«Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Жаңа
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №57, 812-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларында:
2, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозитарий — жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.»;
«6. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен Уәкілетті ұйымға «PDF (Portable Document Format» электрондық форматында аудиторлық есепті де (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесін) береді. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар аудиторлық есепті шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша ұсынылады.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Уәкілетті ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасығыштарда) немесе депозитарийдің веб-сайтында алуға болатын бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қаржылық есептілікті дайындайды. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде ұйымның қаржылық есептілігі, оны бекіту туралы шешімі және аудиторлық есебі, сондай-ақ оның сәйкестендіру көрсеткіштері бар бір мұрағат файлы (бұдан әрі - электрондық есеп) қалыптастырылады, оған осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес ұлттық куәландырушы орталық берген ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылуы қажет;»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Уәкілетті ұйым ұсынылған аудиторлық есептің және қаржылық есептіліктің мазмұнын қарастырмайды.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20__ жылғы «__» _____
№ 1173 қаулысына
қосымша
Қаржылық есептілікті
депозитарийге беру
қағидаларына қосымша
Қаржылық есептілік депозитарийі ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштері
Р/с
№
|
Көрсеткіш
|
Түсіндірме
|
1
|
БСН
|
Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
|
2
|
Тіркеу нөмірі
|
Ұйымдардың мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) кезінде берілген бірегейлендірілген коды
|
3
|
Мемлекеттік тіркелген күні
|
Ұйымның мемлекеттік (есепті) тіркелген (қайта тіркелген) күні
|
4
|
Атау
|
Ұйымның толық атауы
|
5
|
Орналасқан жері
|
Ұйымның заңды мекенжайы (пошталық индексі, облыс, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің, пәтердің, телефонның, факстың нөмірі, веб-сайты, е-mail)
|
6
|
Басшы (жоғары лауазымды тұлға)
|
Ұйымның бірінші басшысының (жоғары лауазымды тұлғаның) тегі, аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
|
7
|
Бухгалтер
|
Ұйымның бас бухгалтерінің тегі, аты-жөні және ЖСН, сондай-ақ кәсіби бухгалтердің сертификаты туралы мәліметтер (кім берді, берілу күні, сертификаттың нөмірі), ол мүшесі болып табылатын бухгалтердің кәсіби ұйымының атауы (мүшелік билеттің немесе бухгалтердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі)
|
Достарыңызбен бөлісу: |