Қосарал ауылдық кітапхана шежіресі.
Оқырман саны: 728
Кітап берілімі: 9761 дана.
Кітап қоры: 18547 дана.
Қосарал Сырым ауданындағы ауыл.Жетікөл әкімшілік окургінің орталығы.Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 45 км.жерде орласқан.Бұлдырты өзенінің жағалауындағы жусан,еркекшөп,бетеге аралас әр түрлі шөптер өскен бозғылт қоңыр,сортаңдау топырақты шөлейтті белдемеде орналасқан.
Қазіргі уақытта Жетікөл ауылдық окургінде 1561 халық,298 үй,1 орта мектеп,3 бастауыш мектеп,1 дәрігерлік амбулатория,3 мед.пункт,1 кітапхана,пошта,телеком бөлімшесі,19 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.
Округ бойынша:2183 ірі қара мал,7444 қой,ешкі,297 жылқы,2130 құс бар.Шаруа қожалықтарының барлығы мал шаруашылығымен өз-өздерін қамтиды. «Байқадам» шаруа қожалығы 150 г. күздік бидай,40 г. ақбидай,30 г.арпа,40 г.тары егеді.
Сырым орта мектебінде 300 оқушы білім алады.2002 жылы Сырым бабамыздың 260 жылдығына орай мұражай ашылды.Орта мектеп жанында интернат жұмыс жасайды.
Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары,3 арнаулы білімді маман дәрігерлер жұмыс жасайды.
Сырым мұражайының тарихы.
Қосарал ауылындағы Сырым орта мектебінің ғимаратының екінші қабатында 2002 жылы Сырым бабаның 260 жылдығына орай Сырым мұражайы ашылды.Мұражай үш бөлімнен тұрады.
Кітапхана-кітапхана болғалы адам баласының ортақ қазынасы.Бүкіл халыққа бірдей нағыз ортақ игілік.Сөз жоқ,бұл кітапханалар о баста жеке кітап сүйгіш білім іздегіш адамдардың қолында туды. Бірақ жеке кісінің қолындағы жеке меншік кітапхананың өрісі тар, оқушысы аз болды.Осыны сезген жұртқа жаны ортақ,кең пейілді,кемеңгер,қайырымды, адамдар баршаға бірдей ортақ мүлік-орталық кітапхана ашуды арман еткен.Осы күнгі ғажайып бай,әлеуметтік кітапханалар-халыққа жан ашыр адамдар ұйымдастырып кеткен шағын,санаулы кітабы бар кітапханалардан өсіп,ұлғайып,өркендеп кемеліне келген кітапханалар.Адам баласының ғасырлар бойы тамшыдан құралып жасалған ақыл дариясының құйылатын алтын көлі-кітап.Сол кітаптар қоймасы,білім ордасы құтты (қана)-алтын сарай кітапхана.Қазіргі кітапханалар өте бай.Оларда не жоқ дейсіз.Бәрі бар.Ізденгеніңнің бәрі табылады.Анау бағзы заманнан бастап қыш бетіне,тас бетіне,қағаз бетіне түсірілген жазу жүйесіне келтірілген шежіре,тарихи,ғылыми,әдеби мұралардан бәрін тауып алып оқуға,білімді тереңдетіп,мәдениетімізді марқайтуға болады.Бар ғасырдың өлмейтін ұлы адамдары халық сүйген даналардың,философтардың алтын тұғыр орны да осы кітапхана.Оларды шын іздегің келсе осы кітапханадан ізде.Жер ананың құшағына денесін ғана берген поэзияның алтын тәжді асқар шыңы,сұлу жырдың алқырлы сырлы сөздің сұлтаны-Абайдың,Пушкиннің де жаны жайсаң адамдар ақын-Мұқағалидың,Жамбылдың,Некрасовтың тағы басқа осындай сан жазушылар мен данышпандардың да орны-алтын тағы-кітапханалар төрінде.Олардың бұл-мәңгі өлмейтін орны.Олар мұнда тірілермен тірідей сөйлесе береді.
Бүгінгі жас буындар,келесі жас ұрпақтар осы білім сарайындағы даналардың кітаптарын оқып білім алады.Өздерінің білімін шеберлік мамандығын арттырып,жарқын өмірдің ұстазы-еңбектің батыры болады.Білім ордасы,білім-баға жетпес күш,қуат.Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында рухани байлықты тереңдете оқытумен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда.Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саяси,әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын сақтап,қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапханалардың басты міндеті.
Қосарал ауылдық кітапханасы 1974 жылы 2 қыркүйекте 1000 дана кітап қорымен ашылған.Сол кезде Құбиева Ботагөз Ғабдусәлем қызы кітапханашы болған.Кітапханада 100 шақты оқырман мен жұмыстар жүргізген.Екі айдай жұмыс істеп, басқа жұмысқа ауысқан.
1974 жылдың қараша айынан бастап Уалиахметова Майра кітапханашы болады. Уалиахметова Майра 1949 жылы дүниеге келген.1966 жылы мектеп бітіріп Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіне оқуға түседі. 1972жылы училищені бітіріп еңбек жолын аудандық кітапханада кітапханашы болып жұмыс жасаған.
3000 кітап қорымен болып 200-дей оқырман болған. Кітапханада кітап көрмелері плакаттар шығарып,оқырмандар да рухани мәдениетке үйретіп,олармен түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыра білді. 1981 жылы қоныс аударуына байланысты жұмысын тапсырды.
1981 жылдан Қосарал ауылдық кітапханасында Булатова Ботагөз еңбек етіп келеді.Булатова Ботагөз 1951 жылы Қосарал ауылында дүниеге келген.1968 жылы орта мектепті бітіріп сол жылы еңбек жолын клуб меңгерушісі болып бастаған.1969 жылдан 1971жылдары Ақтөбедегі мәдени-ағарту училищесінде оқыған.1972-1973 жылдары Жетікөл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеп 1973- 1979 жылдары совхоз бастаушы комсомол ұйымының секретары болып жұмыс жасаған.1981 жылдан Қосарал ауылдық кітапханасында кітапханашы болып еңбек етіп келеді.
18500 кітап қорымен 750 оқырманымен оқырмандарға әдебиеттерді насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерін жүргізіп келеді.Жазушы Ғабиден Мустафиннің туғанына 100жыл толуына орай «Ғабиден-замана жаршысы»-атты дөңгелек үстел, Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік эпицентрі» кітабы туралы «Адамзаттың аманаты» атты оқырмандар конференциясы, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 70 жыл толуына орай «Қазақ жырының Қадыры» атты поэзия кеші,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өткізілді.
Кітапханада салт-дәстүрімізді насихаттауда «Ұлағат» клубы жұмыс істеуде.Атаулы мерекелер жаңа жыл, халықаралық әйелдер мерекесіне, Ұлы Жеңіс мерекесіне,Наурыз мерекесіне арналып салт-дәстүр кештері, кездесу кештері өткізілуде.Әр топтағы оқырмандармен «1001 мақал 101жұмбақ» танымдық ойыны өткізіліп отырады.
Кітапхананың мақсаты: Оқырмандардың сұранысын,талап-тілектерін орындауда жұмыстар жүргізіп,еліміздің тарихын, мәдени мұрасын насихаттауда.Кітапхана уақыт талабынан қалмай оқырмандарымызға сапалы тәрбиелік мағынасы бар басылымдарды ұсынып,әр оқырмандармен жұмыс жүргізу басты парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |