Өзгеріс - түрлену, бір күйден екінші күйге ауысу болып табылады.
Өзгерістерді зерделеу оқушыларға өткен кездегі, қазіргі жағдайдағы және болашақтағы әлемді қалыптастыратын күштерді зерделеуге мүмкіндік береді
|
Билік – біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Қарама-қайшылық – қандайда бір тараптардың ортақ келісімге келмеуі немесе мақсаттарының сәйкес келмеуінен туындайтын қатынас түрі. Және же билікті үлестірудегі теңсіздіктерден дамуы мүмкін және көптеген формаларда көрінуі мүмкін: созылыңқы келіспеушіліктер немесе даулар.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жету үшін бірге жұмыс атқаратын жеке адамдар немесе қоғамдардың іс-әрекеті.
|
Уақыт пен кеңістіктегі бағдар: Оқушылар өздерінің тарихын, үйлерін және саяхаттарын; адамзаттың өзгерісті кезеңдерін; адамзаттың көші- қонуының зерттелуін; жеке адамның және өркениеттің дербес, жергілікті және ғаламдық келешекпен қатынасы мен өзара байланысын қарастыратын болады.
|
Белгілі бір уақыт аралығындағы қарама-қайшылықтар мен ынтымақтастықтар нәтижесінде өзгеріске ұшыраған елдердің ортақ құндылықтары сақталуы мүмкін.
|
Деректі сұрақ: Шекаралардың өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді? Мемлекетаралық шиеленістердің себептері неде?
Концептуалды сұрақ: Көршілес елдердің өзара ықпалы мемлекетті қаншалықты өзгертеді? Мемлекет үшін бейбітшілікті сақтау қаншалықты маңызды?
Пікір-таласты сұрақ: Ел тәуелсіздігі үшін соғыс ақталады ма, жоқ па? Дағдарыстар жағымды өзгерістерге жол ашады ма, жоқ па?
|
Әлеуметтік: Ынтымақтастық қарым-қатынасты дұрыс орнату;
Өзін-өзі басқару: Мақсаттар қою және олардың орындалуын тайм-менеджментті сақтап жобалау; процессуалдық журнал немесе рефлексивті жазбаларға арналған файл жүргізу;
Зерттеу: Әр түрлі ақпарат көздерінен ақпаратты жинау, табу: ақпаратты талдап түрлі форматтарда көрсетіп, аудиторияға қалай әсер ететінін түсіну; ақпаратты APA стильге сәйкес ұйымдастыру (қолданылған дереккөздердің тізімі).
|