Орал қаласының аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі саудасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата08.07.2016
өлшемі24.93 Kb.
#184543
ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қаулысының жобасы
2012 ж. _________________ №________

Орал қаласының аумағында маусымдық

бау-бақша өнімдерінің көшпелі

саудасы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын бау-бақша өнімдерімен молықтыру бойынша шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2011 жылғы 17 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының №01-7.4 хаттамасының 11.3-тармағын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Орал қаласы аумағында маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі саудасы өткізілсін.

  2. Маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі саудасын өткізу орны болып «Ел-ырысы» коммуналдық көтерме-бөлшек сауда базары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағы белгіленсін.

  3. Маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі саудасын өткізу ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  4. «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі», «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» және «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.

  5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Құттұмұрат-ұлына жүктелсін.


Қала әкімінің

міндетін атқарушы Ғ. Орынғалиев
Орал қаласы әкімдігінің

2012 жылғы ______

№_____ қаулысына

қосымша



Маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі саудасын өткізуді

ұйымдастыру ережесі
1. Көшпелі сауданың мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, саяжайшылардың және жеке қосалқы шаруашылық иелерінің бау-бақша өнімдерін делдалдарсыз тікелей сатуына жағдай жасау.

  1. Көшпелі сауданы өткізу мерзімі – 1 шілдеден 1 қарашаға дейін.

  2. Көшпелі сауданы регламенті – күн сайын сағат 900-ден 2000-ге дейін.

4. Көшпелі саудада сауда орындары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өтінімдері негізінде беріледі.

5. Көшпелі сауда өткізілетін жерде бау-бақша өнімдерін сату тек арнайы орнатылған сауда шатырларында ғана рұқсат етіледі.

6. Көшпелі саудаға қатысушылар автокөліктерден өнімдерді түсіріп алуды таңғы сағат 800-ден бастап жүргізеді. Содан кейін автокөліктер «Ел-ырысы» базары аумағынан шығарылуы қажет.

7. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы қажет нақты және дұрыс ресімделген бағалықтар болуы керек.

8. Рұқсат етілген өлшеуіш құралдармен сауда жасау және тексеруден өткені туралы тиісті орындардан рұқсат құжаты болуы.

9. Сатушының медициналық байқаудан өткендігін анықтайтын жеке медициналық кітапшасы және арнайы киім үлгісі (алжапқыш, орамал т.б.) болуы қажет.



10. Әрбір сауда орнында заңды және жеке тұлғаның атауы, заңды мекенжайы туралы мәлімет және заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімінің көшірмесі, саяжайшыларға мүшелік кітапшасы болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет