Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз



бет5/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

Билет 13
1.Гетерогенді химиялық процестерге анықтама беріңіз. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер. Гетерогенді процесстің жылдамдығына сипаттама беріңіз. Химиялық процесс бұл бір немесе бірнеше химиялық қосылыстарды өзгерту әдісі немесе процедурасы. Бұл өз күшімен болуы мүмкін немесе сыртқы күштің әсерінен жасалынуы мүмкін процесстерді айтамыз.Гетерогенді деп реагенттері әр түрлі фазаларда болатын химиялық-технологиялық үрдістерді айтады. Реакция, әдетте, бір фазада немесе фазалық бөлімнің бетінде жүреді. Гетерогенді үрдістер екі немесе одан да көп әрекеттесуші фазалар қатысуымен сипатталынатын болғандықтан, олар фазалар жанасу беті арқылы заттың тасымалдануымен өтеді. Бірінші жағдайда, таза физикалық немесе физика-химиялық өзгерістер, абсорбция, адсорбция, десорбция, кристалдану, булану, балқыту және т.б. сияқты үрдістер, ал екінші жағдайда – масса алмасумен күрделенген химиялық реакциялар жүреді. Химиялық реакцияларды өздері гомогенді өтеді, яғни фазалар біреуін ішінде немесе фазалар жанасу бетінің шекарасында. Фазалар жанасу беті шекарасында біреуі қатты фазада, ал екіншісі газды, сұйық немесе бөлек қатты фазада болатын құрамдастар арасында реакциялар өтеді.Газ-сұйық (Г-С) реакциялар – реактивтер арасындағы химиялық әрекеттесуді қамтитын гетерогенді процестер, олардың біреуі газ фазасында, екіншісі сұйық фазада болады. Өндірістік тәжірибеде ең кең таралған газ – сұйық (Г-С) гетерогенді жүйесі Генри заңымен өрнектеледі. Сұйық-қатты (С-Қ) жүйелерінде фазалық тепе-теңдікті анықтау үшін, фазалық күй диаграммаларын пайдаланады. Бұл жүйеге мынандай процесстер жатады: адсорбция, еріту, шаймалау(выщелачивание), экстракция және кристалдану.Газ – қатты зат (Г-Қ) жүйесіндегі гетерогенді процестер-Өнеркәсіптік химиялық-технологиялық процестердің кең таралған түрі. Бұл әртүрлі кендерді жағу, цемент клинкерін алу, мырыш оксидімен күкіртсутекті сіңіру және т.б. процестер, тіпті осы топтың ішінде гетерогенді процестердің белгілі бір түрлерін ажыратуға болады. Ең жиі кездесетін жағдай-гетерогенді реакция, онда реактивтер мен өнімдер арасында газ тәрізді және қатты заттар бар:Реакцияның бұл түріне, мысалы, темір колчеданын жағу процесін жатқызсақ болады.Көптеген гетерогенді процестер химиялық реакциялармен байланысты емес, олар физика-химиялық құбылыстарга негізделген. Мысал үшін бұларға құрамы өзгермей булану, конденсация (сұйыққа айналу), буландырып айдау, еріту, гидратсыз кристалдандыру және т.б. жатады.Гетерогенді процестердіңтепе-теңдігі төмендегілермен анықталады: 1) химиялық реакциялардың тепе-теңдік константасымен; 2) компоненттердің фазалар арасына бөлініп орналасу заңымен; 3) фазалар ережесімен.Гетерогенді процестің жылдамдығы идеалды ығыстыру жэне түгелдей араласпау жағдайында мына теңдеулермен өрнектеледі: мұндағы АСс - қозғаушы күштің ең соңғы мэні (бастапқы жэне соңғы концентрациялардың айырмашылығы), яғни концентрацияның соңғы өзгерісі. (6.8) жэне (6.9) теңдеулер реакторларға есеп жасау үшін негіз болып табылады. Бүл үшін ең алдымен к коэффициентінің (жылдамдық константасының) шамасын білу керек. Ал к күрделі шама болып табылады, сондықтан бүл к шамасын жай түрге келтіру үшін диффузиялық немесе кинетикалық облыстардағы процестердің бірқатар анықтаушы факторлары аз эсер етуші шамалар ретінде есепке алынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет