Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Өнеркәсіптік өндіріс
2007 жылғы қантар-маусым айларында Өскемен қаласында ұйымдаспаған экономикалық қызметпен айналысатын қаржыландырылмаған корпорация бөліміндегі ірі және орташа кәсіпорындар, құрамында 1-ден 50-ге дейінгі жұмыскерлері бар кәсіпорындар, қосалқы шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық құрылымдары, ұйымдаспаған экономикалық қызмет құны 115730,0 млн. теңге болатын өнім өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі (салыстырмалы бағамен) 2006 жылғы қаңтар-маусым айларындағы деңгейге қатысты 100,8%-ды, 2006 жылғы маусымға – 97,7%-ды, 2007 жылғы мамырға қатысты –108,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестиция
2007 жылғы қаңтар-маусым айларында есеп берген кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға 22050,6 млн. теңгенің инвестициясы игерілді, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 84,9%-ға артық. Инвестицияның көп бөлігі машиналара, құрал-жабдықтар, саймандар, мүліктер сатып алуға – 55,1%, сонымен қатар құрылысқа, ғимараттарды күрделі жөндеуге – 44,1% қолданылды.
Ауыл шаруашылығы
2007 жылғы 1 сәуірде Өскемен қаласында мал шаруашылығының өнімдерін өндірумен 4 ауылшаруашылық құрылымы, 30 шаруа қожалығы және мал ұстайтын 3,6 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысты. 2007 жылғы қаңтар-маусым айларында шаруашылықтың барлық санаттарында тірі салмақта 907,0 тонна мал еті мен құс еті союға өткізілді, бұл 2006 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға артық. 3720,0 тонна сиыр сүті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейдің 86,3%), 1437,0 мың дана жұмыртқа (98,2%), 8,9 тонна қой жүні (104,7%) өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімін негізінен уй шаруашылығы өндіруде. Олар еттің 75,7%-ын, сүттің 88,2 %-ын, жұмыртқаның 97,7%-ын, жүннің 46,1%-ын өндірді.
2007 жылғы қаңтар-маусым айларында барлық санатты шаруашылықтарда әр 100 бас аналықты есепке алғанда ауыл шаруашылық малдарынан 79 бас бұзау (2006 жылғы осы кезеңінің деңгейіне қатысты 102,6%), 486 бас торай (80,2%), 91 бас қозы, лақ (96,8%), 86 бас құлын (119,4%) алынды. 2007 жылғы қаңтар-маусым айларында барлығы 3112 бас бұзау (2006 жылғы осы кезеңінің деңгейіне қатысты 87,5%), 5081 бас торай (81,5%), 2848 бас қозы, лақ (106,9%), 195 бас құлын (93,3%) алынды.
2007 жылғы қаңтар-маусым айларында барлық санатты шаруашылықтарда 54 бас шошқа, 27 бас қой және ешкі, 5 бас жылқы, 12 бас мүйізді ірі қара өлді.
Көлік
2007 жылғы қаңтар-маусым айларында қаланың көлік кәсіпорындары 1109,0 мың тонна жүк тасыды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жүк тасымалының көлемі 46,7-ға артық болды. 2007 жылғы қаңтар-маусым айларында барлық бағыттағы жүк айналымы 65,3 млн тонна-шақырым болды.
2007 жылғы қаңтар-маусымда Өскемен қаласының көлік кәсіпорындары 31686,3 мың жолаушы тасыды., бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,0%-ға артық. 2006 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда жолаушы тасымалының көлемі 3,5%-ға артық болып, 317,7 млн. жолаушы шақырымды құрады.
Сауда және басқа қызмет көрсету
Жедел деректерге қарағанда 2007 жылғы қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда тауар айналымы барлық арна түрлері бойынша (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда) 42245,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде жеке тұлғалар 23788,8 млн. теңгенің тұтыну тауарларын (тауар айналымының жалпы көлемінің 56,3%), ресми тіркелген кәсіпорындар 18456,9 млн. теңгенің (43,7%) тауарын сатты.
Қаланың көтерме сауда кәсіпорындары 2007 жылғы қаңтар-маусым айларында 92838,5 млн. теңгенің тауарын сатты. Сыйақы немесе келісімшарт негізінде (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме сауда тауар айналымы 131,3 млн. теңгені құрады.
2007 жылғы қаңтар-маусым айларында көрсетілген сауда қызметінің көлемі 1042,8 млн. теңге болды, оның көбірек үлесі қоғамдық тамақтану қызметтеріне тиді.
Бағалар мен тарифтер индексі
2007 жылғы маусымда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтер бағасының жиынтық индексі 2006 жылғы маусымға қатысты 107,5%-ды, 2007 жылғы мамырға қатысты 100,0%-ды құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 2007 жылғы маусымда облыс бойынша 2006 жылғы маусымға қатысты 5,7%-ға өсті, ал 2007 жылғы мамырға қатысты бұрынғы деңгейде қалды.
Облыс бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобының баға индексі 2007 жылы маусымда 2006 жылғы маусымға қатысты 106,8%-ды, 2007 жылғы мамырға қатысты 100,1%-ды құрады.
Облыс бойынша тұрғындар үшін қызмет көрсетудің баға және тарифтер индексі 2007 жылы маусым айында 2006 жылғы маусымға қатысты 111,3-% ды, 2007 жылғы мамырға қатысты 100,0% -ды құрады.
Еңбек нарығы
Филиалдарды қосқанда ірі және орташа кәсіпорындарда , сондай-ақ жұмысшы санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктердегі жұмысшылардың тізімдік саны Өскемен қаласы бойынша 2007 жылғы қаңтар-мамыр айларында орта есеппен 111125 адам болды. 2007 жылғы 1 шілдеде Өскемен қалалық еңбекпен қамту қызметіне 2735 адам өтініш жасапты (2006 жылғы сәйкес кезеңге қатысты 97,9%), 2335 адам жұмысқа орналасты (98,1%).
Өскемен қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 853 адам қатысты. Кәсіптік оқуға 364 адам жіберілді.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылғы 1 шілдеде Өскемен қаласында жұмыссыздар саны 1957 адам болды (2006 жылғы 1 шілдеде – 2380 адам).
Еңбекақы төлеу
2007 жылғы қаңтар-мамырда жұмысшылардың жалпы еңбекақы қоры (ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ санына қарамастан филиалдары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қосқанда) орта есеппен Өскемен қаласы бойынша 21436,8 млн. теңге, немесе облыс бойынша көрсеткіштің 43,5%-ы. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда еңбекақы қоры қала бойынша 33,9%-ға өсті. Өндіріс үлесіне еңбек ақының жалпы қорының 35,0% тиді.
2007 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласында орташа атаулы еңбекақы орта есеппен 44565 теңге, яғни 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 27,4%-ға артық болды.
Демографиялық жадай
2007 жылғы 1 сәуірде жедел деректер бойынша Өскемен қаласында халық саны 298,5 мың. адам болды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 0,4 мың адамға азайып, 99,8%-ды құрады. Соның ішінде қала халқы – 287,3 мың адам (99,7%), ауыл халқы -11,2 мың адам (100,9%) болды.
2006 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда туылғандардың саны 10,5%-ға артып, 1886 адам болды. Одан басқа 22 сәби өлі туылды.
2007 жылғы қаңтар-мамырда 1906 адам қайтыс болды, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,8%-ға кем.
Жедел деректер бойынша 2007 жылғы қаңтар-мамырда жедел Өскемен қаласының көші –қон үрдісіне 3318 адам қатысты, оның ішінде келгендер саны – 1612 адам, кеткендер саны – 1706 адам болды.
Көші-қон айырбасының нәтижесінде 2007 жылғы қаңтар-мамырда келгендерден гөрі кеткендер саны 94 адамға көп (42,0%).
2007 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласында 853 неке және 645 ажырасу тіркелді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тіркелген неке саны 8,5%-ға, ажырасу 9,3%-ға артты.
Қалалы жерде некеге отыру саны 7,3%-ға, ажырасу 9,2%-ға артты, ауылды жерде 19 неке, 4 ажырасу тіркелді.
Халықтың ауруға шалдығуы
Өскемен қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мәліметтері бойынша 2007 жылғы қаңтар-мамыр айларында 2006 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда тұмаумен ауыру – (62,0 есе), “А” гепатитімен – (3,7 есе), бруцеллезбен – (2,5 есе), жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпалы аурулары – (12,3%-ға) артты. Ротовирусты энтеритпен ауыру (90,9%-ға), қызамықпен (41,3%-ға), сальмонеллезбен (36,4%-ға), педикулезбен ауыру (4,2%-ға) біршама кеміді.
Жұқпалы аурулардың көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. 2007 жылғы қаңтар-мамыр айларында қала бойынша барлық аурулар санының 100,0% - ротовирусты энтеритпен, 91,9% - қызамықпен, 60,0% - жоғарғы тыныс жолдарының өткір жұқпалы ауруларымен, 49,9% - тұмаумен, 49,5% - бактериялды ішек ауруларымен (нақтыланбаған), 47,9% - өткір ішек ауруларымен, 42,9% - педикулезбен тіркелді.
Қылмыскерлік
2007 жылғы қаңтар-мамыр айларында Өскемен қаласының құқық қорғау органдарында 2790 қылмыстық іс тіркелді, бұл көрсеткіш 2006 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,3%-ға артық. 2006 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Үлбі, және Октябрь милиция бекеттерінде қылмыс саны 8,9 және 1,6%-ға өсті. Сол жағалау милиция бекетінде қылмыс саны 17,3%-ға төмендеді.
2007 жылғы қаңтар-мамырда құқық бұзу негізінде қылмыстың көп үлес салмағын қылмыстық полиция (94,8%), 2,9% - экономика аймағы, 2,3% - басқа да қызметтер алды.
Достарыңызбен бөлісу: |