Ордабасы ауданының 2012-2014 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті



Дата23.02.2016
өлшемі387 Kb.
#4251
Ордабасы ауданының 2012-2014 жылдарға арналған

Азаматтық бюджеті
Қазақстан Републикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес бюджеттер болып табылады: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңыздағы қала).

Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңыздағы қала) жергілікті бюджеттерге жатады.



2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2012-2016 жылдарға арналған Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес дайындалған және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 15 желтоқсандағы сессиясының № 51/1 шешімімен (2012 жылғы 10 қаңтардағы №52/1, 2012 жылғы 12 наурыздағы №2/5, 2012 жылғы 16 сәуірдегі №4/1, 14 маусым №5/2, 2012 жылғы 28 тамыздағы №7/1 өзгерістермен) бекітілді.

1. Бюджет үдерісінің схемасы

Бюджетті әзірлеуді ауданда стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасын 5-жылдық кезеңге әзірлеу.

  2. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына беру.

  3. Ағымдағы қаржылық жылғы 1 қарашадан кешіктірмей мәслихатқа аудан бюджетінің жобасын енгізеді, бір мезгілде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын, жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

  4. Мәслихат ауданның бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

Бюджеттің орындалуын аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі бюджеттің орындалуы, бухгалтерлік есептерін, бюджеттік есептерін жүргізу саласында қызмет ететін бюджеттің орындалуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

  1. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша түсімдер мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту.

  2. Қаржылық жыл бойы аудандық бюджетті орындау бойынша шараларды өткізу.

  3. Бюджеттік мониторинг және бюджет қаражаттарын тиімді бағалауды өткізу, бюджетті орындау туралы ай сайынғы есептер дайындау.

Аудан мәслихатына ағымдағы жылғы 1 сәуіріне дейін есептік қаржылық жыл үшін аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсыну және оның бекітілуі.

2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері



Көрсеткіштердің атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Жалпы аумақтық өнімі ЖАӨ млн.теңге

28228.6

24409.3

29017.8

31020.1

2.

Тұрғындардың бір адамға ЖАӨ, мың.теңге

255.2

216.2

242.4

242.2

3.

Тұрғындардың саны, мың адам

110.6

112.9

119.7

128.1

4.

Орташа күнкөріс деңгейінің мөлшері, теңге

12530

13407

14345

15350

5.

Жұмыссыздық деңгейі, %

4.8

4.6

4.4

4.2

6.

Айлық есептік көрсеткіш (АӨК), теңге

1512

1618

1731

1852

7.

Ең төменгі жалақы, теңге

15999

17439







8.

Орташа айлық жалақы, теңге

54542

56342







9.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері, теңге

1467

1569

1679

1797

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақшалай қор, түсімдер есебінен қалыптасады, ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз етуге арналған.



Ордабасы ауданының жергілікті мемлекеттік органдарының тізімі

р/с

Жергілікті мемлекеттік органдардың атауы

Ведомствоаралық мекемелер

1

Аудан әкімінің аппараты

-

2

Экономика және қаржы бөлімі

-

3

Білім бөлімі

Ауданның 66 мектебі, «Өнер мектебі» МКҚК, « Оқушылар үйі» МКҚК, «Қараспан лагері» МКҚК

4

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

«Жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесі, «Балаларға және 18 жастан жоғарыларға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесі

5

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

«Мәдениет үйі» МКҚК, «Акво-дендросаябақ» бөлімі, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

6

Ішкі саясат бөлімі

«Жастар орталығы» МКМ, «Ордабасы оттары газеті редакциясы» ЖШС

7

Ветеринария бөлімі

«Ордабасы ауданының мал дәрігерлік қызметі» МКК

8

Жер қатынастары бөлімі

-

9

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

-

10

Денешынықтыру және спорт бөлімі

«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

11

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі

«Ордабасы су шаруашылығы» МКК

12

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі

«Темірлан» МКК, «Таза су» МКК

13

Бадам ауыл округі әкімінің аппараты

«Ақмарал бала-бақшасы» МКҚК, «Қарлығаш бала-бақшасы» МКҚК,

«Диамур бала-бақшасы» МКҚК,



14

Бөген ауыл округі әкімінің аппараты

«Балдырған бала-бақшасы» МКҚК

15

Бөржар ауыл округі әкімінің аппараты

«Раушан бақшасы» МКҚК,

16

Жеңіс ауыл округі әкімінің аппараты

«Қызғалдақ бақшасы» МКҚК,

17

Қарақұм ауыл округының әкімі аппараты

«Ақкөгершін бала-бақшасы» МКҚК

18

Қараспан ауыл округі әкімінің аппараты

«Айголек бала-бақшасы» МКҚК

19

Қажымұқан ауыл округі әкімінің аппараты

«Аққу бала-бақшасы» МКҚК, «Шолпан бала-бақшасы» МКҚК, «Бүлдіршін бала-бақшасы» МКҚК,

20

Төрткөл ауыл округі әкімінің аппараты

«Самал бала-бақшасы» МКҚК


21

Шұбар ауыл округі әкімінің аппараты

«Балауса бала-бақшасы» МКҚК

22

Шұбарсу ауыл округі әкімінің аппараты

-

Аудан мәслихаты өкілетті орган болып табылады.

Бюджет көлемі, млн. теңге

Атауы

2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

Барлығы:

8089,089

9663,551

5549,127

6797,530

Өз түсімдері

502,965

627,274

527,420

544,203

Субвенция

4381,620

4909,632

4961,707

5013,627

Трансферттер

3204,504

4126,645

60,0

1239,700



Бюджет көлемі, млн. теңге

Бюджет субвенциялары (жалпы сипаттағы трансферттер) - республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджет Кодексімен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.



2012-2014 жылдарға арналған ауданның бюджет түсімдерінің құрылымы, млн. теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

түсімдер – барлығы

8205,662

9774,660

5549,127

6803,067

Соның ішінде:













Салықтық түсімдер

473,313

610,909

522,259

544,203

Салықтық емес түсімдер

7,498

3,423

3,011

3,236

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

22,154

12,942

2,150

2,301

Трансферттер түсімдері, соның ішінде:

7586,124

9036,277

5021,707

6253,327

Ағымдағы нысаналы трансферттер

1124,725

1362,135







Нысаналы даму трансферттері

2079,779

2764,510

60,0

1239,700

Субвенция

4381,620

4909,632

4961,707

5013,627
















Кредиттерді өтеу

0,913

8,563







Бос қалдық

20,840

39,444







Қарыздар түсімі

94,820

63,102







2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің шығыстары. млн. теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

Шығыстар- барлығы

8205,662

9774,660

5549,127

6803,067

Соның ішінде:













Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

252,571

518,514

216,812

216,812

Қорғаныс

9,514

183,335

32,129

32,129

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0,424

0,450

0,450

0,450

Білім

4612,7

6486,401

4364,981

4744,981

Денсаулық сақтау

0,014

0,207

0,207

0,207

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

258,631

335,968

231,967

231,967

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

1691,683

1363,773

136,227

832,870

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

264,694

192,888

183,060

183,060

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

339,106

0

76,000

138,700

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары.

184,937

201,215

36,041

36,041

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

58,608

97,332

58,301

58,301

Көлік және коммуникация

388,867

223,251

153,137

275,496

Өзгелер

40,781

83,343

52,053

52,053

Трансферттер

7,300

17,551

7,762

0

Займдардын түсімі

94,820

63,102

0

0

Зайымдарды өтеу

1,009

7,330

0

0


2012 жылда ауданның бюджет қаражаттарының негізгі бағытталуы



2011-2012 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер мен несиелер

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

1

2

3

Барлығы мақсатты трансферттер мен несиелер, млн. теңге

1214,391

1117,406

Соның ішінде:







Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жалпы ұлгідегі, арнайы (түзету), дарынды балалар үшін мамандырылған, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар үшін балабақшалар , шағын орталықтар, мектеп интернаттары, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайту

0,778

2,447

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету («Балапан» бағдарламасы)

182,040

130,422

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жалпы ұлгідегі, арнайы (түзету), дарынды балалар үшін мамандырылған, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар үшін балабақшалар , шағын орталықтар, мектеп интернаттары, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайту

34,537

66,372

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайту




0,084

Жалпы білім беру оның ішінде







- «Балапан» бағдарламасына

106,608

86,096

- негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға

21,691

20,485

- 66 мектепке компьютер сатып алу




87,200

- күрделі жөндеу

74,181

141,842

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері

11,779

16,019

Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету

11,145

16,514

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету

11,440

41,771

Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәржірбиесі бағдарламасын кеңейту




31,299

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

4,409

4,724

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

4,099

5,096

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

12,769

20,476

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі

242,015

15,000

Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру

14,941

9,496

Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

10,442

7,552

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

113,319

145,656

Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

33,312

40,000

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

225,386

73,592

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау

4,680




Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

94,820

63,102

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберіндегі объектілерді жөндеу және аббаттандыру




89,617

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер ретінде «Өңірлерді дамыту » бағдарламасы шеңберінде өңурлердің экономикалық дамытуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруда ауылдық (селолық) округтарды жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыру




16,181

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саласында шараларды іске асыруға арналған шығыстар

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке арналған шығыстар, барлығы

168,573

192,888

183,060

183,060

Соның ішінде:













Спорт пен туризм жөніндегі шараларды өткізу

54,970

59,906

54,160

54,160

Мәдени-демалыс жұмыстарына жәрдем беру

66,609

75,452

71,702

71,702

Кітапханалар

31,191

36,837

36,337

36,337

Ақпараттық кеңістік

15,803

20,693

20,861

20,861

2012 жылда іске асырылатын инвестициялық жобалар

(2 млрд 899 млн 015 мың теңге)

I.

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

1 689,863

1

Спатаев аудындағы 200 орындық мектеп құрылысы

328,552

2


Тоқсансай аудындағы 200 орындық мектеп құрылысы

336,892

3

Ықылас темір аудындағы 200 орындық мектеп құрылысы

341,579

4

Алтынтөбе ауылындағы 200 оқушы орынға арналған мектептің құрылысы

335,799

5

Қараспан ауыл округіндегі Төреараық елді мекеніндегі 200 оқушы орынғаарналған Тәукехан атындағы орта мектебінің құрылысы

347041

II.

ЖСҚ жасату және мем.сараптамадан өткізу

6,190

6

Төрткөл ауыл округі Көкарал ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасатуға

0,200

7

Ұялыжар ауылынан 120 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ жасату мемлекеттік сараптамадан өткізу

5,990

III.

Cумен жабдықтау жүйесінің құрылысы

1198,062

7

Бөген ауыл округі Бөген поселкесін сумен жабдықтау

176,153

8

Шұбар елді мекенін сумен қамтамасыз ету

197,181

9

Төрткөл ауылын сумен қамтамасыз етуін аяқтау (2 кезең)

68,484

10

Қараспан ауыл округінің Көлтоған елді мекенін сумен қамтамасыз ету

78,571

11

Қараспан ауыл округінің Төреарық елді мекенін сумен қамтамасыз ету

19,930

12

Бадам ауыл округінің Ақбұлақ елді мекенін сумен қамтамасыз ету

181,362

13

Бадам ауыл округінің Көкбұлақ елді мекенін сумен қамтамасыз ету

98,689

14

Бадам ауыл округінің Мамыр елді мекенін сумен қамтамасыз ету

98,716

15

Төрткүл ауыл округінің Қызылжар елді мекенін сумен қамтамасыз ету

99,775

16

Ордабасы елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы

160417

17

Семхоз ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысы

9,358

18

Амангелді елді ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысы

9,426

IV

ЖСҚ жасату және мем.сараптамадан өткізу

4,900

19

Бадам а/о Дербес елді мекенін сумен қамтамасыз ету

2,500

20

Шұбарсу а/о үш массивін сумен қамтамасыз ету

2,400




Барлығы

2 899 015

2012 жылда жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша бюджет қаражаттары есебінен әлеуметтік міндеттемелер

Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау 1 млн 796 мың теңгеге материалдық жәрдем;

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылар есебінен күнкөрісі төмен азаматтарға 12 млн 564 мың теңгеде бірыңғай материалдық көмек;

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына 9 млн 117 мың теңгеге әлеуметтік көмек;

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 20 млн 739 мың теңге;

18 жасқа дейінгі балаларға 143 млн 910 мың теңгеге мемлекеттік жәрдемақылар.



2010-2011 жылдарға арналған аудан бюджетінің орындалуына, 2012 жылдың жоспарына салыстырмалы кесте.




Ордабасы ауданы бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің

01.10.2012 жылға орындалуы

01.10.2012 жылға аудан бюджеті кіріс бөлігінің жоспары 7 428 299 мың теңге болса, нақты түскені 7 460 363,6 мың теңге, немесе жоспар 100,6 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджет түсімдерінің жоспары 472 313 мың теңге болса, орындалуы 505 318,6 мың теңге немесе 107 пайызға орындалды.



01.10.2012 жылға аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша жоспар 7 530 437 мың теңге болса, орындалғаны 7 498 401,1 мың теңге, яғни жоспар 99,6 пайызға орындалды.


Аудандық экономика және

қаржы бөлімінің бастығы А.Сихымбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет