Өндірістік практика есебі Жоспар


Түркияда демалу қай елдің туристерінің арасында болсын, үлкен мәртебеге ие. Түркиядағы  танымал курортты қалалармен таныстырып өтсем.  Анталия



бет10/12
Дата02.01.2022
өлшемі65.16 Kb.
#452032
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
stud.kz-34975

Түркияда демалу қай елдің туристерінің арасында болсын, үлкен мәртебеге ие. Түркиядағы  танымал курортты қалалармен таныстырып өтсем. 

Анталия – Түркиядағы туризмнің негізгі орталығы. Бұл жерде көңіл көтерудің осы заманға сай ғажайып индустриясы дамыған. Аквапарк, ойын-сауық және спорттық орталықтар, көптеген би кешін өткізетін орындар, мейманханалар мен клубтар сан қилы көңіл көтеруге үлкен мүмкіншілік жасайды. Сонымен қатар мұнда ескі қалалардың тар қуыстары мен ескіліктің хош иісін тамашалауға болады.

Аланья. Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Б.э.д 2 ғасырда бұл жерде қарақшылар Коракесион қаласын салды. Қала ұзақ уақыттар бойы оларға сенімді баспана ретінде қызмет етті. Бұл жерде қарақшылар кемелерін жөндеп, керекті азық-түлік пен ауыз суын қамдап, ұрланған заттарын тығып, жаңа жорыққа дайындалатын болған. Сол кездің өзінде бұл жерде алғашқы бекіністер мен күзет қамалдары пайда болған.        

Бодрум. Түркияның мәдени астанасы атанған Бодрум - Эгей теңізі жағалауының оңтүстік-шығысында орын тепкен. Бұл жер қылқалам шеберлерінің дәстүрлі кездесу мекені болып табылады. Қалада көптеген көрермендердердің қатысуымен көрмелер жиі ұйымдастырылады. Богемалық кеңістікті, яғни рухани, шығармашылық ортаны сүйетін жандарды бұл қала ерекше қызықтырып, баурап алары сөзсіз.

Сиде. Сиде Түркияның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жергілікті ескіше ауыз екі тілде қаланың аты – «анар», яғни жемісті, құнарлы деген мағынаны білдіреді. Кезінде Сидеде Клеопатра мен Марк Антоний кездесу құрыпты деген аңыз бар. Сондықтан бұл мекен ғашық жандардың арасында ерекше танымалдылыққа ие.

Кемер. Біраз уақыт бұрын ғана Кемер кішкентай балықшылар ауылы болатын.Бүгінде бұл қала Түркияның ең тартымды курортты орталықтарының бірі болып отыр.Тыныштықтағы шығанақтар, тап-таза жағажайлар, ғажайып қарағай орманы мен суреттегідей Таурыс таулары бұл жерге ерекше тартымдылық  сыйлайды.         



Дүкендер

9.00-ден 19.20-ға дейін.Түскі ас  бірден екіге дейін.

Банктер

8.30-дан 17.00-ге дейін.Үзіліс 12.00-ден 13.30-ға дейін. Демалыс күндері сенбі мен жексенбі. Курортты аймақтарда қалыптасқан тәртіпке сай, ешқандай демалыс жоқ.

Мұражайлар

8.30- 9.30- дан 17.00-17.30-ға дейін .Үзіліс 12.00-12.30-дан 13.00-13.30-ға дейін. Демалыс негізінен дүйсенбі күндері.

Археологиялық ескерткіштер

8.00-9.00-ден 16.00-17.00-ге дейін.Ешқандай демалыс күндерінсіз, түскі асқа үзіліссіз жұмыс жасайды.

Басқарма мекемелері

8.00-9.00-ден 16.00-17.00-ге дейін. Үзіліс сағат түскі бірден екіге дейін.

Мешіттер

Жалпы әрдайым есігі ашық тұрады. Ислам дінін ұстанбайтын жандар намаз уақытында дінге сенушілерді мазаламау керек .Сондықтан азан шақырылғаннан соң 20 минутқа дейін мешітке кірмеген дұрыс . Сонымен қатар мешітке жұма күндері, әсіресе таңертең араламай-ақ қойыңыз.Өйткені жұма- мұсылмандар үшін қасиетті күн.

         Діни мерекелердің алғашқы күндері дүкендер, банктер, басқарма мекемелері және т.б ережеге сай жұмыс жасамайды (бір күннен үш күнге шейін кейбір жекелеген жағдайларда апта бойы) Бірақ курортты аймақтарда көпшілік орындар еш демалыссыз жұмыс жасайды.Түркиядағы басты қызмет көрсету орталықтарының телефондары          Есіңізде болсын, бұл жерде телефон байланыстарының барлық түрі ақылы. Қонақ үйден телефон шалу көшенің әр бұрышындағы телефон-автоматтарға қарағанда әлдеқайда қымбат. Курортты аймақтарда әр бір қадам аттаған жерде-ақ табылады. Әсіресе отелдерге жақын жерлерде.

 

Турист Анталияны таңдады. Шетелге жолдама жасап көрмегендіктен Сәуле апай маған бұл жолдаманы жасауға көмектесті: визасын жасап, билетін алып бердік.


Келесі жолдама Қытайдағы Хайнань аралына еді. Бұл жолдаманы өзім жасауға тырыстым. Қосымшалар бөлімінен жолдама, квитанция және заявка броньның көшірмелерін көре аласыздар.

Хайнань («Hainan Dao» – «Теңіз оңтүстігіндегі арал») – Қытайдың оңтүстігінде орналасқан ең алып тропикалық арал. Қытай табиғатының тамашалығын барынша сезіндіретін «Шығыс Гавайасы» деп танымал болған ерекше арал. Бұл жерде ғажайып табиғаттың сыйлары мен жоғары дамыған өркениет тоғысқан. 

Арал шекарасы 34000 шаршы шақырымды қамтиды. Бұл үлкендігі жағынан Тайваньнан кейінгі екінші орындағы арал. Арал аумағының 50% тропикалық орманға толы. Хайнань аралына жол салған саяхатшыларды көз қызығарлық табиғат, мәдени-тарихи ескерткіштер, тұнық теңіз, бай тропикалық фауна мен флора, минералды қайнар көздер, ескі алып жанар таулар, жергілікті Ли мен Мяо тұрғындарының тұрмысымен танысу күтеді. Жер шарындағы ең ұзақ өмір сүретін адамдар саны да осы жерде тіркелген. Халықаралық экологиялық 1400 ISO стандартына сай келетін әлемдегі жалғыз жер – Хайнань. Бұрын арал Гуандун провинциясының құрамына енетін, 1988 жылдан бастап жеке провинция атағына ие болды. Аралдың ең әйгілі саяхат аймағы – Санья.  Ауа-райы жұмсақ және құрғақ.  

Хайнаньдағы қонақ үйлер. Қазір Хайнань аралында 50-ден аса осы заманғы барлық биік талаптарға сай қонақ үйлер салынып, қызмет көрсетуі бойынша сертификатталған. Негізгі қонақ үйлер Санья қаласының шығанақтарында: «Азия айдаһары» (Ялунвань) мен «Үлкен Шығыс теңізінде» (Да Дунхай) орналасқан. Қонақ үй қарамағындағы «Көбелектер саябағында» өмір сүретін эндемикилердің құны халықаралық жарыс саудасында 20000 АҚШ долларын құрайды.  Азия айдаһарында орналасқан ең көрікті қонақ үйлер:


  • 5* "Gloria Resort" (1997) 

  • 5* "Resort Horisont" (1998) 

Да Дунхайда орналасқан қонақ үйлер:

  • 4* "Меруерт өзен саябағы" (1998) 

  • 4* "Теңіз бен аспан" (1999) 

  • 4* "Теңіз, аспан жене таулар" (1999) 

Көрнекті жерлер. Дуньшань тауы («Шығыс қақпасы») Хайнаньда бірінші орынға ие тау. Бұл жерде табиғат ұлылығы арқасында әлем жаратылысының негізін бейнелейтін түрлі қалыптағы үлкен тастар жинағы шоғырланған. Әр тастың өз атауы бар және олар арнайы тізбеде сипатталған. Ма Ань – ер-тұрманға ұқсас түрдегі ең әйгілі жанар тау. Оның және кратердің жолдары жанар тау магмалары арқылы салынған. Аймағы саябақ ретінде жасалып, төменгі жағындағы пальмалар аясында мейрамхана орналасқан. Мейрамхана алдында үлкен сахнада арал оборигендерінің кешкі фольклорлық қойылымдары өтеді. Термалды минералды  қайнар көздер аралдың әр жерінде коттедж үйлер түріндегі демалыс орындарымен қоршалып тропикалық өсімдіктер бағында орын тапқан. Маймылдар аралы мен Наньхай саябағы. Саябақтың ең басты орны – биіктігі 108 метрге тең бодхисаттваның үш жүзді мүсіні. Мүсін кішігірім аралда, теңізде орналасқан. Оған қарай саябақ ішімен жол салғанда оның көлемін бірден тану қиын, ол теңізден біртіндеп өсіп шығатындай болып көзге көрінеді. Осында цирк іспетті маймылдардың көрінісін тамашалауға болады. Арал жағажайы сұлулығымен таң қалдыртады. Ең көз тартары – Дадунхай. Ең мәртебелі дауалы жері – Ялунвань. Мұнда жеке жағажайлары бар бес жұлдызды қонақ үйлер шоғырланған. Жағажайлар ананас, манго сияқты субтропикалық белдеу жеміс-жидектеріне толы. Жергілікті тұрғындар арасында «жер жұмағына» айналған орын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет