Орталық Қазақстан металлургиясының даму жолында Қаніш Сәтпаевтің рөліМИГ-21, тобының магистраныты Байгужинов А.С
Т.ғ.к., доцент Муканова. А.Н.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі — (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы совхозда, 1899 жылдың 30—наурызында (12 сәуір деп аталып жүр) Сәтбаевтардың үлгілі, әрі өнегелі отбасында дүниеге келді.
Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының Марғұланның мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. «Қаныштың әкесі Имантай — білімді, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін азамат болатын…» [1, 38].
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909—1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс—қазақ мектебінде оқып, 1918—жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920—1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10—учаскесінің халық соты тағайындалған [1,39].
1921 жылдың жазында Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген, сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа Сатбаевқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау—кен байлықтары туралы көптеген қызықты мәліметтер берген.
Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі.
Қаныш Имантайұлы студент болған жылдарда профессор М.А.Усов басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы болған В.А.Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор) «Студент Қаныш» атты естелігінде: «Бұл өзі оқуға жан—тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың тамаша лекцияларын құмарта тыңдады… Екінші курстан кейін ол М.А. Усовтың дала жұмыстарына қатысты…» [1,40] деп жазған.
Институтты бітіргеннен кейін Қ.И. Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты.
Мұхтар Әуезовтың естеліктеріне қарасақ «1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын енерпаз болумен қатар, Қаныш сол жылдардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүрді.
Үлкен талантпен қанаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ресей көлемінде де таныла бастады. Қызықты еңбектерімен ерекшеленіп, Қаныш аты мол жұртшылыққа даңқтандырады.
Жік салмай, желісін үзбей, 15 жыл бойы оның зер салғаны бір мұрат еді. Сол ұзақ 15 жыл бойында бар еңбек, қайратын, барлық жиған білім құралын, бар өмірін бір ғана жеңге жұмсады.
Бұрынғы көшпелі ел жайлаған далада, Сарыарқада, тек киіз үйді ауылдар ғана мезгіл—мезгіл кезіп өтіп жүрген бір түкпірге зер салған. Сол жерден әлем білмеген байлық табамын деген еді. Қарсақбай, Жезқазғанды жалдамаға алып, өз меншігі еткен шетел байлары 1916—1917 жылдарда, жездің молдығын «пәлендей» деп, бір меже койған жабыса жалмағаны жез еді. Бірақ алғаны аз, тапқаны тамтық екен. 1917 жылы өзі де кетті.
Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, бет—жүз келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім—сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті [2].
Қ. Сәтбавтың Жезқазған аумағын зерттей келе: «Кеңестер Одағындағы мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1—есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дегтяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс 1330 мың тонна.
Жезқазғанның бұл толық зерттелген қоры 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метр жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85—90 пайыз шамасы руда шығады. Бұл мәліметтер Жезқазғанның мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерттеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді. Кеңестер Одағындағы мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1—есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дегтяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс – 1330 мың тонна. Жезқазғанның бұл толық зерттелген қоры 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метржер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85—90 пайыз шамасы руда шығады. Бұл мәліметтер Жезқазғанның мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерттеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді.
Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады» деп өз еңбегінде жазады. Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады.
Еңсесін салған еңбекпен жыл етті... Жігіт есіп, жігіт ағасы бола бастады. Жым—жырт жатқан Жезқазған сол жаңа жылдардың ішінде қайта туа бастады. Жаңа жастық тапқандай. Оны көп жерде, көп жан білуге айналады. Бес жыл деген бір бел еді. Сол кезеңге келгенде, шетел байлары мен мамандары межелеген кен байлығы мұнда қалды. Жігіт еңбегі жеңіп келеді екен. Алдыңғылар айтқан мелшерден отыз есе артық кен орын тауыпты. Тапқанын тығып жатқан жоқ, бар Одаққа даңқ етіп білдіре түсіп, іздеп жатты. Іздегенін ізерлеп, ғылымдық еңбек етіп жазып та жатты. Үздіксіз еңбек үстінде жігіт есіп, ер—азамат болды. Тағы бес жыл кеткен еді [3, 45].
Ол 1920—1930 жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған, Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.
1926—1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантайұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды.
Академик Қ. Сәтбаевтың көп қырлы талабының жарқын көрінісі — ол, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұрағ қалдырған қазынасы — іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы болды.
«Қазірде Жезқазғанның үлкен металлургия заводы орнаған жер, бұрын Наушабай деп аталды. 1936 жыл жаздың күнінде осы Наушабай бойында жеті үй отырды. Олар Әубәкір, Әлім, Әбдірахым, Байсымақ, Балғынбай мен Сәмет және Жанділдәнің үйлері. Шаңқай түстің кезінде осы ауылға үстіне шатыр тіккен бір машина келді. Мұның ішінде отырғандар сол кезде кен—зерттеу жұмысын қызу жүргізіп жатқан геолог Қаныш Сәтбаев, Саид Сейфуллин мен Василий Штифановтар еді. Ауыл адамдары бұрын көрмеген, әрі машинамен келген адамдарға таңырқасып қалды. Қаныштың кішіпейілділігі қандай, машинадан түскен бойда жағалай жүріп үлкен демей, кіші демей ауыл адамдарының бәрінің қолын алып амандасты, жөн—жоспарларын сұрап қанды. Оның сұңғақ денесі, қыран көзіндей отты жанары, аққұба әдемі бейнесі, сыпайы сынық сөздері ауыл адамдарын ерітіп—ақ жіберді. Бірден шүйіркелесе кеткен кісіні кім сыртқа тебеді. Әбекең қария:
– шырағым, әлпетіңе қарасам, Қанышсың—ау деймін (өйткені, жұрт Қанышты осындай адам деуші еді). Аманбысың, шырағым. Біз қариялар, мына бала—шағаның бәрі сендерден үлкен жақсылық күтудеміз ғой деді.
Қаныш қарияға өзінің Қаныш екендігін білдіруден бастап, әлденеше дәмді сөздер айтты. Ауыл геологтарға қонақасы беріп, сый көрсетіп жатты. Үлкені бар, кішісі бар, ауыл адамдары геологтармен бірге бір үйде отырды.
Геологтар тапқан кендерін, Жезқазған даласында алдағы уақытта табылатын әлі де көптеген кен байлықтары көп екенін әңгімеледі».
1926—1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық—барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927—1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір—марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған [5, 134] .
Қарсақбайда жұмыстар басталған жылы Томск институтын бітіріп, мыс кеніне бай өлкеге жас геолог Қаныш Сәтбаев келеді. Оның басшылығымен Қарсақбай Жезқазған аймағының геологиялық—барлау орталығы болып қалыптасады. Сәтбаевтың арқасында Жезқазған өлкесінің келешегі зор екені айқындалды. 1927 жылы жариялаған «Қарсақбай ауданы және оның болашағы» атты алғашқы ғылыми мақаласында Қаныш Имантайұлы: «Жезқазған әлемдегі ең бай деген провинциялардың бірі ретінде болатыны хақ, тіпті ол болашақта Америкадағы мыс өлкелерінен де асып түседі» деген.
Кен орнының келешегіне күмәнді қараған мамандар тарапынан туындаған қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан Қаныш Сәтбаев жылдан—жылға геологиялық барлау ісін ұлғайта түсті. Ал минералды шикізатпен молынан қамтылған Қарсақбай зауыты қуат алып, күш жинай бастады. Кішігірім екі шахта кен бере бастады, шағын станция жұмыс істеп тұрды, бірнеше тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар салынды. Кішігірім жұмысшылар қалашығы пайда болды. Осының барлығы да екі—үш жылдың ішінде атқарылған жұмыс.
1928 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде шарпыма пеш тұтандырылды, бір айдан кейін – 1928 жылдың 19 қазанында (23:00-де) – Қарсақбайдың ең алғашқы қара мыс алынды. Қазақстандық мыстың тарихы сол күннен бастап бастау алды. Ол кезде Қарсақбай зауыты жылына 5000 тонна қарасы мыс шығаруға есептелген болатын [3, 89].
1929—1938 жж. Қарсақбай кен байыту фабрикасы пайдалануға берілді. Қарсақбай тау—кен металлургиялық техникумы ашылды. Мәскеуде Үлкен Жезқазған құрылысындағы мәселелері қаралған КСРО Ғылым Академиясының сессиясы болып өтті. Нілді—Жезқазған темір жолы пайдалануға берілді. Қарсақбай мыс зауыты соғысқа өнімдер шығаруға қайта бағдарланған. Қорғаныс өнеркәсібі үшін марганец кенін өндіріп шығаруға Жезді марганец басқармасы құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Жезқазғанда кен өндіріп шығару мен Қарсақбайда мыс балқыту бірнеше есе артты. 1944 жылдың тамыз айында Үлкен Жезқазған жобасын салу үшін «Казмедьстрой» тресті ұйымдастырылды.
Жезқазғанның кен орталығы болуын, үлес қосқан ғалым Қаныш Сәтпаев болатын. Ол өзінің геологиялық сараптама барысында Жезқазған аумағында жездің қоры бұрынғы көрсетілген көлемнен әлде қайда көп екенін дәлелдей алды.
Сәтбаевтың басшылығымен жүргізілген комплексті зерттеулердің нәтижесінде Жезқазған қоры бұрынғы белгілі өндірістік қорынын 2,5 есе көп екені анықталды. Еліміздегі мысты құм тас кендеріне және руда белгілеріне өндірістік—экономикалық баға берілгенде негізгі критерийлер ретінде енді Жезқазғанның руда бақылаушы факторлары жөніндегі Сәтбаевтың қағидалары негізге алынатын болды. Болашағы ғылыми тұрғыдан аса тыңғылықты негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі мыс кендерінің бірі салынатын Жезқазғанда салынған мыс балқыту комбинаты түсті металлургияның КСРО аса ірі кәсіпорындарының біріне аййналды. Қ. Сәтбаев минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аудара зерттеді. 1927—1928 жж. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды таскөмір басейні және Қаратау полиметалл кендері жөніндегі ғылыми маңызды еңбектері жарияланды. 1929 жылы Жезқазған, Ұлытау ауданында Сәтбаев мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын (Қорғасын) кендерін ашып барлады. Осы ауданның рудалары кендерініңстратиграфиясы,тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, геохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ірі қорытындылар жасады. 1940 жылы Жезқазған—Ұлытау ауданында жүргізген аса маңызды геологиялық зерттеулеріндегі көрнекті ғылыми жетістіктері үшін Қ. Сәтбаевқа ресми диссертация қорғаусыз—ақ геолог деген атақ берілді. Минерал ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Ұлы Отан соғысы жылдары Қ. Сәтбаев Қазақстан өндірісін стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету ісіне көп күш салды. Ірі Никополь марганец кенінің неміс басқыншылары уақытша басып алған ауданда қалуы, Чиатура маганец кенінің қара металлургия орталықтарынан үзіліп қалуы т.б жағдайлар елімізде танк бронының құюға аса қажет марганецке тапшылық туғызды. Міне, осындай өте қиын кезінде Қ. Сәтбаевтың тікелей жетекшілігімен және қатысуымен Жезді марганец кені ашылды және өте қысқа мерзім ішінде барланып, іске қосылды. Сөйтіп Оралдың қара металлургиясы жеткілікті мөлшерде марганец пен қамтамасыз етіледі.
Қ. Сәтбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған маңызды шаралардың бірі Қазақстан экономикалық аудандарындарының өндіргіш күштерін зерттеу және игеруге бағытталған Қазақстан КССР көшпелі сессияларының өтуі. Мұндай сессиялар Алтайда, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда өткізілді. Бұл мәжілістерге өндірістегі мамандар кеңінен қатыстырылған. Ондағы мақсат ғылым техниканың ынтымағын, тығыз байланысын күшейту. Бір жағынан ғылымның ең соңғы жетістіктерін өндіріс тәжірибесіне енгізу болса, екінші жағынан өндірістің аса бай тәжірибесін жиналған, тәжрибеден тексерілген даусыз деректерді жинақтап, қорытындылап, терең талдау жасау, ең әрісі, тіпті даусыз ақиқат деп саналып жүрген теориялық қағидаларының өзіне тиісті түзетулер енгізу көзделген. Қ. Сәтбаевтың қолдауымен 1948 жылы Алматы Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылды [4, 156].
Қазақстан Ғылым Академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен—металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс—Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Қ. Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.
Қ. Сатбаев жалғыз жезді зерттеп қоймай, сол 15 жыл ішінде Арқаның Жезқазған, Қарсақбай атты атырабында талай қазына ашты. Сол өлкеден Байқоңырдан, Қияқтыдан көмір тапты. Еспедей, елеусіз жерден есілген тағы талай қазына ошағын тапты. Қалың қатпар қорғасын мен күміс тапты. Мол қор болардай қара темір, марганец кендерін ашты. Мыс қорытқанда қоспа боп, себі тиетін тағы бірнеше қосымша кен затын тапты. 1940 жылы Отаны ер еңбегін бағалап, Қаныш Сатбаевқа Одақтың ең жоғарғы сыйы — Ленин орденін берді. «Жезқазғанның мыс кендері» деген кітабы үшін Қаныш Сатбаевқа мемлекеттік сыйлық және лауреат атағы берілді. 1943 жылы Совет Одағының зор ғылым ордасы — Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі деген үлкен ғылымды атақ берілді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Медеу Сәрсеке. ЖЗЛ. Сәтпаев. Москва, Молодая гвардия, 2003 жыл, ISBN 5-235-02625-X
-
http://satpaev.psu.kz/
-
Назарбаев Н.А. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999. - 271-б.
-
Сагадиев К. Экономика Казахстана: очерк актуальных проблем.
-
Берденов К.А. Экономическая история Казахстана: Учеб. пособие. - Алматы: Экономика, 2000. - 236 с.
-
Сатпаев К.И. Наука Советского Казахстана: 1920-1960 / ред.. - Алма-Ата : Изд-во АН КазССР, 1960. - 672 с.
Достарыңызбен бөлісу: |