Қожабек А.,
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
мемлекеттік басқару Академиясының
«Саясаттану» мамандығы бойынша магистранты
«ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ» МЕН «ӨМІР САПАСЫ» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ
КОНЦЕПТУАЛЬДІ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында атап өткендей: «Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.» [1].
Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Алайда «өмір сүру деңгейі» және «өмір сапасы» - мәні жағынан ұқсас ұғымдар ретінде қарастырылғанымен, олар барабарлығы жағынан алшақ. Материалдық қамтамасыз етілген болып, бұл ретте таза суға, сапалы медициналық қызмет көрсетуге, сапалы тамаққа және басқа да өркениет өнімдеріне қол жетімді болмауы мүмкін. Бұл қиыстырылған өмір сапасы болып табылады.
Өмір сапасы және адамның жанжақты дамуы – бұл санаттар экономикалық өсу және қоғамның дамуы проблемаларының қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұндық сипаттамасын құрайды. Бұл проблемалардың қойылуы және өзектілігі XX ғасырдың соңында жаңа болып көрінген жоқ. Ғылыми ойдың дамуының әртүрлі кезеңдерінде ойшылдар бұл тақырыпқа жүгінген. философиялық, экономикалық, әлеуметтану жұмыстарының негізгі мәселесі болды. Адамның өмір сапасы және дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамаларын көне ойшылдардың еңбектерінен, көптеген мәдениеттерден және діндерден табуға болады. Бірақ адамның проблемалары – оның өмір сапасы және дамуы – екінші кезекте болған кезде экономикалық ғылымда ерекше айқын пайда болған ұзақ мерзімді кезең бар. Өткен ғасырда экономикалық мақсаттарға қол жеткізу ретіндедамуға қадам басу басым болды. Адам экономикалық теорияларда тек қана өндіріс құралы ретінде түсіндіріліп, «адам факторына» айнады. Дегенмен 60-жылдардан бастап адамның өмір сапасы және дамуы проблемалары қайтадан әлемдік экономикалық ғылымның әртүрлі мектептері мен бағыттарының назарын барынша аудара бастайды.
Танымал халықаралық ұйымдар және зерттеу орталықтары бұл проблемаларды өздерінің ғылыми әзірлемелері мен талқылауларында көтере бастады. Алайда тек қана XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында экономикалық және әлеуметтік теорияда бұл проблемаларға елеулі бетбұрыс байқалды. Бұл процесте мынадай факторлар елеулі орын алды: ол үшін адамның экономикалық мақсаттарға және міндеттерге бағынышытылығы ерекше тән даму проблемаларының неоклассикалық тәсілінің барынша айқын болып келе жатқан шектелгендігі; әлеуметтік қарама-қайшылықтардың күрт тереңдеуі және оларды экономикалық теорияның дәстүрлі тәсілдері негізінде шешудің мүмкін еместігі; институционализмнің қарқынды дамуы және институционалдық тәсілдің қолдану аясының кеңеюі; экономикалық өсуді қамтамасыз етуде адамның орнын өзгерту; әлеуметтанудың экономикалық ғылымға әсерінің күшеюі [2, 3 б.].
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (ағылш. Universal Declaration of Human Rights, UDHR) 25 бабына сәйкес Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің ден-саулығын әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтыйтын өмір сүру деңгейіне құқылы және де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шақта, немесе өзіне байланысты емес басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына құқылы [3, p. 5].
Дегенмен, мұндай түсіндірме әдебиеттерде «тар мағына» деп аталады. Оның аясында өмір сүру деңгейі игіліктер мен қызметтерде халықтың тұтынуын қанағаттандыру деңгейі мен дәрежесі ретінде анықталады. Керісінше – тұтынуды қанағаттандыру деңгейі халықтың өмір сүру деңгейімен анықталады.
Халықтың өмір сүру деңгейі, кең мағынасында – материалдық және рухани игіліктерді пайдалану өлшемдерін білдіретін қоғамдық үдерістердегі қалыптасқан белгілі бір талаптар мен нормалар аясынан туындаған әлеуметтік-экономикалық категория деп түсіндіруімізге болады. Ал тар мағынасында белгілі бір параметрлер бойынша құрылған халықтың әл-ауқатының жалпы бағдарын анықтайтын сапалық көрсеткіш болып табылады. Себебі, бұл ұғым өмір сапасымен де тығыз байланысты болғандықтан, сандық көрсеткіштерден гөрі нақты практикалық параметрлерге бағындырылады.
Өмір сапасы, кең мағынасында алғанда – өмір ағымындағы адам қызметі мен жағдайларының алғышарттары болып табылатын биологиялық қажеттіліктері мен рухани мүдделерінің бірлігінен тұратын жүйелі ұғым десе де болады. Тар мағынасында алғанда, салыстырмалы түрде ұсынылатын заманауи талаптардың қойылған шарттарының тікелей өмір сүруге қатысты деңгейлері. Себебі, «сапаның» өзі біріншіден, заман ағымына байланысты өзгеріп отырады, екіншіден, ол бәрібір басқа мемлекеттердегі жағдайлармен барып салыстырылғанда ғана толық ашыла түседі. Әлемдік өркениет ілгерілеген сайын өмір сапасына қойылатын талаптар да күшейе түседі, заманауи техника мен ғылымның жетістіктерінің адамзатқа қызмет етуі тиістілігі және қаншалықты деңгейде қызмет етіп отырғандығы өмір сапасын жаңа белестерге ұмтылдырады.
Бұл әрбір мемлекеттегі дамудың деңгейімен де байланысты болып келеді.
Сондықтан, өмір сапасының өзі дамушы мемлекеттердегі саяси-экономикалық жағдайлар мен дамыған елдердегі осындай жағдайларға да тікелей қатысты, осыдан, тұрмыс қалпының сапалы деңгейін өркениетті мемлекеттер өзгелер үшін идеалға айналдырады.
Бірақ осы тұста өмір сапасының идеалдандырылуы мен ұмтылатын басты құндылық деп есептелуі және оған қарсы көзқарастар бар екендігін атап өткіміз келеді. Өмір сапасын жақсарту және оған деген шексіз ұмтылыс адамзаттың гедонистік мүдделерінен туындайды, яғни, адамның тәндік және рухани ләззат алуы, биологиялық, психологиялық, рухани қажеттіліктерінің табиғи мөлшерлерін қанағаттандырып қою ғана емес, адамзат өзі тудырған жаңа талаптарды да қоса қамтып отыруды көздейді. Сондықтан да ол ұмтылыс шексіз және заманға байланысты салыстырмалы болып келеді. Мысалы, ол техника жетістіктерін пайдалануда анық байқалады: бос уақытты көбейтуге ұмтылуда, физиологиялық жағынан күш шығындамауда, тіпті есте сақтауға салмақ түсірмейтін компьютерлік жүйелерді пайдалануда т.б. тұрмыстың сапалылық өлшемі болып белгіленеді.
Ал бұған қарсы бағыт ұстанушылар, өмір сапасын арттыруды тежеуді қолдаушылардың өзі бірнеше дүниетанымдық бағдарлар арқылы жіктеле береді: діни, антисциентистік, антитехницистік, экологияшылдар, жасылдар қозғалысы т.б. Мысалы, көптеген діндерге ортақ аскеттік өмір кешу идеалын ұстанатындар: исламдағы сопылар, буддизмдегі, христиандықтағы монахтар, дәруіштер т.б. өмір сапасы мен тұрмыс деңгейінің ең төменгі шарттарымен қанағаттануды қолдайды және өздері де оны талап етпей өмір сүру шарттарын ұстанады. Немесе, 1970 жылдары Рим клубының өкілдері ұсынған «Өсудің шегі», «Нольдік өсім» сияқты теорияларда [4, 266-268бб.]
Жер планетасындағы табиғи ресурстардың шектеулілігіне, осыншама адам санын планетамыздың асырай алмауы қаупіне байланысты адамзат өзінің экономикалық-өркениеттілік өсуін саналы түрде шектеу қажеттігі, сол сәтте адамның тұтыну мөлшері де азаятындығы туралы пікірлер айтылады. Міне, осы тұста, адам өмірінің сапасының шексіз емес, белгілі бір дамудың көрсеткіштерінде шектелуі тиіс екендігі туралы тұжырым өздігінен туындайды.
Дегенмен, қазіргі адамзат өркениеті мен мемлекеттер ұстанып отырған әлеуметтік саясат өмір сапасы мен халықтың күн көріс деңгейін арттыра түсуді, тіпті, оның бәсекелестік жағдайында болуын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері баршаға қолжетімді болуын қалап отыр және соған ұмтылу үстінде. Сонымен қатар, тұрмыс сапасына күннен-күнге жаңа талаптар мен бұрынғы таалптардың жаңа деңгейлері келіп қосылып жатыр десе де болады. Бірақ белгілі бір қалыптасқан өлшемдер жүйесі бар екендігін де атап өтуіміз керек. Сонымен қазіргі заманғы өмір сапасына қандай белгілер кіреді және оны қалай топтастырып түсінуге болады деген сауал қойылады.
Кейбір зерттеушілер өмір сапасын анықтаудың екі түрлі идикаторларын ұсынады: обьективті және субьективті. Обьективті индикаторының өзін екі бөліп қарастырады: табиғи және әлеуметтік. Субьективті индикаторларды когнитивтік (өмірге жалпы қанағаттанушылықты бағалау және өмірдегі әр түрлі саладағы қанағаттанушылық) және сезімдік [5, 32б.].
Сондай-ақ, оны жалпы белгілері бойынша топтастырып көрсететін көзқарастар да бар. Макрокөрсеткіштер: халықтың номиналды және реалды жалақылары, демографиялық көрсеткіштер, жұмыс аптасының ұзақтығы, бос уақыт, инфляцияның деңгейі, ішкі жалпы өнім т.б. Микрокөрсеткіштер: жанұя мен жеке адамды қанағаттандыруды білдіретін негізгі қажеттіліктер.
Өмір сүру деңгейі категориясының мәнінің бейнеленуін сипаттауы бойынша: тікелей – өмір сапасына тікелей қатысты нәрселердің өлшемі, мысалы, негізгі азық-түлік өнімдерінің тұтыну деңгейі т.б.; жанама – тікелей әсер етпейтін жағдайлар мен шарттар, мысалы, демографиялық жағдай.
Қажеттіліктер бойынша қойылған жіктеулер былайша басшылыққа алынады, оның ішінде үшеуі негізгі нысанға қойылады: физикалық қажеттіліктер, рухани (интеллектуалдық қажеттіліктер), әлеуметтік қажеттіліктер [6]. Сондай-ақ, бұларды іргелі жеті топқа жіктеп барып түсіндіретін пікірлерді де мысалға алуымызға болады:
1. Халықтың сапасы; репродуктивті жағдайларға байланысты – туу мен өлім саны, ауру мен мүгедектік, күтілетін өмір ұзақтығы; жанұяны құру мен сақтау – неке мен ажырасу көрсеткіштері; білім беру мен мамандану деңгейі – қол жетімді білім деңгейі, ондағы адамдардың үлес салмағы т.б.
2. Әл-ауқат. Әл-ауқаттың материалдық жағы кірістерді, тұтыну мен халықтық жинақтар, оның көлемі, ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар және мүлік пен басқа да материалдық құндылықтардың қордалануы, макроэкономикалық жағдайлар, тұтынушылық құнының индексі, жұмысыздық пен кедейшілдік т.б.
3. Халықтың өмір сүру шарттары. Ол тұрғын үй, денсаулық сақтаумен қамтамсыз етудің мығымдылығы, білім беру мен мәдениет, бос уақыттың тиімді пайдаланылу жағдайлары, әлеуметтік және географиялық мобильділік т.б.
4. Ақпараттарға қол жетімділік. Ақпараттық инфраструктура мен телекоммуникацияларға деген мүмкіндіктердің болуы (ақпараттық ресурстар, интернет-технологиялар, ұялы байланыстар т.б.).
5. Әлеуметтік қауіпсіздік. Еңбек шарты, әлеуметтік қамсыздандырылу мен әлеуметтік қорғалулар, физикалық және мүліктік қауіпсіздік т.б.
6. Қоршаған ортаның сапасы. Ауа кеңістігінің бүлінуі, су қорының ластануы, топырақ сапасының қалыпты еместігі т.б. жергілікті халыққа тікелей қатысты жағдайлар.
7. Табиғи-климаттық жағдайлар. Форс-Мажорлық ахуалдарға сәйкес келетін өзіндік ерекшеліктер (су тасуы, жер сілкінісі, дауылдар мен басқа да табиғи апатты құбылыстар) [7,58б.].
Ал Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейін анықтайтын ресми орган, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің дереккөзіне сәйкес халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары:
Халықтың табыстары: нақты түпкілікті тұтынуға шығыстар, халықтың атаулы ақшалай табыстары, халықтың нақты ақшалай табыстары, халықтың 20 пайыздық топтары бойынша ақшалай табыстардың жалпы көлемін бөлу, 10% неғұрлым ауқатты және 10% неғұрлым аз қамтылған халық табыстарының арақатынасы, халықтың ақшалай шығыстары, орташа айлық атаулы жалақы, нақты жалақының индексі, тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, тағайындалған айлық зейнетақының нақты мөлшері, тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері, тағайындалған мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі, ең төменгі күнкөріс шамасымен арақатынасы, азық-түлік қоржынының құны, табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі, жалақының ең төменгі мөлшері, жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері.
Денсаулық сақтау: ауруханалар төсегінің саны, барлық мамандықтағы дәрігерлер саны, орта медициналық қызметкерлер саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда.
Білім беру: мектепке дейінгі мекемелердің саны, мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың орындарды толтыруы, мектептер саны, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың саны, жоғары оқу орындарының саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда жоғары оқу орындардағы студенттердің саны, колледждер саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда колледждердегі студенттердің саны.
Жылжымайтын мүлік: тұратын тұрғын үйдің жалпы алаңы, 1 тұрғынға шаққандағы жалпы алаңның шаршы метрі, өз пайдалануындағы жері, ауыл шаруашылықпен шұғылданатын жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылыққа пайдаланылатын жердің алаңына пайызбен.
Халықтың ұзақ қолданылатын заттармен қамтамасыз етілуі: тұрмыстық заттар.
Демография: туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы, туудың жалпы коэффициенті, өлім-жітімнің жалпы коэффициенті, халықтың еңбекке жарамды жасындағы өлімінің коэффициенті, нәрестелер өлімінің коэффициенті, ана өлімінің коэффициенті, некелесудің жалпы коэффициенті, ажырасудың жалпы коэффициенті.
Қауіпсіздік: жол-көліктік жарақаттар, жылына тіркелген қылмыстар саны.
Бұл жерде көрсеткіштерді анықтау кезінде салыстырымдылықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы қабылданған халықаралық әдіснама пайдаланылғанын ескерген жөн [8, 12б.].
Бұл тұжырымдар мен пікірлер халықтың тұрмыс деңгейі мен өмір сапасының негізгі өлшемдерін толықтырып, жүйелеп беруге арналған идеялар болып табылады. Яғни, бұл ұғымның жоғарыдағы талданған жуықтайтын түсініктерге қарағанда неғұрлым кең түрде қамтылғандығын аңғара аламыз. Сондықтан, олардың көпшілігі осы тұрмыс деңгейі категориясына келіп енгізіледі және оның концептуальдық деңгейін көрсетеді. Шындығында, халықтың тұрмыс деңгейі оның барлық параметерлерін тұтасымен қамтып отыруы тиіс.
Бұл жердегі тағы бір маңызды мәселе, біз қарастырып отырған халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасы ұғымдарының көп жағдайда синонимдес мағынада қолданылатындығын ескере отырып, олардың мағыналас жақтары мен айырмашылықтарын ашып көрсетудің маңыздылығы болып отыр. Екеуі әрине, туыстас ұғымдар, бірақ негізгі айырмашылықтарын біз былайша ажыраттық.
1. Халықтың өмір сүру деңгейі жалпы және оның төменгі мөлшерін бағалауға жақындау келсе, өмір сапасы оның жоғары деңгейін бағалауға арналғандай болып тұрады. Өмір сапасы төмен деп бағалағаннан гөрі оның неғұрлым жоғары немесе соған ұмтылатындығы туралы сипаттама ақылға қонымды. Ал өмір сүру деңгейі жоғары емес, төмен деген сияқты түсініктемелер, оның күн көріс деңгейі деген мағынаға жуықтайды. Ол әсіресе, «күн көрісі жоғары» деген бағалаудың қайшылықты екендігінен-ақ көріне алады.
2. Халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғымда кей жағдайда бұқара мен көпшілік енгізілсе, өмір сапасында жалпы мемлекеттің барлық адамдардың немесе адамзаттың сапалық дәрежесі туралы айтылады. Себебі, халықтың өмір сапасы дегеннен гөрі «адам өмірінің сапасы» деп келтірген неғұрлым логикалы. Сондықтан, өмір сапасы жалпыадамзаттық бағалауға жақынырақ болса, халықтың өмір сүру деңгейі белгілі бір аймақ немесе мемлекеттің шеңберінде қолданылуға лайықты деп айта аламыз.
3. Өмір сапасында құндылықтық бағдар нысанаға алынады. Яғни, сапа – игілік, жетістік, оңды құндылық, экономикалық-саяси мәртебелер т.б. екендігі белгілі болса, халықтың өмір сүру деңгейінде оның қарсы жағындағы мағыналар да қолданылады: халықтың өмір сүру деңгейі жоғары емес, нашар т.б.
Сонымен қатар, халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасын анықтаудың жоғарыда көрсетілген индекстерімен, параметерлерімен келісе отырып, мынадай ұсыныстар енгізуге болады. Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер мен жаһандану бұл өлшемдерді анықтауда өзіндік бір парадигмалар ұсынуы ықтимал деп ой түйіндей аламыз. Атап айтқанда, ұлт мәселесі, психологиялық идеологиялардың ықпалы мен адамның психикалық күйі, адам еркіндігі мен еріктігі т.б. біздіңше халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сапасын арттыруда қажетті маңызды түйткілдер болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»» атты ҚР Президентінің Жолдауы.
-
Айгазин Ж.Ж., к.э.н, Туленов Т.Б., МВА. Анализ индикаторов, характеризующих качество жизни населения в Республике Казахстан. Центр исследований прикладной экономики – Астана, 2012. – 62 с.
-
United Nations Universal Declaration of Human Rights 1948. Copyright © 1949 - United Nations - 8 p.
-
Римский клуб// Современная западная философия: Словарь/Сост: Малахов В.С., Филатов В.П.-М.: Политиздат, 1991.-414с.
-
Мироедов, А.А. Качество жизни в статистических показателях социально-экономического развития / А.А. Мироедов. - М.: Вопросы статистики, 2008. - 125 с.
-
Официальный сайт ВЦИОМ (Всероссийский центр исследования общественного мнения). [Электронный ресурс]. Дата обновления 03.10.2010. - URL: http://www. Wciom.ru (дата обращения: 03.10.2010).
-
Елисеева, И.И. Социология / И.И. Елисеева. - М.: ЭКОС, 2003. - 656 с.
-
«Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі» Статистикалық жинақ/2013/ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі/ Бас редактор Ә.А. Смайылов.
Қосымша
Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары
(«Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі» Статистикалық жинағы)
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
Халықтың табыстары
|
|
|
|
|
|
|
Түпкілікті тұтынуға шығыстар
|
|
|
|
|
|
|
млрд. теңге
|
6 477,1
|
7882,8
|
9 058,3
|
11 133,3
|
13 329,9
|
15 655,36)
|
халықтың жан басына шаққанда, мың теңге
|
418,3
|
502,9
|
562,9
|
682,1
|
805,1
|
932,36)
|
өткен жылға пайызбен
|
111,3
|
106,3
|
100,9
|
111,0
|
111,2
|
110,76)
|
Халықтың атаулы ақшалай табыстары, орташа алғанда халықтың жан басына шаққанда, бір айда, теңге (бағалау)
|
25 226
|
32 984
|
34 282
|
38 779
|
45 936
|
51 7556)
|
Халықтың нақты ақшалай табыстары, өткен жылға пайызбен (бағалау)1)
|
118,9
|
111,8
|
96,9
|
105,6
|
109,4
|
107,26)
|
Халықтың 20 пайыздық топтары бойынша ақшалай табыстардың жалпы көлемін бөлу, пайызбен
|
|
|
|
|
|
|
1-ші топ (ең аз табыстармен)
|
8,5
|
9,2
|
9,7
|
9,4
|
9,1
|
9,2
|
5-ші топ (ең үлкен табыстармен)
|
40,5
|
38,9
|
37,0
|
37,9
|
38,7
|
38,2
|
10% неғұрлым ауқатты және 10% неғұрлым аз қамтылған халық табыстарының арақатынасы, есе
|
7,2
|
6,2
|
5,3
|
5,7
|
6,1
|
5,8
|
Халықтың ақшалай шығыстары (айына жан басына шаққанда орта есеппен), теңге
|
15 516
|
18 324
|
19 718
|
24 460
|
28 892
|
31 886
|
Орташа айлық атаулы жалақы, теңге
|
52 479
|
60 805
|
67 333
|
77 611
|
90 028
|
101 263
|
Нақты жалақының индексі,
өткен жылға пайызбен1)
|
116,1
|
99,0
|
103,2
|
107,6
|
107,1
|
107,0
|
Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері (жыл соңына)2), теңге
|
10 654
|
13 418
|
17 090
|
21 238
|
27 388
|
29 644
|
Тағайындалған айлық зейнетақының нақты мөлшері, өткен жылға пайызбен1)
|
90,7
|
115,0
|
118,7
|
115,3
|
120,1
|
102,1
|
Тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері (жыл соңына), теңге
|
8 366
|
11 319
|
12 888
|
14 037
|
15 523
|
6 388
|
Тағайындалған мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері, теңге
|
922
|
1 162
|
1 130
|
1 194
|
1 494
|
1 605
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы3) (орта есеппен халықтың жан басына шаққанда), теңге
|
9 653
|
12 364
|
12 660
|
13 487
|
16 072
|
16 815
|
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі3), пайызбен
|
12,7
|
12,1
|
8,2
|
6,5
|
5,5
|
3,8
|
Ең төменгі күнкөріс шамасымен арақатынасы3) (орта есеппен халықтың жан басына шаққанда), пайызбен:
|
|
|
|
|
|
|
орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары
|
261,3
|
266,8
|
270,8
|
287,5
|
282,7
|
307,8
|
орташа айлық атаулы жалақысы
|
543,7
|
491,8
|
531,9
|
575,5
|
560,1
|
602,2
|
тағайындалған айлық зейнетақысының орташа мөлшері1)
|
110,4
|
108,5
|
135,0
|
157,5
|
170,4
|
176,3
|
Азық-түлік қоржынының құны3), теңге
|
5 792
|
7 419
|
7 597
|
8 092
|
9643
|
10 089
|
Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі3), пайызбен
|
1,4
|
1,2
|
0,6
|
0,4
|
0,5
|
0,2
|
Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге
|
9 752
|
11 270
|
13 594
|
14 952
|
15 999
|
17439
|
Жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері, теңге
|
7 236
|
7 900
|
9 875
|
12 344
|
16 047
|
17 491
|
Денсаулық сақтау
|
|
|
|
|
|
|
Ауруханалар төсегінің саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда, бірлік
|
76,8
|
76,6
|
75,6
|
72,4
|
70,6
|
66,8
|
Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны (тіс дәрігерлерінсіз) халықтың 10 000 адамына шаққанда
|
38,4
|
37,4
|
37,8
|
38,8
|
37,6
|
38,4
|
Орта медициналық қызметкерлер саны, халықтың 10 000 адамына шаққанда
|
84,0
|
83,5
|
86,4
|
87,5
|
96,5
|
100,4
|
Білім беру
|
|
|
|
|
|
|
Мектепке дейінгі мекемелердің саны
|
1 500
|
1 692
|
1 852
|
4 781
|
6 133
|
7 221
|
Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың орындарды толтыруы (100 орындарға балалардың саны)
|
108
|
107
|
106
|
105
|
104
|
105
|
Мектептер саны
|
8 037
|
7 927
|
7 881
|
7 839
|
7 706
|
7 721
|
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың саны (оқу жылының басына, мың адам), барлығы
|
2 651,3
|
2 583,5
|
2 556,3
|
2 552,1
|
2 541,9
|
2 551,5
|
Жоғары оқу орындарының саны
|
167
|
143
|
148
|
149
|
146
|
139
|
Халықтың 10 000 адамына шаққанда жоғары оқу орындардағы студенттердің саны
|
460
|
402
|
381
|
377
|
378
|
338
|
Колледждер саны
|
460
|
471
|
480
|
494
|
494
|
613
|
Халықтың 10 000 адамына шаққанда колледждердегі студенттердің саны
|
321
|
320
|
309
|
299
|
295
|
309
|
Жылжымайтын мүлік
|
|
|
|
|
|
|
Тұратын тұрғын үйдің жалпы алаңы, 1 тұрғынға шаққандағы жалпы алаңның шаршы метрі
|
17,9
|
18,1
|
18,3
|
18,4
|
18,7
|
19,76)
|
Өз пайдалануындағы жері, ауыл шаруашылықпен шұғылданатын жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылыққа пайдаланылатын жердің алаңына пайызбен
|
0,4
|
0,4
|
0,4
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
Халықтың ұзақ қолданылатын заттармен қамтамасыздығы, 100 отбасына шаққанда
|
|
|
|
|
|
|
Телевизорлар
|
181
|
185
|
165
|
173
|
194
|
218
|
Фотоаппараттар
|
48
|
51
|
46
|
47
|
49
|
49
|
Тоңазытқыштар және мұздатқыштар
|
139
|
144
|
130
|
135
|
143
|
155
|
Кір жуатын машиналар
|
114
|
115
|
103
|
108
|
113
|
120
|
Шаң сорғыштар
|
118
|
132
|
122
|
132
|
159
|
184
|
Компьютерлер
|
56
|
73
|
69
|
73
|
79
|
84
|
Ұялы телефон4)
|
50
|
74
|
97
|
115
|
156
|
198
|
Демография
|
|
|
|
|
|
|
Туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы, жас
|
|
|
|
|
|
|
Бүкіл халық
|
66,34
|
67,11
|
68,36
|
68,45
|
68,98
|
69,61
|
ерлер
|
60,70
|
61,91
|
63,53
|
63,55
|
64,16
|
64,84
|
әйелдер
|
72,58
|
72,43
|
73,21
|
73,41
|
73,81
|
74,33
|
Туудың жалпы коэффициенті
|
|
|
|
|
|
|
1000 адамға шаққанда
|
20,79
|
22,75
|
22,22
|
22,53
|
22,50
|
22,68
|
Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті
|
|
|
|
|
|
|
1000 адамға шаққанда
|
10,22
|
9,74
|
8,87
|
8,94
|
8,71
|
8,49
|
Халықтың еңбекке жарамды жасындағы өлімінің коэффициенті
|
|
|
|
|
|
|
тиісті жастағы 100000 адамға шаққанда
|
656,38
|
584,38
|
519,92
|
527,73
|
506,30
|
491,74
|
Нәрестелер өлімінің коэффициенті
|
|
|
|
|
|
|
1000 туылғандарға шаққанда
|
14,57
|
20,767)
|
18,22
|
16,54
|
14,84
|
13,46
|
Ана өлімінің коэффициенті5)
|
|
|
|
|
|
|
100000 туылғандарға
|
46,8
|
31,2
|
36,8
|
22,7
|
17,4
|
13,5
|
Некелесудің жалпы коэффициенті
|
|
|
|
|
|
|
1000 адамға шаққанда
|
9,45
|
8,63
|
8,75
|
8,97
|
9,69
|
9,81
|
Ажырасудың жалпы коэффициенті
|
|
|
|
|
|
|
1000 адамға шаққанда
|
2,33
|
2,29
|
2,45
|
2,55
|
2,71
|
2,89
|
Қауіпсіздік
|
|
|
|
|
|
|
Жол-көліктік жарақаттар, 100000 адамға шаққанда
|
121,7
|
104,1
|
92,5
|
85,6
|
84,0
|
103,0
|
Жылына тіркелген қылмыстар саны, мың
|
128,1
|
127,5
|
121,7
|
131,9
|
206,8
|
287,7
|
1) Тұтыну бағасының индексіне түзетумен.
2) Әлеуетті құрылымдарды есепке алғандағы деректер, базалық зейнетақы төлемдерін есептемегенде.
3) Осы жерде және бұдан кейінгі кестелерде 2006 жылғы деректермен салыстыру мақсатында, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелген 2001-2005 жылдардағы деректер көрсетілген.
4) Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша.
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша .
6) Алдын ала деректер.
7) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап ДСҰ (Денсаулық сақтау ұйымы) стандарттарына сәйкес көрсеткіш қайта саналды.
Достарыңызбен бөлісу: |