Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы «29» қазандағы
№ 189 бұйрығымен
бекітілген
Пайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және
рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Негізгі ережелер
1-параграф. Жалпы талаптар
1. Бұл Талап құрамында байыту кәсіпорындары, кесектеу (агломерация, брикеттеу, түйірлеу) жөніндегі кәсіпорындар, ұсақтау және ұсақтау–сұрыптау кәсіпорындары (зауыттар, цехтар), қозғалмалы және ұсақтау, сұрыптау және байыту кәсіпорындары (оның ішінде драгалар, өнеркәсіптік аспаптар) нысандарды жобалау, құрылысы, қайта конструкциялау және эксплуатациялауға таратылады.
Карьерлерде және жер астында өндірілетін пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабы, Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы және осы Талапты ескерумен жүргізіледі.
2. Осы Талап негізінде ұйымның техникалық басшысымен мыналар әзірленеді және бекітіледі:
1) өндірістік бақылау туралы ереже;
2) технологиялық регламенттер;
3) апатты жою жоспары. Технологиялық регламенттер технологиялық үрдіс немесе жұмыс жағдайы өзгерген кезде, жаңа құрал-жабдық қолданылғанда, ережелер, нормалар өзгерген кезде қайта қаралады.
Қызметкерлерді дайындау және жұмысқа жіберу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес іске асырылады.
3. Барлық жұмыс орындары және оған өту жолдары тазаланады, жұмыс орындары және өту жолдары бос болады.
4. Барлық қызмет көрсету алаңдары, өту көпірлері және сатылар, берік, орнықты және салмасы бар 1 м кем емес таяныш және тұтас төменнен жабылған биіктігі 0,14 м таянышпен жарақталады.
5. Жұмыс алаңдарына және механизмдерге келетін сатылардың иілу бұрыштары мынадай:
1) үнемі эксплуатацияланатындар – 45 градустан артық емес;
2) ауысымына 1-2 рет келетіндер – 60 градустан артық емес;
3) зумпфтарда, құдықтарда – 90 градусқа дейін.
Сатылар ені 0,6 м кем емес, сатылар биіктігі – 0,3 м артық емес, сатылар ені – 0,25 м кем емес. Зумпфтарда және құдықтарда скобалар қолдануға болады.
6. Ғимараттарда және кәсіпорын аумағында орналасқан барлық монтаждау саңылаулары, шұңқырлар, зумпфтар, құдықтар, арықтар таяныштары төменнен 0,14 м тұтастай жабылған биіктігі 1 м таяныштармен қоршалады немесе барлық беті бойынша төсеніштермен (торлармен), ал қажетті орындарда ені 1 м кем емес өту көпірлерімен жарақталады.
7. Құбырлар, арналар және басқа да коммуникация жұмыс алаңдарына кедергі жасамайтындай етіп орналастырылады, ал олар өту жолдары мен жұмыс алаңдарын қиып өтетін болған кезде еден деңгейінен 2,0 м кем емес биіктікке орналастырылады.
Өту жолдары мен жұмыс алаңдарын реагент тасымалдағыштар қиып өтетін болса, соңғысында поддон болады: өту жолы (жұмыс алаңы) деңгейінен минималдық биіктігі поддонның шығып тұрған бөлігіне дейін – 1,8 м кем емес.
8. Дистанциондық басқарылмайтын бекіту арматурасына қызмет көрсету және еден деңгейінен 1,5 м артық биіктікте орналастырылған бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану үшін ені 0,8 м кем емес стационар алаңдар қойылады.
9. Машиналар және аппараттар және қабырғалардан құрал – жабдықтардың ауқымдарына дейінгі минималдық арақашықтық:
1) негізгі өту жолдарында – 1,5 м кем емес;
2) машиналар араларында жұмыс өту жолдары кезінде – 1 м кем емес;
3) қабырға мен машиналар араларындағы жұмыс өту жолдарында – 0,7 м кем емес;
4) машиналар аралары және қабырға (құрылыс конструкциясы) және машина араларындағы қалыпты жұмыс өту жолдарын сақтау кезінде жергілікті жіңішкеру – 0,7 м кем емес;
5) бактарға, чандарға және қызмет көрсету және жөндеуге арналған резервуарларға өту жолдарында – 0,6 м кем емес.
10. Құрал-жабдықтарды жөндеу кезінде ірі ауыспалы тораптар мен бөлшектерді тасымалдау үшін арналған өту жолдарының минималдық ені әрбір жағына 0,6 м қосумен тораптар мен бөлшектердің ең үлкен көлденең өлшемімен анықталады.
11. Түтін құбырларын эксплуатациялау СНиП 2.09.03, ҚНжЕ ІІІ-24 талаптарына сәйкес іске асырылады.
12. Тұлғаларды барлық қауіпті өндіріс факторларынан қорғау қамтамасыз етіледі.
2-параграф. Құрал – жабдықтарды пайдалануға беру
13. Машиналар мен механизмдердің барлық қозғалмалы және айналатын бөліктері, жетек пен беріліс элементтерінде жұмыс жасау кезінде оларға баруға жол бермейтін сенімді бекітілген қоршаулар болады.
Айналмалы бөліктерде (біліктер, муфтылар, шкифтер, барабандар, фрикциондық дисктер тағы сол сияқты) ұяшықтары 25х25 мм артық емес сеткалы немесе тұтас қоршаулар болады.
Барабандар конвейерлерінің сеткалы қоршауларының ұяшықтарының өлшемдері 40х40 мм артық емес болуына рұқсат етіледі. Тісті және тізбекті берілістерде, олардың орналасу биіктігінен және қозғалыс жылдамдығынан тәуелсіз тұтас қоршаулары бар.
14. Құрал-жабдықтарды жұмысқа қосар алдында жарықтық немесе дыбыстық ескерту дабылы беріледі.
Көріну аймағынан тыс орналастырылған құрал-жабдықты жұмысқа қосар алдында қосылуға жататын механизмдерден дыбысы ажыратылатын ұзақтығы 10 секундтан кем емес дыбыстық ескерту дабылы беріледі. Екінші дабыл ұзақтығы 30 секунд, ол біріншіден кейін 30 секундтан кем емес аралықпен беріледі. Механизмдер мен құрал-жабдықтардың қосылуы жоғарыда аталған алдын ала қосу дабыл бергішімен қамтамасыз етілген құрылғымен жалғанған.
Құрал-жабдықты қосу дыбыс күшейткіш байланысымен қосылатын құрал-жабдықтың атауымен және технологиялық номерін көрсетумен хабарланады. Шу деңгейі жоғары орындарда қайталағыш жарықты дабыл бергішпен қаралады. Дабылдарды беру тәртібі қызмет көрсетумен және қосылатын құрал-жабдықты эксплуатациялаумен айналысатын кәсіпорынның барлық жұмыскерлеріне алдын ала жеткізіледі. Берілген дабылдардың шартты белгілері жұмыс орындарында ілінеді.
15. Құрал-жабдықты пайдалануға беруді қабылдау кәсіпорынның жетекшісімен тағайындалған комиссиямен жүргізіледі.
Монтаждау немесе жөндеуден кейін құрал-жабдықты жұмысқа қосу тек қауіпті аймақта адамдардың болмауы тексерілгеннен кейін қосылады.
16. Құрал-жабдық жұмыс істеп тұрған кезде қозғалмалы бөлшектер мен қоршауларға жөндеу және қызмет көрсетуге, төгінділерді қолмен жинауға, істеп тұрған машиналар мен механизмдерді қолмен майлауға жол берілмейді.
17. Құрал-жабдықтарды пайдалану технологиялық регламенттерді сақтау арқылы жүргізіледі.
3-параграф. Өртке қарсы қорғаныс
18. Жұмыс орындарындағы жанар, жағар май және сүрту материалдары жабық металл ыдыстарда материалдың әрбір түрі үшін үш тәуліктік пайдаланудан артық емес мөлшерде сақталады. Жұмыс орындарында оңай жанатын заттарды сақтауға (бензин, керосин тағы басқаларға) жол берілмейді.
19. Өндірістік тағайындалған жолдарда өрт автомобильдерінің өтуіне өту жолы қамтамасыз етіледі. Өту жолы бөлігінің шетінен ғимарат қабырғаларына дейінгі аралық 25 м артық болмайды.
20. Барлық өндірістік және қосалқы ғимараттар, қондырғылар, имараттар және қоймалар өрт сөндірудің бірінші реттік құралдарымен, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі, оның мөлшері мен құрамы МСТ 12.4.009 сәйкес келеді.
Өрт сөндіру бірінші реттік құралдармен және өрт сөндіру құралдарының орындары жобамен орналастырылады.
Кәсіпорын алаңдарында өндірістік немесе шаруашылық–-асханалықпен бірлескен өртке қарсы су құбырын орналастыру қаралады.
Өрт гидранттары жол бойында және өту жолдары бойында бір-бірінен 150 м артық емес аралықта, ғимарат қабырғаларынан 5 м кем емес және жол қиылыстарына жақын, бірақ өту жолы бөлігінің шетінен 2 м алыс емес орналастырылады.
4-параграф. Өндіріс өнімдерінінің орамалары мен сынамаларын іріктеп алу
21. Өндіріс өнімдерін сынақтан өткізу автоматты режимде немесе дистанциондық басқарылатын механикалық сынама алғышартымен іске асырылады.
Қолмен сынақтан өткізу тек кәсіпорынның басшысының (техникалық басшы) бұйрығымен анықталған технологиялық схеманың белгіленген нүктелерінде жүргізіледі. Сынама алу үшін жергілікті жарықтандыруы және қоршауы бар ыңғайлы және қауіпсіз орындар (алаңдар) жабдықталады.
22. Пакеттерге, жәшіктерге немесе қаптарға салынған дайын өнімді машинистің жұмыс орны зонасында өлшеп орау-қаттау автоматтары немесе ыдыстарға салу тізбектерінде жинау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
23. Орамалау машиналарына арналған ғимарат тауарлық өнім қоймасынан конвейерлік таспа өту жолы бар қабырғамен оқшауланады. Конвейерлік өту жолдары арнайы фартуктер немесе конвейер бойымен өнімнің өтуіне бөгет болмайтын перделер түрінде тығыздағыштармен жабылады.
24. Орамалар машинасы машинистің жұмыс орнына ыдысты тасымалдау механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
Пресс-конвейерлер алдында дайын өнімі бар қаптарды бағыттау үшін арнайы бағыттауыштар орнатылады.
25. Қызмет көрсететін қызметкерлердің еркін қол жеткізетін ғимаратта орнатылған шнекті тиеп-түсіругіштер түсіру саңылауларын жабатын жылжымалы құрылғымен жабдықталады.
Шнекті тиеп-түсіргіштерде арбашаның жүрісін шектеуіштер бар.
2-тарау. Материалдарды бөлшектеу және ұсақтау
1-параграф. Руданы жеткізу, қабылдау және аралық бункерлер
26. Руданы қабылдау корпусының (бөлімшесінің) алдында бункерлер алаңына құрамдардың (автосамосвалдар, скиптер, канат жолы тағы басқалар) өтуіне рұқсат ететін немесе тыйым салатын бағдаршам орнатылады. Бөлек жағдайда түсіру шлагбаумға жалғанған және бункердің алдына орнатылған бағдаршамның рұқсат ететін белгісімен іске асырылады.
Қабылдау және түсіру құрылғыларының жұмыс алаңдары қызмет көрсететін қызметкерлерді теміржол құрамдарының келіп қалғандығы туралы хабардар ететін жарықты және дыбыстық дабыл бергіштермен жабдықталады. Белгілер құрамның келуіне 1,5-2 мин қалғанда және скиптік көтергіштер мен канаттық жұмыстар басталар алдында беріледі.
27. Қабылдау құрылғыларының жұмыс алаңдарында теміржолдағы рельстер бүршігінің деңгейінде жылжымалы құрамды өткізу үшін өту жолдары қаралады. Осы мақсатта рельстер аралары рельстер бүршігінің бетімен бірдей етіп төсеніштермен жабдықталады.
Теміржолдардың ауқымдары руда төгіндісі мен бөгде заттардан дер кезінде тазартылып тұрады.
28. Бункерлердің қабылдау воронкаларын жөндеу жұмыстары кезінде қабылдау құрылғыларына әкелетін жолдар шлагбаумдармен жабылып, бұл туралы көліктік қызметкерлерге хабар беріледі. Поездар құрамдары қабылдау құрылғылары ауданынан шығарылады. Екі немесе үш қабылдау бункері бар болған кезде олардың бірінде жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның басшысымен (техникалық басшымен) бекітілген арнайы қауіпсіздік шаралары (жергілікті жағдайларға байланысты) әзірленеді.
29. Бункерді қабылдау алаңы мен қоректендіргіш алаңы және ірі уату ұсақтағышы араларында байланыс (телефон, дыбыс күшейткіш, жарықты, тағы сол сияқты) болады.
30. Қабылдау құрылғыларының тиеу тесіктері бүйірлерінен және түсіруге қарама-қарсы жағынан берік шарбақтармен қоршалады. Екі жақты түсіру кезінде қоршау бүйір жақтарынан жасалады.
31. Бункерлердің қабылдау алаңдары және өнімдерді түсіру алаңдары шаң түзілген жағдайда шаң жойғыш (шаң аулағыш) құралдармен жарақталады.
32. Бункерлерде күмбездерді, руданың ілінісуін жою және оны көсеу арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен (электр дірілдеткіштер, пневматикалық құрылғылар, гидрошайғыш, тағы басқалармен) жүргізіледі. Осы мақсатта бункерлерге адамдарды түсіруге жол берілмейді.
Түсіру люктары ашық болған кезде қабылдау бункерлеріне тиеуге жол берілмейді.
33. Аралық бункерлер, егер олар өздігінен түсіргішті арбашалармен толтырылмаса, онда төсеніштермен жабдықталады. Өздігінен түсіргіш арбашалар немесе реверсивтік конвейерлерді қолдану кезінде тиеу тесіктері тесіктерінің ені 200х200 мм артық емес торлармен жабылады немесе биіктігі 1 м кем емес қалқандармен жабдықталады. Мұндай қалқандар немесе торлар бункерлерде де конвейер көлігіне қайта тиеу орындарында да орнатылады.
Өздігінен түсіретін арбашалар және реверсивтік конвейерлер рельстерінде жүрісті шектеуіштер орнатылады.
34. Жөндеу жұмыстарын орындау немесе бақылау үшін қабылдау воронкаларына (бункерлеріне) адамдардың түсуімен байланысты жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін наряд-шақтама және келесі шарттарды міндетті сақтаумен жұмыстарды орындау жоспары құрылады:
1) бункерді, оның конструкциясын, бункердің үстіңгі алаңын және осы телімдегі темір жолдарды материалдардан тазарту, желдету және бункердің ауа ортасының күйін бақылау;
2) жұмыскерлерге міндетті нұсқаулық жүргізумен бақылаушы тұлғаның үнемі бақылауы;
3) аралық бункерлердің қабылдау және көлік құрылғыларының жұмыс алаңдарында және бункерлік ысырмалардың механизмдерінде бункердің ішінде жүргізілетін жұмыстарға нұсқайтын ескерту белгілері орнатылады;
4) жұмыскерлерді бункерге жіберер алдында тиеу және түсіру қоректендіргіштері тоқтатылады және сөндіріледі және плакаттар ілінеді; онда мынадай сөздер жазылған: «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!», электр схемалары бөлшектенеді және биркалық жүйенің талаптарын ескерумен ағымдағы және келесі технологиялық құрал – жабдықтардың жетектері қоректендіру көзінен ажыратылады;
5) жұмыстар жүргізіліп жатқан бункерге заттардың түсіп кетуі оқиғасының бетін қайтару мүмкін болмаған кезде бункерде жұмыс жасап жатқандардың жарақаттануына жол бермейтін сенімді жабындар қойылады;
6) жұмыстар жүргізу кезінде бригада кем дегенде үш адамнан тұрады, олардың екеуі бункердің үстіңгі бөлігінде болады;
7) жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмыскерлер сақтандыру белдіктерін тағады және берік тірекке байланады. Жұмыстарды жүргізу кезінде тросс немесе арқанды бункердің үстіңгі бөлігіндегі дублер ұстап тұрады. Эксплуатациялау кезінде сақтандыру белдіктері мен сақтандыру арқандары 5 мин бойына 2250 кН статистикалық жүктемеге кем дегенде 6 айда бір рет сыналады және соңғы сынақтан өткізілген мерзімнің таңбасы қойылады;
8) бункердің ішінде жарықтандыру үшін кернеуі 12 В артық емес тасымалданатын шамдар қолданылады.
2-параграф. Бөлшектеу
35. Ұсатқыштардың жұмыс қуыстарында руда кесектері ілінісіп қалғанда оларды ұсатқыштардан алу көтеру құралдарымен немесе күші бар, қопарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жұлып алумен іске асырылады. Ұсатқыштардағы ілінісіп қалған руда кесектерін қолмен алып тастауға жол берілмейді. Ұсатқыштың жұмыс қуысында ілінісіп қалған ірі кесектерді балғамен немесе кувалдамен сындыруға жол берілмейді.
36. Ұсатқыштардың жұмыс қуысына адамдар түсуі кезінде наряд-шақтаманың міндетті ресімделуі және сақтандыру белдіктері мен адамдарды бөгде заттардың кездейсоқ құлап кетуінен сақтандыратын ұсатқыштың тиеу тесіктерінің үстінде уақытша төсемелер қолданылу қаралады.
37. Діріл електері орнатылатын алаңдар мен қабырғалар діріл және тез жүрісті електердің жұмысы кезінде туындайтын дірілді қыбылдау және жұтуға есептеумен орындалады.
38. Електердің тиеу және түсіру воронкаларында олардың барлық ені бойымен қызмет көрсететін қызметкерлерді руданың кездейсоқ кесегінен сақтандыратын қорғаныс құралы қаралады.
39. Електерді жұмысқа қосар алдында барлық бекітпелер, әсіресе теңестірілмеген дебаланстық жүктер бекітпелері мұқият тексеріледі.
40. Ұсатқыштардан руда кесектерінің ұшып кетуінен сақтану мақсатында оның тиеу тесігінде мыналар бар:
1) конус тәрізді ұсатқыштар үшін-тұтас жырмалы қоршаулар;
2) жақты ұсатқыштар үшін ұсатқыштың жұмыс қуысынан ғимаратқа руда кесектерінің ұшып шығуына жол бермейтін қалқандары бар биіктігі 1 м кем емес тұтас бүйір қоршаулар.
41. Қоректендіргіштер және електер жұмыс істеп тұрған кезде тиеу және түсіру воронкаларында елекке руда беретін қоректендіргіштердің шығу тесіктерінде көсеуге тек арнайы көсеуге арналған тесік бар болған кезде рұқсат етіледі.
42. Електер воронкаларын қолмен тазарту және түсіру воронкаларына адамдардың түсуіне тек осы ережелерді сақтау кезінде рұсқат етіледі. Бұл кезде електердің электр қозғалтқыштары биркалық жүйе талаптарына сәйкес сөндіріледі, қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген жазуы бар плакаттар ілінеді.
43. Электр діріл қоректендіргіштерінің астаушаларын жұмыс істеп тұрғанда тазартуға, қоректендіргіштер борттарына тұруға, оларға жанасуға, діріл жетектерінің кертпелерін тазартуға жол берілмейді.
44. Жұдырықшалы, көлденең және тік тоқпақты ұсатқыштарда корпустың қақпағы ашық болған кезде ұсатқыштың қосылу мүмкіншілігіне жол бермейтін жалғау болады. Қақпақтарының массасы 30 кг асатын жұдырықшалы және көлденең тоқпақты ұсатқыштардың ашылуы және жабылуы механикаландырылған тәсілмен іске асырылады.
45. Ұсақтау кезінде қопарылу қаупі бар шаң түзетін руданы ұсақтау шаңның қопарылуына жол бермейтін шараларды орындаумен жүргізіледі.
3-параграф. Ұсақтау және классификация
46. Ұсақтағыштар мен классификаторлардың қосу құрылғылары жергілікті басқару кезінде қосылатын құрал-жабдықтың беті оның жұмысын қадағалауға мүмкін болатындай етіп орналастырылады.
47. Ұсақтағыш ішіндегі жұмыстарға тек бақылаушы тұлғаның немесе наряд–шақтама бойынша бригадирдің қадағалауымен осы Талаптарды орындағаннан кейін рұқсат етіледі.
48. Ұсақтағыштың люкті төмен күйінде люк қақпағының гайкаларын босатуға немесе бұрауға, ұсақтағыш жолында ұлу тәрізді қаптама болттарын тартуға жол берілмейді.
49. Контейнерлерге шарлар арту кезінде тиеу орындары қоршалады да, «Қауіпті!» деген жазуы бар плакат ілінеді. Контейнерді көтеру кезінде адамдар қауіпсіз орында болады. Контейнерлерге борттарынан 100 мм төмен деңгейде тиеледі.
50. Шарлы қоректендіргіштерді, өзекшелерді тиеуші механизмдерді пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
51. Классификаторларға қызмет көрсету үшін жұмыс алаңдары классификатор ваннасының бортынан 600 мм төмен емес деңгейде орналастырылады. Классификатор ваннасына қарама-қарсы жақтан жұмыс алаңдары биіктігі 1000 мм металл қоршаулармен жабдықталады.
Классификаторларда көпірлер (алаңдар) айналу механизмдеріне қауіпсіз қызмет көрсету және спиральдарды немесе тақтайшаларды көтеру үшін қоршаулармен жабдықталады; жетек элементтері Талаптарға сәйкес қоршалады.
52. Орта және ұсақ ұсақтау ұсатқыштарына металлдың түсуінен сақтау үшін оларды қоректендіретін таспалы конвейерлер металл іздегіштермен, айырғыштармен, магнитті шайбалармен және басқа да арнайы құралдармен жабдықталады.
Жұмыс зонасынан шығарылмаған металл таспасынан және магнитті айырғыштан металлды алу тек конвейер тоқтатылғаннан және магнитті жүйе сөндірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
3-тарау. Флотация бөлімшесі, магниттік сепарация бөлімшесі, байытудың электр және радиометрикалық әдістері
1-параграф. Флотациялау бөлімшесі
53. Пайдалану алаңдарында аралық бөшкелер мен қоректендіргіштерге сұйық реагенттер мен реагенттер ерітінділерін беру сорғылар көмегімен құбырлы өткізгіштер бойымен жүргізіледі. Цианидтер мен күкіртті натрийді құрғақ күйде беруге тікелей үрдісті қоректендіру нүктесінен рұқсат етілмейді.
Аз мөлшердегі реагенттерді флотациялау бөлімшесі бойымен арнайы жабық сосудтарда тасымалдауға рұқсат етіледі.
54. Реагенттерден сынама алу механикаландырылған құралдар көмегімен іске асырылады. Реагенттерден сынаманы қолмен алған кезде жұмыскерлер тұтқасының ұзындығы 200 мм кем емес сынама алғыштарды қолданады.
55. Цианидтің пайдалану бөшкесі оқшауланған бөлмеде, жергілікті тарту желдеткішімен жабдықталған және құлыппен жабылатын реагент алаңдарында болады.
56. Цианидтің реагент өткізгіштер енуі беру нүктесінен цианид ерітіндісіне еркін қол жеткізу мүмкіншілігінен жол берілмейтіндей етіп, іске асырылады. Беру нүктелерінде реагенттер мөлшерін өлшеуге жол берілмейді.
57. Аралық чандар, реагенттердің пайдалану бөшкелері және олармен жалғанған коммуникация апаттық ыдыстармен жарақталады, онда қажет болса реагенттер толығымен құйылып алынады.
Реагент алаңдарының сарқынды сулар арнайы құбырлы өткізгішпен флотациондық бөлімшенің дренаж құрылғысын айналып өтеді.
Қышқылдарды цианидтер және ксантогенаттар, азрофлоттар, күкіртті натрий және гидросульфид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді.
Мыс, цинк және темір купоростары ерітінділерінің хлорлы цинктің және хлорлы кальцийдің күкіртті натрийдің, гидросульфид және цианид ерітінділерімен араласуына жол берілмейді, себебі бұл кезде улылығы жоғары газдардың (күкіртті сутегі және синиль қышқылы) және құбырлы өткізгіштерге кептетіліп қалуы мүмкін ерімейтін ерітінділер бөлінеді.
58. Камераларды қождау кезінде флотациялау машинасының импеллерінің блогының шпинделін бұрау бөлшектенген ағаш тұғырынан көбік айдағыш тоқтатылған кезде жүргізіледі. Қозғалтқышты қосу ағаш тұғырдан жұмыскерлерді кетіргеннен кейін ғана жүргізіледі.
59. Флотациялау машиналарын апаттық босату және шайған суды жинау үшін сорғысы бар зумпфтар (шұңқырлар) қаралады.
60. Пульпадан тікелей жұмыс істеп тұрған флотокамерадан технологиялық сынама алу көбік айдағышты міндетті түрде тоқтатқан кезде арнайы тағайындалған сынама алғышартымен жүргізіледі.
61. Пневмомеханикалық және пневматикалық флотомашиналар камераларына ауа беретін ауа үрлеуіштер дыбыс оқшаулау және шу сіңіру бойынша шараларды орындаумен бөлек ғимараттарда орналастырылады.
2-параграф. Магниттік сепарация мен байытудың электр әдістерінің бөлімшелері
62. Электрмагниттік және магниттік машиналарды эксплуатациялау кезінде магнит жүйесіне металл заттарды әкелуге жол берілмейді. Магниттік сепараторлар тоқтаған кезде магнит жүйесінің орамаларындағы кернеу сөндіріледі.
63. Құрғақ магниттік және электр магниттік сепарация кезінде аппаратура тарту желдеткіші жүйесіне қосу үшін түтікшесі бар саңылаусыз қаптамаларға салынады. Жұмыс істемейтін немесе желдеткіш сөндірілген кезде сепараторларды эксплуатациялауға жол берілмейді.
64. Атаулар мен сепараторлардың қадағалау және көсеу люктері жұмыс кезінде жабық болады. Қоректендіргіштер лотоктарынан жаңқаны және басқа да заттарды қолмен алуға жол берілмейді.
Кертікті және сепаратор таспасының жүрісінің дұрыстығын реттегенде оған бөгде заттар салуға жол берілмейді.
65. Электр сепараторлар бөлмесіне бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
66. Электр сепараторы корпусының шаң ылғал сіңіргіштігіне жол берілмейді. Корпустың және оның қаптамасындағы барлық люктердің (қадағалау тесіктері) саңылаусыздығы және тығыздалуы болмаған кезде сепараторды қосуға жол берілмейді.
67. Сепаратордың ішкі электр бөліктеріне жетуді қамтамасыз ететін есіктер сепаратордың жұмыс кезінде олардың ашылып кету мүмкіндігін жоятын электр жалғаумен жабдықталады.
Жоғары кернеу желісінен сөндірілген электр сепараторының тоқ тасымалдағыш бөлшектеріне оларды разрядтағанға дейін және индикатормен тексергенге дейін жанасуға жол берілмейді.
Электр сепараторының қаптамасында есікті ашуға және сақтандырғыштарды алмастыру, аппаратураның төменгі кернеу жағында түйіспелерді тарту сияқты жұмыстарды қоспағанда, ағымдағы жөндеу жұмыстарын екінші тұлғасыз жүргізуге жол берілмейді. Мұндай жағдайда аталған аппараттан алдын ала кернеу алынып тасталынады.
68. Электр сепаратордың машинисінің және түзету құрылғыларының операторының жұмыс орындары арнайы диэлектрлік оқшаулағыштарды пайдаланумен жабдықталады.
3-параграф. Күкіртті рудаларды байыту кезіндегі қосымша талаптар
69. Жоғары мөлшерде қопарылу қаупі немесе улы булар және газдар бөлініп шығуы мүмкін өндіріс ғимараттарына, ұсатқыштарда шаң қопарылған кезде күкіртті газ бөлінуі мүмкін тоқпақты ұсатқыштар бөлімшесіне апаттық тартпалы желдеткіш орнату қаралады.
70. Күкіртті руда шаңының қопарылуының алдын алу үшін тоқпақты ұсатқыштардың жұмыс қуысы мыналармен қамтамасыз етіледі:
1) жұмыс істеп тұрған ұсатқыштардың уату зонасына үнемі пайдаланылған бу немесе ұсақ шашыратылған су (тұман түзушілер, форсункалармен) беріп тұру;
2) ұсатқыштарда электр техникалық құрылғыларды, құбырлы өткізгіштерді, метал ауа өткізгіштерді, конвейер жақтауларын ұсақтау бөлімшесіндегі металл конструкцияларын тұйықтау тізбегімен үздіксіз қамтамасыз ету арқылы статикалық электрдің жинақталуынан сақтану.
71. Рудадағы күкірттің немесе жылытылатын ұсақтау бөлімшесінде және конвейер галереяларында (құрғақ ұсақтау кезінде) күкірт шаңының тұтану ошақтарын сөндіру үшін өрт крандары бар өртке қарсы су құбырлары, ал жылытылмайтын бөлімшелер мен галереяларда өрт сөндіргіштер орнатылады.
72. Күкіртті рудаларды орташа ұсақтау үшін ұсатқыштардың орналасуы беттің нөльдік белгісінен төмен болуына жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |