Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: З. Фрейдтің теориясы
Орындаған: Орынбаева В.К
Қабылдаған: Аубакирова Ж.К
Астана, 2024ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
З. Фрейдтің өмірбаны
З. Фрейдтің теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд 1856 жылы
6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының
отбасында дүниеге келеді.
1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл
өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен
отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,
таңқаларлық ақылымен, кітапқа деген құмарлығымен
ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай
жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім
кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді
шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында
гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетінде оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд
Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты.
Бұл үшін оған алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды, сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді.
Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді.
Фрейд адамдар негізінен өздерінің іс-əрекеттері қалыптастыратын нақты психологиялық күштерді саналы түрде түсінбейді, адам өз бойындағы көптеген құштарлықты тұншықтыра отырып, өседі деп есептейді. Бұл құштарлықтар ешқашан толығымен жоғалып кетпейді жəне ешқашан толық бақылауда болмайды. Олар адамның түсіне кіреді, жаңылысып айтқан сөздерінде, жүйкесі шаршағанда, қатты ойланғанда, ақырында адамның «эгосы» өзінің жеке «идінің» мықты импульсын «супер-эгоның» қыспағымен теңдестіре алмайтын психоз жағдайларында байқалады. Мотивацияны зерттеушілер бір затты сатып алу кезінде тұтынушының санасына не əсер етуі мүмкін екендігіне байланысты бірқатар қызықты, сонымен қатар таңқаларлық қорытындылар жасады.
Жеке адамның психикалық құрылымында З. Фрейд үш компонентті бөліп көрсетті: санадан тыс «ид» (Ол) — соқыр түйсіктер құштарлығының саласы; саналы «эго» (Мен) — қоршаған орта жəне ағзаның жағдайы туралы ақпаратты қабылдайды, «ид» күшін бөгейді, тұлғаның əрекетін реттейді; «супер-эго» (Жоғарғы мен) — əлеуметтік нормалар мен адамгершілік мақсаттардың саласы.
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
З.Фрейд өөзінің ғылымдағы жолын физиологиялық институтта бастады, сондықтан ағзаға энергетикалық шама ретінде қарау оның санасына терең бойлады: ағза мінез-құлықтың қозғалыс күшін ерекше энергия түрінде білдіреді. З.Фрейд невропатолог-дәрігер болды. Оның пациенттері психикалық-жүйке ауруларына шалдыққандар еді. Бірақ олардың жүйке жүйесінің құрылысынан аурудың себебін түсіну болмады. Ол өз тәжірибесінде, анатомо-физиологиялық ұғымдар түсіндірмейтін, айғақтарды жиі кездестірді. З.Фрейд алдында мынандай дилемма болды: мотивация механизмдерін анатомо-физиологиялық схема тұрғысынан қарау керек пе, әлде белгілі бір психиолгиялық айғақтарға жүгіну керек пе ?
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.
Психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Достарыңызбен бөлісу: |