Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


-тарау. Үй-жайлардың жарылу - өрт қауіптілігі критерийін есептеу әдістері



бет16/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
405 тех регламент

2-тарау. Үй-жайлардың жарылу - өрт қауіптілігі критерийін есептеу әдістері
1-параграф. Есептеу нұсқасын таңдау және негіздемесі

4. Есептеу ретінде жарылу - өрт қауіптілігі критерийінің мәндерін есептеу кезінде апаттың жағымсыз нұсқаларын немесе аппараттардың қалыпты жұмысы кезеңіндегі жарылыста көп мөлшерде заттар немесе материалдар болатын, жарылыс салдарына қатысты қауіпті кезеңді таңдау керек.


Егер есептеу әдістерін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің негізінде жарылу-өрт қауіптілігі критерийілерінің мәндерін анықтауға рұқсат етіледі.


5. Жарылуға қауіпті газды ауа немесе булы ауа қоспаларын туғыза алатын үй-жайларға кірген заттардың мөлшері мына алғышарттарға негізделе отырып анықталады:


1) осы қосымшаның 4-тармағы бойынша аппараттардың біреуінің есептік апаты болады;


2) аппарат ішіндегісінің барлығы үй-жайға кіреді;


3) құбыржолдарды ажыратуға қажетті уақыт ішінде тура және кері ағындар бойынша қоректендіретін аппарат құбыржолдарынан алынған заттардың кемуі бір мезгілде болады.


Құбыржолдарды ажыратудың есептік уақыты нақты жағдайларға негізделе отырып, әр нақты жағдайда анықталады және тиектеу құрылғысына, технологиялық процестің сипатына және есептік апаттың түріне арналған паспорттық деректерді ескере отырып қысқа болуы тиіс.


Құбыржолдарды ажыратудың есептік уақытын тең қабылдау керек:


егер автомат жүйесінің жұмыс істемеу ықтималдығы оның элементтерінің сақталу қамтамасыз етілген жағдайда, құрылғының паспорттық деректеріне сәйкес құбыржолдарды ажырату автомат жүйесінің жұмыс істеу уақыты;


егер автомат жүйесінің жұмыс істемеу ықтималдығы оның элементтерінің сақталу қамтамасыз етілген жағдайда 120 с;


қолмен ажырату кезінде 300 с.


Құбыржолдарды ажыратуға арналған техникалық құралдар үшін ажырату уақыты жоғарыдан келтірілген мәндерден артқан жағдайда оларды пайдалануға жол берілмейді.


Жылдам әрекет ететін айырғыш-клапандар электрімен жабдықтау бұзылуы кезінде газ немесе сұйықтық беруді автоматты түрде бөгеуге тиіс.


Ерекше жағдайларда құбыржолдарды ажырату уақытының жоғарыда келтірілген мәндерінің артуы белгіленген тәртіппен рұқсат етіледі.


4) бөлінген сұйық бетінен булану: еденге құю кезінде булану ауданы: 70 % және одан кем ерітінділері болатын (салмағы бойынша) 1 л қоспалар мен ерітінділер үй-жайлардың 0,5 м
2 жеріне, ал қалған сұйықтықтар 1 м2 еденге құйылады деген есептеуге негізделе отырып (анықтамалық деректер болмаған кезде) анықталады;

5) сондай-ақ ашық айнамен пайдаланылатын сыйымдылықтың және беті жаңа боялған сұйықтықтың булануы болады;


6) сұйықтықтың булану ұзақтығы 60 мин артық емес, оның толық булану уақытына тең қабылданады.


6. Жарылуға қауіпті қоспа туғыза алатын шаң-тозаң мөлшері:


1) жұмыстың қалыпты режимі шарттарында болатын өндірістік үй-жайларда шаңының жиналуынан болған есептік апат кезіндегі;


2) технологиялық аппараттардың біреуінің жоспарлық (жөндеу жұмыстары) немесе кенет разгерметизация болатын, кейіннен аппараттағы барлық шаңнан үй-жайларда апаттың шығуын туғызатын есептік апат кезіндегі алғышарттармен анықталады.


Ескертпе: "уақытша жұмыс істеу" және "уақытша ажырату" деп үй-жайға құбыржолдан (перфорация, үзіліс, номиналды қысымның өзгеруі) жанатын заттардың кіруі басталғаннан газ немесе сұйықтықтың кіруі толық тоқталғанға дейінгі уақыт аралығын айтады.


7. Үй-жайлардың бос орны үй-жайлар ауданы мен ондағы технологиялық жабдықтардың алатын ауданы арасындағы айырмашылығы сияқты анықталады. Егер үй-жайлардың бос орнын анықтауға мүмкін болмаған жағдайда, онда үй-жайлардың геометриялық көлемінің 80% тең деп қабылдауға рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет