Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны


Баланы омырауға дұрыс салуды анасына үйрету. 4*3*4 техникасы



бет7/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дамира Заманбекова

Баланы омырауға дұрыс салуды анасына үйрету. 4*3*4 техникасы.
1.Сәбидің басы ең денесі тік,бір жазықта ұстаңыз.
2.Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып,мұрны емшек ұшының деңгейінде болуы керек.
3.Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болуы керек.
4.Анасы тек мойыны мен иығын ғана емес,сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.


1.Сәбидің ерніне емшек ұшын тигізіңіз.
2.Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.
3.Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз.


1.Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.
2.Сәбидің аузы барынша ашық.
3.Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады.
4.Емшектің басым бөлігі астынан емес,үстінен көрініп тұруы керек.

6 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


БАБЖ бағдарламасы бойынша 1 жастан асқан балаларды тамақтандыру.


1 жастан асқан баланың тамақтануы
1 жастан асқан баланың асқазан көлемі артады, шайнау аппараты дамиды, ас қорту жолдарының қызметтік мүмкіншіліктері артады, тістері пайда болады, бірақ сонда да тамақтың сапасын және термиялық өңдеуін қатаң қадағалау өте маңызды болып саналады.
Тіршілік етуінің 2 жылында тағамның көлемі және құндылығы келесі реттілікте бөлінеді:

  • Таңғы ас-25%

  • Түскі ас-35-40%

  • Түстен кейінгі ас-10%

  • Кешкі ас-20-25%

Баланың тамақтануын ұйымдастырудағы басты көңіл аударатын мәселе тағамның мөлшерлік және сапалық құрамын қатаң қадағалау.
Сүт, ет, май, нан, тұз, қант сияқты тағам түрлері балаға күнделікті берілуі қажет, ал балық, ірімшік, жұмыртқа әр 1-2 күн сайын.
Тағам құрамында міндетті түрде жануарлардың ақуызы болуы қажет сүт тәулігіне 0,5 литр, қышқыл сүт қоспалары, ірімшік, сиыр еті, тауық еті.
Өсімдік майы жалпы май мөлшерінің 10-15% құрауы қажет. Тағам құрамында жапырақты көкөністер, жасыл шөп, жемістер, жидектер, шырындарды қосу қажет. Жармалар мен макарон өнімдері тәулігіне 1 рет қана беріледі, 1,5 жасынан бастап қара нан, 2 жасында тұздалған балық, уылдырық, шұжық, ашытылған орамжапырақ, тұздалған қияр және қызанақ енгізіледі.
Тәулік бойы тағам түрлерідұрыс бөлініп тағайындалуы қажет:

  • Тәуліктің I жартысы - ет, балық, бұршақ тұқымдас тағамдар.

  • Тәуліктің II жартысы - ірімшік, көкөніс, жармалар

Бала күнделікті көкөніс тағамының 2 түрін және 1 рет ботқа қабылдайды.
Баланың жасына дейін тағам қоймалжың түрде беріледі пюре, суфле, буға дайындалған котлет.

№7 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


БАБЖ бағдарламасы бойынша балаларды жүргізу(1 аптадан 2 айға дейінгі балалардың жағдайын бағалау.).
1.Баланың аты-жөнін,жасын,салмағы мен дене температурасын анықтау.
2.Алынған мәліметтерді 2 айға дейінгі ауру балаларға арналған формаға белгілеп жазу.
3.Балада қандай шағымдар бар екенін сұрастыру?
4.Алынған мәліметтерді 2 айға дейінгі ауру балаларға арналған формаға белгілеп жазу.
5.Бағалауды өте ауыр сырқаттанудан немесе жергілікті бактериальды инфекциялық зақымданудан бастап жүргізу:Емізу кезінде қандай да бір қиындықтар бар ма?Балада тырысулар бар ма?
7.Нәрестеде жөтел немесе тыныс алуында қиындықтар бар ма?
8.Балада диарея бар ма?
9.Алынған мәліметтерді 2 айға дейінгі ауру балаларға арналған формаға белгілеп жазу.
10.Өте ауыр сырқаттану немесе жергілікті бактериальды инфекциялық зақымдану бойынша бағалауды жалғастыру:Аксиллярлы температураны немесе қызуы бар ма немесе сипап сезгенде салқындық бар ма?Баланың қозғалысына көңіл аудару.
11.Қарау:балада сарғаю бар ма?Сарғаю бірінші рет қашан пайда болды?
12.Алынған мәліметтерді 2 айға дейінгі ауру балаларға арналған формаға белгілеп жазу.
13.Жоғарыда көрсетілген мәселелерді бүктемедегі ИВБДВ-ның сызбанұсқалары бойынша жіктеу.
14.Алынған жіктеулер жөніндегі мәліметтерді 2 айға дейінгі ауру балаларға арналған формаға белгілеп жазу.

№8 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


БАБЖ бағдарламасы бойынша 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет