1. Жеке адам қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылы тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі



Дата12.12.2023
өлшемі21.69 Kb.
#486255
f60c2e8b610006


1. Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылы тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.
2.Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бетімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғарады.
3. К.Маркс тұңғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.«Жеке адамның мәні, - деп жазды К.Маркс, - оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, әлеуметтік сапасында». Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Сондықтан да К.Маркс былай деп жазды: «... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығына келгенде ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелсіз. Бірақ одан жеке адам қоғамдық қатынастардың жай ғана енжар туындысы деген қорытынды жасауға болмайды.
4. Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі жəне өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мəні оның іс-əрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мəлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мағынасын жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мағынасын белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мағынасы туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мағынасы əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мағынасы туралы сонша пікір бар.
5. Ал, өмірдің мағынасы туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, əлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мағынасы оның əлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам – белсенді əрекет иесі. Ол əлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мəнін, құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Жəне ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Өмірдің мағынасы туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол – бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мағынасы оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек.
6.Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымының бір саласы. Мұнда адам қоғамдық және күнделікті өмірдегі гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасы дене гигиенасы, киім мен төсек-орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады. Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Гигиенаның, медицинаның қол жеткен жетістігі әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайды қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды. Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері. Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Зат алмасудың соңғы қалдықтарын, су буларын, тер, май және бактерицидті заттарды ағзадан шығарады. Терінің беткі қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен «Д» витаминінің синтезі жүреді. Адамның терісі ағзаны метеорологиялық, механикалық, химиялық факторлардың әсерінен және микроорганизмдерден қорғайды. Терінің тазалығы мен шынығу деңгейі жоғарыда айтылған қызметтің бәрін жақсы атқаруда маңызды орын алады.Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады. Ыдырағаннан пайда болған заттар теріні тітіркендіреді, шаңдар май және тер шығатын жолдарды бітеп қалады да микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туындатады. Соның салдарынан дер-матиттер, іріңді және басқа да тері аурылары пайда болады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды. Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып-шайынып жүру керек. Жуыну үшін сабын және жөке қолданса, адамның терісі жақсы тазаланады. Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және сусабын мен үнемі жуынып, іш киімдерін ауыстырып тұруы керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұрған жөн. Адамның қолы микроорганизмдер, гельминт жұмыртқалары және кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы олар адамның басқа жерлеріне тасымалданады. Сондықтан жұмыс соңында, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдын қолды екі рет сабындап жуу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет