Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Дәріс 10. Тақырыбы: Ресурстарды сақтау мәселелері



бет31/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Дәріс 10.

Тақырыбы: Ресурстарды сақтау мәселелері.

Табиғат - бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі. Өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат пен қоғамның әрекет ету мәселелерінің ішінде жалпы адамзатқа неғұрлым маңызды міндеттер қоршаған  ортаны жақсы жағдайда сақтау қоғамның бірте - бірте көбейіп келе жатқан қажеттіліктерін әртүрлі табиғи ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.

Табиғатты қорғау - бұл адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның өзара әрекетін қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың сақталуы  мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін, қоғам қызметінің нәтижесінің табиғат пен адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертетін шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі факторларының схемасы Геожүйелердің экологиялық тұрақтылығының  бұзылуы  адамның  өмірлік қажеттіліктері мен  өндірістік технологиялардың  мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеріске ұшырауының нәтижесі болып табылады. Қоғам мен табиғат арасындаы қарым-қатынас негізіндегі біртұтас жүйеге келтірілген табиғатты регионалды пайдалану ережелері мен қағидалары жатуы тиіс. Олар қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табиғи ресурстардың әртүрлерін мақсатқа сай пайдалануға бағытталған ғылыми-тәжірибелік ережелердің жиынтығын білдіреді.

Өндіріс қалдықтарын қысқарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану табиғатты регионалды пайдалану стратегиясын іс жүзіне асыру процесінде жүзеге асырылады.

Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары өнім бөлігінің материалдық сиымдылығыны кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын, қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану, өндірістік үрдістерді отын-энергетика және тағы басқа да материалдық ресурстардың тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу.

Ғылыми-техникалық прогресті тездету негізінде ресурстарды сақтаупроблемасын ойдағыдай шешу үшін халық шаруашылығының барлық салалларында кең көлемді ең тиімді прогрессивтік технология түрлерін және еңбек құралдарын енгізу, қалдықсыз өндірісті жасау шараларын межелеу қажет.

Қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру жүйесінің мәселесі көп қырлы және өте күрделі қоғамдық өндірістің барлық жағын қамтиды. Қалдықсыз өндіріс- бұл технологияның жаңа түрі ғана емес, ол жаңа осы заманғы жүйе, өндірісті ұйымдастырудың сапалы кезеңі.

Тәжірибелік сабақ 10.

Тақырыбы: Экологиялық бақылауды жүргізуге қойылатын жалпы талаптар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет