«Қош бол,алтын ұям-мектебім» 1-жүргізуші. Саламат Тасболат



Дата26.06.2016
өлшемі71.26 Kb.
#159624
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

Сәлменова Гүлфара Құбашқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



«Қош бол,алтын ұям-мектебім»

1-жүргізуші.Саламат Тасболат

Дана да басын иетін,

Дарын да шексіз сүйетін,

Жаныңда мәңгі жүретін

Жаныңды жақсы білетін.

Суарып ізгі тілекпен,

Жаныңа сенің гүл еккен

Қиындықта да бірге өскен

Асуда дәйім бірге асып.

2-жүргізуші.Гайдар Алтыншаш

Ұлағатты адам бар

«Ол кім?» -деп сенде сұрамайсың

Мен де сұрамаймын.



Бірге:Жүрекпен бәрін ұғысқан

Ол – ұстаз!Білсең,туысқан!



1-жүргізуші.

Армысыздар аяулы ұстаздар,ата – аналар,оқушылар.Баршаңызды соңғы қоңырау салтанатты мерекесімен құттықтаймыз!



2-жүргізуші.

Кеше ғана тұлымдарымыз желбіреп,жүректеріміз лүпілдеп,мектеп табалдырығынан имене аттаған біздер.Бүгін міне ойы толып,бойы өсіп,алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырмыз.Бұл күн-мектеп бітіруші түлектер есіне мәңгі өшпесі анық.Енді сіздердің назарларыңызға «Қош бол,алтын ұя мектебім» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.



1-жүргізуші.

Мектеп,мектеп!

Төңіректеп,

Жүруші едік біз кеше!

Тыңдаушы едік,

Сұраушы едік

Үй жұмысын бермесе!

Бүгін міне үлкен болдық,

Он жетіге енді толдық,-дегендей,осы балалық шағымыздың қызықты қуанышты кезеңі достарымызбен бірге мектеп қабырғасында қалай өткенін сезбей де қалыппыз.

2-жүргізуші.

Бәрі есімде,мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.

Әсем бөлме терезелер жап-жарық,

Қойған дерсің шырағданнан шам жағып.

Қара тақта,аппақ парта қаз-қатар,

Отырдық біз бәрін сипап таң қалып.

1-жүргізуші.

Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып.

Сәлем берді ұстаз бізге жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып

Күнде осылай өтіп жатты әр сабақ,

Таразыға түсті талай қанша бақ.

Білімді аңсап шөліркеген санаға,

Құйылды екен сонда қанша бар шарап

Алғаш рет «мектеп», «ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп,білім нәрін берген әріп танытып,достыққа жетелеген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.



Ән: «Ұстазым менің» орындайтындар:Саламат Тасболат,Нұрболат Меруерт

2-жүргізуші.

Кел,шабытым,бүгін енді шаршама,

Осы мекен ыстық маған қаншама.

Баршамызға шырай кейпін келтіріп,

Білім беріп ұстаз өткен баршаға.

1-жүргізуші.

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,

Ұстаз-ғалым,толастамас мәңгі сын.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

(Түлектер кезекпен-кезек өлеңдерін оқиды).

1.Мектепке

2.Айнұр апай(гүл тапсыру)

3.Нұргүл апай(гүл тапсыру)

4.Шынар апай(гүл тапсыру)

5.Алғашқы ұстаздарға:

Айгүл апай,Ақмоншақ апай,Тыныш апай(гүл тапсыру)

6.Күлайра апай(физика)

7.Кенжегүл апай,Лиза апай(биология)

8.Гүлфара апай(сынып жетекші)

9.Гүлхан апай(сынып жетекші)

10.Нұрсұлтан ағай(сынып жетекші)

11.Манат ағай,Гүлфара апай(қазақ тілі,қазақ әдебиеті)

2-Жүргізуші.

Мектеп,мектеп менің жарқын көңілім.

Мектеп,мектеп,шаттық толы өмірім.

Мектеп,мектеп,әнім болып төгілдің

Мектеп,мектеп,ана болып та көріндің

1-жүргізуші.

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек.

Айтылады сан тілек.

Егіле берді сан жүрек,

Ән: «Қош бол енді мектебім» орындайтындар:Тілеш Жәнібек,Серік Айкөркем

2-жүргізуші.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуге балаға- деп,Абай атамыз айтқандай ұстаздарымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты.

1-жүргізуші.

Ендіше түлектеріміз өз лебіздерін әрі қарай жалғастырсын.

12.Тәттігүл апай мен Сара апай(орыс тіл,орыс әдебиеті)

13.Ақмарал апай мен Алма апай(математика)

14.Қожан ағай(Тарих)

15.Әсемгүл апай мен Роза апай (география)

16.Рысгүл апай мен Нұргүл апай(химия)

17.Жанат апай мен Гүлзария апай(ағылшын тілі)

18.Оңғар ағай(А.Ә.Д)

19.Елена апай(информатика)

20.Гүлдана(өзін-өзі тану)

21.Жеңісбек ағай мен Қорлан апай(технология)

22.Дархан ағай(дене шынықтыру)

2-жүргізуші:Бүгін біздің ата-аналарымыздың да мектепті қимай тұрғанын сеземіз.Себебі бізбен осы бір алтын ұяға бауыр басып кеткелі қашан 11 жыл мектеп өміріндегі іс- әрекетімізге көрінбейтін көлеңкедей бақылау жасап келді емес пе?

1-жүргізуші:

Тал бойына шуақ тұнып,мейірлене есілген,

Тентектікті,еркелікті ақыл айтып кешірген.

Айналайын ата-аналар панамыз,

Әлпештеген,әлдилеген,ән-күйменен өсірген.

Ән: «Әке-Ана» орындайтындар:Тәжік Сырым,Жандарбекқызы Шара

2-жүргізуші.

Ата-ананың өмірінің жалғасы ,

Ұстазының енді толған арнасы,

Өмір бақтың пісіп тұрған алмасы.

Түлектерім тебіреніп сөйлейді.

1-жүргізуші.

Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған,

Туған жердің бақытына жаралған.

Орын табар «бақыт» деген аралдан,

Жүректерің не дейді?-дей келе алтын ұя мектебіне,аяулы ұстаздарына деген тілектерін жүрек түкпірінде жатқан жылы сөзін,алғысын,қимас сезімін білдірмекші боп тұрған мектеп түлектеріне сөз беріміз.Түлектер атынан құттықтау сөз аудандық олемпиада және облыстық ғылыми жоба жүлдегері Шәкір Айымгүлге беріледі. (сыйлық тапсырылады).

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар!Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшін!

2- жүргізуші:Кешірімді мінездеріңіз үшін!

1-жүргізуші:Мазасыз күндеріңіз үшін!

2-жүргізуші:Біз үшін ағарған әр тал шашытарыңыз үшін (бірге)қашанда қарыздармыз!

1–жүргізуші.Абзал жандар,биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Жыр арнады түлектерің баршаңа.



«Шәкірттен арнау»оқитын:Аудандық Мұқағали оқуларының жеңіпазы және аудандық мүшайралар жүлдегері Ізімова Риза

2-жүргізуші:

Сенен ыстық алтын ұя таппадым,

Өзіңде өтті балғын бала шақтарым.

Қоштасамын қимастықпен мен енді,

Бетке алған соң балалықтың бақтарын.

1- жүргізуші:

Мектепті,досым,бітірдік

Самғатты қиял ғарышқа

Қанаты арман құсыңның

Апарсын сені алысқа.

1-жүргізуші:

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әніміз,сәніміз

Әуенімен тербелейік вальстің

Бірге толқып,әсем сазбен жанымыз.Ортада мектеп вальсі.

2- жүргізуші:

Әр жыл сайын қаруланатын біліммен

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын,аяулы ұстаз ,үніңнен.

Ардақтысың мектеп- алтын бесігім.

1- жүргізуші:

Бірге жүрдік,11 жыл,бірге ойнадық,

Бірге оқыдық,11 жыл,бірге ойландық.

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Соңғы рет мектеп тойын тойладық.

2-жүргізуші.

Ұшырады мектебінің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран,мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан,биік шыңнан.

1-жүргізуші.

Алтын ұя мектебім мен аяулы

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз

Қош бол енді балалығым бал дәмім



Мен өзіңді ғұмыр бойы қимаймын.

Осымен 11 сынып оқушыларының дайындаған «Қош бол,алтын ұя мектебім» атты сазды бағдарламамыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет