Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар



бет2/4
Дата05.12.2023
өлшемі17.31 Kb.
#485535
1   2   3   4
stud.kz-44189

2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның «глобус» – Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе» деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екі жақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық отбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін. Оған себеп – ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суый бастайды. Климат жағдайлары күрт өзгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақтығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайда қай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңызының өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға өте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы онжылдықтарда жұртшылықты қатты алаңдатып отырған қатерлі мәселе – планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінен мұнай өңдіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. ласталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келген тыңайтқыштар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын көрінеді. Атмосфералық ауадағы жағдай да одан асып тұрған жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы 115 млн. жеңіл машина оттегін өзінің табиғи жағдайда пайда болуынан екі есе көп пайдаланады екен. Оның үстіне тұрмыстағы қоқыстар: әр түрлі қатты заттардың, әйнек, полиэтилен қапшықтардың, синтетикалық жуу құралдарының және т.б. қалдықтары айналадағы ортаны ластауда. Ғылыми-зерттеу және технологияға арналған Халықаралық корпорацияның зерттеулері бойынша 1970-2000 жылдарда өндіріс пен пайдаланудан қалған қалдық заттардың жыл сайынғы көлемі мен құрамы мынадай болмақ: атмосфераны газ тәрізділермен ластау 19,7 млрд. тоннадан 50,8 млрд. тоннаға, қатты заттар – 0,24 млрд-тан 0,72 млрд-ка, органикалық емес қатты қалдықтардан – 5 млрд-тан 15 млрд-қа, мұнай заттарынан – 0,07 млрд-тан 0,24 млрд-қа, органикалық ауыл шаруашылық және тұрмыс қалдықтарынан – 14,1 млрд-тан 37 млрд. тоннаға дейін артпақ көрінеді. Мұның бәрі табиғаттағы экологиялык тепе-теңдікті бұзуға әкеліп соқтырады.
Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған үшінші үлкен мәселе – «үшінші елдердің» алдындағы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда экономикалық артта қалу тенденциясының күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50-60 жылдары колониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді экономикалық және мәдени жағынан жылдам дамуға мүмкіншілік туды деп қуанғаны белгілі. Алғашында олар (әсіресе дамыған және мұнай өндіретін елдер) жылдам қарқынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден қарыз ала бастады. 80 жылдардың ортасына қарай «үшінші елдердің» Батысқа қарызы триллион доллардан асып түсті. Дамыған және дамып келе жатқан елдердің арасында алшақтық көбейе түсті. Ол тоқтар емес.
Төртіншіден, қазіргі уакытта Жер шарында мыңдаған ірілі-уақ халықтар, екі жүзге жуық мемлекеттер бар. Олар табиғат жағдайлары, мекендеген физикалық ортасы, қоғамдық құрылысы, экономикалық укладтары саяси-әлеуметтік және мәдени өмірінің түрлеріне және т.т. бойынша ерекшеленеді. Сөйте тұра, олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста, олардың бәрі бір адамзаттың тегіне, жанұясына жатады. Дүниежүзілік дамып келе жатқан экономикалық-сауда, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. байланыстар барлық мемлекеттерді бұрынғы бөлектеніп, оңашалануды тыйдырып, жақындастыруда. Ғылыми-техникалық революцияның салдарында қаулап өскен өндіргіш күштер қоғамдық өмірді жедел түрде интернационализацияландыра түсуде.
80 жылдары адамзат, біріншіден, жоғарыда айтылған ғаламдық мәселелердің қауіпті зардаптарға әкеп соқтыратынын, екіншіден, қазіргі дүниенің өзара байланыстылығын, тұтастығын қатты сезіне бастады. Сондықтан да 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Жаңаша саяси ойлау елдің сыртқы, ішкі саясатын белгілеп, жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады.
Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік фактордың рөлі орасан зор өсуде. Әлеуметтік, экономикалық, таптық, мәдени, діни және т.с.с. айырмашылықтарға қарамай басын қосып, ынтымақтасып, одан әрі ғарыштап алға басуға болады. Адамзат ядролық қауіпсіздіктің барлық жақтарын қамтитындай жүйесін жасаған шақта ғана құтылады. Дамудың басқа жолы жоқ.
Ғалымдардың пайымдауынша, ядролық соғысты болдырмау үшін төмендегідей басты принциптерге негізделген әлемдік тәртіп орнату керек:
- жалпы адамзаттық қазыналардың басымдығын мойындау, адам өмірі мен дүниеге адамзаттық ең жоғарғы құндылығы, қазынасы ретінде қарау;
- даулы мәселелерді соғыс арқылы шешуден бас тарту, барлық дау-жанжалдарды саяси, бейбіт түрде шешудің жолдарын аянбай-талмай іздестіру;
- халықтар өз тағдырын өз еркінше, дербес, тәуелсіз таңдау құқығын тану;
- қазіргі дүниені біртұтас және өзара байланыстағы адамдардың қауымдастығы ретінде түсіну.
Бұл принциптерді іске асыру үшін ең алдымен ядролық қаруды біртіндеп, кезеңімен қысқартып, кейіннен оларды толық жою, ядролық космостық қару-жараққа тыйым салу. Бұл шаралар 2000 жылға дейін орындалса, тіпті тамаша болар еді. Ол үшін алғашқы қадамды ядролық қаруды сынауға толық тыйым салудан бастауға болар еді. Одан кейін химиялық, жаппай қырып-жою қаруларын жойып, басқа қару мен қарулы күштерді ақылға сыймды қалпында қалтырса жеткілікті.
Жоғарыда көрсетілгендей, адамзат үшін келесі ең қауіпті мәселе – экологиялық апат. Айналадағы ортаның ластануын тоқтату мақсатында жүйелі шаралар қолдану қажет. Ол үшін алдымен экономикалық амалдар мен ынтыландыру тәсілін пайдаланған дұрыс. Ондай тәсіл шетелдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германия Федерациялық Республикасында бұл мақсатта сертификаттарды енгізген. Егер кәсіпорын немесе ұйым айналадағы ортаға зиян келтірсе, олардың барлығы қосымша салық төлейді. Зиянды қалдықтар сертафикатта көрсетілгендей белгілі бір мөлшерде болса, онда онша көп төлемейді. Ал егер ол мөлшерден артық кетсе, салық ақысы айтарлықтай көбейеді. Оның үстіне сертификаттағы көрсетілген ластану мөлшері жылдан-жылға азайтылып отырады. Салықтың өзі де жеке салалар мен аймақтар үшін олардың мүмкіншілігі мен жағдайына қарай әр түрлі салынады. Мұндай жүйелі әдістің жан-жақты пайдасы бар. Біріншіден, фирмаларды экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді түрде ұзақ мерзімді капитал жұмсауға мәжбүр етеді (инвестиция жасатады). Екіншіден, экологиялық жағынан зиянды өнеркәсіптер есебінен айналадағы ортаны қорғауды қаржылаңдыратын арнаулы қор ашылады.
Айналадағы ортаны ластамай, қорғау үшін газ, тозаңдарды ұстап қалатын қондырғылар орнатса, ластаушы көздерді құртса, қалдықтар қалдырмайтын немесе аз қалдыратындай технологиялар кіргізсе, отынның экологиялық таза түрлерін пайдаланса, көп мәселе шешілер еді.
«Үшінші елдердің» әлеуметтік-экономикалық артта қалуын жою үшін жанталаса қарулануды қысқарту және әскери шығынды едәуір азайту керек. Соның арқасында артта қалған елдерді тезірек дамытуға бірталай қаржыны бөлуге болады. Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл елдердің экономикасын қазіргі тілекке сәйкес өзгертуге керекті ақша қаражатын өтеу үшін әскери шығынның оннан бірі де жеткілікті екен. Сонымен қатар бұл мәселені шешу арқылы қонымды түрде халықты, жалпы демографиялық жағдайды реттейтіндей саясат жүргізуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет