Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
М ә н ж а з б а
Тақырыбы: Сөз туралы білім.
Орындаған: Жұбандық А.Ғ.
Тексерген: аға оқытушы Молдабаева З.М.
Ақтөбе, 2023 ж.
Мазмұны
І тарау.
Сөздің пайда болу тарихы.
Сөз және мағына.
Сөз және сөз құрылымы.
ІІ тарау.
Сөз туралы қанатты сөздер.
ІІІ тарау. Қорытынды.
Тіл мен ойлау ертеден-ақ бір-бірімен тығыз байланысты болғаны ғылыми әдебиеттерде айтылып келеді.
Тілдің шығуы еңбекпен байланыстыра қарастырылады. Еңбек болмаса, сөйлеу тілі де болмас еді. Себебі еңбектің нәтижесінде адамның миы ойлау дәрежесіне жетеді. Ойлау тек тіл арқылы болады. Тіл мен ойлау еңбек үрдісінде мидың жетілуіне байланысты шыққан болса, керісінше, мидың дамуы да тіл мен еңбекке қайталай әсер етеді.
Сөз о баста күнделікті қоғам өмірінің қажетінің салдарынан пайда болған. Адамдар бір-біріне бірдеме айтуы керек болды. Сондықтан маймылдың сөйлеуге ыңғайланбаған тамағы бірте-бірте дамып, ауыз ішіндегі мүшелер айырым дыбыстардың бірінің артынан бірін айтуға үйрене бастайды. Бұдан кейін сөз біріте-бірте дами береді. Сөздің шығуы мен шығуы мен жеке тілдердің шығуын бір-бірімен шатастыруға болмайды. Себебі сөздің шығуы адамның адам болуымен байланысты бір миллион жыл шамасында деп топшыланып жүр (Р.А.Будигов. Введение в науку о языке, М., 1958, 329-бет). Адамның адам болуы да ойлау мен сөз болмаса, адам айуаннан бөлініп шықпас еді. Олай болса, сөз тым ертеде пайда болған. Бірақ қай жердегі адамдардың тілі бұрын, қайсысының кейін шыққаны бізге белгісіз. Сондықтан алғашқы кезде барлық материкте адамдар болып, барлығының тілі бір кезде әр жерде әр түрлі болып жасалуы ма, жоқ әлде бір жердегі адамдар дүние жүзіне таралып, әуелдегі бір тіл жергілікті жағдайға қарай, әр қилы болып кетті ма? – деген сұрауға нақты да дәл жауап беруге нақты факт жоқ болғандықтан, әр ғалым өзінше топшылайды. Р.А.Будагов, мүмкін, адам баласы географиялық жағдайға байланысты белгілі бір кең атырапта болып, соңынан басқа жерлерге тараған болар деген пікірді қолдайды. Біздің ойымызша бұл пікірдің екі жағы бар. Бірінші, адам баласының хайуанат дүниесінен бөлініп шығуына географиялық ортаның әсері тиді, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қажет болды деген дұрыс. Ал бір атыраптағы адамдар басқа материктерге тараған деген пікірге күманданамыз.
Негізінде, адам баласының хайуанат дүниесінен бөлініп, адам шығуы бір жерде ғана болмай, ілгерінді – кейінді әр жерде болуы да мүмкін.
Сонымен моногенезис (бір тілден тарау), полигенезис (көп тілден тарау) мәселерінің көпшілігі осы күнге дейін болжау дәрежесінен аса алмай, нақты шешім таба алмай келе жатуы – бұл үрдістің тым ерте кезде болғандығынан еді.
Тілдің пайда болуы жөнінде көптеген тарихшы, философ, тілшілер пікір айтты. Біреулер алла тағала даяр үйінде адамдардың қолдануы үшін жаратып, адамдарға әкеп берген деді. Кейбіреулер басқа да түрлі теориялар шығарды. Олар негізінде материалистік тұрғыдан басталатын тұрақтану теориясы (Демокрит) ағым болды. XVII ғасырдан бастап, дыбыс еліктеу теориясы (ономопоэтикалық) шықты. Бұл теорияның көрнекті өкілі Г.Лейбниц болды. Ол екі түрлі тіл бар: біреуі – ерте кезде жасалған түбір тіл, екіншісі – кейінірек жасалған жасанды тілдеп есептейді. Оның ойынша, “дыбыс еліктеу” ең алдымен түбір тілде болады. Ал жасанды тіл түбір тілді ілгері дамытады. Сөйтіп ол екеуі бірлесе отырып, дыбыс еліктеу қағидасын дамытады. Жасанды тіл түбір тілден алыстаған сайын “дыбыс еліктеу” арқылы сөз жасаудың табиғилығы азая береді.
Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы — түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.
Парта — ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді.
Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына.
Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман — ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл — сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл — лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел — әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш)— не бұзар? Бұзар — жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы — грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.
Создер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмы-стан, киноға, бардым дегендер — толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті білдіреді.
Сонымен, сөздер толық, негізгі, көмекші, қосымша мағыналарды да білдіре алады. Сөз бір мағынаны да, бірнеше мағынаны да білдіреді.
Сөз тілдің,оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды,олардың қасиеттерін,шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі бірлігі,дербес бөлшегі болып табылады.Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып,сөз жеке тұрып та,басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп,ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады.
Біріншіден,сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады,дыбыссыз сөз жоқ.Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы,сол арқылы жарыққа шығады.Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес,тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан.
Екіншіден,сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып,зат, құбылыс,іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті,қоғамдық деңгейде қалыптасып,қауым таныған ұғымды білдіреді. Мысалы,мал,қол,үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр.
Үшіншіден,сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады,соларға телулі.Сөз таптарына біртұтас сөз тұлғаларын жасап,грамматикалық бірлік бола алады.Бұл – оның сөз тіркесінен өзгешелігін көрсетеді.Сонымен бірге әрбір сөз не түбір морфемадан,не түбір мен қосымша морфемалардан тұрады,солардың жиынтығы болып табылады.Мысалы,бас десек,бір ғана түбір морфемадан,бастық десек,түбір морфема мен қосмша морфемадан,бастыққа десек,бір түбір морфема,екі қосымша морфемадан жасалып тұр.
Cөз табиғатының күрделілігіне байланысты қазіргі тіл білімінде оның басқа да қасиеттері көрсетіліп жүр.
Сөз құрылымның тұйықтығы.Дербес сөз болу үшін оның құрылымына өзгеріс енгізуге,басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы шарт,яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы,тұтастығы сақталуы керек.
Сөздің сөйлеу үстінде даяр қалпында үнемі қайталанып отыратындығы.Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйінде қолданылады,ол сөйлеу үстінде жасалмайды.Сөз даяр,тұтас бірлік ретінде жұмсалу қасиеті жағынан фразеологизмдерге ұқсас.
Сөз мағынасының өзгеруінің,оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар:.сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері;.тілдік немесе лингвистикалық себептер.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып,сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді.Мысалы,жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге,1)идея,бағыт 2.тәсіл тәрізді абстракты,қосымша мағыналарға ие болған.
Қорытындылай келе, сөз туралы қанатты сөздерге тоқталғым келеді:
Сөз қанша мәнсіз болам дсес де- мәнсіз бола алмайды.
— Поль- Мишель Фуко
Сөз – бұрғы: біреуі – терең, біреуі – тайыз теседі.
— Людвиг Витгенштейн
Сөз – терең судың бетіндегі жұқа шілтер тəрізді.
— Людвиг Витгенштейн
Сөздің мағынасы əрекет үстінде ашылады.
— Людвиг Витгенштейн
Сөз аузыңнан шыққанша ғана сенікі, ал аузыңнан шыққан соң оған ие бола алмай қаласың.
— Жәди Шәкенұлы
Əрбір ауыздан шыққан сөздің өзі – жауап.
— Мартин Хайдеггер
Сөз үшін сөйлеушілер керек.
— Мартин Хайдеггер
Сөзі көптің – серігі аз.
— Элиас Канетти
Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға тұрмайды.
— Освальт Шпенгер
Сөздің маржанынан – арзаны көп.
— Сақып Керелбаев
Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана.
— Теодер Драйзер
Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт.
— Ғабиден Мұстафин
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
https://www.zharar.com/index.php?do=shorttexts&category_id=6&tag_id=116
Тіл білімінің негіздері. Аханов К. - Алматы: Кітап- 2002
Достарыңызбен бөлісу: |