«Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары»



бет1/4
Дата21.06.2016
өлшемі357 Kb.
#151331
  1   2   3   4




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.08/03-2013




ПОӘК «орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2013 жылғы

№ басылым



5В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған

«Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары»
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



СЕМЕЙ


2013


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Өзгерістерді тіркеу парағы



6 Әріптестердің танысуы

1 ГЛОССАРИЙ
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Білім беру мазмұны  - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Дидактика - («didaktikas» - оқытушы, «didasko» -  оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.

Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.

Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру.

Заңдылық  дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап  отыратын өзара байланыс.

Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін  мақсатына,  заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.

Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі.

Сабақ- ол  ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән.

Сабақ құрылымы -  сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым.

Оқу құрал-жабдықтары бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.

Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.



Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.

Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.

Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.

2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс. Оқу орыс тілінде жүрілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер.
Дәріс мазмұны:

Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: Ойын технологиялары, проблемаларды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – комуникациялық технологиялар. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы туралы айтпақшымын.

Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер : баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.

Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті.

Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде.

Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды.

Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсеңділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету — адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, — деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.

Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім — оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім — топ — оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы — оқушы». «Оқушы — оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы — топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық жаттығуларды орындау тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты,құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.

Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да біртақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.

Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек.

Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.

Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:

Топтық , жұптық, ұжымдық.

Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады.

Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары бар:

Семинар, Оқу конференциялары , Диспут, Топтық пікірталас т.б.

Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орыналады. Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, Тіпті бұл жерде еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.

С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М. Тюнниковалардың пікірінше,оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу,ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру. Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып,неғұрлым аз шаршайды,оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады.

Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар.

Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.

Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру.

Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды.

Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көз-қарас,жаңаны танып білу,икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау.

Іскерлік ойындар:симпозиум,аквариум,ұжымдық әрекет.

Іскер ойындарының құрылымы: Талдауға проблема беру, Оқушыларды топқа бөлу ,проблеманы талдау, сынып алдында шешімін айту.

Қазақ тілін оқутуда ойын түрлерін мынадай мақсатарда қолдану тиімді:

1. Алфавитті дұрыс меңгерту

2. Орфографияны дұрыс оқыту

3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру

4. Грамматикалық құрылымды меңгеру

5. Оқушының ойын дамыту,дұрыс жазу,айту

Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары ,интерактивті әдістер жиі қолданылады. Басқа ұлт өкілдерін оқытуда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану керек. Инновациялық әдіс тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы оқушының қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасы көтеріледі.

Әдебиеттер

1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Алматы. Литература,1999,96-б.

2. Қазақстан мектебі. № 11, 2004

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998, 96 бет.

4. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

5. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.Алматы, Рауан, 1997

6. 12 - жылдық білім, №2 2007

7. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001


2-дәріс. Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны:

Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде.


Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің  инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді .

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе  "инновация" — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген  дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану  оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде   қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.

Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.

Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.

Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.

Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз . Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді.

Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.

Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, "МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.

"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.



Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет

  2. Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет.

  3. Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003-13 бет.

  4. Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан  мектебі" №6, 2003

  5. Границкая А.С. Научить  думать  и  действовать.   Адаптивная система обучения в школе. Просвещение, 1991.

  6. Дамитов   Б.К.,   Фредман  Л.М.   Физические задачи   и  методы их решения. Алматы, Мектеп, 1987, 160-6.

  7. Пидкасистый   П.И.   Самостоятельная   деятельность школьника в  обучении. Москва, 1980.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет