Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде қала өмірі мен сауданың. сәулет өнері мен қолөнердің, мәдениет пен ғылымның дамуы



бет1/3
Дата04.10.2022
өлшемі0.84 Mb.
#461872
  1   2   3
слайд рухани

Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде қала өмірі мен сауданың .сәулет өнері мен қолөнердің , мәдениет пен ғылымның дамуы

Б-21-1 Билисбекова Асем

Жоспары:

  • Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде қала өмірі мен сауданың жандануы
  • Ислам мәдениетінің қала құрылысы мен сәулет өнеріне тигізген әсері
  • Орта ғасырлар кезінде Орталық Азиядан шыққан көрнекті ғұламалар мен олардың жетістіктері
  • Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия қалаларының мәдениет пен ғылымның дамуы

Орта ғасырдағы Орталық Азия танымал қалалары

ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Орта Азия мемлекеттерінде көптеген қалалар болған. Олардың көбі самани дәуірінен бері дамыған қалалар еді. Қарахандардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерін жаулап алуы халықтарға ортақ мәдениеттің дамуына жол ашып, ортағасырлық қалалар мәдени және ғылыми орталыққа айналды. Орта Азиядағы ірі ортағасырлық калалар - СамарқанБұхараТермезуМервҮргеніш көлемі және халкының саны жағынан өсіп отырды. Орта Азия қалалары қолөнердің орталығы болды. Орта Азия қалаларының орталығы – цитадель, ал қаланың сыртындағы қолөнершілер мен саудагерлер тұратын бөлігі рабад деп аталған. Қалаларда мешіттеркесенелер мен мәдени, ғылыми орталықтар салынды. Ортағасырлық қалаларда сауда орталығы - жәрмеңкелер көптеп ашылды.

Әлемнің көз әйнегі саналған – Самарқанд қаласы

X-XV ғасырларда Орта Азиядағы ірі қалалардың бірі Самарқан болды. XV ғасырда елдің астанасы болған қала кеңейіпҰлықбектің кезінде мәдениет және сәулет өнерінің орталығына айналды. 1428-1429 жылдары Самарқан қаласында аспан олемін бақылайтын орын - обсерватория салынды. Обсерваторияда Ұлықбектен баска Қазы–Заде Руми және Гиясуддин Жәмшид жұмыс атқарды. Ұлықбек өз заманында «Гурган астрономиялық кестесін» жасады. «Ұлықбек Зиджі» кестесі ғаламшарлардың (планеталардың) қозғалысын бейнеледі. Кітапхана қорында 15 мың кітап сақталған. 1417-1420 жылдарда Самарқан қаласының ортасындағы Регистан алаңында ең ірі медресе жұмыс істеді. Бұл ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші біздің заманымызға дейін сақталып, қазіргі Самарқан қаласының көрікті жерлерінің біріне айналған



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет