Оқу жылында мектеп кітапханаларының жұмысы туралы АҚпарат



Дата13.06.2016
өлшемі45.29 Kb.
#131873
2013-2014 оқу жылында

мектеп кітапханаларының жұмысы туралы

АҚПАРАТ
Астана қаласының білім ұйымдары кітапханаларының басты міндеті оқушыларды дамыту, оқыту, тәрбиелеуде педагогикалық орта ретінде мектеп кітапханасының рөлін арттырудан туындайды. Мектеп кітапханасы педагогикалық потенциалды тиімді жүзеге асыруы үшін, кітапханашылар жеткіншектердің тәлім-тәрбиесінің және білімдерінің кеңеюіне, қазіргі талаптарға сай оқу үрдістерін ақпараттық қамсыздандыруға, педагогтың болжамдарын сәйкестеуге тырысады. Мектеп кітапханасының педагогикалық қызметін жаңа мазмұнмен толықтырады.

Кітапхана жұмысының мақсаты: оқу- тәрбие үрдісінде кітапханалық – библиографиялық әдістермен және жұмыс түрлері арқылы оқушылардың дағдыларын оқу мәдениетін, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қалыптастыру. Кітапхананың атқаратын қызметі -білімділік, мәдениеттілік, ақпараттылық.

Қала мектептерінің кітапханалары- мықты білім беру мен тәрбие қоры. Қалада мамандармен қамтылған 70 мектеп кітапханасы жұмыс істейді. Барлық мектепте – 80 кітапханашы бар. Олардың:


  • жоғарғы білімдісі - 45 кітапханашы (52%);

  • жоғары және бірінші санаттағысы – 44 кітапханашы (51%);

Бес жыл сайын кітапханашылар аттестациядан өтеді, Алматы қаласындағы республикалық біліктілікті арттыру институтында, Астана қаласы бойынша «Өрлеу» ПК БАИ орталықтарында біліктіліктерін арттыру курстарынан өтеді. Білім басқармасы үнемі оқыту семинарларын, тренингтер өткізіп, қала мектептерінің үздік кітапханаларының жұмыстарын жинақтап отырады.

Мектепте білім беру бағдарламаларының тиімді жүзеге асуы үшін кітапханалар ақпараттық материалдармен жеткілікті қамтылған.

Соңғы жылдары мектеп кітапханасының қорларының сапасы өзгертілді. Қазақстандық авторлардың қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиетерімен оқу бағдарламасына сай толықтырылды. Көптеген жылдан бері 1-4 сынып оқушыларына арналған балалар әдебиетінің қоры алғаш рет жаңартылды. Бұл әдебиеттердің құндылығы үштілділігінде, сондықтан орта буын оқушыларының мұндай әдебиеттерге сұраныстары жоғарылайды. Жоғарғы және орта буын оқушылары үшін Қазақстан халықтарының салт- дәстүрлері, мәдениеті, тарихы туралы кітаптарының сапасы қазіргі заман талабына сай болуы байқалады. Сондай-ақ кітап қорында пәндер бойынша анықтамалықтар, мемлекеттік емтиханға, ҰБТ-ге дайындалуға арналған оқу көмекші құралдары жеткілікті.

Астана қаласының мектептерінде 91618 оқушы білім алуда. Кітапхананың кітап қоры 2477598 дана. Кітап қорларының сапасын жақсартуға талап қоюдың нәтижесінде оқырмандардың саны артты. Осы оқу жылында оқырмандар саны – 73295, келу- 1319310, кітаппен қамтылу- 22298382 құрады.

Оқушылардың өз беттерінше кітап таңдап дағдыларын қалыптастыратын жер – кітапхана. Барлық жастағы оқырмандар кітапханашының басшылығы мен көмегін қажет етеді. Осындайда кітапхананы пайдалану ережелерімен, кітапты дұрыс таңдаудың жөн- жосықтарымен таныстыратын кітапханаға саяхат сабақтары өткізіледі.

Оқыған кітаптарға сараптама жүргізуде, әдебиеттерді таңдап алу, тапсыру кездерінде оқырмандармен жеке- жеке немесе топтық әңгіме жүргізіледі. Оқырмандардың оқуын есептегенде олардың жас ерекшеліктері басшылыққа алынады. Кітап көрмелері, плакаттар, ұсынба тізбелер, атаулы күндерге және мерейтойларға арналған кітап көрмелері жас оқырмандарды жан- жақты болуға баулиды.

Мектеп кітапханасы адамның өмірлік мақсаттарына жетуге, рухани биік, адамгершіліктерін қалыптастырады. Мәдени құндылықтармызды насихаттай отырып, отансүйгіштікке, салауаттылыққа баулу кітапхана жұмысының бір бағыты. Мектептің міндеті- бұл кітапхананың да міндеті. Кітапханашылар мектепте өткізілетін іс- шаралардың барлығына белсене қатысады. Өздері әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Нәтижесінде жеке тұлғаның шығармашылығы кітап арқылы дамиды. Мәдени-көпшілік жұмыстарды өткізгенде жұмыстың барлық түрлері мен әдістері қолданылады: бұл әңгімелесу, кештер, оқырмандар конференциясы, сұрақ-жауап, ауызша журнал, бейнесабақтар, презентациялар. Төменгі сынып оқушыларымен өткізілетін көркем әңгімелер, мәнерлеп оқу баланы кітапқа жақындатып, оқуға қызығушылықтарын арттырады. Әдебиеттерге шолу, оқу бағдарламасына көмекші кітаптардың тізімдері тек кітаптың атаулары мен оның қысқаша мазмұны емес, оқырмандардың оқу мәдениетіндегі дағдыларын жетілдіру. Осы мақсатта сұрақ-жауап, әдеби-музыкалық композициялар өткізіледі. Балалардың қызығушылық танытатын жұмыс түрі- әдеби ойындар мен сұрақтар. Көктемгі демалыс күндері балалар кітаптарының апталығы «Қызықты кітап күнін», «Көңілдік кітап күнін», «Поэзия күнін» өткізу дәстүрге айналды. Аптаның бір күнін мектептерің әрқайсысы ақын-жазушылардың мерейтойына арнайды. Жұмыс әртүрлі: әңгіме немесе ауызша журнал, кітаптарына шолу, не сол ақын- жазушының шығармаларынан қойылымдар т.б. Білім жүйесінің кітапханашылары республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясына белсене қатысады. Біздің кітапханашылар оқырмандарды кітапханаға тартуда дәстүрлі емес, замануи жаңа үлгідегі жұмыс түрлерін де ұйымдастырады. Мектептерде «әдебиет қонақжайы», бастауыш сыныптарға «негештер клубы», тәрбие жұмыстарында жүргізілуі оқушылардың кітапқа, оқуға деген зейіндерін көтермелейді. Әртүрлі формадағы жұмыс түрлерін өткізу оқушының оқу мәдениеттілігін, көзқарастарын кеңейтіп қана қоймай жалпы білім беретін пәндік жарыстарға қатысуларына жол ашады. Осындай жаңаша жұмыс түрінің бірі «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту». Бұл технология бойынша 30 кітапханашы курстан өтті. Өз жұмыстарында кітапханашылар әрдайым аталмыш технологияның элементтерін қолданып отырады. Атап айтсақ: оқыған кітаптары туралы пікірлері, суреттері, оқырман формулярларына сараптама жүргізу, оқу кезінде бағыт беру, әңгімелесу, пікірлесу.

Білім беру ұйымындағы кітапханалардың маңызды ролі электронды оқулықтар, компьютерлер, ақпараттық технологиялар болып табылады. Онсыз оқушылардың оқуын заманауи үрдісте дамыту мүмкін емес. Мектеп кітапханалары «РАБИС», «КАБИС», «MARK-SQL» автоматтандырылған электронды бағдарламаларымен қамтылған. Осы бағдарламалар арқылы әдебиеттерді қорландыру, жүйелеу, электронды каталогтар мен картотекалар, оқырмандарға қызмет көрсету, кітап қорына есеп жүргізу жұмыстары автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Оқырмандарға қызмет көрсету сапалы, жайлы. Көрнекілік, ақпаратты қолданудағы жайлылық, оқу үрдісінде электронды тасымалдағыш құралдардың жеткілікті болуы оқырман санын арттырып отыр. 10 мектеп кітапханасы «Ақылды мектеп», көптеген мектептер «e-learning» жобасымен жұмыс істейді. Мектеп кітапханасы ақпаратты таратудың негізгі орталығы. Мұғалімдер мен оқушылар тек ақпаратты алып ғана қоймай, сондай-ақ топтық және жеке ғылыми жобаларға дайындық барысында, пәндік олимпиадаларға, қалалық, республикалық деңгейлердегі түрлі жарыстарға қатысуда шығармашылықтарын толықтыра алады.



Мектеп кітапханашыларының алдына қойған жұмыс жоспарлары көп. Мұғалімдер мен оқушылардың ой бөлісетін, жан- дүниесін демалдыратын, қызықты, жаңаша ақпаратты білетін орын бұл- мектеп кітапханасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет