Арай Ахметжанова
Сайын Мұратбеков шығармашылығындағы
шынайылығы, өмірсүйгіштік қуаты
арқылы бұл көркемдік тенденцияның
қоғам тынысын әсіресе жарқын тұстарынан
барынша жан-жақты бейнелеу талаптарын
жүзеге асырудағы елеулі үлесіне күмән
тудырмайды. Ол роман жазған жоқ.
Оның романы - әңгімелері.
Ал әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне
шақыру алған. Қаламгер бақыты сондай-ақ болсын...
Бақытжан Майтанов
3
Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл депқойылыптыатымсодан.
Жамбыл Жабаев
Облыс туралы жалпы мәлімет
Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы 14 қарашада құрылған. Жерінің аумағы 144,3 мың км2, тұрғыны 1,04 млн. адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,2 адамнан келеді (2010). Батысында Оңтүстік Қазақстан, солтүстігінде Қарағанды, шығысында Алматы облыстарымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Облыс аумағындағы 383 елді мекен 10 әкімшілік ауданға, 4 қалаға, 13 кенттік және 82 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Тараз қаласы.
Жамбыл облысының көп бөлігі жазық. Шу өзені аңғарынан солтүстікке қарай Сарыарқаға дейінгі кең өңірді сазды, ұсақ шоқылы Бетпақдала шөлі (ең биік жері Байқара тауы, 665 м), Шу – Талас өзені аралығын төбешікті-қырқалы құмды Мойынқұм шөлі алып жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау жотасы (1600 м), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы (1400 м), оңтүстік-шығысында Желтау, Айтау таулары Іле Алатауына ұласып кетеді. Жер қойнауынан газ, фосфорит, түсті металдар (алтын, күміс), тас көмір, барит,гипс, селитра, ас тұзы, әр түрлі құрылыс материалдары барланған. Климаты тым континенттік: солтүстік бөлігінің қысы суық боранды, оңтүстігінің қысы қысқа, жұмсақ, жаз маусымы облыстың барлық бөлігінде ыстық, құрғақ және аңызақ келеді. Ауаның орташа температурасы қаңтарда солтүстік бөлігінде –10 – 12ºС, оңтүстігінде –5 – 8ºС, шілдеде солтүстікте 25 – 26ºС, оңтүстігіндегі таулы аудандарда 20 – 22ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке тау етегіне қарай 100 мм-ден 500 мм-ге дейін, биік таулы аймақта 800 – 900 мм-ге дейін артады. Жер беті ағыны облыс аумағыбойынша біркелкі таралмаған, көпшілігі ортаңғы жәнеоңтүстік бөлігімен ағады. Ең үлкен өзен – Шу, ол облыстың шығыс бөлігінен батысқа қарай ағып өтеді. Талас өзенінің суы тау бөктеріндегі жазыққа шыққан тұсында егін суғаруға пайдаланылады. Үшінші ірі өзені – Асы суы мол жылдары Таласқа қосылады.
Соңғы жүз жыл ішінде қала аты бірнеше рет өзгертілді: Әулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, ал 1997 жылы алғашқы Тараз аты қайтарылды. Бүгінде-бұл қала өнеркәсіпті қала, 333,1 мың тұрғыны бар жамбыл облысының орталығы.Қала территориясында "Айша бибі", "Бабаджа қатын" X-XI ғ. "Қарахан", "Дәуітбек" X-XIII ғасырлардың тарихи ескерткіштері орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |