Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата30.06.2016
өлшемі107.04 Kb.
#167290
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2012 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі.

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді:




  • бір мемлекеттік мекеме – орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ) 19 бөлімшесімен;

- мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
● Қалалық мәдениет және демалыс саябағы;

- үш мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын:

● Жастар мәдениет үйі;

● Мәдени-ағарту бірлестігі бөлімшелерімен.



  • «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы

Өзінің жұмысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен оған қарасты мекемелер мен кәсіпорындар Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы” Заңын және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

Қаланың мәдениет мекемелерінің негізгі жұмысы халықты мәдени-ағарту қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызуға, халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындауға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

2012 жылы мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары жалғасын тапты. Мәдениет нысандарын қаржыландыруға бюджеттік қаржыландырудан 370843,0 мың теңге бөлінді.

Жүргізушілерге сахналық костюмдер, «Газель» автокөлігі, Мәдени-ағарту бірлестігіне – фотоаппарат, баян, спорттық құралдар, Қазақстан халықтарының Балалар Кіші Ассамблеясының қатысушыларына ұлттық костюмдер және «Газель» автокөлігі. Қалалық үрмелі аспаптар оркестріне соқпалы құрылғы, «Деркөл» мәдени-демалыс орталығына ноутбук «Паз» автокөлігіне қозғалтқыш алынды.

Мәдени ағарту бірлестігінің «Арай» балалар аула клубынің базасында Қазақстан халықтарының Балалар Кіші Ассамблеясы құрылып, 2012 жылдың 6 маусымында тұсаукесерін өткізді.

Орал ОКЖ кітапханаларына 8587 дана әдебиеттер алынды, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны – 5939. 2012 жылдың 2 жартыжылдығына және

Мәдениет мекемелерінде Президент пен Үкіметтің нашақорлық пен есірткі бизнесі, ЖҚТБ-дан (СПИД) сақтандыру бойынша қаулысын, “Жастар саясаты” мен “Мәдени мұра”, қылмыспен күрес бағдарламаларын, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бағытында үнемі жоспарланған жұмыстар жүргізіліп отырады.


Қаланың барлық мәдени мекемелері мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік және есте қаларлық даталарға арналған қалалық мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, өткізуде белсенділік танытты.

«Жаңа жыл», «Наурыз», «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Мектеп бітіруші түлектер кеші», «Астана күні», «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні», «Қала күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» сияқты мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерейтойлар мен даталы күндерге арналған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізуде белсенді жұмыстар атқарылды.

«Жаңа жыл» мейрамын мерекелеуде дәстүрлі шаралармен қатар 21 желтоқсанда Абай алаңында театрландырылған концерттік бағдарлама болып, қаланың Бас шыршасының шамы жағылды. 31 желтоқсанда қаланың шағынаудандары мен селолық округтерінде концерттік бағдарламалар өтіп, отшашулар атылды.

Жас таланттарды анықтау мақсатында да біраз шаралар атқарылуда. Осыған орай сәуір айында қалалық балалар шығармашылығының «Балдәурен» фестивалі өткізілді.

2012 жылы Қала күні мейрамы ерекше ұйымдастырылы, іс-шаралар барысында қала тұрғынарымен қала қонақтарына әр-түрлі жанрдағы театрландырылған бағдарламалар көрсетілді.

28 қыркүйек күні Н.Островский атындағы театрда Қала күні мерекесі аясында «Сән кеші» өткізілді. Іс-шараға қаланың сән үйлері, ательелер мен сән театрлары қатысып, өз туындыларын ұсынды. Шара соңында қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.


29 қыркүйек күні мереке аясында Н.Савичев көшесі бойында, Құрманғазы көшесі бойында және Құрманғазы көшесімен Ж.Молдағалиев көшелері қиылысында 3 сквер, Еуразия даңғылы 71 мекенжайымен 5 шағын ауданда 2 балалар алаңқайының салтанатты ашылуы өті. Қала күнің өткізу барысында сонымен қатар Достық-Дружба даңғылы бойында ұлттық мәдени орталықтар орналасып, өз ұлтының асханасы мен өнерін ұсынды. Д.Нүрпейсова көшесі бойында «Гүлдер мейрамы» мен тауарлар көрмесі өткізілді. Орталық алаңда ротонданың салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне Ресей Федерациясының көршілес қалалары Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград және Ақтау, Атырау қалаларынан қонақтар келді. Шара Абай алаңда театрландырылған көрініспен жалғасты жас жұбайлардың некелері

қиылып, концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарламада Атырау, Ақтау, Орынбор, Самара қалаларынан келген шығармашылық ұжымдар мен әншілер өнер көрсетті.

Кешкілік бағдарлама «Феерия танца» флеш-мобымен басталды. Қалалық үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама көрсетілді. ҚР Мәдениет қайраткерлері С.Жұмағалиев пен С.Ибрагимов және «Кешью» тобы өнер көрсетіп концерттік бағдарламаның соңы отшашуға ұласты.

30 қыркүйек күні қала алаңдарында Зеленов, Бөрлі, Тасқала, Теректі аудандарының Қала күніне орай арнайы концерттік бағдарламалары және Ж.Молдағалиев скверінде Қала күні аясындағы жас ақындар мүшайрасы өткізілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығы және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні» мемлекеттік мерекелері ерекше аталып өтті. Сонымен қатар қаламызда алғашқы рет «Қазақ киносы» күндері өткізілді (Дни «Казахфильма»). Іс-шара барысында облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың және «Қазқфильм» киностудиясының әртістерінің қатысуымен «Жау жүрек мың бала» киносының тұсау кесері өтті.

«Жаңа жыл» мейрамын мерекелеуде дәстүрлі шаралармен қатар 21 желтоқсанда Абай алаңында театрландырылған концерттік бағдарлама болып, қаланың Бас шыршасының шамы жағылды. 31 желтоқсанда қаланың шағынаудандары мен селолық округтерінде концерттік бағдарламалар өтіп, отшашулар атылды.

Жас таланттарды анықтау мақсатында да біраз шаралар атқарылуда. Осыған орай сәуір айында қалалық балалар шығармашылығының «Балдәурен» фестивалі өткізілді.

Мәдени-ағарту бірлестігі құрамына 15 балалар аула клубы, «Ардагер» ардагерлер клубы, “Жас ұрпақ” жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі, Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі, 5515 әскери бөлім құрамында жұмыс жасайтын Халықтық мәдениет университеті кіреді.

15 жылдан бері жұмысын жүргізіп келе жатырған 5515 әскери базасы құрамындағы Халықтық мәдениет университеті өзінің жұмысын тиімді жалғастыруда. 2012 жылғы 22-24 тамыз аралығында Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімшесінде тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыстары бойынша рота командирлерінің жиынына Халықтық мәдениет университетінің жетекшісі К.Е.Беляков іс сапарға жіберілді.

Мәдени-ағарту бірлестігі филиалдарында әр түрлі бағыттағы көркемөнерпаздар үйірмелері, клубтық бірлестіктер, спорттық секциялар қызығушылықтары бойынша 2282-ден астам адам айналысатын жалпы 90 клубтық құрылым жұмыс жасайды.

1 шілдеден бастап 4 жас пен 16 жас аралығындағы 3000 баланы қамтитын 17 жазғы алаңқайлар жұмыс істеуде. Алаңқайларда арнайы мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, әртүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылы қалалық спорт бөлімімен бірлесіп аула клубтары арасында спорттың бес түрінен IV қалалық спартакияда өткізілмек.

Мәдени – ағарту бірлестігі барлық мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік және есте қаларлық даталарға кәсіби деңгейде белсене қатысып отырады. Мәдени – ағарту бірлестігі филиалдарында 12 250 іс-шара өткізіліп, оған 141 420-дан астам көрермен қатысты.

Жастар мәдениет үйі ұжымы мәдени-көпшілік және ағарту жұмыстарында үлкен белсенділік танытып келеді. Жастар мәдениет үйі құрамында орыс халық аспаптар оркестрі, әуенді аспаптар ансамблі, скрипкашылар ансамблі, қалалық «Оралым» фольклорлық ансамблі, 18 ақылы және 8 ақысыз үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді. Соның ішінде: терме және баян, домбыра, “Әуен”, «Айна» би студиясы, «Достық» вокалды-хор студиясы, эстрадалық цирк студиясы, мәнерлеп оқу студиясы бар. Бұл үйірмелерде 500-дей адам айналысады. Жастар мәдениет үйінің құрамында қалалық көрме залы бар. Көрме залында жыл бойына 16 көрме жұмысы мен 8 ірі шара өтіп, оған 20000 астам адам қатысты. 2012 жылы Жастар мәдениет үйінде 371 іс-шара өткізіліп, оған 48925-тен астам көрермен қатысты.

2012 жылғы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік және халықтық «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», “Наурыз” мейрамы, «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Қала күні-2012» мерекесі аясында облыс аудандары өнерпаздарының мерекелік концерті, кәсіби мерекелерге арналған түрлі шаралар, акциялар өткізілді. Барлығы 90 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 70 000-нан астам адам қатысты. Жазғы маусымның ашылуынан бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағында 730 000 астам демалушылар болды.

2012 жылдың жазғы маусым айларының сенбі, жексенбі күндері саябақ аумағында Қалалық үрмелі аспаптар оркестрымен концерттік қойылымдар қойылып дәстүрге айналды.

Қыс маусымында саябақ аумағында шаңғы жолы басылып, мұз айдыны мен қардан жасалған қырат жасақталды және әрбір бейсенбі күні 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тегін шаңғы және коньки беру нүктесі жұмыс істейді.

2012 жылы саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары әрі қарай жалғастырылды. Саябақ аумағында 85 ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтсақ: шынар түсті үйіңкі – 21 түп, Шаған - 24 түп, ақ қайың - 26 түп, қара ағаш – 26 түп, қарағай – 6 түп, емен – 2 түп. Күнделікті саябақ аумағын тазалаумен қатар, санитарлық тазалау айлығында 10 ірі сенбілік ұйымдастырылды.

2011 жылғы қараша айынан «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы МКҚК өз жұмысын бастады. Аталған бөлімше «Деркөл» МҮ және Деркөл ауылында орналасқан жаңа мәдениет саябағы негізінде құрылды. МКҚК құрамында қалалық үрмелі оркестр, «Сударушка» вокалды тобы, «Калинка» ансамблі, 4 үйірме қызмет жасайды. 2012 жылы 126 шара өткізіп, оған 5310 көрермен қатысқан.

2012 жылы «Деркөл мәдени демалыс орталығы» МКҚК ұжымы 3 рет Ақжайық шипажай орталығында гастрольдік концерттер ұйымдастырды.

Сонымен қатар Деркөл кенттік округіндегі жастарға мәдени қызмет көрсету мақсатында әр жұманың сенбі күні сағат 19.00 -22.00 аралығында би кештері ұйымдастырылады.

Қалада орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрамына кіретін 19 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасайды. Олардың құрамында Горький атындағы қалалық кітапхана, Пушкин атындағы балалар кітапханасы, 15 қалалық кітапхана филиалдары, 2 балалар кітапханасы бар. Халықты ақпараттармен сапалы қамтамасыз ету мақсатында кітапханада 2012 жылы газеттер мен журналдарға жазылу жүргізілді.

Есеп беру мерзімі ішінде 40566 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіп, 1016468 дана кітап берілімін жасады. Әр түрлі тақырыптарда 787 көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 835 кітап көрмесі мен тақырыптық сөрелер жасақталып, 20942 адам қамтылды.

ОКЖ-де қызығушылықтары бойынша 21 клуб жұмыс жасап, оқырмандарды кең көлемде қамтып отыр.

Оқырманға кітапты барынша жақындату мақсатында ОКЖ-де 13 әдебиетті беру орындары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда.

Кітапханалық процесстерді автоматтандыру жұмыстары жалғасын табуда. 1 жартыжылдықта ғаламтор жүйесіне 2 кітапхана филиалы қосылды.

Кітапхананың жұмысын насихаттау ісі БАҚ арқылы жүргізіледі. Тұрақты түрде «Календарь знаменательных и памятных дат» атты радиобағдарламасы шығарылып, жергілікті баспасөзге мақалалар жазылып тұрады. Жалпы газет беттерінде 50 мақала жарияланып, телеарналар арқылы 10 хабар көрсетілімі және радио тындармандарына арналған 14 бағдарлама өткізілді.

2012 жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Атап айтсақ, 2012 жылы 18 сәуір күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның кіші залында Орал қаласының әкімдігі Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Бүкілдүниежүзілік кітап күні қарасаңында алғашқы рет Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әли шығармаларын оқырмандар жадында жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Қадыр оқулары» байқауы өтті. 12-22 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қалалық тіл онкүндігі өтті. Онкүндік аясында 13 қазан күні Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиев атындағы шағын бақта Қазақстан Республикасының тіл саясаты, тілді құрметтеу мақсатында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің бірігіп ұйымдастыруымен Орал қаласы тарихында қазақ мектептерінің ашылуына бастау болған ақын, қоғам қайраткері С.Сейфулиннің туғанына 118 жыл толуына орай «Сәкен оқулары» байқауы оздырылды 15-қазан күні №1 жалпы білім беретін орта мектептің акт залында Қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы М.Шахановтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Халық мүддесіне жаралған қаламгер» атты әдеби-сазды кеш, 17-қазан күні Орал гуманитарлық колледжінің акт залында Оралхан Бөкейдің шығармашылығы бойынша «Алтайдың асыл жыршысы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» романы желісі бойынша жүргізілді. 19-қазан күні Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау оздырылды. 22-қазан күні Жастар мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қалалық тіл онкүндігін қорытындылау кеші өтті. Бұл кеште «Бүлдіршіндерге қазақ тілін оқыту әдістемесі» байқауының қортындысы да жарияланды.

Сонымен қатар үнемі А.Бақтыгереева, Қ.Жұмағалиев, Б.Жұмағалиев Ж.Ақбай секілді өлкеміздің ірі тұлғалардың балалармен кездесу сағаттары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар шешімін таппай жатырған мәселелер де бар.
Қаланың жаңа шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдерге және әлеуметтік топтарға мәдени-көпшілік шаралар мен ақпарат жұмыстарын ұйымдастыру жеткіліксіз.

Қала тұрғындарын сапалы және кең көлемді мәдени - көпшілік жұмыстармен қамтамасыз ету үшін, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне шығармашылық ұжымдардың жұмысын жандандыру үшін, аппаратуралар мен көліктер және шығармашылық ұжымдарды қаржыландыру қажет.


Мәдениет мекемелерінің одан әрі тиімді жұмыстар жүргізуі үшін ет комбинаты, 4,6,9 шағын аудандарда, Желаев, Серебряково, Круглоозерное, Зачаганск кенттік округтерінде кітапханалар, мәдениет үйлері, балалар аула клубтары жүйесін кеңейту және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет.



Материалдық-техникалық базаны нығайту:

- кітапханаларды компьютерлермен жабдықтап, ғаламтор жүйесіне қосу;

- кітапханалық арнайы жиһаздар алу (сөрелер, кітап беру кафедралары, картотека, көрме сөрелері, т.б.);

- музыкалық және дыбыс күшейткіш аппаратуралар алу; қалалық үрмелі аспаптар оркестріне аспаптар алу;

- кітапханалар мен аула клубтарын ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу;

- қаланың мәдени ұжымдарына автокөлік алу (орыс халық аспаптары оркестріне, әуенді аспаптар ансамбліне, скрипкашылар ансамбліне);


2013 жылға жоспарланған:

- Горький атындағы қалалық кітапхананы күрделі жөндеуден өткізу;

- Круглоозерное ауылындағы жаңа саябақты абаттандыру;

- Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені арқылы арқылы өтетін көпір жұмысын аяқтау.



- «Зенит» зауытының ветерандарының хорына, «Сударушка» «Әжелер сәлемі» ансамбльдеріне штаттық бірлітерінің бөлу арқылы «Халықтық» атағына қол жеткізу.
Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің бастығы С.Дүйсентегі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет