Қос Ағашты мен тұңғыш рет үш жасымда көрсем керек. Күз, бұлыңғыр еді. Жайлау тозған, қыстауға көшіп барамыз



Дата02.02.2024
өлшемі22.84 Kb.
#490606
Документ


ҚОС АҒАШ
Қос Ағашты мен тұңғыш рет үш жасымда көрсем керек. Күз, бұлыңғыр еді. Жайлау тозған, қыстауға көшіп барамыз. Мен, әдеттегідей, ат үстінде, атамнын алдында, бірақ алакеуімнен басталған салқар жүрістен шаршадым ба, әлденеден жайым болмады ма, мазам кашып, қырсығып келе жаткам. "Осы жерге токтап, үй тігейік", деймін. "Жерге түсіп, жаяу жүрем", - деймін. "Қазір, қазір..." - дейді атам. "Қазір" де бітті. Мен енді тура қиғылық салмак едім. Шіреніп, көтеріле бергем. "Әне!..- деді атам сол кезде. - Кос Ағаш! Қамшысын бүктей ұстап, жамбастай бере, колын киырға созды. Әне, касиетті Қос Ағаш!" Мен қалт тынып, атамның - камшысының ұшына қарадым.
Әуелде бұлт екен деп ойлағам. Үйірілген, сұрғылт, бір будақ бұлт. Бұлт емес, одан беріде, бірақ биікте шоқталған өзгеше тұман екен. Мен көрмеген зәулім ағаштың арбиған, аумақты басы. Біз алға жылжыған сайын зорайып, еңселеніп, жайыла түсті. Ағаш қосар екен. Біз тұсына жеткенде жарты дүниені алып жатқандай көрінді бүйірлері жанаса тұтаскан кос бұлт. Түбіт шудаланып тұр. Жер бетіндегі селдір тұман сол екі ағаштың басынан таралып жатқандай. Екі аяқты алып. Ертегідегі дәу Айбынды. Сұсты. Бірак қорқынышты емес еді. Салкам, суық кейпінің өзінде мейірлі жақындық бар. "Уа, қасиетті Қос Ағаш! - деді атам мені ер үстінде қаусыра құшақтаған қалпы қол жайып. Мен де қол жайдым. Уа, касиетті Қос Ағаш! Мына кішкентай құлыншағыма өзіңнің жасына тете ұзақ ғұмыр бер! Аллаһу әкбар!" Қос Ағаш түтіндеген тұманы шұбалып, бас изеді. Атам бетін сипады. Мен де бетімді сипадым. Бір сәт қалт токтаған Қос Ағаш біз қозғалғанда қайтадан баяу жылжып, қатарласып отырды да, бірте-бірте сол жақ қабырғада қала берді. Көшуге болмайды. Тігілген жерде ақырына дейін тұруы керек. "Уа, қасиетті Қос Ағаш! дедім мен артыма қарайлап, қайта-қайта күбірлеп. Уа, касиетті Кос Агаш!.."Келер жылы алыс отарға көштік. Арғы жылы, одан арғы, одан соңғы жылы да шалғайда болдық. Қалың елдің ортасына оралғаннан сон да баска ауылда тұрдық. Бірақ екі сирағы аспан мен жердің арасын тіреген, басы бұлт оранған алып ағаш есімнен кетпеді. Анда-санда атамнан сұрар едім. Неге зор. Неге қасиетті. Зорлығы Тәңірінің жаратуынан деді атам. Біз көргенде өзеннің бойы ен тоғай, ит тұмсығы өтпес қалың жыныс, сыңсыған қайың, терек. Бірақ сол кездің өзінде тоқты-торым арасындағы атан түйедей, ерекше көрініп тұратын. Бұл төңіректе мұндай бітімді дарак болмады. Мен бағзыда ақшом тартып, Алатауға дейін әлденеше рет бардым. Қойнауы толы орман. Бірақ ол жақта да дәл мұндай зор ағаш көргем жок. Касиеті зорлығында ғана емес, деді. Әкем марқұм айтушы еді. Осы Қос Ағаштың түбіне Абылай хан шатыр тігіп, құрбандық шалып, үш күн қатарынан аялдапты. Дағанделде әскер жиып, Бақанастың бойына келіп, Қос Ағаштың түбінде дамыл қылған. Содан соң Аягөзге шүршітпен соғысқа шеру тартқан. Әкем марқұм айтып еді, сенің бабаң... Одан бұрын Есім хан Еңсегей бойлы Ер Есім хан қара қалмақ, құба қалмаққа қарсы шапқанда, Қос Ағаштың түбінен аттаныпты. Үш Алашқа сауын айтқан ғой, пәлен жерге жиналсын деп. Осы Қос Ағашқа. Қасиеті болмаса, сол аталарың неге тәуап еткен. Биік бұтағына жазда ителгі ұя салады. Кұз жартастан ғана балапан ұшыратын ителгі. Өзгеше жылуы бар гой. Баяғыда бала көтермеген әйелдер мал сойғызып, мойнына бұршақ салып, басына түнейтін. Майданға жүрерде сенің ағаң да арнайы барып кайтты. "Мені қашан апарасың?" - деймін. "Сен Қос Ағаштың батасын алғансың, - дейді атам. - Мазалай беруге болмайды... Жақында реті келеді, - деді сосын. Көресің тағы да..."

Шынында да, көп ұзамай, Қос Ағашты екінші мәрте көрудің сәті түсті. Атамның туған әпкесінен қалған, біздің үйде өскен жиен ағам соғыстан келген соң үйленген, енді зарығып барып балалы болыпты. Қыс ортасы еді. Атам куанышты хабарды естісімен, бөгелмеді, кәшаба шанаға көк атты жекті, қасына менің кішкентай бауырымның қырық серкешінің есебіне күрең тайды тіркеді, азығына бір қап бидай салды. Әжем үшеуіміз таң қараңғысында жоғарғы ауылдан шығып кеттік. Қар күртік болса да, жол ашық. Көкбесті желе аяңдап келеді. Шана табаны сыр-сыр етеді. Шыңылтыр аяздағы аппақ қарға шағылған күн сәулесімен жер-дүние тегіс ұшқындай құбылады. Мен кейде шанадан түсіп, соңынан жүгірем. Көбіне арқалықтан ұстап, артқы табанға тұрып, сырғанаймын. Аздан сон жалықтым. Ақыры шаршадым. Шананың ішіне отырып, әдетімше атамнан әңгіме сұрадым. Бұл жолы Қос Ағаштың жайы. Соншама заманнан бері тұрғаны рас па. "Рас, деді атам. Әкем айтушы еді..." Атамның әкесі, яғни менің бабамның жас жігіт кезі екен. Бір жылы жазда Өрдегі Абак Керейге жамағайын туыстарымен көрісуге барады. Жайыр деген, Қарамай деген жерлердегі аталарының басына құран оқиды. Қазақпен қатарлас қалмақ ауылдары да болады екен. Қатарлас қана емес, аралас. Көп қазақтың ортасындағы азғана жұрт, қазақша судай дейді. Сонда, бір ауылда бір калмақтың шалымен кездесіпті. Кере қарыс айдары аппақ, қиғаш, көкбуырыл қасы түксиген сексен жасар қалмақ әңгімелесіп, ел, жер жайын сұрап отырып, бір кезде: "Шыңғыстаудың күнгейі, Бақанас өзенінің бойынан келсең... Қос Ағаш... әлі тұр ма?" - деп сұрапты. "Тұр", - дейді біздің аксакал, ол кезде жас жігіт. Мен атамның қашан туғанын, бабамның неше жаста, қашан өлгенін есептесем, шамамен бұдан тоқсан жыл бұрын екен. "Қос Ағаш әлі тұр ма?" - дейді. "Тұр", - дейді тан калған біздің кісі. Сонда, көкбуырыл, қиғаш қасы түксиген, аппақ айдары кере қарыс калмақтың шалы еңкілдеп жылады дейді. "Тұр екен ғой. Тұр екен ғой. Енді не кайыр. Ертерек білсем, іздеп барар едім-ау..." - деп. Сөйтсе, өзі көрмеген, әкесі көрмеген, атасы айтқан әңгіме екен. Кос Ағаштың түбінде бие байлап, үй тігіп, шалқып, толқып отырады екенбіз. Бақытты, берекелі заман екен дейді. "Жер - опасыз" деген осы, кұт сендерге ауды, киіз туырлықты ағайын жұрт едік, ақыры мынандай болды, Қос Ағашты аялап сақтаңдар депті. "Сонда... екі жүз жыл ма, үш жүз жыл ма... - деді атам. Әуелде қазақ отырған. Одан қалмақ алған.


Жаңағы қалмақтың аталары. Ақыры, қара ормандай қалмақты осы жерден туре куган - Абылай хан екен, деді атам бұрын талай айткан кебіне оралып. Одан соң шүршітті токтаткан. Содан соң орысты тоқтатқан..." "Кос Ағаштың түбінде құрбандық шалып, үш күн бөгелген, дедім мен. Шүршітке қарсы, Аягөзге аттанарда". Атам мен не айтсам да, қандай мінез шығарсам да таңырқамайтын. Менің ерекше талайыма сенуші еді. Сондықтан да құртақандай кезімнен үлкен кісіше, тең дәрежеде сөйлесіп, бабалардың бабасынан жеткен, өз көкірегіне құйылған барлық қазынасын маған қотаратын. "Еңсегей бойлы Ер Есім хан да осы Қос Ағаштың түбінен аттанған, дедім. Шыңғыс хан... Шыңғыс хан да осы Қос Ағаштың түбіне түскен бе?" "Оны білмедім",- деді атам. Мен білем. Осы жакында ғана "Шыңғыс хан" деген роман оқығам. Алағызып, неше күн бойы ұйықтай алмап едім. Екінші, үшінші кайтара ежіктедім. Содан сон Абай ғақылия сөздері. Атамның өзінің де айтқаны бар. Мына Шыңғыстау - Шыңғыс ханның атына аталған. Осы жерде, Хан биігінің етегінде хан көтеріліп, Ордада орда тігіп отырған. Әлгі, Яннын романында Хорезмге аттанбай ма. Әрине, осы жерден өтеді. Мен картаға карап тұрып, сызғышпен тартып есептегем. Тура біздің ауылдың үсті. Қос Ағаштың түбінен. Ендеше, сондай, кең далада күңіреніп тұрған зәулімнің түбіне қалай тоқтамасын. "Қос Ағаштың түбіне Шыңғыс хан да тоқтаған!" - дедім мен.

Әңгімемен андамай қалыппын. Қос Ағаштың түбіне біз де келген екенбіз. Дәл түбі емес. Мен көргеннен соңғы жерде, беріректе шағын ауыл орнаған. Сталин колхозы аталады. Аулакта ауыл іргесінде қасиетті Қос Ағаш! Бізбен аралық жарты шақырымдай болса керек. Бірак дәл - касында тұрғандаймыз. Берідегі, токал тамды, мұржалары түтіндеп жатқан ауылдан, әрідегі сирек талды өзеннен асып, осы даланың жалғыз кожасындай окшырайып тұр. Жалғыз емес, екі ағаш. Бірақ екеуі тұтас бір дене сиякты. Бұтақтары айқасқан, діңдері катар. Күн ашық еді. Бесінге ауған. Арғы беттен тура түсіп тұр. Аппак карға тігілген кос дін алып пілдің екі сирағы сияқты, ал арбиған, жуан тармақтар, бытысқан, тұтасқан бұтақтар - біртұтас жанды дене тәрізді. Әлде мұз қатқан, әлде қылау тұрған Қос Ағаш табанынан төбесіне дейін аппак еді. Ақ күміс. Күн нұрына шағылып, жалт-жұлт етеді. Қасиетті топырақты қақ жарып екі баған - күмісті, алып, кос баған шыққан, жоғары өрлеген сайын тарам- тарам бөлініп, сымға тартылып, ақ күміс, алып ағашқа айналған. "Қасиетті Қос Ағаш!" - дедім мен күбірлеп. Қазір дәл түбіне барсам, менің өзім де тұтас сап күміске айналар едім. Күміс Бала Күміс Алып... - Бірақ дәл қазір бара алмаймын. Ауылдың жанынан қырындап өте бердік. Межелі жерімізге түн түспей жетіп алуымыз керек. Мен қимастықпен артыма қарайладым. Ақ күміс Алып Дарақ. Кенет үстіңгі күміс бұтақтардың бірі жалт етті де, сап-сары сәуле шашты. Екінші бұтак... тағы басқа бұтақтар... Алтын! Біз іргедегі Қарауыл-төбені көбелеп, көзден ұзатқанша, Қос Ағаш тұтасымен алтынға айналып еді... Бұл кезде мен тоғыз жастамын. Үшінші сынып оқушысы...


Арада тағы алты-жеті жыл өтті. Тоғызыншы сынып. Мен қол жеткен кітапты оқып тауысқам. Құлақ естіген, көз жеткен ауызша, жазбаша тарихты түгескем. Жазушы болуға... дайындалып жатырмын. Әлде тарихшы болсам ба екен... Ол тарап мүлде жабық еді. Мен отар елдің ұлы екенімді жақсы білем. Әрине, әдебиет те ауыр. Бірақ бейнелі сөзде максатка жетудің жол-жобасы сан қилы. Мүмкіндік молырақ. Жазушы болам! Тарихты көтеретін жазушы. Кеуде зор еді. Енді бір-ақ жыл. Содан сон - кең дүние. Нұрлы болашақ. Әзірге небәрі тоғызыншы сынып окушысы.

Көктем еді. Бүкіл класымызбен көтеріп... жүгері егуге шығарды. Сондай бір кезең болған. "Американы куып жетіп, басып озайық!" Ол үшін ең алдымен "дала ханшасы" жүгеріні мол егіп, мол өнім алу керек. Бүкіл аудан, барлық мектеп жүгеріге жегілді. Біздің түйедей тоғызыншы сынып - бұрынғы Сталин колхозы, бүгінгі Шоқан совхозы, яғни Кос Ағаш ауылына.

Бақанас өзенінің екі қабағын тұтасымен жыртып тастапты. Етектегі көк шалғын, қырдағы боз селеу, одан арғы жусанды белес түгел жүгері алкабына айналуға тиіс. Американы куып жетіп, басып озудың әуелгі, шешуші науқанына біз де кірісіп кеттік. Аш тауық әр шұқырдан дән іздесе, біз "шаршылы әдіспен" күрек салынған әрбір шұқырға үш дән тастаймыз. Тастау керек. Үш дән. Еріккен балалар қашанғы санасын. Бір жерге екеу, бір жерге бесеу. Енді біріне қос уыс. Тағы біріне, бірнешеуіне ештеңе де жоқ. Төменгі сынып емес, еркінбіз. Сөйтіп, норманы артығымен орындап жүріп, көп ұзамай Қос Ағаштың түбіне жеттік. Дэл іргесіне дейін жыртылған екен. Манағы шалағай шаруаның өзі жайына калды. Балалар жамырап, алып даракка карай жүгірген. Жұрттың соңынан баяу аяндап, жүрегім сыздап, мен де жеттім.

Жүрегім сыздағаны - осы өңірде тусам да, қасиетті Қос Ағаштың түбіне бірінші рет келіппін. Бойкүйездік пе, бейқамдық па. Рас, менің ауылым жоғарыда, бірақ арлы-берлі өтіп жүргенде арнайы соғуға болатын еді ғой. Әлде, колда бардың қадірі кем бе. Үш жасымда батасын алдым, бұл Дараққа менен жақын кім бар еді!..

Келген бетте жалаңаш діңін құшақтадым. Әуелі біреуін. Содан сон екіншісін. Әрқайсысын жеке-жеке айналып көрдім. Дәл түбінде тұрып, төбесіне қарадым. Аулағырақ шығып, тағы да барлай көз салдым.

Екі дарақ та ғаламат жуан еді. Екі дарақтың да жуан діңі қабыршақ, қабықсыз, жап-жалаңаш еді. Аппақ. Ак болғанда, қураған, тозған емес, әуел бастан осылай жаратылғандай, жып-жылтыр, теп-тегіс, әсем. Аралығы алты-жеті қадамдай ғана, қатар орналасқан екі діннің де ойылған қуысы, дүңкиген бүртігі жоқ. Ең төменгі, пілдей жуан, тарам- тарам, кожыр бұтақтарының өзі, шамамен құрық бойы биікте. Қожыр көрінгені - қабығы тұтасымен түспепті, кейде сыдырылған, кейде бітеу: алып ағаштың төменгі діңі де бір заманда қабықты болғанын аңғартады. Ал ұшар бас - әрқилы. Көбі жалаңаш. Жай ғана жалаңаш емес, ку, өлі. Мен ішімді тарттым екі ағаш та жарым-жартылай қураған екен. Бәлкім, жарымнан астамы, үштен екісі, төрттен үші. Иә. Сырткы бұтақтардың ешқайсысы көгермепті. Зәулім биікте айқаса араласқан ортақ бұтақтар ғана бүр жарған. Бозғыл, теңге жапырақтар болмашы самалмен дір-дір етеді. Алып ағаш та дір-дір етіп, әрең тыныстап тұрғандай.

Дәл түбінен мол сулы қасқа бұлақ ақса керек еді. Су жоқ. Сәл жоғарыда батпаққа айналған шұқанақ орыны байқалады. Басында қисайған құрықша, оңған, тозған, сұрықсыз шүберектер. Сірә, бір кездегі ақтық. Төңірек тұтас көк шалғын болса керек еді. Сортаң қу тақыр. Сиыр ізінен баска түк көрінбейді. Алабота, курайдың өзі жок.

Атамнан естіген тағы бір аңыздар ойға оралды. Көк Тәңірінің өзінің ракымы түскен, дүниедегі ең көрікті жер екен. Осы жердің ерекше сыпатын әйгілеу үшін Жаратқан өз қолымен осы бұлақ басына қос шыбык кадапты... Мен аңыздың ақиқат дерегіне нақпа-нақ сенбесем де, мән- мағнасына ден қойған едім. Енді міне.... Үнсіз, ойға батып тұрмын. Алып Ағаш қартайған шағында Тәңірінің алқауынан қалайша тыс қалмақ... Ұркы кайда, ұрпағы болмады ма. Болған. Бірақ неше ықылым зобалан заманда төңірегі түгел казаға ұшыраған. Бойы зор, жіптігі нәрлі, діні темір Қос Алып қана аман қалған. Себебі не, салдары қандай? Енді кайтпек?

Біздің ішіміздегі биолог - биолог болам деп жүрген жігітіміз Бөкен. Менімен катар ол да айналсоқтап жүр еді. Қос дәуге кезек шұқшияды. Жерден жартылай сарғайған жалғыз жапырақ тауып алды. Әуелі өз көлеңкесін тапандап, содан соң ағаштың көлеңкесін қадамдап өлшеді. Маған қарап, басын шайқап, таңдайын қақты. Содан соң ақырғы байламын айтты. Мынау - бұл өңірде өспейтін, немесе құрып кеткен ағаш. Емен деді. Бірақ сол еменнің өзінің еш жерде сақталмаған өзгеше бір түрі болса керек. Әдетте, ең үлкен еменнің диаметрі бір, бір жарым метрден аспауға тиіс. Ал мынаның диаметрі - кем дегенде төрт-бес метр..." "Кел, өлшейік", - дедім мен. Бірнеше бала айналып тұра қалып, құлашымызды жазып, қол жалғадық. Әуелгі құшағымыз жетпеді, тағы бір-екі бала қосылды. Жеті құшақ. Діңнің шеңберіне жеті бала - жеті жігіттің құшағы әрең жетті. Екіншісін өлшедік. Кішірек. Бірақ бұл да алып. Бес кұшақ. "Ғажап!" - деді Бөкен. Төрт метрден астам. Диаметрі. Көлденені. Ал ұзындығы.... биіктігі, мен өлшедім, шамамен елу метр. Бәлкім, қурамай тұрғанда елу бес, алпыска жеткен шығар. Содан соң, деді Бөкен, - кішісі - әйел, үлкені - еркек.." Балалар ду күлді. "Биологияны окындар, деді Бөкен қабағын шытып. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бәрі қос жынысты. Бірі еркек, бірі әйел. Мың жыл бойы қосағымен көгеріп тұрған..." "Мың жыл?.." - деді балалардың бірі таңырқап. "Емен төрт-бес жүзден бір мың жылға дейін жасайды. Мына екі алыптың жасы - мыңнан кем емес. Бәлкім, одан да көп..." "Діңін кессе, накты анықтауға болады", - деді жана күлген, білгіш балалардың бірі. "Мұндай ағашка тісі өтетін ара әлі жасалған жок,- деді одан да көп білетін Бөкен. Оның үстіне... бұл емен жартылай кураған, өз жасын ұмытқаннан бері кем дегенде екі-үш ғасыр... Әлі тұр. Әлі тұрады. Мын жыл! Ғаламат қой!.."
Ғаламат. Бұл ағаштың түбінде Шыңғыс хан ат шалдырған. Есім хан әскер топтаған. Абылай хан құрбан айтып, қатарынан үш күн мүнажат еткен. Бұдан өткен кандай ғажайып болуы мүмкін. Бірақ іште бұлықсыған ойымды сыртка шығармадым. Сыртқа шықса, қадірі кететіндей көрінген. Мың жыл жасады. Бар тарихты басынан өткерді. Енді, ХХ ғасырда, дәл біздің тұсымызда бетін теріске бұрмақ па? Жок. Жарты желек, ширек желегінің өзі тұтас тоғай. Әлі қаншама жасауға тиіс. Қос Алып ерлі- зайыпты Қос Ағаштың бір-біріне жылу төгіп, айқаса қауышқан жоғарғы бұтақтарының өзі қияға біткен дербес дарақтан зор. Әлі жүз жасаса түк емес. Екі жүз, үш жүз. Бәлкім... Қорқынышты ой келген. Бәлкім, іргедегі атомдық сынақтар әсері ме.... Әлде, қазіргі былғаныш заманда белгісіз дерт жұққан шығар. Жоқ. Қос Алып, Қос Дәу берік еді. Жасыл жапырағы төгілген бұтақтарының бәрі көрікті еді. Қос Ағаш жасай беруге тиіс!.. Мен бір нәрсеге ғана тіксіндім. Қос Ағашты менен басқа ешбір бала касиет тұтып тұрған жоқ. Рас, алып ағаш. Бірақ кәдімгі ағаш. Кәдімгі ағаш емес еді. Оны мана, екі қайтара құшақтағанда бар жүйке-жүрегіммен андағам. Енді үшінші мәрте, қос алақанымды қатар тосып, бар жылуын сезіндім. Он алты жаста едім.

Жиырма беске келдім. Оку, ізденіс жылдары артта қалды. Алғашқы әңгіме, алғашқы мақалалар жарияға шықты. Өмірлік жар таптым, әуелгі сәбидің көлеңкесі бар. Ең бастысы халқымның рухани тарихын жаңаша байыптаған үлкен еңбегімді тәмамдадым. Бұл тараптағы алғашқы айқасты, түбегейлі жеңіске жетпесем де, абыроймен өткерген сияқтымын. Алда тағы қаншама майдан тұр. Дәтімді бекітіп, солығымды басу үшін бірер аптаға туған жұртыма келіп едім. Аягөзден шыға бергенде - Мамыр, Батпақты - Абылай хан шүршіт-қытайды тоқтатқан, баянды бейбіт бітім жасасқан жер. Одан соң... Хан ием өткен жолдың ұшығын куалап, Бақанаска түстім. Міне - Арқадан қалың қол құйылған Дағанделдің сағасы, әне осы елдің аруақты батыры жерленген Қарауыл- төбе, оның арғы түбінде Шоқан ауылы. Үйлері көбейіп, қасқа жолға еміне тақапты. Бұрынғы тоқал там емес, түгел шатырлы. Шеттегі биік мектеп үйі. Ортадағы еңселі - сірә, әкімшілік. Үйлердің алдына, арасына тал егіліпті. Бәрі басқаша, бәрі бұрынғыша. Сыртқы киімін өзгерткен сол ауыл. Тек... бірдеңе жетіспейтін сиякты. Арғы бет иен. Жаланаш. Өзен бойлаған тоғай бұл тұста мүлде құрып кеткен сияқты. Бірак тоғай сирегелі кашан. Басқа бірдеңе. Кенет жүрегім зырқ етті. Қос Ағаш! Қасиетті Қос Ағаш көрінбейді. Жоқ. Бақанастың жағасы тып-типыл. Жетім. Діні жер тіреп, төбесі көкке нұсқаған Қос Ағаш жоқ екен. Мені калада, темір жол бекетінде қарсылаған туысым ештене сезер емес, жана, Қарауыл-төбенің тұсында аруақтарға тәжім етіп, жүрісін тежеп еді, енді алға еміне үңіліп, машинасын жүйткітіп келеді. "Тоқта! - дедім мен. - Қос Ағаш қайда?"


Қос Ағаш жоқ.
Қос Ағаш жоқ. Мың жылдық Алып қайғылы қазаға ұшырапты.
Ауыл адамдары көзбен көргендерден, көргендерді естігендерден, сол жолы, одан кейін, ертелі-кеш, әлденеше жыл бойы үздіксіз, там-тұмдапсұрастыра жүріп, Қос Ағаштың даңқты, еңселі, ерекше өмірінің, мың жылдық ұзақ ғұмырының ең соңғы айлары, соңғы күні туралы толык мағлұмат түйгендей едім.

Желегі кайткан, бірақ көгі таусылмаған еді дейді. Сол, өмір нәрін үзбеген жеке тармақтардың өзі, тоғайдағы ең үлкен қайың, теректен аумақты. Бірақ жалаңаш дің, арбак-сарбак ку бұтақтары Ағаштың картайғанын анық аңғартатын. Ең бастысы жұрт бұрынғыдай таңыр- камайтын болды. Сый-құрмет азайды. Ақтық байлау тоқталды. Қарт біртұтас кейіпті екі қария жетім қалды. Біріне-бірі сүйеніп, жапырақтары бұрынғыдай жамырап әндетпей, ызыңдаған мұңға бөгіп, көкке бағып тұрар еді.



Бір күні, бұлт жок ашық, жел жоқ тымықта үстіңгі бір бұтағы омырылып құлапты. Қос Ағаш үшін бұтақ, шын мәнісінде, ұзын, жуан бөрене. Курап сынып, тұғырынан ажыраған арбақ-сарбак, зор бұтақ Қос Ағаштың түбінде бес күн жатады. Алтыншы күні тақау, көрші үйдің иесі тракторымен келіп, бір жақ басынан шынжыр салып, шұбалта сүйретіп, ауласына апарады. Қайтер екен, немесе іздеушісі шыға ма дегендей, есік алдында тағы алты күн жатқызады. Жетінші күні, қасына інісін алып, екі кісілік арыс арамен оңды-солды ырылдата кесіп, әлденеше бөлікке бөледі; ертеңіне және одан соңғы күндері барлық дөңбекті балталап жарып, отын кораға үйеді. Жуан бөрененің түпкі, ара тісі өтпеген, карсы бұтақты кидасыны ғана қалды дейді, оны ұсақ отынды бұтайтын жаңғырыққа айналдырыпты. Арлы-берлі өткен жұрттың бәрі Қос Ағаштың жаңғырығы деп, бір карап кетеді екен. Әуелде шошынғандар болыпты. Тіксінгендер болыпты. Бірақ суреті аудандық газетке шыққан озат механизатордың каперіне кірмеді дейді. Енді қыстық отынға қалған бұтақтарды алуды ойлапты. Жалғыз ол ғана емес. Жақын жерден оңай олжа тапқан біраз жұрт. Жарты ауыл. Бірақ қайтпек керек. Басына шығуға қорқады. Тым биік. Оның үстіне, төменнен оңай көрінген бұтақтардың өзі рабайсыз жуан. Ал астыңғы қос дің... мызғымай тұр. Бірде, тіпті, трактормен итермек екен. Былқ етпейді. Енді біреулер балталап көреді. Қайдан. Аз- маз жаңқасы ұшқанымен, жуандығы бес қанат үй орнындай ағаш құлай ма. Не керек, әбден мыжғылайды, бірақ ештеңе өндіре алмайды. Ақыры, онай отыннан дәмелі шаруаның барлығы да Қос Ағашты тілдеп, тепкілеп, түкірініп, амалсыз тоқтаса керек. Бірақ ешкім де үмітін үзбеген. Әлдеқалай бас қосқан жерде мына қу ағашты қалай отынға айналдырамыз деген әңгіме тиылмапты. Шіркін, жығып, бөліп, бұтарлап, үлесіп алсак, осы ауыл тура екі жылға қамтамасыз болар еді деседі.Бұрын жалпыға құрметті Қос Ағаш енді жұрт көзіндегі күйікке айналды дейді. Міне, сол кезде, сол жазда Ағаштың мінезі де күрт өзгеріпті. Басындағы ескі ұяға жұмыртқа салған тұрымтай балапанын ерте ұшырыпты. Шілденің соңында, жартылай болса да, жылдағыдай көктеп тұрған Ағаш кенет бар дымын ішіне тарткандай, жапырағы сарғайып, біржола курады дейді. Содан соң, көп ұзамай, тамыздың ортасында, шайдай ашық бір күні тапа-тал түсте, биік аспанда токымдай гана шағырмақ бұлт пайда болды дейді. Солтүстік-батыстан тез жылжып, қақ төбеге жетіпті. Кенет жерді теңселте шатыр еткен дыбыс шығады. Аспан как айрылып, көк ұштықты аппақ жасын созыла тартылып, сорғалай құйылып келіп, дүңк етіп, тура Қос Ағашқа түсті дейді. Жай оғының дүмпуінен ышқынған, әлде өксіген күңгірт үнге жалғас, лап еткен жалын шығыпты. Келер сәтте Қос Ағаш табанынан төбесіне дейін қып-қызыл отка оранды дейді. Көк пен жердің арасындағы отты, алып баған. Сол кезде ғана ауыл адамдарының көңіліне қорқыныш кіріпті.Мен ойлаймын. Қазақ ұғымында, үлкендер шынында да солай дейді, касиетті Ағашқа қол тигізген кісі аман кетпек емес. Қос Ағаш та корлыкка токтау сала алатын еді. Бірақ қаскүнем – әлденендей жалғыз адам емес. Ата мұрасын аяққа басқан, дәстүр-салтын ұмытқан бүкіл ауыл. Бір ауыл емес, төңіректегі кауым түгел. Бар ұрпағын қалайша жазаға тартпак. Намыс буған Қос Ағаш өзінің мың жылдық ғұмырын бастан-аяк ой елегінен өткізді. Өзі топырақтан нәр, күннен күш алып, алғаш көктеген кезінде жер бетін жайлаған тіршілік иесі атаулы жорғалаған кішкентай кұрт-құмырсқадан – төрт аяқты, алымды аңға дейін, неше ұрпағы алмасып, өсіп-өніп, қайтадан жоғалып, қайтадан туып жатыр. Жайқалған жасыл шөптен жапырағы төгілген тал-терекке дейін неше өліп, неше тірілді. Бұл әуелде көрген, одан соңғы, одан кейінгі, тіпті, күні кеше танып білген жан-жануар, өсімдік қауымынан ештеңе де қалған жоқ. Бәрі де дүниеден өтті. Қалған Шыңғыстың тауы ғана. Бақанастың өзені ғана. Ол таудың өзі аласарған. Ол өзеннің өзі таязыған. Бірақ сол тау, сол өзен. Сондықтан да қимас еді, ыстық еді. Ал адам… Адамға мейірі ерекше еді ғой. Адам да мұны мәпелейтін. Қасиет тұтатын. Бұрынғы адам. Өткен қауым. Үлкен, кішісі түгел. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін. Барша әлемнің әмірі, садағын сағымға ілдірген құдыретті қаған Шыңғыстың өзі тізесін бүгіпті. Қасарған жаудан қайтпаған Еңсегей бойлы Ер Есім ханның өзі медет сұрапты. Үш Алаш, тоқсан тоғыз бабаның аруағы қонған Абылай ханның өзі сиынып, түбіне қоныпты. Енді міне. Басқа заман. Басқа адамдар. Ендігі адам екі аяқты хайуанға айналды. Хайуаннан да жаман. Хайуанның өз тірілігінен басқа қамы жоқ, бірак өскен ортасына зияны, зұлымдығы да жоқ, қайткенде де табиғаттың төл перзенті ғой. Ал адам өзін туғызған атасына, өсірген анасына жау болып шықты. Дәл іргеде кара жерді қақ айырып, ібілістің қаруын сынап жатыр. Аспанды айғыздап, топырақты былғап, суды улап бітті. Рас, ол – бетен жұрт. Өктем жұрт. Кіріптар болса да, кісіліктен кетпес деп, өзімен ежеттес, өзектес кауымнан күдер үзбеп еді. Олардан да қайран жоқ екен. Өткенін ұмытқан. Бүгінін ойламайды. Ертеңнен үмітсіз. Сондай халде өзімен-өзі отырса жөн ғой. Өткенге зәр шашады. Бүгінге тұсау салады. Ертеңге көрін қазып жатыр. Кеудесі кеуек, ойы келте, тіршілігі күйкі. Ұлтының ұлағатын ұмытқан, өзінің хак Тәңірін танымай, басқаның пұт құдайынан ғана коркатын өңшең құл-құтан. Бабаның бар қасиетінен айрылған қортық қауым. Әйтеуір адам есебінде. Қос Ағаш ғұмыр бойы – тура мың жыл орайында кісі ұғылына кісі болғанда, жер бетін басқан екі аяқтының бәрі емес, топырағы бір, суы ортақ, қандас қауымға күш берді, тек кана жақсылыққа бастады. Енді егде тартқан, тұғырдан таяршағында қалай жөнге салмақ. Санасында болмаса, қалай сәуле бермек. Көрешегін өзі көрсін, өлшегені өзімен кетсін деді. Не тілек, не қайыр. Мұның діңіне емес, өзінің тамырына балта шапты. Жай ғана шапқан жоқ, бар қасиетін мансұқ етті. Қиындыққа шыдар еді, қорлыққа төзе алар емес.
Қос Ағаш мынау сиықсыз, қортық қауымның күйкі тірлігіне куә болып, аспаны жарылған, ауасы бұзылған, топырағы былғанған зағип дүниеде ғұмыр кеше алмайтын еді. Жарық күнмен қоштасып, қайтадан топыраққа айналғаннан басқа не қалды. Иә. Ештеңе қалған жоқ. Кетуге бел байлады. Қасиетті Қос Ағаш өзіне ерекше бітім, өзгеше ғұмыр берген Көк Тәңіріге мунажат етті: «Уа, Тәңірім! Уа, Тәңірім, Өзің асқақтата көтеріп едің. Өзің алаулатып әкет! Ең соңғы сәтім – өткен, Өзің берген мың жылдык ғұмырыма лайық болсын!» - деді. Төлінің тілегін қабыл көрген, пенделеріне өзі де кейіп жүрген Көк Тәңірі әуелі күркірей акырып алды, содан соң жасын ойнатып, жай тартты. Қос Ағаш жүрегі жарқ етіп, басынан бақайына дейін балқи шымырлап, лап етті де, қып-қызыл жалынға оранды. Тәңірім өзгеше туыс сыйлаған мың жылдық қасиетті Қос Ағаштың мәңгілік өлімі де өзгеше болыпты.
Жер қабығын жарып атқыған жанартау отындай, Қос Ағаш үш күн, үш түн үздіксіз жанды дейді. Күндіз биікке ұмтыла, тынымсыз жалаңдаған аппак от, жарты аспанды көлегейлеген көк түтін, түнде аспанмен астасқан кос бағана қып-қызыл шок. Бір тарабы – Аягөздің етегі Көксала, бір тарабы – Қарқаралының сілемі Жорға, енді бір тарабы – Шыңғыстаудың басы Ақбайтал ат жетер төңірекке түгел көрініп тұрыпты.
Бар хикаяны – Қос Ағаштың соңғы — от кешуін естігенде, әуелде көңілімді мұң басып еді, толғана келе тәуба айттым. Мүжіліп құласа, шіріп өлсе, бар қасиеті пышырап, өзімен-өзі кетер еді. Отқа айналғаны – ежелгі жұртына атой салғаны шығар. «Аттан! Серпіл! Баяғы Бабалардың рухын тап!» - деген ұран. Әрине, солай. Ұран. Бір ауыл емес, бүкіл Алашқа.
Бірақ… көрген көп, ұққан кім бар? Ешкім естімеген сияқты. Бізге жаңғырығының өзі талықсып, әрең жетіпті. Сол үзік үн, көмескі сәуле мүлде өшіп қалмасын деп, баяғыда қураған, баяғыда өртеніп кеткен, алыстағы ағайын білмеген, жақындағы туыстың өзі ұмытқан, қазір орнында күлі де қалмаған Ағашқа жоқтау жаздық. Бәлкім, ұрпағынан үміт үзбеген Көк Тәңірі мейірі түсіп, Жерімізге жаңа бір шыбық қадар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет