Экологиялық аудитор
1 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады.
2 Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметтi дара кәсiпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде жүзеге асыруға құқылы.
Экологиялық аудиторлық ұйым
1 Экологиялық аудиторлық ұйым - жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия алған коммерциялық ұйым.
2 Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметтi тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған кезде ғана жүзеге асыра алады.
3 Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |