әңгімелер, дәрістер оқыған кезде қолданылды. Музейдің бір бөлмесінде Ұлы Отан соғысының картасы жанына газет қиындылары мен фотосуреттер қойылып ілінді.Әңгімелер қазақ тіліне аударылды. Музей қызметкерлері «Саңылау», «Газдан паналайтын жер»атты макеттер дайындады. Тақтайдан ауқымды көлемде химиялық, тұтандырғыш, сынық бомбалары жасалды. № 27 «Қорғау үшін» жорналы бойынша «Әуе жауын қалай білуге болады?» плакаты құрастырылып, төбеге картоннан жасалған жау самолеттерінің силуэттері ілінді.

Жаңа қаланың кинотеатралында музейдің қорғану көрмелері ілінді, онда шетел шапқыншыларына қарсы күрестерден материалдар жинақталып көрсетілді.Музейдің бұл жұмысына Л. Ф. Семеновтың мақаласы арналып,ол Қазнаркомпростың «Республика мәдени мекемелерінің тәжірибе жұмысы» атты жинағында 1942 жылы басылып шығарылды.Музей «Ұлы отан соғысы жылдары кезіндегі өлкетанушыларға арналған жадынама» басылып шығарылды. Л.Ф Семенов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегінен «1941–1945 жж Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Музейдің қалануына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде үш ғылыми-зерттеу бөлімдері ашылды: табиғат, революцияға дейінгі тарих, кеңес дәуірі. Музей жыл сайын жаңа материалдармен толықтырылып, 4000-ға жуық жәдігерлер жинақталды. Жәдігерлер облыстың барлық тұрғындарынан жиналды. Музейге келушілердің саны өсті. Л. С. Семеновтың зейнеткерлікке шығатын күнімен құттықтауға музейге құрметті қонақтармен қатар Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Семен Семенович Макаров келіп, «КМ-10» көмір комбайынының макетін сыйға тартты.

1958 жылы 20-шы шілдеде музейде 20 жыл қызмет істегеннен кейін Л.Ф Семенов зейнеткерлікке шықты. Ол өзінің үйінде кеңес беретін орын ұйымдастырды, онда өлкетану тақырыптары бойынша 300-ден астам альбом мен 200 –дей қолжазбалар жинақталған. Үйдегі музейге өлкенің тарихымен айналысатын тарихшылар, ЖОО оқытушылары, студенттер, оқушылар келді. «20 жыл зейнеткерлікте болсам да өмірімнің босқа өтпегендігін ескеру, жинақтаған материалдарыммен бөлісу мен үшін өмірдің мәні мен мақсаты болып табылады»,- деп жазды Леонид Федорович өзінің естеліктерінде.

Л.Ф Семенов 1986 жылы 9 мамырда қайтыс болды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде оның Қарағанды аймағы бойынша өлкетану материалдары: Қарқаралы шежіресі, Қарқаралы уезі, ауданы, округі, аңыздар, өлеңдер жинақтары сақталған. Сонымен қатар, Қарағанды облысының 1856–1976 жж. аралығындағы шежіресі, «1868–1945 жж тарихи-революциялық оқиғалар» картасына түсініктеме, мамандырылған техникалық білім беру тарихына және т.б зерттеулер музейде сақталған. Өлкетанушы Л. Ф. Семенов тырнақтап жинақтаған материалдарымен аянбай бөлісті. Ол материалдардың өлкенің тарихын зерттеп танысуда маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет