Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27 » сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
5-қосымша
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару не немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін (бұдан әрі – ҚҚС куәлігі) ауыстыру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ҚҚС куәлігін беру;
2) ҚҚС куәлігін ауыстыру;
3) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Қызметті берушіге қызметті алушы келу тәртібімен жүгінген жаңдайда, қызметті берушінің ЭСҚ расталған лауазымды тұлғаңа мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі шығарылады және қағаз түрінде қызметті алушының қолына беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. қызметті берушінің жұмыс кестесі – - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою, ҚҚС куәлігін ауыстыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш.
Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында табыс етілген салықтық өтінішке:
салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салық төлеушінің қалыптасқан ең төменгі салық салу айналымынан асып кетуін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
Мынадай құжаттардың бірі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады:
жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;
меншік құқығында орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғаның жазбаша келісімі.
Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат көшірмесін нотариалды куәландырған күн мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілері және салық салынатын айналым жасалған фактіні көрсететін өзге де құжаттар салық төлеушінің қалыптасқан ең төменгі салық салу айналымынан асып кетуін растайтын құжаттар болып табылады;
2) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – ҚҚС бойынша тарату декларациясы;
3) ҚҚС куәлігін ауыстыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайларды қоспағанда, ҚҚС куәлігінің түпнұсқасы.
Қызмет алушының мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар деректерінің мәліметтерін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларымен ЭСҚ расталған, электронды деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызметті берушіге шағымданған кезде, құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсетумен, қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.
10. Егер:
1) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою кезінде:
Салық кодексінің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамаса;
көрсетілетін қызметті алушы салық органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар табыс етілмесе;
салық төлеуші әрекетсіз салық төлеуші болып табылса;
заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы):
әрекетсіз заңды тұлға;
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушы);
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға («қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған)» деген сөздер 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі);
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушы);
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға («қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған)» деген сөздер 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі);
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген болу мерзімі өткен шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылса (2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі);
резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің бірінші басшысының сәйкестендіру нөмірі болмаса (2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі);
2) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталмаса:
салықтық өтініш берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін көрсетілетін қызметті алушының салық салынатын айналымының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асып түссе;
салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін көрсетілетін қызметті алушының салық салынатын айналымының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асып түссе, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымда:
-
Жеке тұлғаның – тегі мен аты-жөні, пошталық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетіледі;
-
Заіды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс номірі мен күні көрсетіледі.
Шағым қызметті алушымен қол қойылуы қажет.
Қызметтті алушы шағымында оның тегі мен аты-жөні, пошталық мекенжайы, күні көрсетілуі қажет.
Қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
«Қосылған құн салығын
төлеушілерді тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |