Технология пән мұғалімі: Бейсенова Г.Д.
Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназиясы
Түркістан қаласы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Кестелеу өнері.
Сабақтың мақсаты: Көркемдік тігіс түрлеріне түсінік беру.
Білімділік мақсаты: кестенің түрлерін, тұрмыста қолданылу ретін, таным деңгейін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: көктеу тігістерін көркемдік тігістерден ажырата білу, тігісті әсем етіп орындау қажеттілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:әсемдікке, биязылыққа, еңбекті сүюге үй тұрмысына бейімділікке үйрету және қызықтыру.
Сабақтың әдісі: баяндау,демонстрация, сұрақ –жауап, теориялық білім.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, түсті кесте жіптері, инелер ине қыстырғыштар, бір түсті мата, түсті бор, қалам, фломастер, сызғыш, оймақ, сантиметрлік таспа, кестелер эскиздері, кергіш, жақтаулар, канва.
Көрнекілігі: кестелі бұйымдар, слайдтар, буклеттер, дайын бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті, тарих, математика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақтан қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Сергіту сәті.
5. Сабақты бекіту, қорытындылау, үйге тапсырма беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақтан қайталау
1. Қол тігістерінің қандай түрлері бар?
2. Екі бөлшекті қосу үшін қандай тігістер қолданылады?
3. Көрінбейтін тігістерді қай кезде қолданамыз?
4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?
5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?
Жаңа сабақ.
Кестелеу өнері ерте заманнан бері келе жатқан көне қол өнердің бір түрі. Халық шеберлігі кестелеу өнерін ғасырдан ғасырға өркендеп отырып, оның бар құндылығын жоғалтпай бүгінгі күнге жеткізіп отыр, кестелеу өнері халықтың тұрмысымен, салт-дәстүрімен тығыз байланыста болады. Қоршаған ортаның жағдайына сай өзіндік ою-өрнектер, кестелеу тәсілдері, түстерінің үйлесімділігі ерекше. Қазакстан территориясының Оңтүстік-Шығыс, Шығыс аймақтарында кестелеу өнері жақсы дамыған. Мұнда халық шеберлері кестелі түскиіздер, шымылдықтар, бас киімдер, киімдерді кестелеп тігіп әшекейлеген.
Көктеп иректеу немесе бау тігісі. Бұйымның бетін әшекейлеуүшін алдын ала салынған суреттің бетің майда шаншымдармен көктеп алып жіппен матаның бет жағындағы шаншымдардың арасынын жіпті иректетіп бос өткізіп шығады
Тепшіп тігу. Тепшіп тігуді оңнан солға қарай жіптің шыққан жерінен кері қарай матаға шаншып, оның алғаш шыққан нүктесіне қайта оң бетінен шаншып шығарады. Тігісті үздік етіп немесе тұтас етіп тігуге болады.
Сабақты кесте. Бұл тігісті солдан оңға карай тігеді. Ине шыққан нүктеден алға қарай шаншып, теріс жағынан кейін қарай қайтарып, алдыңғы тігістің ортаңғы түсін мата бетіне шығарады.
Шынжыр тігісі немесе біз кесте. Тігілу тәсіліне келсек, ол көлемі біркелкі ілмектер секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырлардың формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Ол үшін жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолыныздың бас бармағымен басып тұрып инені алғашқы ілмектегі ине шыққан жерге жақын етіп инені төмен қарай шаншып аламыз. Ілмектің ұзындығын ескеріп ине ұшын мата бетіне шығарып, жіпті ине астынан өткізіп шаншып отырамыз.
Айқас тігіс немесе барқыт тігісі. Айқас тігісті солдан оңға қарай екі бірдей сызықтардың арасында шамамен 5-10мм орындалады. Бұл тігіс біріктіруші, әрі сәндік роль атқарады. Сыртқы көрінісінен екі қисық тігіс шаншымының айқасын аңғаруға болады. Мата бетінде ине екі сызық бойымен артқа қарай тепшіп, біресе жоғары, біресе төмен инені шаншып отырады немесе екі түсті жіппен әсемдеп торлап тігеді. Жіптерді кереге көз секілді айқастырып, айқасқан тұстарын басқа түсті жіппен бекітіп әрі сәндеп иеректеп тігуге де болады.
Шеттік тігіс немесе жөрмеп тігу. Шеттік ілмек тігістерді бұйым шетінің жалбырын басып тігу үшін түймелік тесік жасауда мата шетінің сызығының жалбырын басып тігуде қолданылады. Бұл тігіс солдан оңға қарай және оңнан солға қарай тігуге болады. Тігіс шаншымдары мата шетінде оңға немесе солға қарай қиғаш орналасады. Бұйым тігуде шаншым ара қашықтары мен ұзындықтары бірдей болуы керек. Шаншым ара қашықығы неғұрлым жиірек орналасса, тігіс соғұрлым сапалы болып шығады.
Ілмек тігісінін түрлері. Ілмек тігісі түймелік шетін және сетінегіш мата шеттерін жиектеп тігу үшін қолданылады. Бұл тігістің көмегімен бұйымның жеке бөліктерін біріктіреді.Ілмек тігісінің орындалу технологиясы бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді. Мата түсіне сай немесе басқа контрасті түсті жіптермен ілмектеп біріктіру арқылы бұйымға әрі сән беруге болады.
Моншақ, маржан, жылтырақ тастармен, түтікшелермен кестелеу.
Моншақ, маржан, жылтырақ тастармен, түтікшелермен өндеуді бауды өңдеумен жиі үйлестіріп жүргізеді. Мұндай жағдайда бауды суреттің белгіленген контуры бойынша өткізіп бекітеді, ал одан кейін моншақ, маржан, жылтырақ, түтікті біреуден немесе топтап жіпке бірнеше данадан тізіп, оларды суретіне сәйкес орналастырады.
Маржандарды кестелеу – үлгі бойынша сызылған орнектін үстіне мәнеріне қарай тізіліп алынған әртүрлі ұсақ маржандар мен мошақтар бастырып тігуді маржандап кестелеу дейді.Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер киіммен сән салтанат бұйымдарына ғана қолданылады.
Алтындап, күмістеп тігу – сән салтанат бұйымдарына тән. Өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз болып тігу әдісін қолданады.Алтындап тігу кестесіне маржандар тігуді де аралас жүргізеді.
4. Сергіту сәті
5. Оқушы білімін тексеру.
-
Кесте дегеніміз не?
-
Кестені қалай орындайды?
-
Кестелі бұйымдарға нелер жатады?
- Өздерің кестенің қандай түрлерін орындай аласыңдар?
6. Қорытынды бөлімі.
Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу.
Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда тұтынатын бұйымдарымыз – сулық, майлық, қолсүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, ақжайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеп кестелеуге болады екен.
Үйге тапсырма беру және бағалау.
Кесте тігістерін тігіп үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |