Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары/Поурочный план педагога для организаций технического и профессионального, послесреднего образования


-сурет. Мәтінді кестеге түрлендіру командасы



бет3/9
Дата16.02.2023
өлшемі1.32 Mb.
#469658
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
поурочка 19.05

1-сурет. Мәтінді кестеге түрлендіру командасы

Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерiн белгiлеп көрсету үшiн қолданылады. КестеТорды бейнелеу (ТаблицаОтображать сетку) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге, ал КестеТорды жасыру (ТаблицаСкрыть сетку) командасы тор сызықтарын жасыруға мүмкiндiк бередi. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны бiрiншi рет орындау нәтижесiнде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтадан орындау – тор сызықтарын қайтадан экран бетiне шығарады.


Word құжаттарында барлық кесте қатарлары мен бағаналары жiңiшке қара сызықпен бөлiнiп тұрады. Кесте ұяшықтарында мәтiннен бөлек ұяшық символы және қатар символы белгiлерi болады, олар қағазға түспейдi, экранда тек арнайы режимде ғана көрiнiп тұрады (2-сурет).




2-сурет.Кесте бөлiктерiн өзгерту

Word редакторында кестелердi өңдеудiң көптеген мүмкiндiктерi – ұяшықтағы мәлiметтердiң орнын ауыстыру және көшiрмелерiн алу, торлардың биiктiгi мен енiн өзгерту т.б. бар. Ол үшiн кестелердiң өңдеуге арналған белгiлi бiр бөлiктерiн алдын ала таңдап алу, яғни ерекшелеу қажет.


Тінтуір көмегiмен кестенiң бiр торын таңдап алу үшін тінтуір курсорын қажеттi тордың сол жақ шетiне (сызығына) жақын орналастырып, тінтуір курсоры солдан оңға қарай бағытталған тiлсызық () түрiне ауысқанда тінтуірдің сол жақ батырмасын бір рет шертемiз. Ал егер тінтуірдің сол жақ батырмасын үздіксіз екi рет шертсек кестенiң курсор тұрған қатары толық белгiленеді.


Бiр немесе бiрнеше ұяшық мәлiметтерiн басқа орынға жылжыту немесе олардың көшiрмесiн алу үшiн келесi әрекеттер орындалады:


1)Мәлiметтерi жылжытылатын немесе көшiрмесi алынатын қатарлар мен бағаналарды алдымен белгiлеп алу керек. Мәтiндi көшiргенде ол баратын орындағы бұрынғы символдар тiркесi сақталуға тиiс болса, онда тек символдар ғана (екi шеттегi бос орындарсыз) белгiленедi. Ал, бұрынғы мәтiн жаңасымен толық алмастырылатын жағдайда ұяшық символы қоса (ұяшық немесе қатар толық) белгiленедi;


2)Тінтуір курсорын белгiленген торлар маңында оның түрi оңнан солға қарай бағытталған тiлсызық () түрiне келгенше жылжытып қозғау қажет;


3)Ерекшеленген элементтердi жылжыту үшiн бiрден тінтуірдің сол жақ батырмасы басылады. Ал олардың көшiрмесiн алу қажет болса, онда алдымен Ctrl пернесiн басып тұрып, сонан кейiн тінтуірдің сол жақ батырмасын басу керек. Орындалған әрекеттерге байланысты экранның төменгi жағындағы қалып қатарына соған сәйкес мәлiмет (қайда жылжытылады немесе көшiрiледi деген) шығарылатын болады;


4)Тінтуір курсорын жылжыта отырып оны мәлiметтер тасымалданып жеткiзiлетiн орынның сол жақ бөлігіне немесе жоғары бөлiгiне орналастырамыз.


Тінтуір көмегiмен бағана енiн өзгерту үшiн тінтуір курсорын бағананың оң жақ шекарасына жеткiземiз. Соның нәтижесiнде курсор оңға және солға қарай бағытталған тiлсызық түрiне () айналғанда бағана енiн өзгерте аламыз. Сонан соң тінтуір батырмасын басып, қажеттi бағана енiн алғанша маркердi жылжытамыз.


Егер жылжытпас бұрын толығымен бiр бағананы таңдап алсақ, онда тек сол бағана мен шекаралас бағананың ендерi өзгередi. Ал егер бiрде-бiр ұяшықты тандамайтын болсақ, онда сол курсор тұрған бағана енi ғана өзгертiлетiн болады. Егер де алдымен бiр немесе бiрнеше ұяшықтарды таңдап алатын болсақ, онда тек таңдап алынған ұяшықтар енi өзгеретiн болады.


Құжатқа өлшемі енгізілген кестені кірістірген соң жанама мәзірдегі қасиеттер бөлімінен шақырылатын Кесте қасиеті (Свойства таблицы)


командасы Кесте (Таблица), Қатар (Строка), Баған (Столбец) және






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет