Анасынан баласының шағымдарын сұраңыз
Осы келуі алғашқы қаралуға жатады ма немесе қайта қаралуға жатады ма, анықтаңыз.
-Егер бұл қайта қаралу болса, БАЛАНЫ ЕМДЕҢІЗ сызбасында көрсетілген нұсқауларды қолданыңыз
- Егер бұл алғашқы қаралу болса, баланың жағдайын төменде көрсетілгендей бағалаңыз:
ЖАЛПЫ ҚАУІП БЕЛГІЛЕРІ БАР МА, АНЫҚТАҢЫЗ
СҰРАҢЫЗ:
Бала сусын іше алады ма немесе еме алады ма?
Әр тамақтанудан не сусын ішуден кейін бала құсады ма?
Балада тырысу болды ма?
ҚАРАҢЫЗ:
Бала летаргиялық немесе ес-түссіз ба?
Кез келген жалпы қауіп белгісі бар бала БІРДЕН назар аударуды талап етеді;
Ауруханаға жатқызуды кешіктірмеу үшін тексеруді және ауруханаға дейінгі емді тез арада аяқтаңыз.
№9 клиникалық тәжірибе тақырыбы.
Іріңді-септикалық ауруларда нәресте күтімі.
Сепсис-бұл ауыр іріңді-септикалық ауру, ағзада иммунитеттің төмендеуі немесе күрделі өзгеру салдарынан, патогенді микроорганизмдердің немесе олардың токсиндерінің қанға өту себебінен қабыну процестерінің жайылған ағымымен сипатталады.
Мезгіліне жетіліп туған балалар арасында сепсис 0,1%,ал шала туылғандар арасында 1% жағдайда кездеседі.Нәрестелер өлімінің құрылымында сепсис 3 орын алады.
Сепсис метастаздық жолмен пайда болатын біріншілік немесе екеіншілік ошағы бар бактериальды инфекция болып саналады.Метастаздардан патогенді микрооргонизмдер аурудың ауыр клиникалық белгілерін туғызып тұрақты түрде қан айналымына түсіп отырады.
Сепсис дамуының қауіпті факторлары:
Іріңді-септикалық инфекциялардан жергілікті түрлерінің емін кеш бастау немесе көзін толық жоймау;
Инфекцияның ауқымдылығы және вируленттілігі ;
Баланың иммунды жетіспеушілік жағдайлары;
Баланың күтімі және ем-шараларды орындау барысында асептика ережелерін бұзу,
Анасындағы созылмалы инфекция ошақтары және т.б;
Сонымен қатар,нәрестелерде сепсистің дамуына ағзалар мен жүйелердің толық жетілмеуі,процестің жайылып кетуге бейімділігі ықпал етеді.
Сепсистің алғашқы хабаршы белгілері:
Дене салмағының артуы болмайды;
Кіндік қалдығының кеш түсуі және кіндік жарасы жазылуының бәсеңдігі байқалады;
Тері қабаттарында іріңді бөртпелердің және немесе мұрыннан шырышты бөлініс пайда болады.
Сепсистің негізгі клиникалық белгілері:
Ерте клиникалық белгілері:
Жергілікті іріңді ошақтың белгілері анықталады;
Баланың тәртібі және сыртқы келбеті өзгереді (тері қабаты бос,жиі лоқсу,бәсеңдікке ауысатын жалпы мазасыздық).
Достарыңызбен бөлісу: |