Өмірбаяны Мәшһүр Жүсіп Көпеев 858 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерде әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында дүниеге келген ақын



бет1/4
Дата28.04.2024
өлшемі238.31 Kb.
#500024
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4
707890.pptx

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Өмірбаяны

Мәшһүр Жүсіп Көпеев – 1858 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерде әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында дүниеге келген ақын, фольклортанушы. 5 жасында Баянауылдағы Байжанның медресесінде Нәжімолдин хазіреттен білім алады. 8 жасынан бастап Камараддин хазіреттің қолында 15 жасына дейін оқиды. 1874 жылдан бастап 16 жасынан ұстаз бола бастайды. 20-25 жас аралығында Сарыарқа мен Жетісуды аралайды. Ташкент, Бұқара қалаларына барып білімін жетілдіріп отырған. 1887 жылы алғаш рет Бұқараға барады. Араб, парсы, шағатай тілдерінде еркін сөйлеген. 1931 жылы дүние салады.

Ақынға Мәшһүр сөзінің қосылу себебі – 5 жасынан бастап жиын – тойларда қисса – дастандарды жатқа айтқан көрінеді. 9 жасында бір тойда Мұса Шорман оған “Мәшһүр” деген сөзді қосақтайды. Оны ақын өзінің “Өмірбаян” деген өлеңінде айтады:

Ақынға Мәшһүр сөзінің қосылу себебі – 5 жасынан бастап жиын – тойларда қисса – дастандарды жатқа айтқан көрінеді. 9 жасында бір тойда Мұса Шорман оған “Мәшһүр” деген сөзді қосақтайды. Оны ақын өзінің “Өмірбаян” деген өлеңінде айтады:

Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты,

Бұл дүние жастай маған келді қатты.

Сегіздей тоғызға аяқ басқа күнде,

Мұса еді қосақтаған “Мәшһүр” атты.

Ақынға ақындық өнер 15 жасында қонған екен.

Жабысты маған өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не қыласың» — деді баста Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа. Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша, Он бесте шабыттандым жүйрік атша. Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде, Кеудеме өлең толды сызған хатша

М.Ж.Көпеев - зерттеуші

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. Қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет