Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Омыртқасыздар зоологиясы» пәні «6В05101-Биология» мамандығы үшін Қарағанды -2022 Тақырып: Насекомдар (Алтыаяқтылар) класы - Insecta Дәріс жоспары: - Насекомдардың жалпы сипаттамасы.
- Асқорыту жүйесі.
- Зәр шығару жүйесі.
- Қанайналым жүйесі.
- Тыныс алу жүйесі.
- Жүйке жүйесі.
- Сезім мүшелері.
- Көбею биологиясы. Насекомдар метаморфозы.
Насекомдардың жалпы сипаттамасы - 1 миллионға жуық түрі белгілі, тіршілік ету ортасы-барлық жерде
Сыртқы құрылымы - Үш тагмадан тұратын негізгі дене: бас (cephalon), кеуде (thorax), құрсақ (abdomen)
- Басы: акрон + 4-6 сегменттер
- Бас қойылымының түрлері: прогнатикалық, гипогнатикалық, опистогнатикалық
- Бас капсуласы. Бөлімдер:
- Фронтальді-клипеальді: маңдай-фронтальді склерит (frons), жақтауы (clypeus), жоғарғы ерін (labrum)
- Қарақұсы: екі қарақұстық склерит (vertex), желке склериті (occiput)
- Желке – желке тесігінің маңайы
- Бүйір бөлімдері: жақтары (genae)
- Көздер (күрделі, қарапайым), мұртшалар
Ауыз аппараты
Ортоптероидты (кеміргіш): жоғарғы ерін, мандибулалар, максиллалар, төменгі ерін, гипофаринкс
Жалай-сорғыш (аралар): жоғарғы ерін, мандибулалары
- максиллалары: ұзартылған сыртқы шайнағыш қалақша(galea) - тұмсығының жоғарғы жағы
- төменгі ерін: ұзартылған созылған қармағышы (palpi) - тұмсығының төменгі жағы, ішкі қалақшалары (glossae) – тіл
Сорғыш (Lepidoptera): жоғарғы ерін
- максиллалары: ұзартылған шайнағыш қалақша - тұмсығы
- төменгі ерін: қармағыштары бар алаң
Қадалып - сорғыш (масалар, қандалалар): жоғарғы ерін
- мандибулалар, максиллалар-барлығы стилет түрінде
- төменгі ерін-қабықшасы
Жалағыш (шыбындар): жоғарғы ерін
төменгі ерін-лабеллумдары дамыған
Достарыңызбен бөлісу: |