ОРТА МЕКТЕПКЕ КЕЛГЕН ЖАҢА ОҚУШЫ
Бесінші сынып оқушыларымен кездесу үшін
бейімделу бағдарламасы
Берілген бағдарламада коммуникативті дағдыларды меңгеруді дамыту аймағын есепке алуға талпыныс жасалынды. Бесінші сынып оқушыларының бейімделу кезінде көмектесуі қажет. Оқу жағдайының өзгеруін ғана емес, сонымен бірге 10-11 жастағы балалардың жас ерекшеліктерін және қажеттіліктерін де есепке алу өте маңызды.
Орта мектепте оқушылардан неғұрлым тәуелсіз, өздігінен және жауапкершілікпен мінез-құлықты күтеді, оған көптеген балалар дайын емес. Орта мектептің мұғалімдері бесінші сынып оқушыларымен орта мектептің басқа оқушылар арасындағы айырмашылықты ескермейді.
Мақсат:
5-ші сынып оқушыларына орта мектепте оқуға бейімделулеріне психолого-педагогикалық көмек көрсету.
Міндеттері:
Оқушылардың бойында қалыптастыру:
орта буында оқу бейімділіктерін, дағдылары туралы түсінікті;
өздігінен қабылдау, өздігінен ашылу және басқаларды қабылдау негізінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын;
қандайда бір іс әрекет жасауда өзінің жетістіктеріне және қателіктеріне деген барабар қатынас, өз-өзін сенімді ұстау дағдысын дамыту;
өзі туралы даму мүмкіншілігі зор адам ретінде түсінік.
Оқушыларды таныстыру:
үй тапсырмаларын және оқудың басқада талаптарын оңтайлы орындау үшін өзін-өзі ұйымдастыру жүйесімен;
коммуникацияның әр түрлерімен;
мектеп өмірінің жаңа кезеңінде мінез-қылықтың нормаларымен және ережелерімен.
Жағдай жасау:
қорқынышты төмендету;
ойын түрінде жаттығуларды орындау;
өздерінің құрдастарымен серіктес болу дағдыларын, басқалармен жарыса білу деңгейін, өздерінің нәтижелерін басқалардың жетістіктерімен салыстра білу дағдыларын дамыту;
өзінің тәжірибесі негізінде мінез-құлық және қарым –қатынас жасау нормаларын әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |