Орындаған: Болыс Ақбота
ПМНО-21-21
Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Тарихқа дейінгі адамзат эволюциясы
1. Тарихи және археологиялық кезеңдерге салыстырмалы талдау жасаңыз
2. Картада тас, қола және ерте темір ғасырының негізгі археологиялық ескерткіштерін (тұрақтары) көрсетіңіз
1. 1980 жылдары аяғы мен 1990 жылдарының басында елде қалыптасқан демократиялық үрдістерге байланысты отандық тарихшылар еліміздің тарихын оқыту барысында тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады: 1) Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн – б.д.д. VIII ғасырға дейін (тас ғасыры, қола дәуірі). 2) Ежелгі кезең б.д.д. VIII ғасырдан б.д. VI ғасырына дейінгі уақытты қамтиды (сақ, ғұн, үйсін, қаңлы). 3) Орта ғасырлар кезеңі Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып, XVI ғасырдың аяғына дейін созылады (Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы). 4) Жаңа дәуір XVII ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты алып жатыр. Бұл кезеңді үш дәуірге бөліп қарастыру орын алған: XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңде Қазақ хандығы Орта Азиядағы ең мықты, дербес көшпелі мемлекет ретінде қалыптасты; XVIII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың аяғына дейінгі уақыт. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күрес (жоңғарлармен, Еділ қалмақтарымен, Орта Азия хандықтарымен, башқұрттармен, түркмендермен т.б.)жүргізді; XVIII ғасырдың аяғынан басталып XX ғасырдың басына дейін созылады. Бұны Ресей империясының отарлау саясатының кезеңі деп алып, тәуелсіздік идеясының, ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сипатта дамуы қарастырылады. 5) Қазақстан Кеңес дәуірі кезінде. Бұл кезең Кеңес үкіметі орнаған 1917 жылдан басталып, 1991 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңге кейбір отандық тарихшылар кеңестік отарлық кезең деген атау беріп жүр. Оның өзіндік себебі де бар: 74 жылға созылған Кеңес үкіметі тұсында орталықтың (Мәскеудің) экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік жағынан үстемдігі орнады. 6) Егеменді Қазақстан. 1991 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуынан басталып, осы күнге дейінгі тұрақты түрде дамып келе жатқан кезеңмен аяқталады. Ежелгі дүниеден бастап осы күнге дейінгі отан тарихын игеру алдымен деректермен тығыз байланысты. Жалпы деректерді мынандай түрлерге бөліп қарастырамыз: 1) Заттай деректер, оларға: еңбек құрал саймандары, киім кешек, ыдыс аяқ, қару жарақ, қала қалдығы, зират орны, қоныстар және ақша, яғни бір сөзбен айтатын болсақ, археология ғылымының жетістіктері жатады. 2)Этнографиялық деректер, оларға: салт дәстүрлер, ырым жоралар, тұрмыстық ерекшеліктер. 3)Ауызша деректер, оларға: ертегілер, мақал мәтелдер, жаңылтпаштар, батырлар жыры, аңыздар жатқызылады. 4)Лингвистикалық деректер, оларға: жер су атауларын, кісі есімдерін, зерттейтін топонимика және антропонимика ғылымының жетістіктерін жатқызамыз. 5)Жазба деректер, бұл деректердің ерекше түрі болып табылады және оған сыни көзқараспен қарау керек. Себебі, жазба деректердің авторлары өзіндік ұлттық болмыспен, түсінікпен болған оқиғаны бағалайды. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқып білу барысында жоғарыда аталған деректердің маңызы зор мәнін жоймайды. Алайда қазіргі қоғамның саяси, әлеуметтік экономикалық және рухани өзгерістерін бейнелейтін жазба дерек көздері мыналар: - мемлекет басшысының республикамыздың дамуы үшін алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді, басым бағыттар мен қорытындыларды ашып көрсететін жарлықтары, жолдаулары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері; - үкімет қабылдаған еліміздің ішкі-сыртқы дамуын, Қазақстанның өркендеуінің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын белгілейті қаулылары мен құжаттары; - атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының құжаттары, әртүрлі деңгейдегі мәжілістердің материалдары; - азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялардың және шетелдік сарапшылардың ұстанымын көрсететін материалдар; - замандастардың тәуелсіз Қазақстан құруға қатысушылардың естеліктер, жазбалары; - әлеуметтік сауалнамалар материалдары, статистика деректері; - қазақстандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстанның ең жаңа тарихы бойынша тұжырымдамалық, іргелі еңбектері; - мерзімді баспасөз материалдары; - заман тынысын бейнелеген кино-фото, аудио құжаттар; өзекті мәселелер бойынша Интернет-ресурстар.
2.Қола дәуірі
Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды. Атасу кезеңінде мәйіттер бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстіккеке не оңтүстікке бейімделіп жатқызылды. Нұра кезеңінен келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш тас жәшіктер тарады. Жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылды. Керамика ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Ортаңғы қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелектеніп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалады. Соңғы қола дәуірін иіні дөңгелек, бүйірі аздап шығыңқы құмыралар сипаттайды. Ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Оларға әрбір кезеңнің өзіне тән геометриялық өрнектер (жарты, үш бұрыш, меандр, ирек сызық, қисық ойық, т.б.) түсірілді.
2.Ерте темір дәуірі
Достарыңызбен бөлісу: |