Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы



Дата27.02.2016
өлшемі90.95 Kb.
#28852


Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11870 болып тіркелді

      «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»


      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________Е. Досаев
      2015 жылғы 3 шілде

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму
министірінің    
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 419 бұйрығымен   
бекітілді     

Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде


өңдеуге рұқсат беру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.


      2. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат берудi экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      3. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - өтiнiш берушi) рұқсат алудың субъектiлерi болып табылады.
      4. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартта осы Ережеде белгiленгеннен өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2. Рұқсат беру тәртiбi



      5. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.
      6. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат алу үшін өтiнiш берушi немесе тиісті өкілеттікті жазбаша растауы бар оның өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат алуға өтiнiш;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат алуға арналған мәлiметтер;
      3) өнiмдi өңдеуге арналған сыртқы шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;
      4) «Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі. Егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетілғен құжатты ұсыну талап етілмейді.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
      7. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсатты беру үшін уәкiлеттi органға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табысталады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.
      8. Уәкiлеттi орган рұқсатты беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
      9. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсатты не одан беруден уәжді бас тартуды уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттар келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Егер уәкiлеттi орган осы Қағидалармен бекітілген мерзімдерде өтініш берушіге рұқсатты не оны беруден уәжді түрде бас тартпаған жағдайда, оны беру мерзімдері өткен күннен бастап рұқсат берілді деп есептеледі.
      10. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беруден мынадай жағдайларда, егер:
      1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынса;
      2) рұқсат алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болса;
      3) рұқсат беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысын тоқтатса немесе тоқтата тұрса;
      4) егер межелі елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау бойынша міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары қабылданса бас тартылады.
      11. Егер рұқсат беруден бас тарту өтiнiш берушiге негізсіз ұсынылса, ол «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiпте бұл әрекеттерге шағымдануға құқылы.
      12. Рұқсат өтiнiш берушiге екi жыл мерзiмге берiледi.
      Рұқсаттың қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімінен аспау керек.
      Рұқсат келiсiмшартқа (шартқа) енгiзiлген өнімдер атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің бiр атауына ресiмделедi.
      Берілген рұқсатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      13. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Өнiмдi Қазақстан Республикасының


аумағынан тыс жерде өңдеуге   
рұқсат беру қағидаларына   
1-қосымша          

Нысан


Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат

1. РҰҚСАТ №

2. Өтiнiш берушi, заңды (iс жүзiндегi) мекенжайы, телефоны:

3. Өңдеушi, заңды (iс жүзiндегi) мекенжайы, телефоны:

4. Баратын елi:

5. Өңдеу сипаты:

6. Мемлекеттік кірістер органы:

7. Өнiмнiң атауы:

8. Өнiмнiң
сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы бойынша коды:

9. Өнiмнiң бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

10. Өлшем бiрлiгi:

11. Саны:

12. Келісімшарт валютасы:

13. Жалпы құны (мың):

14. Өңдеу өнiмдерiнiң атауы:

15. Өнiмнiң сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы бойынша коды:
 

16. Өнiмнiң бақылау
тiзiмдерi
бойынша
коды:

17. Өлшем бiрлiгi:

18. Саны:

19. Келісімшарт валютасы:

20. Жалпы құны (мың):

21. Рұқсат сұрау үшiн негiз (өңдеу шартының (келiсiмшартының) нөмiрi және күнi):

22. Өтiнiш берушiден _____________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Лауазымы


23. Уәкiлеттi орган _________________________________________________
                              (уәкiлеттi органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
                         (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)
Берілген күні: _____ жылғы «___» _________

24. Қолданылу мерзімі: ____ жылғы «___» _________

25. Рұқсаттың ерекше шарттары:

Өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде өңдеуге   
рұқсат беру қағидаларына   
2-қосымша          

Нысан


Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге
рұқсат беруге өтініш

1. __________________________________________________________________
                    (уәкiлеттi органның толық атауы)

2. __________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнің толық атауы, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
   сәйкестендіру нөмірі, заңды (iс жүзiндегi) мекенжайы, телефоны)

3. Өңдеушi, оның заңды (iс жүзiндегi) мекенжайы, телефоны:

4. Баратын елi:

5. Өңдеу сипаты:

6. Мемлекеттік кірістер органы:

7. Өнiмнiң атауы:

8. Өнiмнiң
сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы бойынша коды:

9. Өнiмнiң бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

10. Өлшем бiрлiгi:

11. Саны:

12. Келісімшарт валютасы:

13. Жалпы құны (мың):

14. Өңдеу өнiмдерiнiң атауы:

15. Өнiмнiң сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы бойынша коды:

16. Өнiмнiң бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

17. Өлшем бiрлiгi:

18. Саны:

19. Келісімшарт валютасы:

20. Жалпы құны (мың):

21. Рұқсат сұрау үшiн негiз (өңдеу шартының (келiсiмшартының) нөмiрi және күнi):

22. Осымен:
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

23. Басшы ________ __________________________________________________
           (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20___ жылғы «___» _______________


24. Уәкілетті орган _________________________________________________
                            (уәкілетті органның толық атауы)
Өтініш қарауға қабылданды
20___жылғы «____» _________________

25. Рұқсаттың ерекше шарттары:

Өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде өңдеуге   
рұқсат беру қағидаларына   
3-қосымша          

Нысан


Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде
өңдеуге рұқсат алуға арналған мәлiметтер *

      1. заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта


тiркеу) № және күні:
      ______________________________________________________________;
      2. жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың №, күні,
берген мемлекеттік органның атауы: _________________________________;
      3. дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде
мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктің № және берілген күні:
__________________________________________;
      4. Егер қызмет мәнi iшкi нарықта өндiру, сату (өткiзу) немесе
пайдалану лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын өнiм болып табылса,
қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия:
      1) лицензияның атауы және қызметтiң түрi (кіші түрінің) толық
атауы:____________;
      2) лицензияның нөмiрi: _______________________________________;
      3) лицензияны беру күнi (жылы/күнi/айы): _____________________;
      4) лицензия берген мемлекеттiк орган: ________________________.
      * шетелдiк, азаматтығы жоқ адам, шетелдiк заңды тұлға болып
табылатын өтініш беруші уәкілетті органға заңды тұлға үшiн - өтініш
беруші заңды тұлғасын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы
құжаттың; жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың; жеке
кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк
тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерің
ұсынады. Көрсетілген құжаттар онда болмаған кезде өтініш беруші
туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын өзге да құжаттарды ұсынады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет