XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.
Өмірі мен шығармашылығы. Бейімбет (Бимағамбет) Жармағанбетұлы Майлин бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 аулында (қазіргі Қостанай облысының Тобыл ауданы) туған. Бейімбеттің атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас есті, сөзге жүйрік, өлең шығаратындай дарынды болғанын Бейімбет кейініректегі бір естелігінде: «Үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі қиссаларды тыңдап болып, бірер күрсініп алып өзі өлең айтатын еді, кейде маған қарап күлімсіреп: «Қарағым-ау, сен жоқта мен өлең шығарып қойдым», — дейтін еді деп жазған.
Алғашқыда ауыл молдасынан оқыған Бейімбет 1910 жылы Арғынбаев Әбдірахман деген кісінің медресесінен дәріс алады. 1913-1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа» мектебінде сабақ алып, одан кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Өз заманындағы озық оқу орындарының бірі саналған бұл медреседе татар халқының Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури секілді белгілі жазушыларымен танысады, солардан тагылым алады; медреседе шығатын «Садақ» деген қолжазба журналда жазушының алгашқы көлемді туындысы — «Щұғаның белгісі» деген әңгімесі жарияланады. Бейімбеттің орыс әдебиетімен танысуы осы кезде басталған.
Бейімбет 1916-1921 жылдарда ауылда мұғалімдік қызмет атқарады. Бұл кезеңде 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбына «Қанды тұман», төңкеріс түсындағы ауыл өмірінің ақиқатын айтатын «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» деген өлеңдер жазады. 1922 жылы С.Сейфуллин Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырады. Мұнда ол 1923 жылдың жазына дейін болады. Жазушының дүниетанымы қалыптасып, саяси білімінің артуына С.Сейфуллиннің қарамағында қызметтес болған жылдар күшті әсер етеді. Бейімбеттің осы түстағы шығармашылық бағыты «Кедейге», «Құтты болсын мейрамың» тәрізді өлеңдерден байқалады. 1923-1925 жылдарда Б.Майлин Қостанай қаласындағы губерниялық «Ауыл» газетінде редактордың орынбасары әрі хатшысы болып істейді. Бұл газетте жазушының «Айранбай» деген әңгімесі, «Раушан -коммунист» повесі жарық көреді. Газет-журнал редакцияларында жүрген жылдар Бейімбеттің шығармашылық өмірінің жемісті кезеңі. Ол 1925-1927 жылдарда «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты хатшысы, 1927-1929 жылдар арасында «Ауыл тілі» газеті редакторының орынбасары, «Жыл құсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» (1927, 1928) журналының қызметкері, 1934 жылдан 1937 жылға дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болған.
Бейімбет Майлин — аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-1937 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олардың қатарында: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан — коммунист» (1929), «Он жылда» (1927), «Колхоз», «Асулардан асқанда» (1930-1931), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Майдан» (1933), «Алыптарды аралағанда» (1934), «Мырқымбай», «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағы (1933-1936) т.б. кітаптар бар. Бұларда көптеген өлең, поэмалар, әңгімелер мен очерктер, повестер мен романдар, пьесалар орын алған.
Бейімбет Майлин шығармашылық дарын, қуаты кемеліне келе бастаған шақта — 1937 жылы сталиндік репрессияға ұшырап, нақақ мерт болады. Бейімбеттің аңындық шығармашылығы 1912 жылдан басталады. Онда қазақ халқының өміріндегі маңызды оқиғалар, қоғамның алдындағы зәру мәселелер көтеріледі. «Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа», «Қарынға» деген өлеңдерде кедейлер мүңтажын білдіру, әділетсіздіктерді сынау сарыны сезіледі. 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі кезіндегі аласапыран ауыр халдер «Қанды түман» атты өлеңде көрініс береді. Кейбір шығармалары («Кедей», «Жауыз кім?», «Қысқы түнде», «Қараша үй», «Қойшы» т.б.) ауылдағы таптық теңсіздіктер зардабын көрсетуге арналса, енді бір топ өлеңінде («Мырңымбай») кеңестік кезеңде бүрынғы кедейдің санасында туған өзгерістерді суреттейді. Бірңатар туындыларында («Қыздың сәлемі», «Қашқан келіншек», «Ақсуаттың жанында», «Аужар») әйел теңсіздігін сөз етсе, «Шал мен қыз», «Азат әйел», «Ғазиза», «Ажар» секілді өлеңдерде еркіндікке қолы жеткен жастардың жай-күйін жырлайды. Малға сатып алмаң болған шалға қыздың:
Қайтып ал малыңды, тимеймін,
Еркім бар, өзімді билеймін.
Кемпір боп, аузымнан тіс түспей,
Мың жылда мен шалды сүймеймін, —
деген жауабындағы өктем екпін бірсыпыра өлеңдердің ортақ сарынын таныстыра алады. Ақын кейбір өлеңдерінде («Құбақан», «Көзілдірік») адамдар бойындағы жағымсыз қылықтарды сықақ етеді. Бейімбет Майлин поэмаларында («Рәзия қыз», «Маржан») әйел тағдырын кеңінен суреттейді.
Жазушы шығармашылығының ең тартымды да тағылымды тобы проза жанрында жасалған. Б.Майлин прозасында қазақ халқының төңкерістен бүрынғы және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі алуан түрлі өмір шындығы қамтылады. Оларды, түтастай алғанда, қазақ халқы өмірінің сол кезеңдегі көркем шежіресі деп сипаттауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |