Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады - Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
- Әсер ету механизмі: Аденилатциклазаны белсендіреді, цитоплазмада Са2+ мөлшері төмендейді, сондықтан аллергия медиаторының бөлінуі төмендейді.
- Эфедрин (симпатомиметик) Бронхиалды демікпенің жеңіл түрлерінде қолданады.
- Адреномиметиктердің жанама әсерлері: гипертония, тахикардия, ОНЖ белсенуі.
- Аллергиялық бронхоспазмды басу үшін ингаляционды β2-адреномиметиктерді қолданады - сальбутамол, тербуталин, фенотерол
Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді. - Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді.
- Ол мес жасушасынан аллергия медиаторларының босап шығуына кедергі жасайды
- Қолданылуы: бронхиалды демікпенің ентікпесінің жиілігін азайту үшін, астматикалық бронхитте, пневмосклерозда қолданады.
- Жанама әсерлері: жөтел, ауызды кептірү, дерматиттер, миозиттер, гипоацидті жағдайлар, гастроэнтерит, аллергия.
Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат - Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат
- Гистамин қан-тамырларды кеңейтеді, олардың өткізгіштігін жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтардың тонусын жоғарылатады. Бұл әсерлер гистаминді Н1-рецепторлардың ынталануында байқалады.
- Н1-рецепторларды тежейтін заттарды аллергиялық реакциялар кезінде қолданады— есекжем, тері қышымасы, аллергиялық конъюнктивит, ангионевротикалық ісік ( Квинке ісігі), вазомоторлы ринит және т.б. ОНЖ-не өтетін Н1-рецепторларының блокаторлары әсер көрсетеді.
- Жіктемесі
- I ұрпақты: дифенгидрамин, клемастин, прометазин, хлоропирамин
- II ұрпақты: астемизол, терфенадин
- III ұрпақты: ұрпақты азеластин, лоратадин
- Дифенгидрамин (димедрол) орталықты және шеткері Н1-рецепторлар- ды тежейді; аллергиялық реакцияларды айқын жеңілдетеді. Әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат. Седативты, ұйықтатқыш әсер көрсетеді, вестибулярлы аппараттың орталықты тізбегінің қозуын төмендетеді.
- Қолдану көрсеткіштері: Есекжем, қышыма, поллиноздар, ангионевротикалық ісік, құрт-құмырсқаның шағуы, дәріге аллергия болғанда, сарысулы ауру. Сонымен қатар ұйықтатқыш зат ретінде және қозғалыс ауруларының (теңіз және ауалық аурулар) алдын алу үшін қолданады.
- Жанама әсерлері: қысқа уақытты жансыздану, ауыздың шырышты қабатының құрғауы, ұйқышылдық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеу, лоқсу. Балаларда үлкен мөлшерде қолданған кезде қозғалыстық және психикалық қозулар, ұйқысыздық, тырысулар.
- Клемастин (тавегил) димедролдан ұзақ уақыт (12 сағаттай) әсер етуімен ерекшелінеді. Белсенділігі жоғары және ұйқышылдықты туғызбайды.
- Прометазин (дипразин, пипольфен) – Өте жоғары әсерлі аллергияға қарсы препарат. Әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат.
- Хлоропирамин (супрастин) аллергияға қарсы әсерінен басқа спазмолитикалық қасиеті бар.
-
- Жоғарыда айтылған препараттардың қолайсыз седативті және ұйықтатқыш әсерлерін ескере отырып,
- II ұрпақты— астемизол, терфенадин антигистаминді препараттар шығарылған
- кейіннен — III ұрпақты препараттар — азеластин, лоратадин (кларитин) шығарылды.
- Олардың I ұрпақты антигистаминді препараттардан ерекшелігі ОНЖ тежемейді және аллергияға қарсы әсері ұзаққа созылады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |