№ 3 дәріс тақырыбы: Пайдалы өсімдіктер ресурстарының классификациясы.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ССРО ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына жеке ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәйектеме берді. Осы жылдары яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында алғашқы іргелі еңбектер мысалы "Методика полевого исследования растении" деген өте құнды еңбек жарияланды.Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. 1942 жылы акад. Н.В. Павлов өзінің "Дикие полезные и технические растения СССР" деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды. Н.В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.Н.В. Павлов “Растительное сырье Казахстана” деген 1947 жылы шыққан монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды. Каучук, камеди, смола, клей, илік заттар алынатын және щетка жасауға қажетті өсімдіктер.Каучук– 1) табиғи К-ті (ТК) каучукты өсімдіктердің (негізінен бразилия гевеясының) латексін коагуляциялау арқылы алады. Негізгі құраушысы – полиизопрен; 2) синтетик. К. (СК) – эластик. синтетик. полимерлер. Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.
Камеди (gummi) – бұтақ діңдерінің қабықтарындағы жарықталған жерлерде жиналатын экссудативті өнім, басында жұмсақ тұтқыр жабысқақ болады да кейіннен қатаяды, өсімдік камедиі дәмсіз, органикалық қышқылдарда ерімейді, гидрофильді, суда ериді. Химиялық құрамы негізінен гексоза. Камеди алынатын негізгі өсімдіктер: Fabaceae, Rosaceae, Liliaceae. мысалы, трагакант камедиі (Gummi Tragacanthae из Astragalus microcephalus Wild.), абрикос камедиі (Gummi Armeniacae из Armeniaca vulgaris Lam.).
Смола – салыстырмалы тұрде қатты немесе қыздырғанда формасын өзгертетін аморфты заттардың атауы. Табиғи смола қалыпты физиологиялық зат алмасу барысында өсімдктрден бөліп алады, жиһаз және әртүрлі пластмасс өндірісінде кеңнен пайдаланылады. Bosswellia papyrifera, Boswellia serrata және Cistusтің әртүрлі түрлерінен.
Гуттаперча алынатын өсімдіктер.Гуттаперча-(англ guttapercha) — химиялық құрамы бойынша табиғи каучукпен бірдей болып келетін жоғары молекулады көмірсулар (С5Н8)n, ақ немесе сарғыш тері тектес зат, оны электр өнеркәсіпте изолияциялық материял ретінде пайдаланады, сондай ақ әртүрлі резиналы материялдар жасауда қолданылған.Гуттаперчаны Sapotaceae тұқымдастарынан және Palaquium ағашының туыстарынан, Раyenа ағашының туыстарынан, Palaquium и Рауепаларыдң мәдени плантация жасау өшін пайдаланады, 55 - 77% таза гутта береді, жылына 1 кг техникалық гуттаперча алуға болды және бересклеттердің тамыранда алуға болды.
Илік заттар алынатын өсімдіктер. Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін Бадан (Bergenі) Тасжарғандар (Saxifragaceae Камнеломковые) тұқымдасынан.
Щетка жасауға қажетті өсімдіктер.Ақ селеу (Arіstіda pennata) – селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Бал өнімдері алынатын өсімдіктер.Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірстің 35-50 ара шаруашылығы беретін еді. Бірүйлі өсімдіктерге мысалы , асқабақ, емен, қияр сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге Тал (Salix), терек (Populus- Тополь), кенешөп (Сannabis- канопля), құлмақ (Humulus- Хмель)жатады.Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар біржынысты гүлдері бар. Ол гүлдердің екі типіде әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің бұл тобына үйеңкінің (Acer- клен) түрлері, Шаған (Fraxinus - ясень), қарамық (Fagopyrum- гречиха), қауын (Melo- Дыня), күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник) және т.б жатады.
Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары ол :нектар,тозаң, ара желімі (прополис).Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады.Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы таңқұрайда (малина) -25, күнбағыста 44,6 ал Аткаштанда (Каштан конский) –74,5% шамасында болады. Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына Тал (Salix- Ива), Бақбақ (Taracsacum- Одуванчик), Ақ беде (Trifolium repens- Белый клевер), эспарцет (Onobrychis- эспарцет), көк гүлкекіре (Centaurea cyans- Василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |