Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «7» қазандағы
№ 342 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы.
Ауаны бөлу өнімдерін өндіру мен тұтыну
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ауаны бөлу өнімдерін өндіру мен тұтыну кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар ауаны бөлу өнімдерін (қышқыл, азот, аргон, криптон, ксенон, неоногельді қоспа) өндіру мен тұтынуға байланысты объектілер мен өндірістерге және олардың қоспаларына қолданылады.
2. Өндiрiс объектілері мен ауаны бөлу өнiмдерiн тұтынуды (бұдан әрі - АБӨ) жобалау, құрылысы, пайдалану, қалпына келтiру, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, консервация, жою, техникалық құрылымдарды жасау, монтаждау, жөндеу, қызмет көрсету және жөндеу, жұмыскерлерді дайындау және аттестациялау өткiзу осы талаптарға, құрылыс нормалары мен ережесiне, технологиялық жобалаудың нормаларына және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Техникалық құрылымдарды қауiпсiз пайдаланудың, технологиялық үдерiстер және жұмыстарды жүргiзудiң тәртібі және шарттары ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен технологиялық регламенттерде анықталады.
4. Ауаны бөлу өнімдерін шығарушы және пайдаланушы ұйымдарда ұйымның техникалық жетекшi бекiтетiн жоғары қауiп-қатерлi жұмыстардың тiзiмі өңделедi.
Жоғары қауiп-қатерлің жұмыстар кемiнде екi адамнан тұратын бригадамен, техникалық құрылымдар (блок iшiндегi кеңiстiк және басқалар) мен ыдыстардың (сыйымды аппараттар) iшiндегі жұмыстар - кемiнде үш адамнан тұратын бригадамен орындалады.
Жоғары қауiп-қатерлі жұмыстар наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.
5. Техникалық құрылымдарға регламенттелген қызмет көрсету бойынша объектiнің (цех, бөлiмше) тұрақты персоналымен атқарылатын жоғары қауiп-қатерлі кезеңді қайталанатын жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргiзiледi.
6. Ауаны бөлу өнімдерін шығарушы және пайдаланушы әрбiр ұйымда апаттарды жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) жасалады.
2-тарау. Өндiрiстер және ұйымдардың объектiлерінiң аумағы. Ғимарат және имараттар
7. Объектерді, АБӨ өндiрісі және тұтынудың жеке ғимараты мен имараттарын орналастыру жобаға және осы талаптарға сәйкес келедi.
8. Сұйық АБӨ ыдыстары мен құю-қотару құрылымдары орналасқан алаңдар, сонымен бiрге сұйық АБӨ бар көлiк ыдыстарын толтырылу және босату орындары, бетоннан немесе басқа жанбайтын материалдан тегіс жабыны болады. Темiржолдарда, сұйық АБӨ құю орындарында асфальт, органикалық жабындар және ағаш шпалдарды қолдануға рұқсат берiлмейдi.
Алаңдардың шекараларында каналдар, жолдар, шұңқырлар, нөсер канализацияның құдықтары, траптар және басқа жер асты ғимараттар құрылғыларына рұқсат берiлмейдi.
9. 12-тармақ бойынша алаң шектерінде, сонымен бiрге сұйық АБӨ бар ыдыстардан АБӨ өндiрiстерiн жобалау бойынша нормамен анықталатын қашықтықта орналасқан барлық металл құрылғылар, (ыдыстар мен коммуникациялардың тiрегi, алаң, саты және басқалар) алаң белгісінен кемінде 0,2 м аспайтын белгісі бар бетон iргелерге орнатылады.
10. Сұйық АБӨ құю-қотару құрылғылары мен ыдыстары алаңынан кемінде 10,0 м қашықтықта орналасқан нөсер канализацияның траптары, шұңқырлар және жертөлелер алаң жақтан 0,2 м кем емес биіктікте бетон қоршауы (табалдырық) болады және қоршалған объект габариттерiнен 1,0 м кем емес шығыңқы болады.
11. Сұйық АБӨ өндіру, қабылдау, сақтау және беру процесімен байланысты емес кез келген техникалық құрылғылар және материалдар мен бұйымдарды ауа бөлу құрылғылары (бұдан әрі – АБҚ), сұйық АБӨ ыдыстары мен құю құрылғылары бар алаңдардың шекараларында орналастыруға рұқсат етiлмейдi.
12. АБӨ тұтыну объектiлері ғимаратынан тыс орналастырылған техникалық құрылғылары бар алаңдар (тұрақты ыдыстары, құю құрылғылары және сұйық АБӨ газификаторы, газгольдерлер, реципиенттер және толтырғыш (рязрядтық) коллекторлар және басқалар) жанбайтын материалдан қоршауы болады. Ортақ қоршауы бар аумақта алаңдарды орналастыруда қоршаулар биiктiгі 1,2 м, алаңдар қоршалмайтын аумақта орналасқанда 2,0 м кем болмайды.
Қоршау құрылғысы үшiн металл торды қолдануға рұқсат берiледi.
Қоршау аумағына сұйық АБӨ құю немесе газификациялау кезінде автомобиль және темiржол көлiк ыдыстарының орналасу орындарын қоспауға, операцияларды орындау кезінде бұл орындар басқа тағайындаудағы көліктің өтуіне жабық болу шартымен рұқсат етiледi.
13. Сұйық АБӨ ыдыстары бар автокөлiктердi қоюға арналған үй-жайларда қарау орларына және басқа шұңқырларға рұқсат етiлмейдi.
14. Жолдар, өтетін орындар, тротуарлар, сыртқы сатылар, эстакада және өткелдер уақытылы жөнделіп ақаусыз болады және түнгi уақытта жарықтандырылады.
Өрт сөндiру жабдығына өтетін жерлер мен жолдар, гидранттарға, суаттарға және бассейндерге градирлеуді үйіп тастауға жол берілмейді. Тәулiктiң қараңғы уақытында жарықтандырылатын нұсқағыштармен жабдықталады.
15. Ауаны бөлу өнімдерін шығарушы және пайдаланушы ұйымдардың аумақтарында ғимарат пен имараттардың және (1524) 1520 мм соқпақты және 750 мм соқпақты темiр жолдардың жылжымалы құрамының жуықтау габариттерi жобалаудың қолданыстағы стандарттары мен нормалары бойынша қабылданады.
16. Ұйымда өндiрiс, объекті аумағында көлiк құралы мен жаяу жүргіншілер қозғалысының схемалары дайындалады. Қозғалыс схемалары ұйымның аумағында және барлық өндiрiстiк бөлмелерде (цехтар, бөлiмшелер және басқа) iлiп қойылады.
17. Сутегi және басқа жанғыш газдарды қолданушы өндiрiстер орналастырған ғимарат элементтерiнiң конструкциясы тоқырау аймақтары мен желдетiлмейтін бөлiмдердiң пайда болуын болдырмайды.
18. Едендердің құрылғысы жобаға және осы талаптарға сәйкес келедi.
Үй-жайдағы едендер өндiрiс процессінде жүргізілетін механикалық, температуралық, химиялық және басқа әсерлерге тұрақты болады.
Үй-жайлардың жарылғыш және өрт қауiптi аймақтарындағы едендері ұшқынсыз орындалады.
19. Жемiргiш орта әсерінде болатын ғимарат және имараттардың барлық құрылыс құрылымдары жобаға және осы талаптарға сәйкес тоттанудан қорғалады.
20. Өндiрiстiк ғимараттар және имараттардың құрылыс құрылымдарын (мазмұны, қадағалау және жөндеу) пайдалану және олардың күйiн бақылау жобаға және осы талаптарға сәйкес келедi.
21. Өндiрiстiк үй-жайдағы жолдар мен жүретін орындардың шекараларының қоршауы немесе белгiсi болады.
22. Өндiрiстiк үй-жайлар таза болады. Үй-жайдың санатына қарай едендер мен басқа да құрылыс конструкцияларын жинау тәртібі белгіленеді.
Жұмыс орнының, өтетін жерлердің, үй-жайдан шығатын орындардың өрт сөндiру, қауiпсiздiктi және байланысты қамтамасыз ету құралдарына баратын жолдардың үйiліп таcталуына рұқсат етiлмейдi.
23. Үй-жай ішіндегі құрылыс конструкцияларында, қызмет көрсету алаңдары және техникалық құрылғыларда шаңның жиналуына жол берілмейді.
24. Ғимараттардың төбелерi шаңнан, қардан және мұздан тазартылады. Төбелердi тазарту бойынша жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес орындалады.
25. Ғимараттар, имараттар және сыртқы қондырғыларды найзағай түсуден және оның қайтадан әсер етуінен қорғау жобамен анықталады.
3-тарау. Жылыту, желдету және ауаны тазарту.
Су құбыр және канализация. Жарықтандыру
26. Желдету, жылыту және ауа тазарту жүйелерiнің құрылымы мен орналасуы жобаға және осы Талаптарға сәйкес келедi.
27. АБӨ өндiрудің өндiрiстiк үй-жайлары ауасындағы оттектiң көлемi 19 кем емес және 23-тен көп емес % құрайды және құйылу-тарту желдету жүйесінiң үзiлiссiз жұмысы қамтамасыз етiледi.
Жұмысы зиянды, жарылыс өрт қауіптi және өрт қауiптi заттарды бөлетін, желдету жүйесі істемейтін техникалық құрылымдарды пайдалануға рұқсат берiлмейдi.
28. Желдету жүйелерi жұмысының тиiмдiлiгiн аспапты тексеру жылына бір реттен кем емес, сонымен бiрге әрбiр күрделі жөндеуден немесе бұл жүйелердi қалпына келтiруден кейiн жүргізіледі. Тексеру актілерiн ұйымның техникалық жетекшiсi бекiтедi.
29. Барлық желдету жүйелерiне паспорттар жасалады.
30. Технологиялық үдерiстің өзгерiсінде немесе өндiрiстiк телімнің қалпына келтiрiлуінде осы телімде қолданылатын желдету жүйелерi жаңа өндiрiстiк шарттарға сәйкес жүргізіледі. Желдету жүйелерiнiң өзгеруі немесе жөндеуi бойынша жобалық жұмыстар есептеулермен расталады және негізгі жобалық ұйыммен келісіледi.
31. Желдету бөлмелерiне кiруге, желдеткiштердi қосуға және сөндiруге, желдету жүйелерiнiң арматурасын ашуға немесе жабуға (клапандар, жапқыштар және басқалар) желдету жүйесін пайдалануымен байланысты емес тұлғаларға рұқсат берiлмейдi.
32. Блок астында ауа бөлуді (бұдан әрі - АББ) орнату кезінде жертөле үй-жайында ауа температурасын 5 °С төмен емес ұстап, сонымен бiрге желдету жүйесін қарастыру керек.
33. Оттек, азотты және аргонды техникалық құрылымдар мен коммуникациялардың үрлеу жүйесі үй-жайға АБӨ түсу мүмкiндiгiн болдырмайды.
Нормативтiк (регламенттік) ағуларда немесе АБӨ үй жайға түсуінде оларды сору-тарту желдету жүйесімен алып тастау қарастырылады.
34. Техникалық сапаның су тартушы су құбырларының желiлерiмен шаруашылық ауызсу құбырлары желiлерiн қосуға рұқсат берiлмейдi.
35. Оттегінің көп болуы (киiмнiң тұтануы) немесе химиялық күйiк тудыратын қауiптi заттардың болуы мүмкiн өндiрiстiк үй-жайларда фонтандар, крандар, қол жуғыш немесе өздiгiнен көмек ванналары, авариялық душтар орнатылады. Бұл құрылымдар оңай қол жетімді орындарда орналасады және шаруашылық ауызсу құбырларына қосылады.
Жоғарыда айтылған құрылымдарды сумен байланысуда жарылатын немесе тұтанатын, жарылыс қауіпті немесе улағыш газдар бөлетін заттар сақталатын үй-жайларда орналастыруға рұқсат берiлмейдi.
36. Канализациялық желiлер мен құдықтарды тексеру және тазарту технологиялық регламентке сәйкес кесте бойынша жүргізіледі.
37. Өндiрiстiк және қосалқы ғимараттар мен ұйымның аумағындағы үй-жайларда негiзгi жұмыс орындарын апаттық жарықтандыруды қоса, табиғи және жасанды жарықтандыру жобаға және осы талаптарға сәйкес болады.
38. Жарылыс қауіпті үй-жайларда жарылыс қауіптi орындаудағы жарық жүйесi қарастырылады.
39. Апаттық жарықтандыру желiсінiң дұрыстығы жүйелi түрде тексеріледi.
40. Кран фермаларындағы көпiр крандары жұмыс орындарын қараңғылауын болдырмау үшiн қосымша шырақтар ескерiледi.
41. Тасымал шырақтары үшiн 42 В жоғары емес кернеулі электр желі, ал үй жайлардан тыс жарылыс қауіпті үй-жайларда ыдыстар мен технологиялық ғимараттар iшiнде жұмыс iстегенде 12 В жоғары емес кернеулi желi орнатылады.
Тасымал шырақтарының құрылымдық орындалуы ортаның сипаты және оларды қолдану орнын есепке алумен таңдалады.
42. Үй-жайлардың жарық ойықтарын материалдармен, бұйымдардың тағы басқалар бөтен заттарымен жабуға рұқсат берілмейдi.
4-тарау. Техникалық құрылымдарды пайдалану мен жөндеуге қойылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
43. Техникалық құрылғыларда немесе оларға қызмет көрсету және басқару орындарында жабдық пен аппараттардың, технологиялық бiрiктiрулер және коммуникациялардың орналасу схемасы орналастырылады.
44. Техникалық құрылғыларды пайдалануға өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес дайындалған пайдалану және жөндеу персоналына рұқсат берiледi.
45. Техникалық құрылымдардың қызмет көрсетуде қолданылатын аспаптары мен құрал-саймандары қауiпсiздiк және атқарылатын жұмыстар талаптарына сәйкес болады.
Жарылыс өрт қауіптi аймақтар мен үй-жайларда орнатылған аспаптар мен құрал-саймандар олармен жұмыс істеген кезде ұшқын беруі тиiстi емес.
46. Аспаптар және құрал-саймандар жұмыс орындарына оған арналған орындарда немесе аспап шкафтарында сақталады.
47. Механикаланған аспаптар мен құрал-саймандарды қолдану кезінде жасап шығарушының қолдану кезiндегi құжаттамасының талабы сақталады.
48. Ақаулы техникалық құрылғылармен жұмыс істеуге, ақаулы құрал-саймандар және аспаптарды қолдануға рұқсат берiлмейдi.
49. Тетіктерді майлау жүйесi герметикалы. Тетiктердiң қол жетпейтiн, жиi жағылатын түйiндерiнiң сылаулары үшiн олар көп болған жағдайда орталықтандырылған автоматтандырылған майлау жүйесі қарастырылады.
Тетiктердi қолмен сылау тек олар толық тоқтаған кезде рұқсат берiледi.
50. Радиоактивтi АБӨ жұмыс жүргізген кезде (криптонксенонды қоспа мен криптон алу кезіндегі радиоктивті родон) жобаның және осы Талаптың талаптары сақталады.
Жұмыстар радиоактивтi АБӨ технологиялық регламентке сәйкес орындалады.
51. Жоғары қауiптілік көздері бар орындарда, жобалы құжаттамаларда персоналды қорғауды қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.
52. Ауысымды қабылдау және өткiзу қолданыстағы техникалық құрылымдар мен коммуникацияларды технологиялық регламентке сәйкестiкке қараумен және тексерумен қоса жүреді, мынадай тексерудi қоса:
техникалық құрылғылардың ақаусыздығы;
қоршаулардың, қорғаныс бұғаттауларының, сигнализация, бақылау-өлшеу құралдары, жерге қосу, өрт сөндiру құралдарының бар болуы мен жағдайы;
жарықтандыру және желдету жүйелерiнiң ақаусыздығы.
Тексерудiң нәтижелерi ауысымды қабылдау және тапсыру журналына жазылады.
Табылған ақаулар түзетіледi.
53. Техникалық құрылғылар ұйымның техникалық жетекшi бекiткен кестеде қарастырылған мерзiмдерде тексерілуге (диагностикалауға) және жөндеуге жатады.
54. Негiзгi технологиялық жабдықтың күрделі және ағымдағы жөндеулерi өңделген және бекiтiлген жұмысты ұйымдастырудың жобалары (бұдан әрі - ЖҰЖ) бойынша жүргізіледі. ЖҰЖ жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шаралары қарастырылады және қауіпсіздік талабын сақтауды қамтамасыз ететiн тұлғалар көрсетiлген.
55. Әрбiр ұйымда жөндеуi ЖҰЖ өңдеумен жүргізілетін техникалық құрылымдардың тiзiмi жасалады. Тiзiмді ұйымның техникалық жетекшiсi бекiтедi.
56. Жұмыс істеп жатқан цехтарда басқа цехтардың немесе мердігерлік ұйымдардың жөндеуші (өндiрiстiк) персоналы күшiмен орындалатын жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстары нарядтар-рұқсат бойынша жүргізіледі.
57. Жұмыс басталар алдында жұмыспен айналысушы барлық мамандар ЖҰЖ үйренеді және еңбек қауiпсiздiгi бойынша нұсқамадан өтедi.
Жөндеу кезеңінде еңбек шарты өзгерген кезде жаңа наряд-рұқсат ресімделеді және қайтадан нұсқама жүргiзiледi.
Персоналдың жұмысқа кiру рұқсаты тек жөндеуге жауапты тұлғаның рұқсатымен жүргізіледі.
58. Техникалық құрылғыларды жөндеуге беру және оларды жөндеуден қабылдау өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жалпы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
59. Техникалық құрылғылардың барлық түрлерiн тексеру, тазалау немесе жөндеу үшін тоқтату, оларды жөндеуден кейiн іске қосу технологиялық регламенттердi сақтаумен жүргізіледі.
60. Iшкi қарау, тазалау немесе жөндеу үшін тоқтатылған техникалық құрылғылар энергия көзiнен және технологиялық коммуникациялардан ажыратылады. Құбырларда ажыратқыш бітеуіштер орнатылады.
Техникалық құрылғылар технологиялық материалдардан босатылады, ал зиянды немесе жарылыс қауіпті газдар, булар немесе шаң бар құрылғылар үрленеді. Оттек, зиянды және жарылыс қауіптi заттардың ауа ортасында болуына талдау жүргізіледі. Ауаның бақылау талдаулары жұмысты орындау үдерісінде кезеңдi жүргізіледі.
Бітеуіштерді орнату мен алу бойынша әрекеттер бұл жұмысты орындаған тұлғаның қол қоюымен журналда тіркеледi.
Жетектердің электр схемалары бөлшектенеді, iске қосқыш құрылғыларда немесе ажыратқыштардың саптарында «Қосуға болмайды - адамдар жұмыс iстейдi» плакаты iлiніп қойылады, құрылғылардың қате немесе өздiгiнен іске қосылуын болдырмайтын шаралар қабылданады.
61. Жылытылған техникалық құрылғылардың ішінде жөндеу жұмыстаны жүргізу оларды ауа температурасын 40 °С дейін төмендеткеннен және желдеткеннен кейін, ал төмен температуралы техникалық құрылғыларда жарамды температураға (20 °С) дейін жылытылғанға және желдетілгеннен кейін жүргізуге рұқсат беріледі.
62. Бiрiнің үстiне бірі орналасқан екi және одан көп яруста (тiк белгiлер) жөндеу жұмыстарын орындау кезінде олардың арасында мықты аражабындар қойылады немесе жұмыс iстеушілерге материалдардың немесе заттардың құлауын болдырмайтын торлы қоршаулар орнатылады.
63. Материалдардың, құрылыс конструкциясы элементтерінiң, техникалық құрылымдар бөлшектерiнің және басқа заттардың биiктен лақтырылуына рұқсат берiлмейдi. Кiрпiш және қоқысты тұрбалар немесе төменгi жағы (бөлменiң еденi) жерден 1,0 м жоғары болмайтын тартпалар бойынша түсiруге рұқсат етiледi.
64. Жүктердi ауыстыру бойынша барлық жұмыстар ЖҰЖ сәйкес жүргізіледі.
Iрi жүктердi ауыстыру жөндеуге жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.
Ірі габаритті монтаждық түйiндерi бар такелажды жұмыстарды жүргізу кезінде участоктағы барлық басқа жұмыстар тоқтатылады.
65. Сатылар және мiнбелер құрылымын орнату мүмкiн болмаған жағдайда 2,0 м жоғары биiктiкте сатымен жұмыс істеу кезінде жұмыскерлер сақтық арқандармен сақтандырғыш белдіктерін пайдаланады. Арқанның бекiтілу орындары жөндеу өткiзуге жауапты жұмыс басталғанға дейiн анықтайды.
66. Сақтандырғыш белдіктер, белдiктік карабиндер мен сақтық арқандар пайдалану кезеңінде қоймадан алынғаннан кейiн және жылына екi реттен жиі болмай сыналуға жатады. Сынау нәтижелерi актімен ресімделедi. Әрбiр белдiк және арқанның келесi сынау мерзiмiн көрсеткен инвентарлық нөмiрi болады.
67. Жөндеу жұмыстары тоқтатылады, егер:
жұмыс өндірісінің нақты жағдайының қауiпсiздiк талаптарына сәйкессiздiгі табылса;
техникалық құрылымдарды ажырату шарттарының бұзушылығы айқындалса;
жұмыс сипаты мен көлемi техникалық құрылымдарды ажырату схемасын және жұмыстарды орындау ретiн өзгерту талап етілетін деңгейде өзгертілсе;
жұмыскерлердің өмiрі мен денсаулығына қауіп пайда болса;
өндiрiстiк үй-жайларда авария сигналы берілсе.
68. Негiзгi технологиялық жабдықтың ағымдағы жөндеулерiн өткiзудiң мерзiмдерiн ауыстыру тек техникалық құрылымның куәлендiруін өткiзген комиссияның оң шешiмi және ұйымның техникалық жетекшiсiнiң жазбаша рұқсаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
69. Негiзгi технологиялық жабдықтың күрделі жөндеулерiн өткiзудiң мерзiмдерiн ауыстыру тек өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасының (сарапшылық тексеру) оң шешiмi болған жағдайда рұқсат етiледi.
70. Негiзгi технологиялық жабдық күрделі жөндеу немесе қалпына келтiруден кейiн пайдалануға оларды комиссия қабылдағаннан кейiн енгізіледі, актімен ресімделедi.
71. Оттекпен жұмыс iстейтiн техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды ауамен, азотпен, аргонмен және басқа газдармен жұмыс үшiн, технологиялық регламентте ескерiлген кейбiр жайларды ескермегенде кезектесе қолдануға рұқсат берiлмейдi.
72. Оттекті техникалық құрылғыларды пайдалану кезінде оттектің басқа газдардың ағындарымен ағуына рұқсат берiлмейдi.
Оттектiң басқа газдармен араласуына жобада қарастырылған құрылымдарды қолдануымен рұқсат берiледi.
73. Ауаны бөлу өнiмдерiнің бiрімен жұмыс үшін қолданылатын техникалық құрылғыларды келесi шарттар сақталған жағдайда, басқа АБӨ жұмысы үшін қолдануға рұқсат етiледi:
егер жасап шығарушымен құрылымның жұмысы, ауасымен, басқа АБӨ және өнiмдермен (газдармен) ескерiлген болса;
техникалық құрылғы жылыту қажет болғанда қажет температураға дейін жылытылады, үрленеді және содан кейін жаңа өніммен толтырылады;
оттегімен жұмыс істеуге арналған техникалық құрылымдар қолданудың алдында оның (ағын бөлiк) iшкi бетi майдың iздерiнiң бар болуына тексеріледi және қажеттілігіне қарай майы кетiріледi;
техникалық құрылым және коммуникациялардағы қауiпсiздiк белгiсi, айырым бояуы және жазулар, коммуникациялардың бақылау-өлшеу аспаптары мен технологиялық схемалары құрылғының жұмысының жаңа шарттарына сәйкес келтiрiлген;
техникалық құрылғыны жаңа өнiммен бiрiншi толтырғаннан кейiн өнiмнiң тазалығын растайтын бақылау талдаулары жүргiзiледi;
техникалық құрылғыны басқа өнiммен жұмысқа ауыстыру осы тармақтың барлық талаптарын орындауды растайтын және ұйымның техникалық жетекшiсi бекiтетін актпен ресімделеді.
74. Ақаулы басқару жүйелерi бар техникалық құрылғыларды және технологиялық үдерiстердi бақылауды, аварияға қарсы қорғаныс, сигнализация, байланыс және хабарлау жүйелерiн, пайдалану мерзiмi өткен аспаптар мен құралғыларды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
75. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде олардың тығыз бекiтiлуi тексеріледi.
Газ тәрізді немесе сұйық өнiмдердiң ағып кетулерi табылған жағдайларда техникалық құрылғының жұмысы тоқтатылады, саңылаулар жойылады.
Қызмет көрсетушi персоналға арналған қауiп-қатер немесе инциденттер мен апаттардың пайда болу мүмкiндiгi болмайтын кішірек саңылаулар жағдайында техникалық құрылғының уақытша жұмысын өндiрiстiң техникалық жетекшiсiнiң рұқсатымен персонал қауiпсiздiгін қамтамасыз ететін шаралар өңдеу шартымен, жұмыс аймағының ауасында оттектiң болуын тексеру және жоғары қауіптілік орындарында қауiпсiздiк белгісінің болу шарттарымен ұзартуға жол беріледі.
76. Перлитті изоляциямен ауа бөлгiш қондырғының (бұдан әрі - АБҚ) блок iшiлік кеңiстiгiндегi газ тәрізді немесе сұйық АБӨ ағулары табылған жағдайда АБҚ жұмысы саңылауларды жою үшін дереу тоқтатылады.
77. Газ тәрізді өнiмдердiң ағу орындарын анықтау үшін ашық отты немесе бықситын заттарды қолдануға рұқсат берiлмейдi.
78. АБӨ өндiрумен, сақтаумен және тұтынумен байланысты үй-жайларда ауа ортасының жағдайын бақылау жүзеге асырылады. Бұл үй-жайлардың ауасындағы оттектiң көлемдi бөлігі 19 кем емес және 23 артық емес % құрайды.
Ауа ортасын бақылау тәртібi - дабылдама құрылғысы бар автоматты газоанализаторларды қолдану, үй-жайдағы және жұмыс орындарындағы ауаның сынамаларын алудың кезеңділігін пайдаланудың нақты шарттарын, техникалық құрылымдар және жобалау нормаларының түрлерiн есепке алумен жобалық ұйыммен анықталады.
79. Әрбiр ұйымда оттектiң ауа құрамының көлемді бөлігі бойынша 19 кем немесе 23 % жоғары (авариялық жағдайда) орындары мен үй-жайларының бақылау түрлері мен кезеңдiлiгiн және ауа құрамын нормалау бойынша шараларды көрсетумен тiзiмі жасалады. Тiзiмдi ұйымның техникалық жетекшiсi бекітедi.
80. Жоғарыда айтылған тiзiмге енгізілген үй-жайлардағы тек осы талаптың 6-тармағының талаптарын орындау шартында кезеңді қайталанатын жұмыстардан басқа барлық жұмыстар наряд-рұқсат бойынша орындалады.
81. Ауада оттектiң болуын үзіліссіз автоматты бақылау кезінде белгi беретiн құрылғылар оттектiң көлемді бөлігінің 19 кем немесе 23 жоғарылаған % кезінде дабыл (жарық арқылы және (немесе) дыбыстық) бередi.
82. Оттектiң шекті шоғырлануы болған кезде тексерiлетiн үй-жайлардың ауасына авариялық желдету жүйесін автоматты немесе қолмен (қызмет көрсетушi персоналмен) қосумен ауа құрамын нормалауға арналған шаралар дереу iске қосылады.
83. АБӨ өндiру және тұтынудың өндiрiстiк объектiлерінің үй-жайларында тек техникалық құрылғыларды жөндеумен және пайдаланумен айналысатын тұлғалар, сонымен бiрге, техника қауiпсiздiгi бойынша нұсқамадан кейін және сол өндiрiстiң маманының еріп жүруімен өндiрiс жетекшiсi немесе оның орынбасарының рұқсаты бар тұлғалар ғана болады.
84. Төмен температуралы техникалық құрылғыларды пайдалану кезінде жобаның талаптарына сәйкес iргенiң отыруына бақылау қамтамасыз етiледi.
Мұндай iргелердiң жертөлелерiндегі үй-жайларда және оған жалғасатын шұңқырларда судың жиналып қалуына жол берiлмейдi.
85. Төмен температуралы техникалық құрылымдарға жертөле үй-жайларын, АБӨ газгольдерлер шұңқырларын қойма немесе басқа мұқтаждықтарға үшін қолдану рұқсат етiлмейдi.
86. АБҚ блок iшiндегi кеңiстiгінде, криогендi кешендер және АБӨ сұйық қоймаларында сұйық оттектерде (органикалық материалдар, ағаш тағы басқалар) жарылыс қауіпті материалдардан құрылымдық элементтердi қолдануға рұқсат берiлмейдi.
87. 4-5-тармақтарға сәйкес атқарылатын жоғары қауiп-қатерлі жұмыстарға келесi үй-жайлар мен орындардағы жұмыстар жатады:
төмен температуралы техникалық құрылғылардың жертөле үй-жайлары (АБҚ, криогендi кешендер, сұйық АБӨ қоймасы);
блок iшiндегi кеңiстiк және төмен температуралы техникалық құрылымдардың үй-жайлары;
құбырлар, клапандар, құдықтар, жабық жолдар, газгольдерлердiң шұңқыры, ғимараттан тыс және тастау құбырларының маңайындағы имараттар немесе азотты-сумен салқындату (бұдан әрі - АСС) жүйелерден 10,0 м кем қашықтықта орналасқан жабдығы бар алаң.
Бұл орындардың жөндеу жұмыстары жұмысты орындау уақытында ауада оттектiң көлемдi бөлігiн бақылаудың кезеңділiгi көрсетiлген наряд-рұқсат бойынша орындалады.
88. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияларда орнатылған сақтандырғыш клапандар және басқа да қорғаныс құрылғылары ашу қысымына реттеледi және пломбаланады. Сақтандырғыш клапандардың және басқа қорғаныс құрылғылар әрекетінің ақаусыздығын реттеу мен тексеру жоба мен құрылғыға қойылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына және қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды қауiпсiз пайдалануға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте төмен температуралы техникалық құрылғыларға орнатылған клапандар мен басқа да қорғаныс құралдарын реттеу мен ақаусыздығын тексеру төмен температуралы жабдықты әрбір жоспарлы толық жылыту кезінде жүргізіледі.
Техникалық құрылғыларды және олардың пайдалануын өңдеу кезінде сақтандырғыш клапандардың жабулы қалпында мұздануын болдырмайтын шаралар ескерiледi.
89. Сақтандырғыш клапандардан және өткiзу қабiлетi 100 м3/с артық қорғаныс құрылғылардан АБӨ лақтыру құбырлары ғимараттан тыс шығарылады. Бір техникалық құрылғыда немесе құбырөткізгіштің участогында орнатылған қорғаныс құбырларынан лақтыру құбырларын ортақ коллекторы бiр уақытта жұмыс iстейтін қорғаныс құрылғыларынан түсетiн газдың санына есептеледi деген шарт кезiнде қосуға рұқсат берiледi.
90. Азот және оттектiң атмосферасына тастау құрылғысын орналастыру мен конструкциясы қызмет көрсетушi персонал болуы мүмкiн табылу және технологиялық мұқтаждықтар үшін желдетуге арналған ауаны жинау орындарында оттектiң көлемдi бөлігiн ауада 19-дан 23-ке дейін % шамасында қамтамасыз етедi.
91. Керектi жағдайдаларда құбырлық арматураларды ашу немесе жабу кезінде қосалқы құрал-саймандарды қолдануға рұқсат берiледi. Арматураны соққылар арқылы жабуға рұқсат етiлмейдi.
Арматура жұлқынуларсыз, баяу ашылып-жабылады.
Арматураларды ашу және жабу кезінде шпинделдiң осьтерiне қарама-қарсы тұруға болмайды.
92. Технологиялық құбырлық арматураға технологиялық схемаға сәйкес белгi салынады, сермердiң айналуы бағыты және бекіткіштің шеткi «Ашық» - «Жабық» жағдайлары көрсетiледi.
93. Құбырлық арматураны жылыту сыртқы жағынан ыстық ауамен, бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Арматураны жылыту үшін ашық отты қолдануға рұқсат берілмейді.
94. Төмен температуралы техникалық құрылымның қабығында орналасқан БӨҚжәнеА жүйесінің импульсты және басқа тұрбаларын арматура мен коммуникациялардан ажырату алдында олар сөндіретін арматураның жабық екендігіне көз жеткiзу керек.
95. Техникалық құрылымдар және коммуникациялардың жылу және дыбыстан қорғаушылары жобаға сәйкес жанбайтын материалдардан (негiзгi изоляциялы материалдар) орындалады.
96. Техникалық құрылымдарды (АБҚ, сирек газдарды алуды орнату, оттек компрессорлары және газгольдерлер, сұйық оттектi және басқаны тұрақты сақтау ыдыстары) коммуникацияларды (құбырлар мен газ тәрізді оттектiң арматурасы және сұйық АБӨ) статикалық электрден қорғау жобаға сәйкес орындалады.
97. Сұйық АБӨ тасымалдау ыдыстарын пайдалану, ыдыстарды жасап шығарушылардың талаптарын және осы Талапты есепке алумен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
98. АБӨ әр өндірісінде қауіпсіз құю және сұйық өнімдер талдауын орындағаннан кейін аз өндірілген АБӨ жылытқан кезде ауыстыратын ыдыстан құйылатын шамалы сұйық АБӨ булануы үшін құрылғы қарастырылады. Құрылғыны орналастыру кезінде оның табиғи желдетілуі үшін жағдай қарастырылады. Құю орындарының қоршауы болады.
Құрылғы жанында «Ауаны бөлiнудiң сұйық криогендi өнiмдерiн құю орны. Қауiптi!» жазуымен тиiстi қауiпсiздiк белгiлерi орнатылады.
Өндiрiстiк үй-жайда сұйық АБӨ еденге, жерге немесе асфальт жамылғысына төгуге рұқсат берiлмейдi.
99. Техникалық құрылғылардың аппараттарынан буландырғышқа сұйық АБӨ құю құбырлары әр құюға дейiн және кейiн технологиялық регламенттерге сәйкес оң температураға дейiн жылытылады.
100. Сұйық АБӨ оған жылу тасымалдағышты (бу, су) немесе электр энергиясын іске қосқаннан кейін ғана буландырғышқа бағытталады.
101. Оттек техникалық құрылғыларға қызмет көрсетуші персоналдың арнайы киiм, арнайы аяқ киiмi таза және майдың iздерiнсіз болуы тиiс.
102. Сұйық АБӨ бар ыдыстарды толтыру және босату жеңнің ішіне салынған брезент немесе былғары қолғаптармен және бүйір щиттері бар қорғаныс көзілдірігімен орындалады. Шалбарды аяқ киімнің сыртынан киеді. Сыртқы киім түймеленеді.
103. Сұйық оттегiмен жұмыстар немесе оттегi көп шоғырланған орындардағы жұмыстар аяқталған соң 30 минут бойы ашық отқа (шылым тарту) немесе қызған заттарға жақындауға рұқсат етiлмейдi.
104. Май үлестірудің және май сақтаудың (май үйлестіру) орталықтандырылған жүйесі өндіріс үй-жайларында бірнеше орталықтандырылған компрессорларды орнату кезіндегі жобалау нормаларына сәйкес өңделеді.
105. Машиналар мен тетiктердi майлауға арналған майдың әр партиясы қолдану алдында кiру бақылауына (зертханалық талдау) жатады. Жағатын майлар әрбiр сұрыпқа бөлек, жабық ыдыста сақталады.
106. Жүк көтергiш крандардың құрылымы және пайдалану жүк көтергiш крандарға арналған өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес болады.
107. Ыдыстар, құбырлар, арматура және технологиялық схемадан шығарылып тасталған аспаптар бітеуіштермен бөлшектенеді немесе сөндіріледі.
Ұзақтығы технологиялық регламентпен анықталатын ұзақ тоқтау кезінде техникалық құрылғы немесе құбыр бөлiгi жұмыс iстейтiн құрылғы мен коммуникациялардан бітеуіштермен сөндіріледі.
108. Ауа жинау құрылғысы мен жұмыс iстейтiн ауа АБҚ компрессорларының сору камераларынан 100,0 м кем қашықтықта жөндеу жұмыстарын орындау кезінде газбен пiсiру және металды кесу жұмыстары осы Талаптың 4-5-тармақтарына сәйкес өндiрiс жетекшiсiнiң тек жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
109. Ауаны бөлудiң сұйық криогендi өнiмдерге арналған цистерналы автокөлiктер тұрағы үй-жайында жұмыстарды дәнекерлеудi және ашық отты қолданбай жүргізуге рұқсат берiледi, соның iшiнде:
қарау орнын талап етпейтiн автомобильдердi жөндеу мен қызмет көрсетуге бойынша;
автокөлiктерге орнатылған ыдыстар, сорғыштар, буландырғыштар, құбырлар және АБӨ-мен жұмыс iстейтiн арматураларды жөндеу бойынша.
Сұйық АБӨ арналған ыдыстары бар автокөліктерді жөндеу мен қызмет көрсетудің басқа түрлері ыдыстарды босатқаннан, жылытқаннан және үрлегеннен кейін ғана автокөліктерге арналған үй-жайларда орындалуы мүмкін.
Ыдысты сұйық АБӨ қалдықтары қалған кезде, кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізгенде наряд-рұқсат ресімделеді.
110. АБӨ өндiрiстерiнiң өндiрiстiк үй-жайларында орналасатын сұйық өнiмдерге арналған ыдыстардың жиынтық сыйымдылығы жарылыс өрт және өрт қаупi бойынша үй-жайдың дәрежесiне байланысты жобалық ұйыммен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |