Қош келдің ҚазҰтзу студенті



Дата29.02.2016
өлшемі34.96 Kb.
#30945
Қош келдің ҚазҰТЗУ студенті
Тағылымы тамыр жайып жататын,

Iзгiлiгi нұр сәулесiн шашатын.

Бас ордасы инженерлiк бiлiмнiң –

ҚазҰТЗУ –ым, Политехым жасасын! –деп, Қ.И. Сәтбаев атындағы киелі орда студенттері ұрандағалы 81 жылдың жүзі де толды. Биылғы жыл бұл шаңырақ үшін ерекше жаңалықтарға толуда.

2015 жыл - Қазақстан халқы үшiн аса маңызды мерейлi мерекелері көп жыл. Ең бастысы – тарихымызды түгендеудiң бастамасы болып отырған Қазақ хандығының 550 жылдығы. Бүгінгі мерекелі кештің қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи қойылыммен ашылуы да тегін емес. Керей хан мен Жәнібек хан туралы тарихи көріністі шебер көрсете білген ҚазҰТЗУ-нің жастары жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен бірге биыл университетіміз зерттеу университеті болып отыр. Осы ұлы бастамаларды негізге ала отырып, қазан айының 7-сі күні «Мерейлі жылғы мереке» атты 1-курс студенттерінің салтанатты түрде тұсаукесер рәсімі өтті.



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің келешегін ойлайтын болса, тәуелсіздігіміздің болашағы мықты болады». Биылғы оқу жылында ҚазҰТЗУ-ға 3180 студент 1 курсқа қабылданса, оның 23-і «Алтын белгі» иегерлері, 37-сі халықаралық, республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары, спорт шеберлері.

Сахнаға «Алтын белгі» иегерлерін, халықаралық,республикалық пәндік олимпиадалардың, спорт жеңімпаздары шақырылып, оларға қошамет көрсетілді.

Кеше мектеп қабырғасымен қош айтысып, бүгін студент атанып отырған жастарды құттықтаған Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің уәкілетті тұлғасы, академик Ә.Ә.Зейнуллин: «Биылғы университет табалдырығын аттаған 1 курс студенттерін құттықтаймын. Әрбір оқу орны үшін студенттерді қабылдау мерекесі бір мәртебе. Әрбір университеттің өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі бар. ҚазҰТЗУ-дың ерекшелігі білім, мәдениет, спорт, өнер сайыстарында қашанда жеңістерде келеді. Биыл университетке он ғылыми зерттеу институты қосылып, Зерттеу университеті статусын алды. Осы Зерттеу университетінің сіздер тұңғыш студенттері болып қабылдандыңыздар. Біздің мамандардан білім ала отырып, білікті де, білімді маман болып шығатындарыңызға сенімім мол.Сіздердің білім қуған болашақтарыңызға ақжол тілеймін. Білім мен ғылымда, спортта жолдарыңыз болсын,»–деп жүрекжарды лебізін жеткізді.

Әлемге аты кеткен білім орда,

Қатардан оза шапты Ұлы жолда.

ҚазҰТЗУ ұрпағыңа нұр шаша бер,

Ұлы Қаныш бабамның рухы қолда.

Ізденіп білім қуып, тер төгіңдер,

Жастарға көп болмайды мың сан өнер.

Елімнің асқақтатып мәртебесін,

Заманның биігінен көрініңдер,–деген жүргізушілер сөзінен кейін 1 курс студенттеріне Білім кілті мен студенттік билет табыс ету рәсімі болды.

Бірінші курс студенттеріне білім кілті мен студенттік билетті Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, тоқсанның төріне шығып отырған ардақты ұстаз, Д.К.Кішібеков табыс етті. Академик Досмұхамед атамыз 52 жыл қатарынан ҚазҰТЗУ-де бірінші курс студенттерін құттықтау рәсіміне куә болып келе жатыр екен. «Білім кілті» белгісін “Алтын белгі”

иегерлері – Ибраим Әлібек, Жангарина Құралай қабылдаса,

студенттік билетті 1-курс студенттері, “Алтын белгі” иегерлері – Орыналиев Алмат, Тарғынова Гүлжайна қабылдады. Осыдан кейін Егемен елдің болашағы 1 курс студенттері жақсы оқуға, отанын сүюге, азамат болып қалыптасу жолында аянбай еңбек етуге ант қабылдады.

Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Ендеше білім, ғылым жолында жастарға қанаттарыңыз талмасын дегіміз келеді!

Бұл кештің көркін тамылжыта шырқалған ән, мың бұрала билеген бишілер аша түсті. Қыздар квартеті “Жаса,туған жерім!” әнін шырқаса, Мырзабек Мәди “ҚазҰТУ” әнімен ажарландырды. 1 курс студенттер мерекесі Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысқан концертпен жалғасын тапты.



ААО

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет