Астана қаласының
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
қаңтар – қазан
АСТАНА
|
Мазмұны
|
|
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жай-күйін сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі
|
…………………………….
|
3
|
1.
|
Өнеркәсіптің жай-күйі
|
…………………………….
|
4
|
2.
|
Көлік және байланыс
|
…………………………….
|
6
|
3.
|
Банк секторы
|
…………………………….
|
7
|
4.
|
Қаржылық – бюджеттік сала
|
…………………………….
|
7
|
5.
|
Инвестициялар
|
…………………………….
|
8
|
6.
|
Сауда және сыртқы сауда айналымы
|
…………………………….
|
9
|
7.
|
Шағын бизнес мониторингі
|
…………………………….
|
10
|
8.
|
Тұтыну бағаларын талдау
|
…………………………….
|
11
|
9.
|
Әлеуметтік сала
|
…………………………….
|
14
|
9.1.
|
Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлікті төмендету
|
…………………………….
|
14
|
9.2.
|
Жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету
|
……………………………
|
14
|
9.3.
|
Білім беру
|
…………………………….
|
16
|
9.4.
|
Денсаулық сақтау
|
…………………………….
|
17
|
10.
|
Мәдениет және спорт
|
…………………………….
|
18
|
|
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН СИПАТТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ИНДИКАТОРЛАРДЫҢ
Т І З Б Е С І
2012 жылдың қаңтар-қазан
№
|
Атауы
|
Көрсеткіштер
|
2011 жылдың тиісті кезеңіне %
|
1.
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге
|
152 733,6
|
96,7
|
2.
|
Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге
|
447 256,7
|
102,5
|
3.
|
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге
|
231 238,3
|
107,7
|
4.
|
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа беру, шаршы метр
|
1 070 812
(11 049 пәтер)
|
92,1
|
5.
|
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы, млн. теңге
|
514 524,6
|
155,8
|
6.
|
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, %
|
135,6
|
-
|
7.
|
Бюджетке түсім бойынша бересі (айыппұлсыз), млн.теңге
|
8 606,2
|
-
|
8.
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млн. теңге
|
834 314
|
101,3
|
9.
|
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, мың адам
|
163,1
|
106,9
|
10.
|
Тұтыну бағаларының индексі (2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2012 жылғы қазан), %
|
104,2
|
-
|
11.
|
Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге
|
316 266,5
|
112,5
|
12.
|
ЭБХ-ға тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2012 жылдың қазанында)
|
0,9
|
-
|
13.
|
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері (қазан)
|
21 465
|
112,2
|
14.
|
Орташа айлық атаулы жалақы, теңге (2012 жылғы қаңтар – қыркүйек)
|
140 813
|
114,5
|
Астана қаласының
әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы
АҚПАРАТ
2012 жылғы қаңтар – қазан
1. Өнеркәсіптің жай-күйі
Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 82,3% құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату кәсіпорындары (13,4%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 4,3%-дан келеді.
Жыл басынан бастап қаланың кәсіпорындары 152 733,6 млн. теңге сомасына өнім өндірді және өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетті. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,7 %-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 125 630,7 млн. теңге сомаға өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ 96,8%-ды құрады.
Өндірілетін өнім көлемінің:
-
тоқыма өнімдері өндірісінде – 91,6%;
-
тері және оған жататын өнімдер өндірісінде – 45,0%;
- жиһаздан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдер өндірісінде, – 45,0%;
-
қағаз және қағаз өнімдері өндірісінде – 36,0%;
-
жиһаз жасау өндірісінде – 32,2%;
-
резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 18,2%;
-
сусындар өндірісінде – 5,1%;
- машина мен құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдері өндірісінде – 9,0%;
- машина жасауда - 8,8%;
- тамақ өнімдері өндірісінде – 1,7%;
- басып шығару және жазылған материалдарды жүргізу – 1,6%;
- киім өндірісінде – 0,9%-ға төмендеуі байқалады.
Өнеркәсіптің өңдеу секторында ең көп үлесті машина жасау алады (48%). Осы саланың кәсіпорындары есепті кезеңде 59 800,3 млн. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 91,2%-ды құрайды. Көлемдердің төмендеуі дизельді локомотивтердің 6,7%-ға азаюымен шартталған. Сонымен қатар, сорғыштарды шығарудың 26,7%-ға артқандығы байқалады.
Тамақ өнімдері өндірісінде өндіріс көлемі 12 771,7 млн. теңгені, НКИ 98,3%-ды құрады. Макарон өндірісі – 10,2%-ға, шұжық – 12,3%-ға, жарма – 12,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, сүт – 0,9%, ұн – 5,2% өндірісі артты, нан өндірісі өткен жылғы деңгейде қалды.
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде 11 392,3 млн. теңге сомаға тауарлар шығарылды, НКИ 81,8%-ды құрады. Есіктер мен терезелер өндірісі – 15,4%-ға, құбырлар – 23,0%-ға, преформалар – 9,1%-ға төмендеді.
Машина мен құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдер өндірісінде өндіріс көлемі 7 346,7 млн. теңгені, НКИ 91,0%-ды құрады. Қара металл немесе алюминийден жасалған конструкциялар өндірісі – 35,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар, металдан жасалған терезелер, есіктер өндірісі – 2,0%-ға артты.
Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі:
- металлургия өнеркәсібінде – 1,8 есеге;
- химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде – 1,5 есеге;
- өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіруде – 10,9%-ға ұлғайды.
Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіруде 29 525,0 млн. теңге сомасына тауар шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ 110,9% құрады. Құрама конструкциялар элементтерін өндіру – 26,8%, бетон өндіру – 13,3%; плиткалар, плиталар, кірпіш өндіру – 5,1% ұлғайды.
Металлургия өнеркәсібінде 624,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 181,6% құрады.
Химия өнеркәсібі өндірісінде 10,8 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 150,0 % құрады.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 20,2 млрд. теңге сомаға 7 жоба іске асырылды (жұмыс істейді), шамамен 757 жұмыс орны құрылды.
Қазіргі уақытта, іске асыру (құрылыс) сатысында 371,7 млрд. теңге сомаға шамамен 6 мың жұмыс орнын құратын 12 жоба бар.
Анықтама: 2012 жылдың соңына 1,9 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде 700-ден астам орын) жалпы сомасы 56,5 млрд. теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қалған 7 жоба бойынша іске асыру, кестеге сәйкес, 2014 жылға дейін жоспарланған.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату саласында 2012 жылдың қаңтар - қазанында өнеркәсіптік сипатта 20 502,0 млн. теңге сомаға (НКИ – 101,5%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда 14 013,1 млн. теңгеге (НКИ – 100,7%), газ тәрізді отынды өндіру және таратуда 156,3 млн. теңгеге (НКИ – 96,7%), бу тарату және ауаны салқындату жүйесінде 6332,2 млн. теңгеге (НКИ – 104,2%) қызмет көрсетілді.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 6 600,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетілді, нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,8%-ды құрады.
2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 52 қалалық бағдар бойынша күн сайын 771 бірлік көлік жұмыс істейді. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2,459 км. Қалалық автобустардың жалпы саны 1 018 бірлік, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобус - 733 бірлік, орташа сыйымдылықты автобус - 285 бірлік. Қызметкерлердің саны – 2 500 астам адам.
Соңғы жылдары Астана қаласының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде такси субъектілерін тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Астана қаласында 8 мамандандырылған таксомотор компаниясы – «Сарыарқа», «Аруна», «Жебе», «Медео», «Аққу», «Целиноград», «Астана Компани КЗ», «Триумф» компаниялары жұмыс істейді. Қозғалмалы құрамның жалпы саны 330 бірлік.
Қалалық көлікпен 2012 жылдың қаңтар – қазанында 89 647,5 мың тонна жүк тасылды, оның ішінде жалпы жүк айналымы 4 855,6 млн. ткм құрады. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 18,5%-ға ұлғайды.
Автомобиль көлігімен есепті кезеңде 1 439,9 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 266,9 млн. адамды (18,5 %), жеке кәсіпкерлер – 1 173,0 млн. адамды (81,5 %) тасымалдады.
Жол құрылысы. Ағымдағы жылдың 10 айында қалада 38,9 шақырым жол салынды, 18,7 шақырым қайта жаңартылды, 2,2 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы да 40 шақырым жол салу, шамамен 20 шақырым жолды қайта жаңарту жоспарлануда.
Әуе көлігімен 2012 жылдың есепті кезеңінде 5,2 мың адам тасымалданды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 9,5 млн. пкм құрады.
Қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жылдың қаңтар-қазан айлары бойынша 15 886,4 млн. теңге сомаға қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 19,8%-ға жоғары.
Көрсетілетін байланыс қызметтерінен түсетін кіріс құрылымында Интернет 35,7%, қалааралық, халықаралық байланыс түрлері – 15%, жергілікті телефон байланысы – 13,7%, өзге де байланыс түрлері – 35,6% алады.
3. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екі филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 155 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.
Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 164 айырбастау пункті және, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар 61 өкілетті ұйымның валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.
Екінші деңгейлі банктердегі резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы қыркүйектің соңында 1 494,5 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,2% төмендеді.
Астана қаласының экономикасына банктердің кредиттері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі, 2012 жылғы тамыздың соңына 913,0 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,5%-ға артты.
4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Бюджет және төлем тәртібі. 2012 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке түсім 379 556,9 млн. теңге болжамында 514 524,6 млн. теңгені құрады, болжамдық көрсеткіштерді орындау 135,6%-ды құрады, асыра орындау 134 967,7 млн.теңгені құрады.
Жергілікті бюджетке 83 363,1 млн. теңге болжамында 92 977,8 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштерді орындау 111,5 %-ды құрады.
Республикалық бюджетке 296 193,8 млн. теңге болжамында 421 546,8 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштерді орындау 142,3%-ды құрады.
Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 362 381,3 млн. теңге болжамында 324 469,0 млн. теңгені құрады, орындалу 89,5%-ды құрады, оның ішінде: республикалық бюджетке 288 915,7 млн. теңге болжанған жағдайда 246 061,7 млн. теңге түсті немесе болжамға 85,2%; жергілікті бюджетке 73 465,6 млн. теңге болжамында 78 407,2 млн. теңге немесе болжамға 106,7 % түсті.
Салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер 8 358,1 млн. теңге болжанған жағдайда 181 936,2 млн. теңгені құрады, болжам 173 578,1 млн. теңгеге артық орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 7 273,6 млн. теңге болжанғанда 175 472,9 млн. теңге түсті, асыра орындау 168 199,3 млн.теңгені құрады; жергілікті бюджетке 1 084,5 млн. теңге болжанғанда 6 463,3 млн. теңге түсті, асыра орындау 5 378,8 млн. теңгені құрады.
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бересі 8 606,2 млн. теңгені құрды, 2012 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда (6 563,3 млн. теңге) бересі, есептеуге тексеру актісі бойынша қосымша декларация жүргізілуіне және жүйенің қатесіне байланысты, 2 042,9 млн. теңгеге артты.
5. Инвестициялардың жай-күйі
Негізгі капиталға инвестициялар талдамалы кезең бойынша 447 256,7 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 102,5%-ды құрады. Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 11,1%-ды құрады (өткен жылы 11%).
2012 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздері 272 266,8 млн. теңге сомасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты болып табылады (инвестицияның жалпы көлемінің 60,9%). Бюджет қаражатының үлесі 28,1% құрады, қарызға алынған қаражат үлесі – 10,4%.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға
инвестициялар құрылымы
Көздер
|
2012 жылғы қаңтар - қазан
|
2011 жылдың тиісті кезеңіне
|
млн. теңге
|
қорытындыға %
|
Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:
|
447 256,7
|
100
|
102,5
|
республикалық бюджет
|
114 092,1
|
25,5
|
87,2
|
жергілікті бюджет
|
11 782,9
|
2,6
|
79,9
|
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты
|
272 266,8
|
60,9
|
117,7
|
шетелдік инвестициялар
|
2 786,9
|
0,6
|
85,9 есеге
|
заем қаражаты есебінен
|
46 328,0
|
10,4
|
77,9
|
Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі болып ғимараттар мен имараттарды салуға және күрделі жөндеуге инвестициялар табылады. Жалпы сомадан олардың көлемі 222 831,2 млн. теңгені (49,8%) құрады, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 81,5% құрады.
Машиналарға және құрал-жабдықтарға, аспаптарға және инвентарьға салынған инвестициялардың үлесіне салымдардың жалпы көлемінің 46,1% келеді.
Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 1 070 812 шаршы метр тұрғын үйлер салды және іске қосты (оның ішінде пайдалы – 792 403 шаршы метр), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 7,9 % төмен. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.
Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы толығымен іске асырылды, оның шегінде 4969 пәтер пайдалануға берілді. 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 237,8 мың шаршы метр пәтер салынды, пайдалануға жалпы алаңы 174,1 мың шаршы метр 2928 пәтер беру жоспарланып отыр.
Барлығы тұрғын үй құрылысына 49 652,0 млн. теңге берілді, бұл 2011 жылдың қаңтар – қазан деңгейінен 22,2% төмен.
6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда.
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 316 266,5 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 12,5%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 79 468,1 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді іске асырды, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 36,5%-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 138 472,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорын үлесі – 54,9%, ірі – 8,6% құрады.
Сыртқы сауда
Сыртқы сауда айналымы. Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастығы табысты кеңеюде.
Сыртқы сауда айналымының дамуын бақылап отырсақ, ол 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 6 930,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды.
Астана қаласының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні
Көрсеткіштердің атауы |
Қаңтар-қыркүйек
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары
|
5 463,0
|
6 930,7
|
Экспорт, млн. АҚШ доллары
|
4 536,7
|
5 544,1
|
Импорт, млн. АҚШ доллары
|
926,3
|
1386,5
|
Сыртқы сауда сальдосы, млн. АҚШ доллары
|
3 610,5
|
4 157,6
|
Экспорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 5 544,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге жоғары.
Елорда экспорты нақты айқындалған географиялық бағытқа ие: жалпы экспорт көлеміндегі ТМД-дан тыс елдердің үлесі 92,3%, ТМД елдері – 7,7%-ды құрады. Негізгі тұтынушылардың қатарына Румыния (32,5%), Италия (22,6%), Нидерланды (6,4%), Франция (4,8%), Қытай (4,9%) кіреді.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі ұлғайды: минералды отын және оны өңдеу өнімдерінің, мұнай өнімдерінің, газдың және т.б. көлемі 1,6 есеге ұлғайды.
Импорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1 386,5 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 49,7%-ға ұлғайды.
Импорттық жеткізілімдер мөлшерінде ТМД-дан тыс елдерге 87,9%, ТМД елдеріне – 12,1% жеткізіледі.
Импорт түсімдерінде машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басым болып табылады және 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте олардың көлемі 814,5 млн. АҚШ долларын құрады.
7. Шағын және орта бизнеске мониторинг жүргізу
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 45 342 бірлікті құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,3% жоғары.
Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің шаруашылық субъектілері 834 314 млн. теңге сомасына өнім өндірді, жұмыстар орындады және қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 1,3% жоғары.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 163,1 мың адамды құрады, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9%.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі жұмыс жүргізуде, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Астана қаласының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі кредиттік портфель сомасы 31697,1 млн. теңгеге 84 жобаны қарастырды, оның ішінде төмендегілер мақұлданды: банк кредиттерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 74 жоба кредиттік желінің жалпы сомасы 31 407,5 млн.теңгеге, оның ішінде кепілдік беру бойынша 2 жоба, төленген кепілдік сомасы 13,3 млн. теңгені құрады, өндірістік инфрақұрылым бойынша 10 жоба 289,6 млн. теңге сомаға.
Халықты Бағдарламаның механизмдері туралы кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында Басқарма ролик шығарды, ол бір ай (қазан) бойы Қабанбай батыр даңғылы және Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан лэд-экранда тасымалданды, сондай-ақ аталған ролик екінші деңгейлі банктердегі ақпараттық дисплейлерге орналастырылды, апта сайын Үйлестіру кеңесі өткізген отырыс қорытындылары бойынша жергілікті баспа басылымдарда қарастырылған жобалар бойынша ақпарат жарияланады.
Сонымен қатар, осы жылы Бағдарламамен 3 млн. теңге гранттық қаржыландыру түрінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерді қолдау қарастырылған, қазіргі уақытта 3 қазаннан бастап 15 қарашаға дейінгі аралықта конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталады. Конкурс екі кезеңде өтетін болады, ең алдымен өтінімдерді Конкурстық комиссия қарастырады, оның құрамына бизнес-қауымдастықтардың, кәсіпкерлік саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, салалық жоғары оқу орындарының (Назарбаев Университет, Еуразия Ұлттық университеті, Агротехникалық университет) өкілдері тартылды. Сосын Конкурстық комиссияның ұсыныстары негізінде грант беру туралы шешімді Астана қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі шығаратын болады.
Заң мәселелері бойынша, маркетинг, менеджмент, IT-сүйемелдеу бойынша, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес беруді қамтитын, тегін негізде консультациялық және консалтингтік қызметтер беру түрінде сервистік қолдау көрсету жұмысы басталды.
Тұтыну бағаларын талдау
Астана қаласы бойынша тұтынушылық баға көрсеткіші:
Атауы
|
2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 2012 жылдың қазанында, %
|
Барлық тауарлар мен қызметтер
|
104,2
|
оның ішінде:
|
|
азық-түлік тауарлары
|
105,6
|
азық-түлік емес тауарлар
|
103,6
|
ақылы қызметтер
|
103,2
|
Анықтама:
2012 жылдың қазанында күнкөріс минимумының мөлшері 21 465 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2%–ды құрады.
Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтар- қазанда 140 813 теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға көбірек.
Азық-түлік тауарларының тобында баға индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,6% құрады. Жұмыртқаға баға 9,0%-ға, сүт өнімдеріне – 1,5%-ға (соның ішінде пастерленген сүт – 6,2%-ға; айран – 5,4%-ға), макарон өнімдері – 1,5%-ға, жеміс-жидектер – 1,3%-ға, алкогольдік сусындар, темекі өнімдері – 0,8%-ға өсті.
Көкөніс – 5,9%-ға (оның ішінде сәбіз 9,5%-ға; пияз – 9,0%-ға; қызылша – 6,5%; картоп – 1,9%-ға; ақ орамжапырақ – 0,1%-ға), қант - 0,3%-ға арзандады.
Азық-түлік емес тауарлар тобында баға индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,6% құрады. Тас көмір 5,8%-ға, отын – 2,8%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар – 1,4%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 0,3%-ға, киім және аяқ киім – 0,2% қымбаттады. Дизель отынының бағасы 4,4%-ға, бензин – 2,1%-ға өсті.
Халық үшін ақылы қызметтер саласында бағалар мен тарифтер индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанға қарағанда 103,2% құрады. Қоқыс жинауға тарифтер – 5,3%-ға, техникалық қызмет көрсету және жеке меншік көлік құралдарын жөндеу – 0,5%-ға, денсаулық сақтау – 0,4%-ға артты. Әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне тарифтер 0,7%-ға өсті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға деңгейін реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі мен сауда ұйымдарының арасында 2012 жылға «Астана қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды көтерме-бөлшек сауда негізінде сатумен айналысатын сауда ұйымдарында сатудың үстеме бағасының мөлшерін анықтау мен қолдану туралы» меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) қол қойылды.
Астана қаласының аумағында қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның, орталықтандырылған сатып алу негізінде өнімдермен қамтамасыздандырылатын 32 әлеуметтік павильоны қызмет етеді. Әлеуметтік павильондарда халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне 10%-дық жеңілдік ұсынылады.
Астана қаласының азық-түлік тұрақтандыру қоры құрылып, оған 6 928 тонна шамасында азық-түлік сатып алынды, оны сату әлеуметтік павильондар, сауда желілері және супермаркеттер арқылы жүзеге асатын болады.
Бұдан басқа, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нарықтық механизмді қолдану арқылы жүйелі шаралар іске асырылуда.
Индустриялық парк аумағында «Мир круп» ЖШС жарманы қайта өндіру жөнінде көпсалалы кешенінің, жылына 1800 тонна ет өнімдерін өндіретін «Бакунов» ЖК кәсіпорнының құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, Астана – Көкшетау айналмалы жолының солтүстік – шығыс учаскесі ауданында «Продкорпорация» АҚ-ның уақытша сақтау қоймасы, қайта өңдеу, көтерме сауда секторы және көлік терминалдары енетін «Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің бөлшек сауда базарын салу» жобасы іске асыру сатысында.
Қазіргі таңда Астана қаласының аумағында екі ірі жылыжай кешені бар: «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС және жобалық күші жылына 2000 тонна «А.Е. Олжабаева және Г.О. Наурзалина» ЖК. Осы жылыжайлардың өнімдері елорда базарларында ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап іске асырылуда.
Қазіргі уақытта қала аумағында жалпы жылыжайлық өнімділігі жылына 3500 тонна болатын 3 жылыжай жобалануда.
Толық күшке енген жағдайда бұл объектілер 2013 жылы қаланың жылыжай өнімдеріне (қияр, қызанақ) деген қажеттілігін қала халқы санының өсуі есебімен 80 % жабады.
Қала тұрғындарын жеміс-көкөніспен тұрақты қамтамасыз ету үшін сақтау көлемі 60 000 тонна көкөніс сақтау қоймалары қажет.
Қазіргі уақытта қала аумағында сақтау көлемі 23 200 тонна 5 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр, соның ішінде ағымдағы жылы 2 көкөніс сақтау қоймалары іске қосылды.
Жыл соңына дейін сақтау нысандарына сұранысты 59 %-ға жабатын, жалпы сақтау көлемі – 12 000 тонна болатын 2 жобаны аяқтау жоспарлануда.
2013 жылы сақтау көлемі 36 800 тонна болатын 7 жобаны аяқтау жоспарлануда.
9. Әлеуметтік сала
9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлік деңгейін төмендету
Астана қаласы бойынша жергілікті бюджеттен төленген төлемдердің жалпы сомасы 2012 жылдың 1 қарашасына 2 215,1 млн. теңгені құрады.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1 377,5 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Барлық әлеуметтік көмек ақшалай төлем ретінде берілді, олардың мөлшері жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен және мұқтаж азаматтардың санымен айқындалады, олардың ішінде:
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы – 22 793,6 мың теңгені құрады;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 16 543,7 мың теңге;
тұрғын үй жәрдемақысы – 102 801,3 мың теңге;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне коммуналдық төлемдері, тұрғын үйді ұстауы, дәрі – дәрмектік қамтамасыз етуі, абоненттік төлемі үшін – 106 725,7 мың теңге;
мүгедектерге әлеуметтік көмек 314 044 мың теңгеге көрсетілді.
9.2. Жұмыспен қамту
Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 15 805 (2011 жылы – 14 774) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 887, саудада – 1 315, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта – 5 387, көлік және байланыста – 697, білім және денсаулық сақтауда – 3 272, өзгелері – 4 247. Оның ішінде шағын бизнес саласында – 9 506.
2012 жылдың басынан бастап 11 420 адам жұмыс іздеп өтініш білдірді. Осы азаматтардың жалпы санының 7 304 немесе 64,0 % әйелдер құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар 6 957 адам немесе 61,0 %.
4 617 адам жұмыспен қамтылды, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 684 адамға азайды.
Жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны а.ж. 1 қарашасына 4 582 адамды құрайды.
Жұмыспен қамту мүмкіндігін арттыру, жұмыссыздарды еңбек нарығында қолдау және бейімдеу мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын қолдануда, оның ішінде: жұмыс іздестіруге жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту саласында қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру (бұл оқудан бос уақытта оқып жатқан жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар, «Жастар тәжірибесі» кәсіптік диплом алдындағы тәжірибе, халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары).
Халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің маңызды элементі кәсіби дайындықты ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау болып табылады.
Кәсіби оқуды ұйымдастыру шеңберінде білім беру мекемелерімен ынтымақтастық туралы екі жақты келісімдер жасалды. 2012 жылдың басынан бері кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге 844 адам жіберілді, олардың ішінен 703 адам оқуын бітірді, 117 адам жұмысқа орналасты.
Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру уақытша жұмыс орындарын құру мен елорданың жұмыссыз азаматтарын қосымша табыспен қамтамасыз етуді бағамдайды. Ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру үшін 135 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бері 2 879 адам жіберілді.
Халықтың нысаналы тобының тұлғаларын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға елорданың 75 ұйымы және кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. 2012 жылдың қаңтар – қазанында әлеуметтік жұмыс орындарына 349 адам жіберілді.
Есепті кезеңде 343 білім беру мекемелерін бітірушілер «Жастар тәжірибесін» өтуге жіберілді.
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органының деректер қорында 1 335 бос орын бар.
9.3. Білім
2012-2013 оқу жылының басына Астана қаласының білім жүйесін 262 білім ұйымдарынан тұрады:
Бала бақша – 122, оның ішінде:
-
мемлекеттік – 69, оның ішінде кешенді (мектеп – бала бақша - 5);
-
мемлекеттік емес – 52;
-
ведомстволық – 1.
Мектепке дейінгі білім берумен балаларлы жалпы қамту (1 жастан 6 жасқа дейін) – 49,5 %, оның ішінде Балапан бағдарламасы бойынша – 61,9 %.
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы (3 жастан 6 жасқа дейін) – 34 200, оның ішінде аса мұқтаждар – 15 200.
Кезектегілер саны – 65 400.
Жалпы орта білім беру
Барлығы – 82 мектеп (мемлекеттік – 70, жеке - 12).
Оқушылар орнының тапшылығы – 15 730 орын. Үш ауысымда оқитын мектептер саны – 6.
Техникалық және кәсіби оқыту.
2011-2012 оқу жылының басында кәсіби лицейлерді колледждерге қайта тіркеу өткізілді. 2012-2013 оқу жылынан бастап 35 колледж, оның ішінде 12 мемлекеттік колледж, 23 жеке колледж жұмыс істейді.
Қосымша білім беру ұйымдары – 13.
Қосымша білім берумен қамту – 29 % (23 948 адам), 27 аула клубтары жұмыс істейді (4000 бала).
Қосымша білім беру және сабақтан тыс қызметпен барлық қамтамасыз етілгендер жалпы саны оқушылапдың жалпы контингенті 69 %.
Астана қаласының Білім басқармасы ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды қамқорлығына алған, патронаттық тәрбиелеуге алған азаматтар үшін «Қамқоршы күні» мерекесі өткізілді. Осы мерекеде қамқоршыға алғандар, патронаттық тәрбиелеушілер, демеушілер, мемлекеттік ұйымдардың және ҮЕҮ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, БАҚ: «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «24 арна», «Қазақстан», «КТК», «СТВ» шақырылды. Мереке қонақ ретінде 70 бала және 70 қамқоршы шақырылды.
№ 62 мектеп - лицей базасында № 7 мектеп - гимназия және № 62 мектеп - лицей оқушылары базасында Германиядан келген мамандар Шарлотта Зигершеттер және Хольгер Радке өткізген шебер - кластар шегінде «Ұйқыдағы ару» ертегісінің мақамы бойынша өз қатарластары үшін театрландырылған қойылымды дайындады.
Астана қаласының № 30 мектеп - гимназиясында Астана қаласының жалпы білім беру мектептерінің 11 - сыныптарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президент олимпиадасының І (өңірлік) кезеңі өткізілді. Барлығы олимпиадада елорданың 25 мектебінің 86 оқушысы қатысты. Президент олимпиадасының екінші іріктеу кезеңіне қаланың 9 мектебінен 30 оқушысы өтті. Республикалық ғылыми жарыстарға қатысу үшін Астана қаласының 68 білім беру мекемесінен 1189 оқушы (998 жоба) тіркелді.
Қазан айында Қарттар күніне арналған ҰОС және еңбек ардагерлері, зейнеткерлерге біраз мектептердің оқушылары барып көмек көрсетті. Сыйлықтар сыйлады және шаруашылық істеріне көмектесті. Олардың ішінде № 28 ОМ «Қоғамның, әлем бірлігінің және рухани келісім идеялары» атты қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел, № 30 МГ «Әр түрлі және басқалар» атты аз ұлттардың конфликтологиялық сабағы, Балалар көркемсурет мектебінде – ЮНЕСКО клубында «Қайырымды істер – қайырымды жүректер» атты балалар суретінің конкурсы және т.б. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Сөз маржаны» атты ең үздік жүргізуші конкурсы өткізілді.
9.4. Денсаулық сақтау
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 3 376,9 жалпы кереуеттік қоры бар 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.
Бұдан басқа, қала тұрғындарына 2 222 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 Республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық аурухана ұйымы және жеке меншік нысанындағы 2 аурухана ұйымы.
Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 32.
Қарастырылған кезең нәтижесі бойынша медициналық – демографиялық көрсеткіштер динамикасының төмендеуі байқалады:
- 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 24,9 құрады, бұл 2011 жылдың 9 айында 24,43 қарсы.
- жалпы өлім көрсеткіші 2011 жылғы 4,5-тен ағымдағы жылы 4,65 дейін төмендеді;
- тұрғылықты мекен – жайы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың адам басына шаққанда 2011 жылғы 10 айдың 19,0-ден 2012 жылғы 5,6 төмендеді.
- бала өлімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың басынан бастап 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1000 тірі туған балаға шаққанда 8,9 –дан ағымдағы жылы 9,2 дейін азайды.
10. Мәдениет және спорт
Мәдениет. Мұражай қызметінде.
Қазан айы бойы музейлерде 17 жаңа көрме өткізілді, 163 экскурсия өткізілді, 9 дәріс оқылды, бұл іс – шараларға 11307 адам қатысты.
Жаңа өнер музейінде «СОЦиУМ» атты плакаттардың блиц көрмесі өткізілді, оған 16 жұмыс ұсынылды.
Қазан айынан бастап КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Елена Ралинаның (Астана) «Жетінші күн» персоналды мерейтойлық көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде 1997 жылдан 2012 жыл аралағында құрылған 97 сұңғат өнерінің заттары ұсынылды.
«АЛЖИР» музей – мемориальды кешенде «АЛЖИРДІҢ атақты аттары» көрмесі ұйымдастырылды, ол жерде мемлекет және қоғам қайраткерлері Б. Майлиннің, А. Рысқұловтың, Д. Жүргеновтың, Л. Руслановтың және т.б. әйелдері туралы айтылды.
ТЕтар қызметінде.
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Музыка драма театрында 10 қазанда Әзербайжан Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған «Ғасырдан да ұзақ түн» атты спекткальмен 22 театр кезеңі ашылды.
Театр Алматыда өткен Орта Азиядағы театрлардың ІV халықаралық фестиваліне қатысты, ол жерде көрермендердің назарына У. Шекспирдің «Гамлет» спектаклі қойылды.
Барлығы 18 спектакль қойылды, оған 928 адам қатысты.
Жастар театры есепткі кезең бойы оқушыларға «Үй таңдаған лақ» және «Ұр тоқпақ» атты халық ертегісін, және студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін «Махаббат миниатюралары», «Рефизор», «Жан азабы», «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы», «Вестсайд оқиғасы» және т.б. қойды.
Барлығы 18 спектакль қойылды, оған 1973 көрермен қатысты.
Қуыршақ театры қазанда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін «Қала жолдарындағы оқиғалар» және «Ғажайып сөздер» атты спектакльдерді қойды.
Барлығы 41 спектакль қойылды, оған 4849 көрермен қатысты.
«Наз» мемлекеттік би театры есепті кезеңде Уфа қаласының қалалық округы әкімшілігі Басшысының шақыртуымен «Уфа – достық және бірлік қаласы» атты муниципиальды кәсіби – шығармашылық ұжымының фестиваліне, сондай-ақ Қарттар күніне арналған, І Рухани келісім және Бүкіләлемдік конгрессінің 20 жылдығына арналған және т.б. іс-шараларға қатысуға шақырту алды.
Музыка өнері қызметінде.
Қазан айы бойы Мемлекеттік филармония 47 концерттік іс-шара өткізді, оған 49650 көрермен қатысты.
«Жастар» сарайында «Қазақша КВН» жартылай финалы өтті, 20 қазанда «Би алаңы» жобасы, 24 қазанда «Жас техник» жалпы қалалық конкурс.
Бейбітшілік және келісім сарайында І Рухани келісім және Бүкіләлемдік конгрессінің 20 жылдығына арналған «Барлық әлемдегі бейбітшілікке – рухани мәдениет арқылы» мерейтойлық халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді.
Тәуелсіздік сарайында KazEnergy VІІ Еуразиялық форумы, сондай-ақ, І Рухани келісім және Бүкіләлемдік конгрессінің 20 жылдығына арналған «Барлық әлемдегі бейбітшілікке – рухани мәдениет арқылы» мерейтойлық халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді.
Елорда циркі.
7 қазанда циркте «Маша және аю» атты Ресей қойылымы өтті. Бағдарламаға қуыршақтардың қойылымы болды. Спектакльге 3500 көрермен қатысты.
Кітапхана қызметінде.
Қаланың барлық кітапхана жүйесінде Президенттің халқымызға «Қазақстанның әлеуметтік жандануы: Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық баяндамасы талқыланды.
Сондай-ақ, кітапханаларда Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – Қазақстандағы бейбітшіліктің негізі» көрмесі, «Бірлік кепілі – бейбітшіліктің символы» тақырыптық іріктеулер реімделді, «Толерантность – Қағида – Адалдық - Махаббат», «Біздің арамызда келісім, бейбітшілік және махаббат болсын» атты қоғамдық сағаттар, «Рухани мәдениет көздері – жайлау әні» атты шолу әңгіме өтті.
Спорт. Астана қаласында дене тәрбиесін және спортты әрі қарай дамыту мақсатында, оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірмдер спорт мектептері, спорт клубтары, және басқа да спорттық-көпшілік және сауықтыру шараларының орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Астана қаласында 508 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 4 стадион, 3 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 12 спорттық кешен, 4 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 27 ату тирі, 2 эллинг, 16 хоккейге арналған ашық корттар, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейндері, 176 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары қызмет етеді, 173 жазық спорттық ғимарат пайдалануға берілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала халқын дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың шілдесінде келесі маңызды іс-шаралар өткізілді:
-
«Астана» ХК шайбамен хоккей бойынша «Горняк» ҚР чемпионаты;
-
«Алтын күз» жазғы кезеңінің жабылуы, жеңіл атлетика;
-
Шахмат бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты;
-
1995-1996 жылдары туған қыздар арасында футбол бойынша Астана қаласы әкімінің кубогына біріншіліктің ашылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |