Орманшылық 050807 Орман шаруашылығы ісі мамандығына арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2009 (075) ббк 43. 4 я73 с – 85 Биология-химия факультетінің генетика және биотехнология кафедрасы ұсынды Пікір жазушы



бет2/7
Дата15.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#137645
1   2   3   4   5   6   7

1.5 Орман және климат

Климат – географиялық орналасуымен анықталатын, бір жердегі көп жылдық өзгермейтін ауа райы құбылымы. Ол негізінде астрономиялық және физикалық – георгафиялық жағдайлардың әсерімен қалыптасады.

Астрономиялық жағдайлар жер бетіне күн сәулесінің бір келкі түспеуін тудырады. Ол сәулелік және жылулық теңдіктің, ормандардың вегетациялық кезеңдерінің қалыптасуына, яғни жыл кезеңдеріне, метеорологиялық жағдайларының өзгеруіне әсер әсер етеді, сонымен қатар ағаш және бұта өсімдіктері өсіп-дамуына мүмкіндік жасайды.

Физикалық – географиялық жағдайлар жер бетінің сипаттамасын, климаттық әртүрлілікті анықтайды және сонымен қатар – ормандар географиясына әсер етеді.

Сонымен, орман өміріне климаттық жағдайлар (жарық, жылу, ылғал, ауаның атмосфералық құрамы және оның өзгеруі) өте әсер етеді, олар экологиялық жағдайлардың құрыстырушысы және тіршілік немесе даму ортасы. Климаттың жағдайлары орманның өмірі, оның маңызды көрсеткіштері, ағаш бітімінің құрамы, формасы, қоры, сүректің техникалық сапалары, орманды жаңарту, оның санитарлық жағдайы, өрт қауіптілігінің күшейуі немесе төмендеуі, ормандық мәдениеттендіру жұмыстары. Климат, оны қалыптастыратын ауа райы жағдайлары, орман кесу және сумен ағызу жұмыстарын анықтайды.

Ормандағы климаттық жағдайлар, сапалық және сандық жағынан, ашық жердің жағдайларынан айырмашылығы бар.


1.6 Орман және жарық

Орман өмірінде жарық климаттық факторлардың ең маңызды көрсеткіші, оны күннің сәулелік күші деп білеміз. Ал қысқаша жарықты жарықталумен теңдестіреді. Күн сәулесі болмаса фотосинтез үдірісі жүрмейді, яғни ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуы тоқтайды, органикалық зат - сүрек құралмайды.

Фотосинтез – космостық үдіріс. Оның әсерімен жыл сайын 1000 млрд – құрғақ органикалық зат құрастырылады, ол жер бетінің құрғақ және су көлеміне тең келеді. Құрғақ жер көлемінде ормандар 24,4 млрд.т. құрғақ органикалық заттар құрастырады, жайылымдар – 10,4, егістіктер – 8,7, шөлді жерлер – 5,4.

Орман шаруашылығында жарық биологиялық әсер ретінде қаралады, өсімдіктердің өсіп және дамуын қамтамасыз ететін. Сонымен қатар жарық экологиялық әсерге жатады, бұл жағдайда, орман қалыптасады.

Орманға түсетін жарық екі түрлі болады: тік және шашыраңқы, көк аспаннан, бұлттардан, жер және су бетінен шашыраған. Ашық ауа райында күн жоғары тұрғанда шашыраңқы күн сәулесі, барлығынан, 20 %. Тік күн сәулесі жер бетіне Күннен сәулелер ретінде түседі.

Физиологиялық үдірістің жүруіне және көмір қышқылының сіміріліп хлорофилл құрастырылу үшін жарықтың спектральдік құрамы көп мағналы. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер ағаш өсімдіктеріне зиян келтіреді. Ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуына ультракүлгін сәулелер аз болу керек, ал инфрақызыл сәулелер негізінде жылу береді. Көмір қышқылы сіміріліп хлорофилл құрылуға күн сәулесінің қызыл, сары бөліктері көп мағналы. Көк, сия көк сәулелері ағаш және бұталардың өсімдік бүршігі өсіп – дамуына көп әсер етеді.

Барлық ағаш тұқымдастардың жарыққа қатынасы әртүрлі. Орман шаруашылығында оларды жарық сүйгіш және көлеңкеде, өсетіндерге бөледі. Жарық сүйгіш ағаш тұқымдастарына қайың, бал қарағай, көктерек, т.б., ал көлеңкеліктерге шырша, жөке ағашы, шамшат, май қарағай, т.б. жатады.

Жарық құмарлық өзгеріп отырады және орманың жасымен орман құрғыштығына байланысты жас кезінде ағаштар жарыққа құмар емес, ал өсе келе ол көрсеткіш өзгереді. Топырақ жағдайы жақсарғанда ағаштардың көлеңке сүйгіштігі көбейеді.



1.7 Орман және жылу

Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде өзгеріп тұрады.

Өсімдіктердің жылуға талабы әртүрлі және құбылмалы, жылу жағдайларына қойылатындай. Сондықтан жылу жағадайлары фактор ретінде орманның өсіуне әсер етеді. Ағаштар мен бұталар нольден жоғары температурада өсіп – дамиды. Ағаш өсімдіктерінің тамырлары топырақ температурасы 5º жоғарыда дамиды, фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің өнуі, гүлдеу және тісу әр тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ал суық ауа – райы гүлдеуді, жемістің пісуін, кейде өнімнің болмауына келтіреді.

Жылу басқа климаттық әсерлермен және әсіресе жапырақпен тығыз байланысты. Күннің шуақтық күші – ағаштар мен бұталарға негізгі жылуды әкеледі. Орманның жарықтануы, өзгеруі жылу құбылымына келтіреді. Жаздың өзінде, бұлтты күні күн сәулесі топырақ бетіне аз түседі, сондықтан суыту байқалады. Жылу жауын-шамшынмен байланысты. өсіп-даму кезіндегі жауаынның көп болуы температураның төмендеуіне келтіреді. Ормандағы ағаштардың діңдеріде, бөрікбасыларыда, фотосинтез үдірісі, транспирация жылу бөледі.

Жылуға талаптануымен барлық ағаштар негізгі екі топтарға бөлінеді: жылу сүйгіш және салқынға төзімді, олар ұзақ уақыт төмен оңтайлы температураларға төзімділік көрсетеді (+1... +10 ºС). Сонымен қатар аязға төзімді ағаштар бар. Олар салқынға да төзімді.

Ағаштың сыртқы пішінімен жылуға қатынасын білуге болады. Қабықтануы, түктенуі, бүршігінің қабықтануы ағаштың аязбен суыққа төзімділігін көрсетеді. Жылу сүйгіштерге емен, грек жаңғағы, қараған т.б., ал салқынға төзімділерге қайың, қандағаш, бал қарағай, қарағай жатады.

Ағаш өсімдіктерінің өсуі мен дамуына, өте төмен және жоғары, температуралар әсер етеді. Көктемгі кеш және күзгі ерте үсіктер болады. Олар күндізгі жылылыққа қарамай ауада әлде топырақ бетінде түнде болады және жас ағаштарға көп зиян әкеледі. Өйткені негізгі өркен зақымдалады сосын көп тармақтанып сүрек сапасын төмендетеді.

Үсіктердің тағы екі түрі бар: адвекативті – арқтикадан келетін суық ауаның әсерімен болады; радиациялық – ол топырақтан жылу шыққанда түн салқын болады. Адвекативті үсік зиянды және ұзақ болады. Үсікке өте сезімтал – емен, шамшат, шаған, ал төзімділер – бал қарағай, қайың, қарағай, қандағаш, көктерек, шетен.

Ағаштардың өте төмен температуралармен зақымдану кездеседі, олар аяз тудырған жарықтар деп аталады. Олар қыста ауа температурасы күрт төмендегенде болады. Жарықтарда зиянды жәндіктер, саңырауқұлақтар спорлары орнығады, сондықтан сүрек сапасы төмендейді. Қар аз түсіп, аяз - 40º С төмен және ұзақ болса шыршаның қылқандары қызарып түсіп қалады, сосын ағаш өледі.

Орман өзі ауа мен топырақтың температурасына әсер етеді (мысалдар келтіру керек).


1.8 Орман және жел

Жел, ауаның жер бетінде қыймылдауы, ол атмосфера қысымының біркелкі болмауымен байланысты, бұл экологиялық ықпал, сондықтан орман тіршілігіне көп әсер етеді. Ол әсер пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін және желдің жылдамдығымен байланысты. Желдің пайдалы мағнасы, көптеген шаруашылықта бағалы ағаш тұқымдастар (қарағай, шырша, емен, қайың, бал қарағай т.б.) желдің көмегімен тозаңданады. Оның көмегімен қылқан жапырақтылар және жапырақтылар ағаштарының дәндері жәйіледі. Қарағай, шырша, бал қарағай дәндерінің қанатшалары бар, онымен ұшу жеңілдейді.

Жәйлі жылымдағы бар жел транспирацияны реттейді (5...8 м (с), яғни ағаштар және бұталар ылғалды жәйлі физиологиялық буландырады. Ол, фотосинтезді белсендетеді, өйткені атмосфералық буландырады. Жел суық ауаны жылымен араластыра отырып топырақта үсікті болдырмайды.

Өте қатты жел 14 .. . 20 м/с жылдамдығымен, ал 20...25 м/с дауыл, қатты дауыл (30 м/с жоғары) орманға кері әсер етеді, ол орман шаруашылығын шығындандырады. Ол желдер жел сұлатпаға, онда ағаш діңі сынады, келтіреді.

Желдің тек бір жақтан соққнынан ағаштарда бір қырлы бөрікбасы қалыптасады, діңі қыйсық болады, олар сүректің техникалық сапаларын төмендетеді. Қысқы уақытта желдің әсерімен ағаштар шимай –шатақ болады, ол қайыңдар шырша және қарағайлармен өссе жиі болады. Сол себептен қылқандар шапқан уақытында сұлатпаға және құламаға соқтырады.

Желдің кері әсерін азайту үшін орман шаруашылығы тәсілдерін қолдану керек. Шырша өсінділерінде орта және жоғары жиілік сақтау керек. Желге төзімді және желде сұламайтын ағаштарды қолдансақ желге төзімділік жоғарылайды. Тағы бір шара, күту және санитарлық кесулерді қолдану.

Орман желге көп әсер етеді. Ол, ағаштар бітімінің биіктігіне, толықтығына, жиілігіне, жасына және құрамына қарай болады.

1.9 Ауа және орман

Ауа газдардың табиғи араласы, атмосфера құрамындағы, негізінде азот (78 %) және өттегінен (21 %) тұрады. Тағы аргон (1 % шамасында), көмір қышқылы (0,03 %), инерттік газдар (неон, криптон т.б.) бар. Ауада шаң, түтін, өндіріс газдары, су, бектерийлер, вирустар және т.б. болуы мүмкін.

Ауалық азот микроағзалар тіршілігінің әсерімен жер бетінен бөлінеді және ағаш пен бұта өсімдіктерімен аз қолданылады. Ол жауын-шашын болғанда өсімдіктермен, ауадан түйін бактерийлермен қортылады. Топырақтағы азоттың, мағнасы зор, өйткені ағаштармен бұталардың негізгі көректік заты және белок молекуласына кіреді. Оттегі орманның тыныстануына керек, яғни органикалық заттар тотығын көмір қышқылы мен су айналады және энергия бөлінеді. Тірі ағзалар тыныстанғанда өттегін жұтып көмір қышқылын бөледі. Сонымен қатар фотосинтез үдірісінде өсімдіктер өттегін бөледі. Ол белоктар, майлар және углеводтар құрамына кіреді, яғни орынды тіршілік жасайды. Кейбір орман өсімдіктерінің өттегін өндіруі мынадай: - 4 ... 11 т (жылына, шыршалар – 5 ... 13, емендер – 6 ... 14).

Ағаштар тіршілігіне көмір қышқыл газы (СО2) өте мағналы, ол адамлар, жануарлар және өсімдіктер тыныстанғанда, өсімдіктер және жануарлар қалдықтары шірігенде, бұзылғанда, жанғанда пайда болады. Жер атмосферасында жылына 20 млрд.т. көмір қышқылы газы және аэрозольдері қосылады. Көмір қышқылы газы фотосинтез жүргенде органикалық заттарды құрастыруға керек. Көміртегі ағаш өсімдіктерінің құрғақ заттарының 50 % құрастырады, яғни сүректің.




1.10 Орман және ылғал

Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге ылғал әсер етеді. Су тірі өсімдіктің құрамына кіріде, ол ағаш және бұта өсімдіктерінің тіршілігінде зор биологиялық роль атқарады. Оның тіршіліктік өсу орнында, жапырақтарда, шырынды жемістерінде 80...95 % дейін су болады.

Заттар ауысу, жасушалар бөлініп өсуі үдірістері, жасушаларда су, көп болса, қарқынды жүреді. Сусыз фотосинтез үрдісі де болмайды. Ұлпаның сусыздануы протоплазманың өлуіне келтіреді. Жасуша көректенуге керек заттардың ерітушісі су. Сумен бірге тамырдан жапырақтар және өсу нүктесіне минералдық заттар жеткізіледі. Ылғалсыз дәндер толмайды және өнбейді, яғни орман өзін-өзі толықтырмайды.

Су – Жер шарында өсімдіктердің өмір сүруімен таралуының зор эколоогиялық факторы, күн сәулесімен атмосфералық айналыммен, жер бетімен және жылу ауысуымен қатар. Жер биосферасында климат қалыптастырушы фактор. Орманда ылғалдың негізгі көзі жер астындағы сулар және атмосфералық жауын-шашын, олар сұйық (жаңбыр, қырау) және қатты (қар, бұршақ, боз қырау) болады. Орман өмірінде көп мағналы - жаңбыр, қар, бұршақ, қырау. Жаңбыр физиологиялық және сирек физикалық әсер етеді, өйткені ол өсіп – даму кезеңінде ылғалдың негізгі қамтушысы. Қырау – су парлары конденсат құрастырып шөп бетінде кішкентай тамшылар қалпында қалады. Қар топырақты көктемде суландырады, өсімдіктерді тоңып және үсуден сақтайды. Бұршақ 0,5 ... 2 см мұз қиыршықтары ретінде ағаштарды механикалық зақымдайды.

Ағаштар мен бұталар жауын-шашынды әртүрлі қабылдайды. Өсімдіктерге су керектігі негізінде ауаның температурасы мен ылғаллдылығына байланысты. Егер температура жоғары болып ылғалдылық төмен болса, онда су көп керек. Ағаш бітіміде, яғни құрамы, жасы және сумен қамтамасыз етілу мен метеорологиялық жағдайлары. Аралас орманнан таза қарағайлар суды аз жұмсайды. Ағаш бітімінің жасы үлкеюімен ылғал жұмсауы көбейеді. Құрғақ ыстық ауа – райында да осындай жағдай байқалады. Ағаш тұқымдастарын суға талап қоюына қарай ксерофиттерге, гигрофиттерге бөледі. Судың тапшылығына шыдайтындар – ксерофиттер, мысалы кәдімгі қарағай, су молшылықты талап ететін өсімдіктер – гигрофиттер, мысалы қара қандағаш.

Орман жауын – шашынның қанша және қандай жерде болатынына әсер етеді, өйткені ол өскен жерін суытуымен байланысты. Ормансыз жерде 10...15 % жауын – шашын аз болады. Құрғақ жердің су балансы Г.Н. Высоцкий усынған формуламен анықталады: N = A + F + V + T, бұл жерде N – түскен жауын-шашын мөлшері; А – жер бетінен ағатын (15 .... 35 %); V- ағаштар, шөптер, жер беттерінен буланатын (15 ... 50 %); F - өсімдіктер астынан ағатын (15 ... 35 %), T – транспирация (20... 40 %).

Аталған көрсеткіштердің барлығы көптеген жағдайлармен байланысты, мысалы,жер бетінің тегістігі, өсетін өсімдіктер құрамы мен қалыңдығы.


1.11 Орман және топырақ

Топырақ – ол табиғи құрылым, генетикалық біріккен топырақтық қыртыстардан құрастырылған, литосфераның жоғарғы қыртыстары судың, ауаның және тірі ағзалардың әсерімен өзгерулерден жасалған. Топырақтың құнарлығы бар, яғни ағаштар, бұталар және басқа өсімдіктерді азот, минералдық заттар және сумен керек мөлшерде қамтамасыз ете алады. Ол қатты, сұйық, газдалған және тірі бөліктерден құралады. Топырақтың негізгі массасы ұсақ топырақ, яғни 1 мм дейінгі қиыршықтары топырақ коллоидтары деп аталады. Ол қиыршықтар топырақтың механикалық құрамы және органикалық, минералдық, органикалық-минералдық -қоспалардан тұрады.

Топырақ коллоидтары топырақ құрастырғанда көп мағналы. Олар топырақ өсімдіктерінен: аммоний, калий, кальций, магний, фосфаттарды сіңіріп, сумен, жуылудан сақтап топырақ құрамын біріктіруге себепкер болады.

Сұйық бөлігі, немесе ерітінді, заттарды көшіреді, яғни топырақтан алып өсімдіктерге сумен ертілген қоректік заттарды жеткізеді.

Топырақтың газдалған бөлігі немесе топырақ ауасы сумен толмаған құыстарды толтырады. Топырақ ауасының құрамында N­, О2, СО2 ұшпалы органикалық құрамдары бар, олардың саны топырақта болып жататын көптеген химиялық биологиялық, физикалық - химиялық үрдістерге байланысты.

Топырақтың тірі бөлігі топырақ флорасынан тұрады, яғни топырақ микроағзаларынан (бактерийлер, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырлар т.б.) және топырақ жануарларынан – көптеген омыртқасыз жәнідіктер – қарапайымдар, кенелер, кұрттар, жәндіктер, сонымен қатар жер жыртушы сүткөректілер (көртышқан, жертесер т.б.). Топырақ флорасымен фаунасы затар айналымында маңызды роль атқарады және топырақ құрастыруға әсер тигізушілердің біреулері.

Жер бетіндегі топырақтар түрлерінің молшылығы топырақ құрастырушы факторлардың қарым-қатынасы – климат, аналық таулық құрылым, өсімдіктер, жануарлар, аймақтың рельефінің жасы, адамның шаруашылық тіршілігі.

Топырақтарды классификациялау негізіне топырақ танабының құрылымы салынған. Яғни олардың басталуы, дамуы және эволюциясы. Қазіргі генетикалық классификация аймақтық – генетикалық топтармен жүйеленген.

Ормандық – далалық және далалық аймақтарда кеңінен тараған қара топырақ (құрғақ қарапайым – суық климаттың, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің әсерімен); шалғындық қара топырақ, кермекті сұр топырақ (ағаш, бұталар немесе шалғындық өсімдіктер әсерімен).

Топырақтардың морфологиялық белгілері мен қасиеттері, яғни формасы мен құрылымы, адамның кәсібімен, азда болса сезімімен анықталады. Топырақ қабаты морфологиялық айырмашылығы бар генетикалық қыртыстардан тұрады. Морфологиялық белгілері: реңі (бояуы), құрылымы, түйіршіктену құрамы, тығыздалуы.

Реңі, немесе топырақтың бояуы, минералогиялық және химиялық құрамымен байланысты, яғни ондағы органикалық заттармен, сондықтан қара, сұр немесе қоңыр болады.

Топырақ құрылымдығы – қатты қоспаларының әртүрлі формасы және көлемді құрылымдарға бөлінуі. Әр бөлшектің формасы топырақ құрылымы деп аталады. Құрылымның негізгі үш түрін бөледі: куб тәріздес, призма тәріздес; плита тәріздес.

Топырақтың қиыршықтану құрамы - әртүрлі ірілігі бар бөлшектерден құралу: тастардан (бөлшектер көлденеңі 3 мм көп); құмдардан (0,01 – 3 мм), шаңдардан (0,001 – 0,01), лайлардан (0,001 мм кем). Егер 0,01 мм кішкентай бөлшектер құрғақ топырақта 10 % дейін болса, онда топырақ құмды. Егер физикалық саз бөлшектері 11-20 % болса, онда ол топырақ құмдау, ал бөлшектер 21-50 % болса – саздақты, 51 % көп болса – сазды.

Адам шаруашылық құрғанда топырақтың механикалық құрамы өте мағналы болады. Одан судың топыраққа сіңуі, суды ұстауы, өсімдіктердің тамырларының дамуы және өңдеуші құралдарға топырақтың қарсы тұруы. Соңдықтан құмды және құмдау топырақтар өңдеуге жеңіл, саздақты және сазды – ауыр. Еңбек пен қаржы жұмсау әртүрлі болады. Топырақтың механикалық құрамы ағаштардың өсу құрамына әсер етеді. Құмды топырақта қарағай жиі өседі, ал құмдау топырақта шырша.

Топырақтың тығыздалуы оның тығыздығын және қуыстылығын көрсетеді. Сондықтан өте тығыз (күрекпен өңделмейді), тығыз (күрекпен өңделеді), жұмсақ (күрек оңай кіреді, лақтырғанда шашылады), өте жұмсақ (топырақ төгіліп тұрады).

Топырақ климаттық жағдайлармен қатар өте маңызды экологиялық фактор, өйткені онымен орманның өсіп – дамуы байланысты. Ол орманның барлық қасиеттерімен белгілерін анықтайды. Оның құнарлығымен құрамы, әлпеті, бонитеті, орман түрі, тіршілігі, топырақ бетіндегі жабыныш қалыптасады. Топырақ күшті сүректің техникалық сапасына, тамыр жүйесінің формасына, табиғатттың қолайсыз жағдайларына төзімді болуына, жабайы жануарлардың, зиянды жәндіктердің, саңырауқұлақ ауруларының болуына әсер етеді. Ал орманның өсіп-өнуі мен табиғи қайта құрылуындағы шешуші жағдай. Топырақтан ағаштар мен бұталар минералдық заттарды тұздар ретінде алады, олар: N, K, P, Ca, Mg, Fe, S және микроэлементер: Zn, Cu, Mn т.б.

Топырақ ағаштардың тамыр жүйесін қалыптастырады, ол механикалық құрамымен ылғалдылығына байланысты. Терең, жақсы дренаждалған топырақтарда, әсіресе құмды және саздақ құрамды жерлерде, ағаштардың жерге жайылуы жақсарады, өйткені күшті сырықты тамырланады. Құрғақ топырақтарда, әсіресе құмды, қарағайдың өзіде желден сұламды, өйткені тамырлары жер бетінде қалыптасады.

Орман, өзіде топырақ құрылымына әсер етеді. Ол жапырақтар, қылқандар, бұтақтар, өлген дәндер, қабықтар, бүрілер түсімін береді. Ол түсімдер жер бетіндегі тірі қабатпен, микроағзалар әсер еткесін, шіріп орман төсенішін қалыптастырады, ол топырақ құрылымына, шіріктер немесе гумус, минералдық заттар жиналуға, физикалық-механикалық қасиеттеріне әсер етеді. Әр ағаштың жапырақтары мен қылқандары әр түрлі шіриді, ол илік заттар, шайыр болуға байланысты, сосын олардың бірігуі жерде жатуына әсер етеді. Қайың жапырақтары, қарағай қылқандары және түскен бүрілер, сонымен қатар жұмсақ, майысып тұратын төсеніш жасайды. Топырақ құнарлығын білдіретін жұмсақ гумус қалыптасуы осымен байланысты. Ондай төсеніште шіру үрдісі жедел жүреді, өйткені ауаның оттегі жақсы қамтамасыздандырылады, ылғал жеткілікті. Төсеніште бактерийлер, микроағзалар, құрттар және басқа жәндіктер мен жануарлар көп болады, сондықтан гумус қалыптасады, қоректік заттармен бай: органикалық және минералдық. Ол органикалық заттардың барлық санынан 85 ... 93 % құрастырады.

Шырша қылқандары, көктерек жапырақтары бір-біріне жабысып жатады, сондықтан шіру үрдісі нашар жүреді. Бұл жағдайда дөрекі, қышқыл гумус қалыптасады, өйткені төсеніште саңырауқұлақтар көп болады. Оттегі аз болғандықтан, төмен температуралық жағдайларда бұл төсеніштерде жаңбыр құрттары жоқтың қасы, ылғал молдығынан, микроағзалар мен тескіш жануарлар болмаған соң төсеніш бір-біріне жабысып қатты болып қалады.

1.12 Орман және фауна

Ормандарды мекендейтін хайуандар түрлерініңбірлестігі, орман фаунасын құрастырады. Орман хайуандарға қорек және баспана береді. Ол жерде олар ұялар салады, індер қазады, дәндер мен жемістерді, бұталарды, жапырақтарды, шөптерді, жәндіктерді және басқа хайуандарды жейді. Орман топтануы күрделене және түршелене келе азық көбейеді, баспана берік болып орман фаунасыда әр түрленеді. Күрделі фауналық кешендер қалыптасады, олар орманның әр түрлі бөлігіне орайластырылады: топыраққа, төсенішке, шөптерге, бұталарға, ағаштарға.

Құстар мен аңдар бір – бірімен, өсімдіктермен, топырақпен, бедермен, климатпен тығыз қарым – қатынаста. Олар орманның құрамдық бөлігі. Мына құстар – тоқылдақ, қайшыауыз торғай, саңырау құр, қарабауыр, құр және сүт қоректілер – ақ тиін, алатышқан, бұлғын, аю орманның тұрғылықты мекендеушілері және оның сыртында өмір сүре алмайды. Орманда басқа да көптеген құстар мен аңдар бар, олар басқа алқаптарда таралған, бірақта ол жерге әрқашан келеді. Олар түлкі, қасқыр, ақкіс, көк қарға, сасықкөкек.

Орманды – далалы жердегі ормандарда болатындар сусар, борсық, орқоян құстардан – құтан, қаратаған, шәуқарға, қараторғай.

Орман фаунасының түрлік құрамына адам іс - әрекеті зор әсер етеді, ол орманды жалпы және талдап кесу, орман жерлерін жырту, құнды жануарлар мен құстарды жою. Ақ тиін, сусар және басқа жануарлар тегіс жоқ болып кетеді. Олардың орнына ашық жерлерді сүйетіндер келеді: бозторғай, қаратамақ торғай, бөдене, құр, көртышқандар, көптеген тышқандар.

Орман аймағының көптеген көлемін қаулап, фаунаның түрлік және сандық құрамын күрт өзгертетін, орман өрттері. Ол өртттер орманды, көптеген аңдар мен құстарды жойып жібереді, сондықтан орман өсімдіктері мен әсіресе жануарлар әлемі қалпына ұзақ уақыт келмейді.

Хайуанаттардың тиімді мағнасы көп салалы, ең маңыздысы дәндер мен жемістерді таратуда. Жануарлар оларды шәшіп өнуіне мүмкіндік береді. Аңдар мен құстардың ас қорытатын органдарынан өтіп өнгіштігін жоғарылатады және алыс жерлерге жайылады. Мысалы, барқылдық торғай жеміс өсімдіктерінің 30 түрінің дәндерін таратады. Тышқандар, ала тышқандар дәндер мен жемістердің қорларын жасағанда қалдықтары қолайлы жағдайларға түскенде өніп жаңа өсімдікке бастау береді. Сондықтан, өртенген, кесілген, зиянкестермен орман жойылған жерлерде орманды келтіруде құстар мен аңдардың мағнасы зор.

Көптеген жәндіктер орман ағаштары мен бұталары тозаңдануға әсер етеді. Жыртқыш және омыртқасыз жәндіктер, жәндіктер жегіш құстар, кейбір сүт қоректілер зиянды жәндіктерді жеп сандарын азайтады.

Жануарлар орманға белгілі зиян келтіреді, өйткені табиғи көбеюі дәндердің өнімділігі төмендеумен байланысты. Олар бағалы ағаш тұқымдарының дәндері мен жемістерін жейді. Дәндер мен жемістерді тышқандар мен сұртышқандар да белсенді жояды. Бір тышқан тәулігіне 1400 дәнге дейін жейді.

Сүт қоректілер қылқан және жапырақты жас өсімдіктерді қатты зақымдайды. Тышқандар және әсіресе сұртышқандар қардың астындағы жас ағаш өсімдіктерінің вегетативтік бөліктерімен қоректенеді. Олар өздігінен өсетін және жас өскіндерді 25% дейін жояды.Оларды сонымен қатар қояндар, бұландар, еліктер, бұғылар қабығын кеміріп және жұқа бұталарын тістеп зақым келтіреді.Әсіресе көп зақымдауларды бұландар жасайды.

Фауна шөп. Мүк және қына өсімдіктеріне, орман төсенішіне әсер етеді. Ормандық тұяқты аңдар мен кеміргіштер азық ретінде шөптерді, мүктерді, қыналарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді қолданады. Қарабауыр, құр, ақ құрлар көптеген жидектерді жиді. Сондықтан хайуандар жер бетіндегі өсімдіктердің түрлік құрамына әсер етеді.Көптеген орман құстары жәндік қоректі сондықтан орманның санитарлық жағдайын жақсартады. Зиянды жәндіктердің жұлдызқұрттары және құрттарымен азықтанатын мына құстар – көктеке, көкек, сары шымшық, сары торғайлар өте пайдалы.

Жәндіктер орманның ажыратылмайтын бөлігі. Олар топырақтағы заттар айналымын жеделдетеді, топырақ қалыптасу процесіне белсенді қатысады, ағаштар мен бұталарды тозаңдатады, көптеген аңдар мен құстардың азығы болады, зияды жәндіктерді жояды ж.т.б. Сонымен қатар жәндіктер орман және ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, паразиттер және жануарлар мен адамдарға аурулар жұқтырады ж.т.б.

Орман аңдары мен құстары аңшылық шаруашылығының құнды объектісі болып есптеледі.
1.13 Орманның қорғаушы қасиеттері

Іс жүзінде орманның барлығында қорғаушы қаситтер бар. Олар органикалық заттардың көбеюіне қатысады, ауаны от тегімен толықтырады, судың ағуын реттейді, климат пен ауа – райына әсер етеді, су көздері мен топырақты қорғайды. Сондықтан, орманды табиғи және қолдан жасалған деп арнайы бөледі, олардың мелиоративтік және қоршаған ортаны қалыптастыру мағынасы зор. Орманның бұл қаситтерін әр түрлі объектілерді қорғауға қолданады, біріншіден қолайсыз табиғи және антропогендік әсерлерден ауыл шаруашылық жерлерін. Ормандардың қорғаушы – мелиоративтік, яғни әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мағынасы, кейбір жағдайларда шаруашылық, яғни ағаш алу, құндылығын асып түседі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес біздің Республикамызда орманды былай топтастырады: орман су күзету, егіс – топырақ қорғау, гендік, санитарлық – гигиеналық, сауықтыру.Су күзету ормандары өзендер мен басқа су айдындарын батпақтанудан және жағалары бұзылудан қорғайды.Бұл ормандар су жиналатын аймақтардың микроклиматы мен гидрологиялық тәртібін жақсартады, суларды ластанудан сақтайды, өзендердің суға толы болуын қамтамасыз етеді, суды жер бетімен ағып кетуді азайтады, балықтардың уылдырық шашуын жақсартады ж.т.б.

Егіс – топырақ қорғау ормадары, негізінде, эрозияға қарсы орман екпе ағаштары. Олар топырақ қорғайтын суыртпақ, ықтырма, орман алқабы ретінде топырақты шәйуден, ұшудан сақтау үшін жасалады. Әр түрлі табиғи аймақтарда қолдан жасалған екпе ағаштар жергілікті гидрологиялық және климаттық жағдайларды жақсартып ауыл шаруашылық егістіктерін қуаңшылықтан, аңызақтардан және шаңды дауылдардан сақтайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.

Санитарлық – гигиеналық және сауықтыру ормандары құрамына қалалық отырғылар, ірі тұрғын кешендері мен өндіріс өнеркәсіптерінің аймағындағы жасыл алқаптар ормандары, курорттық ормандар ж.т.б. кіреді. Ол ормандар объектілерді қолайсыз желдерден, қармен тозаң басудан, шудан қорғайды. Олар ауаны озон және фитонцидтермен байытады, оны газдар мен шаңнан тазартады, халықтың денсалығын жақсартып, дем алу орны болады. Курорттарды санитарлық күзету аймағындағы ормандық алқаптар, табиғи емдеу ландшафттарын ластанудан сақтайды, сонымен қатар халықтың емделіп және дем алуына қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасайды.

Генндік ормандардың негізгі мәселесі жақсы тұқымдық қасиеттері бар ағаштарды сақтап болашақ ұрпақтарда жалғастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет