Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Негізгі ережелер


-параграф. Газ тазартқыш электр қондырғылары



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі397 Kb.
#124417
1   2   3   4   5

2-параграф. Газ тазартқыш электр қондырғылары
251. Газдарды электрлік тазарту және шаң аулау қондырғылары электр қондырғылары құрылғылары Талаптарына сәйкес орындалады.

252. Арттыру-түзету агрегаттары ұяшықтарының және кернеуі 1000 Вольттан артық бөлшектердің орналасқан орнының кілттерін пайдалану Тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздікке сәйкес біліктілік тобы бар екеуден кем емес тұлғамен бір уақтылы жүргізіледі.

253. Кезекшінің жалғыз өзіне электр сүзгіге қызмет көрсету бойынша жергілікті нұсқаулықпен орындау қаралғаннан басқа қандай да жұмыстарды орындауға жол берілмейді.

254. Электр агрегаттарын түзелген кернеу тізбектерін сөндіру және қосу, резервтегі агрегаттарға ауысу оперативтік қызметкерлердің біреуімен орындалынады. Газдан тазарту қондырғысы бойынша кезекші бригада мүшесі (екінші тұлға) ретінде тартылады.

255. Электр сүзгі немесе оның секциясына ішкі бақылау және жөндеу электр сүзгі екі жағынан да тығыз және оңтайлы шиберлер немесе тығындармен, кернеу алынып тасталған, бақылаушы жүйе жермен тұйықталған, корпус газ қалдықтарынан толық тазартылған және элекр сүзгіде улы газдардың болмауына талдау жүргізілген жағдайда электр сүзгіні эксплуатациялауға жауапты тұлғаның тікелей бақылауымен немесе қатынасуымен жүргізіледі.

256. Электр сүзгінің шаңды аулайтын жоғарғы бөлігінің жұмысы кезінде тек жоғарғы люктер ашылады. Электр сүзгілердің төменгі бөлігінде жұмысты бастамас бұрын электродтар сілкінеді және бункерлер шаңнан босатылады.



3-параграф. Электр пештері
257. Электр термиялық қондырғылар (пештер) құрылғылары және орнатылуы Электр қондырғылары құрылғылары талаптарына сәйкес орындалады.

258. Электр термиялық қондырғыларды (пештерді) эксплуатациялау Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау және Тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес іске асырылады.

259. Кәсіпорындарда орнатылуы мен жұмысы бойынша қауіпсіздік нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін электр қыздырғыш аспаптар және сериялы емес дайындалған электр құрал-жабдықтарын қолдануға жол берілмейді.

4-параграф. Байланыс, дабыл бергіштер және автоматика
260. Кәсіпорындардағы байланыс, дабыл бергіштер және автоматика күш желісіне, аккумулятор батареясынан немесе түзету қондырғыларынан 220 Вольттан артық емес кернеумен жүргізіледі.

261. Барлық телефон желілері кем дегенде екі өткізгішті етіп жасалады.

262. Байланыс, дабыл бергіштер және автоматика орнату жоғары кернеу тізбегі, найзағай разрядтары және адасқан тоқтар әсерінен қорғаныспен қамтамасыз етіледі.

263. Байланыс, дабыл беру және автоматика тізбектеріндегі жұмыс орындаушы схемалар бойынша жүргізіледі.



13-тарау. Көлік

1-параграф. Теміржол және автомобиль көлігі
264. Кәсіпорынның кіре берісіндегі теміржолдар мен ғимараттар, жылжымалы құрам, байланыс, дабыл бергіштер және блокирлеу, поездар қозғалысын ұйымдастыру және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу әрекеттегі құрылыс нормалары және Қара металлургия кәсіпорындары теміржол көлігін техникалық эксплуатациялау ережелеріне сәйкес орындалады.

265. Тиеу-түсіру телімдеріндегі вагондарды жинау және беру механизациясы құрылғыларының құрал-жабдықтары мен ғимараттарында жұмыстар жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жылжымалы және айналатын бөлшектерде немесе олардың әрекет ету зоналарында қоршаулар және қалқандар болады.

266. Теміржолдарға жақын орналасқан ғимараттардан шығу жолдарға параллель орнатылады. Егер шығу жолдары кәсіпорынның теміржол көлігінің жолдарына тікелей бағытталса, рельс жолы ғимараттың барлық бойына, жаяу жүргіншілердің қозғалыс бағытымен жақын арадағы жолға немесе жабдықталған жүргіншілердің өту жолына дейін, қоршаулармен қоршалады. Қоршау бөгеттері келе жатқан поездардың қалыпты көрінуіне жол бермейтін ғимараттар мен үймереттердің сыртына теміржолдардың шығу орындарына орнатылады.

Кәсіпорынға теміржолдардың өту орындарында өту көпірлері немесе тоннельдерін салу қаралады. Соңғыларды салу мүмкін болмаған жағдайда өту жолдары жылжымалы құрамның келе жатқандығын хабардар ететін жарықтық және дыбыстық дабыл бергіштермен жарақталады.

267. Кәсіпорын корпустарына босату үшін теміржол вагондарын беру корпустың қызмет көрсетуші қызметкерлерінің рұқсат беретін жарықтық белгіні (бағдаршам) қосқаннан кейін іске асырылады.

268. Қабылдау құрылғыларының (бункерлері) маңайында құрамдар жақындап келе жатқанда адамдардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін орындар қаралады. Тиеу және түсіру кезінде қабылдау бункерінің түсіру жағында адамдардың болуына жол берілмейді.

Вагондарды босату тек руданы қабылдаушының нұсқауларымен және белгі беруімен ғана жүргізіледі. Түсіру жұмыстары кезінде бункердің қажетті толтырылу деңгейін бақылау іске асырылады.

269. Темір жол бойы бункер қабылдау алаңдарында руданы жартылай вагондарда беру кезінде төгінділерден дер кезінде тазартылатын, адамдардың ыңғайлы және қауіпсіз қозғалысы үшін жүру алаңдары қаралады. Жартылай вагондардың люктерін ашу үшін рельстердің бүршіктерінен жоғарыда вагондардың қауіпсіз босатылуын қамтамасыз ететін төсеніштер салынады.

270. Қабылдау құрылғыларының жұмыс алаңдарында орнатылған вагон аударғыштар ұяшықтарының ені 10 мм артық емес торлары бар биіктігі 2 м кем емес берік қоршаулармен қоршалады; алаңдар мен вагон аударғыш роторының бүйірлерінің араларындағы саңылаулар 60 мм артық емес.

Вагонаударғыштың басқарылуы түсіру алаңы айқын көрінетін осы мақсатта арнайы жабдықталған ғимаратта іске асырылады.

271. Руданы түйісу электровоздарымен жеткізу кезінде түсіру орындарында электр тоғымен зақымдану қаупі туралы ескертетін плакаттар ілінеді.

Түйісу желісінде кернеу сөндірілмеген кезде вагондарға кіруге жол берілмейді.

Бункер үстілік ғимараттағы түйісу желісіндегі кернеу алынбаған кезде вагондарды босатуға жол берілмейді. Түйісу желісінде кернеудің жоқтығы жарықты белгімен расталады.

272. Бункер үстілік ғимаратқа енетін электровоз жолының түйісу өткізгіштері жермен тұйықтаушы пышақтары бар секциялық айырғыштармен жабдықталады.

273. Жөнделмеген вагондарды босатуға, қабылдау құрылғыларының босату алаңдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Вагондарды босату және жабысып қалған материалдар мен рудадан тазарту, ережеге сай, механикаландырылған (аударумен, итерумен, гидрошаюмен) тәсілмен немесе жүктердің қирау зоналарында адамдардың болуына жол бермейтін және осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдармен құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

274. Теміржолдарды, қабылдау құрылғыларын тазарту кезінде жұмыстарды жүргізу орындары көлік құралының тежелу жолынан кем емес ара қашықтыққа қоршалады және аялдау белгілерімен жарақталады, ал станция бойынша кезекші жүргізілетін жұмыстар туралы уақытылы хабардар етіледі. Тоқтап тұрған құрамның вагондарын босату кезінде жолдарды тазартуға жол берілмейді.

275. Металлургиялық өнім қалдықтары (колошник шаңы, аглометарттың ұсақ елендісі тағы басқа) кәсіпорынға арнайы өздігінен түсіретін вагондар немесе автосамосвалдармен жеткізіледі.

276. Шаңданатын өнімдерді түсіру және тиеу кезінде шаңды басу бойынша шаралар қабылданады, ал жұмыскерлер үшін шаңнан жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қаралады.

277. Кәсіпорындарда автомобиль көлігін эксплуатациялау жол қозғалысы ережелері автомобиль көлігі кәсіпорындары үшін қауіпсіздік техникасы ережелері талаптарына сәйкес іске асырылады. Автомобильдер қозғалысы қозғалыс қауіпсіздігінің жол белгілерімен реттеледі.

278. Кәсіпорынның өз аумағындағы автомашиналар мен поездардың жылдамдығы мен қозғалыс тәртібі ондағы жергілікті жағдайларды ескерумен бектіледі және сәйкес нұсқаулықпен реттеледі.

279. Руданы авто көлікпен беру кезінде қабылдау бункерінің түсіру алаңында мыналар қаралады:

1) бункерге автомашиналардың сырғып кетуіне жол бермейтін тіркеу орнату;

2) түсіру орнына артқы жүріспен қозғалыс үшін аралық ережеге сай, 30 м артық емес;

3) техникалық келеңсіздік салдарынан автомобиль қырда немесе еңкіш орында тоқтағанда автомобильдің өздігінен қозғалысына жол бермейтін және келеңсіздікті жойғанға дейін телімдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар.

Барлық жағдайда көтерілген кузовтармен жүктен босатылғаннан кейін артқа жүрген кезде үздіксіз дыбыстық белгі бермей автосамосвалдар қозғалысына жол берілмейді.



2-параграф. Канат жолдары
280. Канат жолдарының құрылғысы және эксплуатациялау 2003 жылығы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі құрылыс жөніндегі Комитетітінің № 11 01.-3.2003 бұйрығымен бекітілген Жүк аспалы канат жолдары құрылғысы және қауіпсіз эксплуатациялау талаптарына сәйкес орындалады.

281. Руданы канат жолдарымен жеткізу кезінде қабылдау бункерлерінің түсіру воронкалары ұяшықтар өлшемдері 400 х 400 мм торлармен жабылады.

282. Станциядан канаттардың шығу зонасында түсіру воронкаларында жұмыс орындарын тарту канатынан вагонетканың өздігінен ажырап кеткен жағдайда жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоршаулар қаралады. Қарсы жүктерге арналған орындар 2 м кем емес биіктікке қоршалады, ал қарсы жүктер құдықтары төсеніштермен жабылады.

283. Түсіру воронкаларының және канат жолдары станциясының жұмыс алаңдары өзара тікелей телефон байланысымен, дабыл бергіштермен және канат жолының жетегін машиниске белгі беру арқылы апаттық тоқтату мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі.

Канаттық жол кенеттен тоқтағанда оның тоқтау себептерін анықтағанға және келеңсіздіктерді жойғанға дейін іске қосылуына жол берілмейді.

3-параграф. Үздіксіз көлік
284. Таспалы конвейерлерде таспа үзілгенде және ілініскенде, түсіру воронкалары және таспаны механикалық тазарту және жабысқан материлдардан барабандарды тазарту үшін астаушалар қысылып қалғанда жетекті сөндіру құрылғысы қаралады.

285. Түсіру арбашалар үшін конвейерлерде шекті сөндіргіштер, ал рельс жолдарында арнайы тіректер қаралады. Түсіру арбашалары олардың өздігінен қозғалуына жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.

286. Автоматты түсіргіш арбашалары және жылжымалы қайықшалы конвейерлердің электр қозғалтқыштарына қоректендіруді беру аспалы шлангылы кабельдермен іске асырылады. Автоматты түсіргіш арбашалары және жылжымалы қайықшалы конвейерлерді электр қозғалтқыштарын қоректендіру еденнен немесе қызмет көрсету алаңдарынан 3,5 м кем емес биіктікте орнатылған түйісу өткізгіштерімен жүргізуге болады. Троллей өткізгішінің биіктігі аз (3,5 тен 2,2 м аралығында) болған кезде арнайы қоршау қойылады.

287. Таспалы конвейерлер астарларындағы шашылған материалдарды жинау механикаландырылып (гиравликалық тазарту тағы басқа) іске асырылады. Бас, қалдық және ауытқу барабандарынан материалдарды жинауға тек конвейер тоқтатылғанда, бұл кезде жетектің электр схемасы бөлшектенген, ал қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар ескерту плакаттары ілінген жағдайда ғана болады. Конвейер қозғалтқышын қосу жүйесінде бас және қалдық барабандарынан қоршау алынған жағдайда қозғалтқыштың жұмысына жол бермейтін блокировка қаралады.

288. Қозғалыс кезінде конвейер таспасы барабандар шеттері мен ролик тіректерінің шеттерінен ығыспайды. Конвейер арнайы орталықтандырғыш құрылғылармен және таспаның қозғалыс бағытын реттеуші құралдармен жабдықталады.

Таспаның қозғалысын ондағы жұмыс жасап жатқандардың тікелей жанасу арқылы бағыттауға, істеп тұрған конвейердің борттық тығыздағыштарын түзетуге жол берілмейді.

289. Конвейер таспасының ілінісуі барабандар мен таспаны тазарту жолымен, таспаны арнайы құрылғылармен тарту жолымен қалпына келтіріледі. Қозғалатын және айналатын (таспа, барабандар, роликтер) бөлшектеріне тасымалданатын материалдар шашылған конвейерлерді қосуға және эксплуатациялауға жол берілмейді.

Конвейерлердің жетек барабандарының осьтері еден деңгейінен 1,5 м артық биіктікте орналасқанда, жетектерге қызмет көрсету үшін қоршаулармен, сатылармен жабдықталған алаңдар қойылады.

290. Еден деңгейінен галерея және эстакадалар конструкциясының төменгі жағына дейінгі биіктік 2 м кем болмауы қаралады. Галереялар мен эстакадалар ені мынадай өту жолдарын қамтамасыз етеді: конвейердің бір жағынан 800 мм кем емес (адамдар өту үшін), екінші жағынан таспа ені 1400 мм дейін болғанда 700 мм кем емес және таспа ені 1400 мм жоғары болғанда конвейердің екі жағынан 800 мм; екі және одан да көп параллель конвейерлер араларында – 1000 мм кем емес, ал галерея қабырғалары мен конвейер станинасы арасында таспа ені 1400 мм дейін болғанда 700 мм және таспа 1400 мм артық болғанда 800 мм кем емес.

291. Пластиналы конвейер орнату олардың екі жағынан да қызмет көрсету мүмкіншілігін қарастырады. Конвейерлер араларындағы еркін өту жолдарының ені 1,2 м кем емес, ал ғимарат қабырғалары мен конвейер араларындағы еркін өту жолдары 1 м кем емес етіп қабылданады.

292. Еңкіш күйде орнатылған пластиналы және қырмалы конвейерлер үзіліп кеткен жағдайда жүздің жүріп кетуіне жол бермейтін көлік звеноларын аулаушымен жабдықталады.

293. Шнекті және қырмалы конвейерлер орнатқан кезде оларға еркін өту жолдары 0,8 м кем емес бір жақты қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.

Қырмалы конвейерлер мен шнектер қаптамаларының қақпақтары (арнайы бақылау терезелері мен люктерден басқа) жұмыс істеп тұрған кезде қырмалы конвейерлер мен шнектердің айналатын және қозғалмалы бөліктеріне қол жеткізуге жол бермейтін блокировкамен жабдықталады.

294. Таспалы конвейерде барабанды лақтыру арбашасын немесе тасымалданатын қоректендіргішті орнатқан кезде конвейердің екі жағынан да өту жолдары қаралады.

295. Жер астылық-жер үстілік конвейерлік галереялар бетіне шыға берісте оларға сыртқы кіру есіктері және конвейер арқылы өту жолдары қаралады.

Галереялардан және эстакадалардан эвакуациялық шығу және конвейерлер үстеріндегі өту көпірлері кем дегенде 100 м сайын орналастырылады. Көпірлер ені 0,8 м төсеме тұтас, төменнен 0,14 м тұтас бортталумен биіктігі 1 м кем емес қоршаулармен қоршалады.

296. Еңкіші 7 градустан асатын конвейер галереяларының өту жолдарында сатылар немесе ағаш баспалдақтар орнатылады.

297. Материалдары шаң бөлумен тасымалдау іске асырылатын конвейер галереяларының ғимаратқа жанасу орындарында өздігінен жабылатын есіктері бар қалқандар қойылады.

298. Еңкіші 6 градустан асатын барлық таспалы және пластиналы конвейерлер тоқтап қалған кезде, таспаның жүк тиелген торабы кері бағытта жүріп кетуіне жол бермейтін бекіту құрылғыларымен жарақталады.

299. Қолмен руданы бөлшектеу кезінде конвейер таспасының қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/сек артық болмайды. Руданы бөлшектеу орындарында таспа қоршалады.

300. Конвейерлер өту жолдарының және құрал-жабдықтардың үстінде орналастырылған кезде олардың төменгі торамы шашылған материалдың құлау мүмкіншілігіне жол бермейтін тұтас қаптамамен қоршалады.

301. Таспалы конвейермен құрғақ және шаңданатын материалдар, жоғары температуралы және бу бөлетін материалдар тасымалдау кезінде оларды тиеу және түсіру орындары қоршалады және қосымша шаралар қаралады: аспирация, су бүріккіштер орнату, еденді жуу ауадағы қауіпті заттар шамасын шекті рұқсат концентрациялары шектеріне төмендетуді қамтамасыз ететін тағы сол сияқты шаралар.

Ұнтақ тәрізді құрғақ шаңданатын материалдарды тасымалдау кезінде оларды тасымалдау зонасы саңылаусызданады.

302. Құрғақ және шаңданатын материалдарды тасымалдайтын қырмалы және шнекті конвейерлер, элеваторлар барлық бойлық тығыз қаптамалармен жабылады, тиеу және түсіру орындары тығыз жабындармен жабдықталады. Механизмдердің жұмыс органдарының күйін бақылауды іске асыру үшін қаптамаларда көзбен бақылауды қамтамасыз ететін тығыз жабылатын есіктері бар бақылау терезелері (люктері) орнатылады.

303. Ылғалды өнімді тасымалдайтын элеваторлар пульпаның шашырауынан сақтану үшін оның барлық бойымен сақтандыру қалқандарымен немесе қаптамаларымен жабылады. Элеватордың апаттық сөндіргіштері тиеу және түсіру орындарында орналастырылады.

304. Бірнеше тізбектелген материалдарды конвейерлер немесе технологиялық секцияның (тізбек) басқа да құрал-жабдықтарының бір уақтылы жұмысы кезінде бөлек аппараттар мен машиналардың электр жетектері блокирленеді. Бұл кезде:

1) қосу және тоқтату аппараттар тізбегінің схемасы және өндіріс технологиясы схемасына сәйкес белгілі тәртіппен іске асырылады;

2) қандай да құрал-жабдық немесе конвейер тоқтап қалған жағдайда, осы құрал-жабдыққа немесе конвейерге бастайтын схема бойынша құрал-жабдық автоматты түрде сөндіріледі;

3) конвейер немесе машинаны басқару пультінен дистанциондық басқарылуының алдын алатын жергілікті блокировка орнатылады.

305. Барлық конвейерлер негізгі өту жолдары жағынан конвейердің барлық ұзындығы бойынша кез келген нүктеден жетектің апаттық тоқтатылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады.

Блокирлеу және апаттық тоқтату құрылғыларын механизмдерге оларды қосуды басқару аппараты ретінде пайдалануға жол берілмейді.

306. Барлық элеваторлар тізбек шөміштерінің керу жүрісіне жол бермейтін тежеу құрылғыларымен және үзілген жағдайда аулағыштармен жабдықталады.

307. Жұмыс торамынан материалдың сырғуы мүмкін конвейерлерде сақтандырғыш тығыздауыштары орнатылады.

308. Өздігінен түсірілетін арбашалардың және өздігінен жүретін конвейерлердің еңкіш беттері қоршалады. Қоршаулар мен рельс бүршігінің арасындағы саңылау 10 мм аспайды.

309. Тарту барабандары және конвейерлердің тарту құрылғыларының жүктері қоршалады және канат немесе таспа үзіліп кеткен жағдайда жүктің немесе барабанның төменгі қабаттағы орнатылған құрал-жабдықтарға немесе адамдарға құлап кету мүкіншілігіне жол бермейтіндей етіп орнатылады.

14-тарау. Жөндеу-монтаждау және такелаж жұмыстары

1-параграф. Жалпы талаптар
310. Кәсіпорындардағы тұрақты профилактикалық тексерулер мен құрал жабдықтарды жөндеу кәсіпорынның басшысымен бекітілген кестелермен қаралған мерзімдерде жүргізіледі.

311. Негізгі құрал-жабдықтың күрделі және ағымдағы жөндеуі әзірленген және бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі. Жобаларда қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар, жөндеу жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, жөндеу жұмыстарының тәртібі және реті көрсетіледі.

312. Жөндеу жұмыстарын механикалындыру үшін ауыр құрал-жабдықтарды, тораптар мен тетіктерді көтеруге және алып тастауға мүмкіндік беретін қажетті жүк көтеру құралдарымен, аспаптармен қамтамасыз етіледі.

313. Құрал-жабдықтың тоқтатылуы (ішкі тексеру, тазарту, бақылау үшін) және оның қосылуы технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

314. Ішкі тексеру, тазарту немесе жөндеуге тоқтатылған құрал-жабдықтар, агрегаттар, аппараттар және коммуникациялар бу, су және технологиялық құбырлы өткізгіштерден газ жолдарынан және электр энергиясымен жарақтау көздерінен ажыратылады; барлық құбырлы өткізгіштерде тығындар орнатылады; құрал-жабдықтар, агрегаттар және коммуникациялар технологиялық материалдардан босатылады.

Аппараттардың жұмыс режимінде улы немесе қопарылу қаупі бар газдар, бу немесе шаң анықталса, аппараттар желдетіледі де, одан әрі улы және қауіпті заттардың болуына ауа ортасының талдауды жүргізіледі. Ауаның бақылау талдауы жөндеу үрдісінде кезеңдік жүргізіледі.

315. Жетектердің электр схемалары бөлшектенеді, қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар плакаттар ілінеді, қате немесе өздігінен құрылғылардың қосылуына жол бермейтін қосымша шаралар қабылданады.

316. Жөндеу жұмыстарын жүргізу зонасы істеп тұрған құрал-жабдықтардан және коммуникациядан қоршалады, қауіпсіздік белгілерімен, плакаттармен, белгі құралдарымен қамтамасыз етіледі және санитарлық нормалар талаптарына сәйкес жарықтандырылады.



2-параграф. Жөндеу жұмыстары
317. Жөндеу жұмыстарымен айналысатын тұлғалар сәйкес арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

318. Жөндеу-монтаждау алаңдарының өлшемдерімен оларға жөндеу жұмыстарын өткізуге қажетті ірі тораптар және машиналар бөлшектері, құралдар мен құрал-саймандардың орналастырылуына мүмкіншілік береді. Алаңға орнатылған жүк масасы есептеу бойынша рұқсат етілетін шамадан аспайды.

319. Жүктерді тасымалдау бойынша барлық жұмыстар жүктерді тасымалдау және жөндеуді қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғалардың рұқсатымен және нұсқауымен жүргізіледі. Ірі ауқымды және ауыр жүктерді көтеру, тасымалдау және түсіру жөндеуді жүргізу үшін жауапты тұлғаның қатынасуымен жүргізіледі.

320. Жұмыста қолданылатын ағаштар, көпірлер, мен сатылар МЕСТ 26887 талаптарына сәйкес орындалады.

321. Сатыларда 1,3 м артық биіктікте жұмыстарды орындау кезінде төсемелер және көпірлер орнату мүмкін болмаған жағдайда жұмысшылар иықтан ілінетін белбауы мен арқаны бар сақтандыру белдігін қолданады. Биіктікте жұмыстарды орындау кезінде сақтандыру белдіктерін бекіту орындары конструкцияларда белгіленеді және нарядта көрсетіледі.

322. Биіктікте жұмыстарды екі және одан көп яруста орындау кезінде олардың аралары берік жабындармен жабдықталады немесе жұмыс істеп жатқандарға материалдар немесе заттардың түсіп кетуіне жол бермейтін торлар ілінеді.

323. Жөндеу монтаждау және такележ жұмыстары, жұмыстар өндірісі кезінде бөлек операцияларды орындау кезінде қаралатын технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

324. Жөндеуді мердігер ұйым жүргізген кезде жұмыстар наряд – шақтама бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес немесе жөндеуді жүргізу үшін телімді беру актісі бойынша жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйым басшысы акт бойынша қабылданған телімде жөндеу жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

325. Ұсатқыштарда жөндеу жүргізу кезінде адамдарды түсіру және көтеру сатыларды қолданумен іске асырылады; сақтандыру белдігі мен сақтандырушы арқансыз жұмыс зонасына адамдардың түсуіне жол берілмейді.

326. Айналмалы және қозғалмалы роторлары және бөлшектері бар (тоқпақты, жұдырықшалы, соққы-шағылдырғыш ұсатқыштары, барабан елекетері тағы сол сияқты) құрал-жабдықтар ішінде қандай да жұмыстар (жөндеу немес бақылау) орындауға тек механизмдердің қозғалмалы бөліктерін сенімді бекіткеннен кейін, наряд-шақтаманы ресімдегеннен кейін олардың өздігінен және мәжбүрлі қозғалуына мүмкіншілікке жол бермейтін күйге құрал –жабдықтар корпустарының (қаптармалары) қақпақтары ашық күйде ғана рұқсат етіледі.

327. Астарларға балқыған цинк құю арнайы оқытылған, нұсқаулықтан өткізілген, осындай жұмысты жүргізу тәжірибесі бар, арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген тұлғалармен жүргізіледі. Құю бақылаушы тұлғаның қатысумен жүргізіледі.

328. Бункерлердегі астарды алмастыру немесе жөндеу үшін бункердің еңкіш қабырғаларында жұмыстар жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар қолданылады.

329. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аймақта бункерлерге жүк тиеуге болмайды. Жөнделген аймақта орналасқан жоғарғы тиеу саңылаулары жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алаңда жабылады.

330. Элеваторлар тізбектерінің шеттерін жалғау және конвейер таспаларына вулканизация жасау кәсіпорынның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламент талаптарын сақтаумен жүк көтергіштікке сәйкес такелаждық құрылғылар көмегімен жүргізіледі.

331. Ұсатқыштарға шарлар мен өзекшелер салу және түсіру үрдістері механикаландырылып іске асырылады.

332. Ұсатқыш барабаны бұрылғанда, астар болттарын қаққанда, жаңа астар салғанда адамдардың болуына жол берілмейді.

333. Улы реагенттеры (цианидтер, тағы сол сияқты) бар ортада жұмыс істейтін құрал-жабдықтар жөндеу жүргізер алдында мұқият тазартылады және осы реагенттерден залалсыздандырылады.

334. Газ коммуникациялары мен бақылау-өлшеу аппаратурасындағы жөндеу жұмыстары күйдіру қондырғыларының жұмысы кезеңінде жүргізілмейді.

335. Күйдіру машинасының көрігін жөндеу наряд-шақтама бойынша машинаны табиғи суытқаннан кейін және жетектердің электр схемаларын және тарту үрлеу құралдарын бөлшектеп және суық ауа беру үшін тасымалданатын желдеткішті орнатқаннан кейін жүргізіледі.

Күйдіру машинасының көрігінде жұмыс жасау кезінде сақтандыру торы бар кернеуі 12 В артық емес тасымалданатын электр жарықтандырғыштары қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет