Кіріспе
Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т.б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді.
Өрттің даму мен сөндіру ерекшеліктеріне қарай өрттен келген шығындарды көріп, ескеруіміз қажет: өрт бөлімдерінің дабыл бойынша өрт орнына келуі, өрт техникалық жарақты жауынгерлік қанат жаю тез арада орындалуы тиіс. Бұл жетістікке жету сипатталады: ӨА мен өрт жарақтарының (ӨЖ) жоғарғы тактика-техникалық көрсеткіштері, өрт сөндірушілердің дайындық деңгейі, ӨА нің жұмысқа икемділігі. Өрт сөндіруге қатысатын басқарушы құрамның квалификациясының маңызы зор.
ӨА өрт сөндіру механизациясының құралы ретінде олардың тез арада қолданылуына әрқашан дайын болуы, әр қашан техникалық жарамды қалыпта, өртке шыққан уақыттан бастап мүмкіндігінше максималды жылдамдықпен өртке келуі тиіс.
Өртке техникасы - өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің өртті сөндіру және оның салдарын жою бойынша тактикалық әрекеттерін қамтамасыз етудің материалдық негізі болып табылады. Оның техникалық қалпына, жеке құрамның мұндағы құралдар мен жабдықтарының бар жиынтығын, сонымен қоса жалпы өрт сөндіру көлігін дұрыс қолдана білу қабілетіне ӨҚҚ (өртке қарсы қызметінің) дайындығы мен жедел мүмкіндіктері тәуелді болып келеді.
Автокөлік құрылысының жоғары қарқындылықпен дамуына байланысты заманауи өрт сөндіру көліктерінің де динамикалық қасиеттері жақсарып, сенімділігі арта түсуде, пайдаланушылық шығындары төмендеп, көрсеткіштері жоғарылауда. Бұның бәрі шасси бөлшектерінің кернеулігінің артуына әкеледі, жол қозғалысы қарқындылығының үнемі өсу жағдайында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін өзекті етеді.
Халық шаруашылығының көптеген салаларында техникалық прогресс нысан ауданының бірлігіне шаққанда материалдық құндылықтар шоғырлануының ұлғаюына, өрттің өрістеуінің, жылдамдығының, сипатының өзгеруіне септігін тигізді. Соған сәйкес өрт сөндіру көліктеріне жоғары сапалы дайындықты қамтамасыз ету, жедел қозғалмалылығы жағынан қойылатын талап та жоғарылай түседі, өйткені тиісті орынға жетуде кеш қалу немесе өрт орнында құралдардың іске қосылмауы үлкен шығынға, кейбір жағдайларда тіпті адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.
Пайдалану барысында өрт сөндіру көлігінің техникалық қалпы біртіндеп өзгереді, бұл оның нәтижелілігіне ықпал етеді. Бұдан басқа, өрт сөндірудің жаңа шарттары өрт сөндіру көліктері құрылымының және олар атқратын қызметтерінің күрделенуіне себеп болды. Өрт сөндіру көліктерінде электрондық, гидравликалық, пневматикалық жүйелердің бөлшектері пайда болды. Бұлардың кез келгені істен шықса, тұтас агрегаттың не түйіннің қалыпты қызмет етуі бұзылады.
Өрт сөндіру көліктерін пайдалану тәртіптері өзге көліктерді пайдалану тәртіптерінен ерекшеленеді. Бұлардың шығу радиусы салыстырмалы түрде тар болып келеді. Алайда жедел тапсырма алған кезде өрт сөндіру көлігі қозғалтқышты және агрегаттарды жылытудың әдеттегі кезеңінен асып түсіп, форсирленген тәртіпте, көбінесе қарқынды көше қозғалысында не жоғары жол кедергілігі жағдайында қимыл жасайды. Көлік автомобильдері үшін арнайы агрегаттарды келтіруге базалық шасси қозғалтқышынан стационарлық қуат алу тән емес болып табылады. Өрт сөндіру көліктерінің мұндай өзгешеліктері мейілінше аз шығынмен жоғары деңгейдегі дайындықты қамтамасыз етуге мүмкінік жасайтын техникалық қызметтеу мен жөндеу жүйесін нақты ұйымдастыруды талап етеді.
Техникалық қызмет – өрт сөндіру көліктерін үнемі дайын күйде ұстау мақсатында жасалатын алдын алу іс-шараларының кешені. Техникалық қызмет өрт сөндіру көлігінің үнемі техникалық дайындығын, орнатылған қызмет ету мерзімі бойында оның агрегаттары мен жүйелерінің сенімді жұмыс жасауын, қозғалыс қауіпсіздігін, бөлшектердің тозу жылдамдығының себептерін – соның салдарынан істен шығу және бұзылуларды жоюды, жанар май материалдарының және басқа пайдаланушылық материалдарының мейілінше аз шығындауын, автокөліктің қоршаған ортаға теріс әсер етуін азайтуды қамтамасыз ету қажет.
Жөндеу – өрт сөндіру көліктерінің жұмысқа қабілетті жағдайын қалпына келтіру және олардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша операциялардың кешені.
Гарнизонда өрт бөлімшелерінің негізгі техникалық-өндірістік базасы техникалық қызмет өрт бөлімшелері болып табылады, олар келесі негізгі міндеттерді атқарады:
-
Өрт автомобильдері мен өрт жарақтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
-
ТҚ бөліміндегі арнайы және көмекші техника мен техникалық жарақтардың әрдайым жауынгерлік дайындықта тұруын қамтамасыз ету;
-
жаңа өрт техникалық жарақтарын жасауда ат салысу;
-
ӨБ-дің материалды-техникалық қамтамасыздандырылуын жүзеге асыру
Еліміздің көптеген гарнизондарында ТҚ бөлімдері өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмауда, кейбіреулерінің техникалық-өндірістік базасы өрт автокөліктерінің жаңа түрлеріне техникалық қызметті тиісінше жүргізе алмауда. Сондықтанда келесідей мәселелер туындайды, заман талабына сай жаңа немесе қолданыстағы базаларды реконструкциялау, техникалық қызмет көрсету мен өрт техникасының жөндеу жұмыстарын, өрт автомобильдері мен құрылғылардың ғылыми-техникалық дамуына сәйкес жетілдіру.
Бұл жобаның мақсаты техникалық қызметтің ТҚ-2 аймағын ТҚӨЖ-да модернизациялау болып табылады, бұл Қарағанды қаласы мен жақын аудандарда орналасқан ӨҚҚ бөлімдерінің өрт сөндіру техникасын теникалық қызметтеу мен ағымдық жөндеуін орталықандырылған күйде жүргізуге мүмкіндік жасайды. . №2 ТҚК және жөндеу жұмыстары арнайы теникалық қызмет бөлімінде (отрядында) жүзеге асырылғандықтан, жұмыс сапасы бөлімнің қызметкерінің тәжірибиелігіне, техникалық білімділігіне және де ТҚК-мен жөндеудің уақытылы жүргізілуіне байланысты.
1.Жобаның техникалық негізделуі
1.1 Техникалық қызмет қатарының жалпы сипаттамасы және жұмысының талдауы
Қарағанды облысы ӨҚҚ бөлімшелерінде ӨА болуға тиісті және нақты саны туралы мәлімет. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстың ӨҚҚ бөлімшелерінде мынадай көлік құралдары есепте тұр (дана):
кесте 1.1
Негізгі өрт сөндіру автокөліктері
|
157
|
Арнайы
|
28
|
Көмекші машина автокөлігі
|
95
|
БАРЛЫҒЫ
|
280
|
Есепті жылда ӨҚҚ бөлімшелерінде өрт сөндіру депо ғимараттарының, оқу мұнараларының, жылу-түтін камераларының, психологиялық даярлық сызықтары және басқа құрылғыларының бар болуы туралы, сондай-ақ жаңа құрылғыларының пайдалануға енгізу туралы мәлімет.
Қарағанды облысы аумағында 34 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс жасайды, оның ішінде 1 – арнайы жасақталған қатар, 5 – арнайы жасақталған өрт сөндіру бөлімі, 27 – өрт сөндіру бөлімі, 1 – техникалық қызметінің өрт сөндіру бөлімі, 1 – техникалық қызметтің жеке посты.
Облыс ӨҚҚ теңгерімінде өрт сөндіру депосының 32 ғимараты, 20 оқу мұнарасы, 7 жылу-түтін камералары, 3 өртке төзу даярлығы жолақтары, ӨҚҚ арнайы жасақтарына арналған жасақтану қоймасы, ГДЗС базасы бар.
ӨБ-1, ӨБ-2 және ӨБ-5 бөлімдерінде ауа толтыру пунктері бар.
31.12.2014 ж. жағдай бойвнша Қарағанды облысы ӨҚҚ автопаркінде техниканың 280 бірлігі, оның ішінде 257 – іске жарамды бар болып табылады.
Көлік құралдарының түрлері бойынша техникалық дайындық коэффициенті мынадай:
кесте 1.2
Негізгі өрт сөндіру автокөліктері
|
0,917
|
Арнайы өрт сөндіру автокөліктері
|
0,964
|
Көмекші автомототехника
|
0,905
|
Қарағанды облысы ӨҚҚ ТҚӨЖ-ң өрт сөндіру техникасын қызметтеу және жөндеу бойынша жұмысы жайлы мәлімет
Облыс бойынша техникалық бөлімдерде 2014 жылы өрт сөндіру, жүк және жеңіл автокөліктерін 57 техникалық қызметтеу, 59 ағымдық, 20 орташа, 10 түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа тікелей өрт сөндіру бөлімшелерінде 144 техникалық қызметтеу және 132 ағымдық әрі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тікелей автотехника жөндеуімен айналысатын техникалық қызмет жұмыскерлерінің саны орта шамамен 28 адам құрайды.
кесте 1.3
р/с
|
Атауы
|
тоқсандар
|
барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1.
|
Жөндеуші жұмыскерлерінің нақты саны (адам):
|
27
|
30
|
29
|
27
|
28,25
|
2.
|
Бір жұмыскерге жқмыс уақытының нақты қоры (сағат):
|
410
|
425
|
425
|
420
|
1680
|
3.
|
Автомототехниканы ТҚ-2, техникалық, орташа, түбегейлі жөндеулерге және құрал-жабдықты жөндеуге, т.б. шығындалған жұмыс уақыты:
|
11070
|
12750
|
12325
|
11340
|
47460
|
Тізімнен шығарылуға тиісті техника туралы мәлімет
13 жылдан астам пайдаланылудағы автомототехника саны – 202 бірлік, оның ішінде 15 – техникалық жағдайы мен пайдалану мерзімдері бойынша тізімнен шығарылуға тиісті болып табылады:
кесте 1.4
Тізімнен шығаруға тиісті техника атауы
|
Саны, бірлік
|
Негізгі ӨА
|
10
|
Көмекші ӨА
|
5
|
Барлығы
|
15
|
Аталған техника техникалық қалыбы бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып табылады:
кесте 1.5
1.
|
АЦ-40-(431412)63Б
|
М371ВR
|
1989
|
325702
|
2872887
|
2.
|
АЦ-40(130)63А
|
М 058 КЗ
|
1980
|
197707
|
1771727
|
3.
|
АЦ-40(130)63А
|
М 067 КЗ
|
1980
|
053508
|
1699523
|
4.
|
АЦ-40 (375) Ц1
|
М 070 КЗ
|
1980
|
188043
|
329773
|
5.
|
АЦ-40(130)63А
|
М 084 КЗ
|
1975
|
883743
|
1112177
|
6.
|
АЦ-40 (375)
|
М 304 ВК
|
1980
|
300892
|
344553
|
7.
|
АЦ-40 (130)635
|
М 022 ВВ.
|
1985
|
379971
|
2418481
|
8.
|
АЦ-40 (130)635
|
М 865 ВК
|
1984
|
253748
|
2296390
|
9.
|
8Т31 1 М
|
М 199 ВК
|
1978
|
901343
|
168861
|
10.
|
8Т31 1 М
|
М 079 КЗ
|
1977
|
342620
|
243710
|
11.
|
ЗИЛ-130
|
М 389 ВК
|
1968
|
342214
|
256821
|
12.
|
ГАЗ-52-04
|
М 373 ВК
|
1988
|
95393
|
996609
|
13.
|
АЗЛК-21412
|
М 028 КЗ
|
1989
|
0075535
|
77455
|
14.
|
Днепр-11
|
72-05 КГЕ
|
1991
|
250450
|
756104
|
15.
|
ИМЗ-8103-10
|
77-77 КГД
|
1990
|
542024
|
632942
|
Жаңадан алынған өрт сөндіру және басқа техника жайлы мәлімет
2014 жылы Қарағанды облысы ӨҚҚ мынадай техника алды:
кесте 1.6
р/с
|
Автокөлік
|
саны
|
Маркасы
|
1
2
3
4
5
6
|
Өрт сөндіру автоцистернасы
Жедел-қызметтік автомобиль
Жедел-қызметтік автомобиль
Жедел-қызметтік автомобиль
Жедел-қызметтік автомобиль
Авто жанар май толтырғыш
|
10
2
1
1
1
1
|
АЦ-40 (433362)
ВАЗ-21231
ВАЗ-21231
ГАЗ-2705-242
Нива – Шевролет
АТЗ-4,4(131)
|
БАРЛЫҒЫ:
|
16
|
|
1-5. жаңа автокөліктер.
6.Ішкі ӨБ қоймаларынан ақысыз берілді, 1984 жылы шыққан.
кесте 1.7
Техника атауы
|
Саны, бірлік
|
Тізімнен шығарылуға тиісті автомототехника, барлығы, соның ішінде:
|
15
|
- негізгі өрт сөндіру автокөлігі:
|
10
|
- көлік құралдары:
|
5
|
ТҚӨЖ-де гараж-білдек құрал-жабдығының болуы жайлы мәлімет
Қарағанды облысы ӨҚҚ техникалық қызметтеу бөлімшелерінде мынадай гараж-білдек құрал-жабдықтары бар болып табылады:
кесте 1.8
р/с
|
Құрал-жабдық атауы
|
Моделі
|
Саны, бір.
|
Не үшін арналған
|
1.
|
Қондырғы
|
М-411
|
1
|
Жөндеу құрал-жабдығы
|
2.
|
Автогендік аппарат
|
П-232
|
1
|
------------
|
3.
|
Электр дәнекерлеу аппараты
|
|
1
|
------------
|
4.
|
Білдек
|
МОУ-2733
|
1
|
------------
|
5.
|
Хонинговальдық білдек
|
|
1
|
------------
|
кесте 1.8(жалғасы)
6.
|
Клапандарды түйістіруге арналған құрылғы
|
|
1
|
------------
|
|
7.
|
Білдек
|
2Е-ВУП
|
1
|
------------
|
|
8.
|
жонғыш-бұрама кескіш білдек
|
16-Д20
|
1
|
------------
|
|
9.
|
Бұрғылау білдегі
|
|
1
|
------------
|
|
10.
|
Электр механикалық көтергіш
|
|
1
|
Көтеру-көлік жұмыстарына арналған механизм
|
|
11.
|
Электротельфер 0,5 тн.
|
|
1
|
------------
|
|
12.
|
Электр таль 2 тн. -12м.
|
|
1
|
------------
|
|
13.
|
ПОСТ
|
Р-637
|
1
|
Бақылау-реттеу құрылғысы
|
|
14.
|
Құрылғы
|
ПРАФ-3
|
1
|
------------
|
|
15.
|
Компрессометр
|
КБ-1127
|
1
|
------------
|
|
16.
|
Доңғалақтарды үрлеуге арналған компрессор
|
|
1
|
Дңғалақтарды жөндеу жұмыстарына арналған құрал-жабдық және құралдар
|
|
17.
|
Вулканизатор
|
ОШ-148
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
18.
|
Вулканизатор
|
ОШ-318
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
19.
|
Гайковерт
|
И-319
|
1
|
Арнайы құрал-жабдық
|
|
|
|
|
20.
|
Гайковерт
|
И-322
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
21.
|
Қайрау қол білдегі
|
ЭЗС-2
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
22.
|
Стенд
|
|
1
|
Аккумуляторларды оттау үшін
|
|
|
|
|
23.
|
Түзеткіш
|
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
3.
|
Электр дәнекерлеу аппараты
|
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
4.
|
Білдек
|
МОУ-2733
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
5.
|
Хонинговальдық білдек
|
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
6.
|
Клапандарды түйістіруге арналған құрылғы
|
|
1
|
------------
|
|
|
|
|
2013 жылдың 4-тоқсанында автотехниканы жөндеу және техникалық қызметтеу бойынша мынадай жұмыстар атқарылды:
1. ӨБ-34 автокөлігі мем.№М421СВ АЦ-40(130) кузовы мен жиектері бойынша тегістеу және дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді;
2. ӨБ-50 автокөлігі мем.№М282СВ АЦ-40(431412) қозғалтқышын жөндеу (қозғалтқыштың қосалқы бөлшектерінің жоқтығы);
3. УАЗ 31512 мем.№ М019КS помпа жөндеу (белдік жинағын ауыстыру), электр құралдарын жөндеу;
4. ӨБ-8 автокөлігі КАМАЗ мем .№М271СТ рессорларын дәнекерлеу жұмыстары;
5. АОАП ГАЗ-66 мем.№М312СY автокөлігінде помпа жөндеу (белдік жинағын ауыстыру), карбюраторды жөндеу, руль гидрокүшейткіш сорабын ауыстыру, жылытқышын жөндеу, жанар май сүзгілерін тазарту, гидрокүшейткіш белдіктерін ауыстыру;
6. АТЗ-4,2(131) мем.№М060КS көлігінде орта редукторын жөндеу;
7. ӨБ-8 автокөлігі КАМАЗ мем.№М031СТ ілінісуді жөндеу және реттеу, дәнекерлеу жұмыстары;
8. МАЗ мем.№М070КS электр құрал-жабдығын жөндеу;
9. АТЗ-4,2(131) мем.№М060КS көлігінде су сорабын ауыстыру;
10. ӨБ-5 автокөлігі АЦ-40(131) мем.№М178СТ қозғалтқышын түбегейлі жөндеу;
11. ӨБ-7 автокөлігі АЛ-30(131) мем.№М028СТ қозғалтқышын түбегейлі жөндеу;
12. МАЗ мем.№М070КS көлігінде сорапты жөндеу;
13. ӨБ-32 автокөлігі ВАЗ-2104 мем.№М146СХ түзету және сырлау жұмыстары;
14. СО көлігі КАМАЗ-53229 АЦ-8-40. мем.№М17 сораптық бөлшегін дәнекерлеу, түзету, сырлау жұмысы, энергиялық аккумуляторларды орнату және бекіткіштерін ауыстыру, екі жақтағы келі тығыздамаларды ауыстыру, алдыңғы және артқы тасымал басқыштарын жылжыту;
15. ӨБ-50 автокөлігі АЦ-40(131) мем.№М583СВ кузовын, жиектерін түзету, дәнекерлеу жұмыстары;
16. ӨБ-8 автокөлігі КАМАЗ мем.№ М 271СТ кузовын жөндеу бойынша дәнекерлеу жұмыстары;
17. ӨБ-8 автокөлігі КАМАЗ мем.№М031СТ кузовын жөндеу бойынша дәнекерлеу жұмыстары;
18. КАМАЗ мем.№М576СВ автокөлігі түйісуді реттеу бойынша жөндеу жұмыстары;
19. Жезқазған қаласы №2 қатарының АӨБ-42 автокөлігі АЛ-30(131) мем.№М783СВ кузов және жиектерін жөндеу;
20. ӨБ-30 автокөлігі АЦ-40(131) мем.№М298СВ кузов және жиектері бойынша түзету, дәнекерлеу жұмыстары;
21. ӨБ-16 автокөлігі АЦ-2,5-40(431412) мем.№М152СХ кузов және жиектері бойынша түзету, дәнекерлеу жұмыстары;
22. ӨБ-1 автокөлігі АЦ-5-40 КАМАЗ 43101 мем.№М252СТ ілінісуді жөндеу, ДВС төсеніштерін ауыстыру, тетіктерді реттеу;
23. Бөлім бастығы кабинетіне түбегейлі жөндеу жүргізілді.
24. Негізгі бокста су өткізгіш құбырын пластикалық құбырға ауыстыру жүргізілді – 25 м, сонымен қатар жылыту жүйесінің де құбырлары жартылай ауыстырылды – 10 м.
25. ӨБ-8 сырлау цехында жеке құрам жылыту қазандығын ауыстырды.
26. ӨБ-8 жеке құрамы демалу бөлмесіне түбегейлі жөндеу жұмысын жасау аяқталып қалуда.
27. тізімнен шығарылған АКБ, 10 автотехника бірлігін жою жұмысы жүргізілді. Металл қабылдау пунктеріне қара металдан – 18230 кг, түсті металдан – 2870 кг, барлығы 297670 теңгеге тапсырылды. Барлық ақша құралдары республикалық бюджетке тапсырылды. Қазақстан Републикасы ІІМ ТЖК бұйрықтары мен жарғыларындағы талаптарды орындай отыра, Қарағанды облысы өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру көліктерінің және құрал-жабдығының техникалық қалпы мен пайдалануын, бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, сым арқылы және радио байланыс құралдарын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды іске асырды. Бөлінген қаражатқа сатып алынды: Жалпы сомасы 51899408 теңге болатын өрт сөндіру автотехникасы, соның ішінде:
-
АЦ-40(433362)-10 бірлік;
-
ВАЗ-21231 -2 бірлік;
-
ВАЗ-21074-2 бірлік;
-
ГАЗ-2705-242 -1 бірлік;
Өрт сөндіру-техникалық жасақ және құрал-жабдық жалпы сомасы 15327255 теңге, соның ішінде:
-
Өрт сөндіру жеңі О 51 -4600 м.;
-
Өрт сөндіру жеңі О 66 - 2000 м.;
-
Сорғыш жең - 30 бірлік;
-
РСК-50 баған - 50 бірлік;
-
АП-98-7К тыныс алу аппараттарына болат баллондар - 20 бірлік;
-
Розе1с1оп баллондарын қуаттауға компрессор -1 бірлік;
-
сүзгіш патрон - 25 бірлік.
31.12.2014 ж. жағдай бойынша Қарағанды облысы ӨҚҚ көлік құралдарының болуы:
кесте 1.9
Өрт сөндіру автокөліктері
|
Жүк көліктері
|
Жеңіл көліктер
|
Автобустар
|
Инженерлік көмекші техника
|
Мотоциклдер
|
Жалпы саны
|
негізгі
|
арнайые
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
Іске жарамсыз
|
Іске жарамсыз
|
Түзетілген
|
кесте 1.9(жалғасы)
144
|
13
|
27
|
1
|
30
|
3
|
43
|
5
|
2
|
-
|
11
|
1
|
-
|
-
|
257
|
23
|
Қарағанды облысы ӨҚҚ бөлімшелерінің материалдық техникалық қамсыздандырылуы:
кесте 1.10
Өрт сөндіру техникасымен жабдықталу
|
барлығы
|
Пайдалану мерзімі бойынша автокөліктер
|
Автокөліктің болуы
|
Жалпы саны
|
Пайдаану мерзімі бойынша автокөліктер
|
Жаңа тех.құрылғы
|
Өзге тех.құрылғы
|
негізгі
|
арнайы
|
Болуға тиіс
|
Бар
|
8 жыға дейін
|
8-ден 13 жылға дейін
|
13 жылдан артық
|
Жеңіл
|
Жүк
|
Көмекші
|
8 жыға дейін
|
8-ден 13 жылға дейін
|
13 жылдан артық
|
Болуға тиіс
|
Бар
|
Болуға тиіс
|
Бар
|
217
|
157
|
54
|
28
|
271
|
185
|
34
|
12
|
139
|
48
|
33
|
14
|
280
|
15
|
17
|
63
|
10
|
4
|
Техникалық қызметінің арнайы бөлімінің жұмыс талдауы
кесте 1.11
ТҚ-2
|
Ағымдық жөндеу
|
Орташа
|
Түбегейлі жөндеу
|
барлығы
|
Көліктің болуы
|
ТҚ және Ж қатылғаны, %
|
Барлығы жұмсалған уақыт, адам сағ.
|
Автомашиналар
|
Агрегаттар
|
57
|
59
|
20
|
10
|
356
|
502
|
280
|
100
|
36711
|
Жоғарыда келтірілген техникалық қызметтің сипаттамасы мен жұмыс талдауынан ӨҚҚ паркінің негізгі және арнайы өрт сөндіру көліктерімен қамсыздандырылуы 68% құрайтынын, оның 75%-нда пайдалану мерзімі 13 жылдан артық. Техникалық қызметтің материалдық-техникалық базасы өрт сөндіру көліктерін іске жарамды қалыпта ұстау бойынша іс-шараларды жоғары және сапалы деңгейде өткізуге мүмкіндік жасайтын техникалық құралдармен жеткілікті түрде қамсыздандырылған жоқ.
1.2 Жобаны әзірлеу пайдалылығын негіздеу
Автокөліктің жұмыс қабілеттілігі пайдаланушылық-техникалық қасиеттерінің – динамикалығы, төзімділігі, үнемділігі, сенімділігі, ұзақ тозбаушылығы, т.б. жиынтығымен бағаланады, бұлар әрбір автокөлік үшін нақты көрсеткіштері арқылы көрсетіледі. Автокөліктің жұмыс қабілеттілігі пайдалану кезінде ойдағыдай болуы үшін бұл көрсеткіштердің мәндері өздерінің алғашқы мәндерінен аса қатты ауытқып кетпеуі тиіс.
Алайда автокөліктің техникалық қалпы, кез келген машинаның сияқты, ұзақ пайдалану мерзімінде өзгере қоймайды емес. Бөлшектер мен механизмдерінің тозуынан, сынулар мен басқа да бұзылулардан бұл нашарлайды, нәтижесінде автокөліктің пайдаланушылық-техникалық қасиеттері төмендей түседі.
Аталған қасиеттерінің өзгеруі, жүрген жолының артқаны сайын техникалық пайдалану ережелерінің немесе автокөлікті техникалық қызметтеу ережелерінің сақталмауынан да болуы мүмкін.
Өрт сөндіру техникасының техникалық қалпын басқару мәселелерін шешу үшін оны қызметтеу мен жөндеудің қабылданған жүйесінің маңызы ерекше, мұнда бұйымдарды техникалық іске жарамды қалыпта ұстау бойынша тәртіптер мен басқа да нормативтер нұсқаланады. Техникалық қызметтеу мен жөндеудің технологиялық үрдістерін жетілдіру ӨҚҚ бөлімшелерінің жоғары деңгейдегі дайындығын қамтамасыз етудің маңызды бөлшектері болып табылады.
Автокөліктің негізгі өлшемдері мен құрылымының өзгешеліктерінің дамуын талдау, автокөліктің әр түрлерін тұтынуды зерттеу автокөлік құрылысы дамуының негізгі беталысын анықтауға мүмкіндік жасайды:
-
автокөліктің жүк көтергіштігін арттыру, сәйкесінше оның толық салмағын ұлғайту;
-
қозғалтқыштың қуаттылығын арттыру, сәйкесінше қозғалыс жылдамдығының артуы;
-
агрегаттарының және жалпы автокөліктің сенімділігі мен ұзақ пайдаланылуын арттыру, сонымен бірге өз салмағын азайту, түбегейлі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрген жолының мәнін ұлғайту;
-
техникалық қызметтеу мен жөндеу жұмысының ауқымдылығын азайту, қызметтеуің маусымдылығын арттыру;
-
автокөлік паркін дизель қозғалтқыштарына ауыстыру, орташа және жеңіл типті автокөліктерде дизельді қолдану, ауамен салқындайтын дизельдерді жасау.
Қазіргі уақытта күш салу қондырғысы ретінде түгел көлікте дерлік ішкі жанудың поршенді қозғалтқыштармен – карбюраторлық немесе дизельді қолданылады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты қала гарнизонының өрт сөндіру көліктерін орталықтандылырған түрде қызметтеу үшін ТҚ-2 аймағын ұйымдастыру және технологиялық құрал-жабдықты таратып қою жобасын ұсынамын. Бұл жобада ТҚӨЖ өндірістік бағдарламаның есептелуі жүргізілген, орындалатын жұмыстардың еңбек ауқымдылығы анықталған, өндірістік жұмысшы саны, ТҚ-2 және алдағы жылда жасалуға тиісті жөндеу саны анықталған. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімінде осы бөлімше жұмыскерлерінің күшімен ТҚ-2 құрастырылған кестелерге сәйкес ТҚ-2 орталықтандырылған түрде өткізу ұсынылады.
Өндірістік үрдістерді жақсарту және еңбек өнімілігін арттыру үшін өндірісті басқару мен ұйымдастырудың ескірген әрі жеткіліксіз әдістерін, жұмыстарды жүргізу технологиясын Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің ӨҚҚ техникалық қызметінің ең үздік бөлімдерінің тәжірибесін пайдалана отырып, жаңашыл, болашағы бар түрлеріне ауыстыру қажет. Осы арқылы өрт сөндіру көліктерінің техникалық қызметтеу және жөндеу аймағында тұрып қалуарын қысқартуға, жұмыс уақытының көп шығындалуын азайтуға, орындалатын жұмыстардың сапалығын арттыруға, өрт сөндіру техникасының жоғары тиімділігін, үнемі жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Ерекше назарды еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына аудару қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі техникалық қызметінің өрт сөндіру бөлімдерінде басымдық сипатта болуы тиіс. Бұларды орындау жұмыскерлердің денсаулық жағдайына және бөлімдегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізіп қана қоймай, еңбек өнімділігін де арттыра түседі. Телімдерде жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды үнемі өткізіп отыру қажет.
2 Технологиялық есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |